Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

 
[1–20] [21–29]

24 Тамыз 2009
2009 жылдың 25 тамызында республикада «Абайлаңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы басталады.
Балалар жол-көлік жарақатын алдын-алу мақсатында және кәмелетке толмағандардың көліктік қоршаған ортаға бейімделуін жақсарту үшін 25 тамыз- 4 қыркүйек аралығында Ішкі істер министрлігімен «Абайлаңыз-балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізілуде. толығырақ »

11 Тамыз 2009
Баспасөз-релиз «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары бойынша (2009 жылғы 3 - 8 тамыз аралығында)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2009 жылғы 3 - 8 тамыз аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді. Жедел-профилактикалық іс-шарасында 2000-нан астам жол полициясы қызметкерлері және 400-ден астам басқа мемлекеттік органдардың жұмыскерлері іске қосылған. Көліктік бақылау органдарымен, әкімдік өкілдері мен жолаушыларды тасымалдау басқармаларының өкілдері бірлесіп өткізген акция кезінде жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 17 мыңнан астам Жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталып және жолы кесілген., оның ішінде: жылдамдық режимін бұзу 1348, 3755 - маршруттық көлік құралдарын тоқтату ережелері мен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерін бұзу, 75 – теміржол өткелдерін жүріп өту ережелерін бұзу. толығырақ »

6 Тамыз 2009
Тамыздың 3-нен бастап Қазақстанда «Автобус» жедел-профилактикалық іс- шарасы басталады.
Жолаушыларды автомобильмен тасымалдаудың қауіпсіздігі мен автобус парк жағдайының мәселелрі жол полициясының ерекше бақылауында. Бұл кездейсоқ емес – жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 350-ден астам жол-көлік оқиғасы жасалынып, оның нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тауып, 450-ге жуық адам жарақат алған. 2009 жылдың 6 айы ішінде ғана автобус жүргізушілерінің кінәсінен 138 ЖКО тіркелген, онда 19 дам адам қаза тапты және 158 адам жарақат алды. Жолаушылар автокөлігіндей аппатылықтың талдауы қалыптасқан жағдайдың себептері, ең алдымен, жүргізушілердің көліктік тәртіптерінің төменділігінен, тиісті мақсатты профилактикалық жұмыстың және жолаушылар автокөліктерінің бағытқа шығуына жауапты лауазымды адамдар жағынан бақылаудың жоқтығында екенін дәлелдеді. толығырақ »

27 Маусым 2009
23 маусымда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, Орталық аппаратында «Жолда қабылдау» акциясының қорытындысын шығаруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
«Нұр Отан» ХДП мен ҚР ІІМ жол полициясы Комитетінің бірлескен іс-шарасы республика көлемінде 20-шы маусымнан басталды. Баспасөз мәслихатына «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау Комитеті Секретариатының меңгерушісі Юрий Сыпченков, партияның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев, жол полициясы Комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков, партияның Орталық аппараты, қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Дарханбек Жанділдин қатысты. толығырақ »

16 Мамыр 2009
Абайлаңыз - балалар!
«Абайлаңыз- балалар!», осындай атпен ағымдағы жылдың 18 мамырында балалар жол-көлік жарақатын алдын-алу мақсатында ІІМ-нің бастамасы бойынша «Абайлаңыз- балалар!» жедел- профилактикалық іс- шара (бұдан әрі – ЖПС)басталады. Акцияны өткізу кезінде, жол полициясы жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне ең жақын орналасады. Сонымен бірге, жол полициясы инспекторлары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. толығырақ »

20 Сәуір 2009
БАҚ ҮШІН АҚПАРАТ 2009 ЖЫЛДЫҢ 20-27 СӘУІРІ АРАЛЫҒЫНДА ІІМ «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУДЕ.
2009 жылдың 3 айында республиканың жолдарында 2 058 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 398 адам қаза тауып, 2 389 адам жарақат алды. 2008 жылмен салыстырғанда республика бойынша оқиғалар саны 8,5% (-190), қаза тапқандар саны 29,9 %(-170) және жарақат алғандар саны 6,9 %(-176) төмендеді. ЖКО-ның өсуі Оңтүстік Қазақстан (+15%) облысында тіркелді. Ақтөбе облысының жолдарында адамның қаза табуы 2,4 есе (8-ден 19-ға дейін қаза тапқандар) көбейді. Жүргізушілердің кінәсінен 1 819 ЖКО жасалып, олар барлық оқиғалардың 88,4 % құрады. толығырақ »

6 Сәуір 2009
«АЙДАП ӘКЕТУГЕ ҚАРСЫ АСТАНА»
Ішкі істер органдарының ынтасы бойынша «АЙДАП ӘКЕТУГЕ ҚАРСЫ –АСТАНА» - мүдделі органдарын, ұялы байланыстың серіктестігін көлік құралдарын айдап әкетуге және ұрлауға жол бермеу жөніндегі жария серіктестігін өткізу жоспарланады. толығырақ »

11 Ақпан 2009
Жол қозғалысы ережелері бойынша үздік сөз саптау-үндеуге, сондай-ақ үздік әлеуметтік бейнеролик сценарийіне арналған конкурс
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті 2009 жылы «Рөлде мас – потенциалды қылмыскер» және «Абайлаңыз – жолда балалар» тақырыптары бойынша жол қозғалысына қатысушылардан заң тыңдайтын мінез-құлық стреотипін және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа теріс қарым-қатынасты құру мақсатында телеарналарда көрсетуге арналған 4 әлеуметтік бейнероликтер жасауды жоспарлауда. толығырақ »

25 Қырқұйек 2008
ІІМ-де балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасын алдын алу, балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақат алу проблемасына қоғамның назарын аудару мақсатында 2008 жылдың 25 тамызынан бастап 15 қыркүйегіне дейін «Балалар, назар аударыңдар!» республикалық
Іс-шара өткізуге әртүрлі ведомстволар және мекемелердің 2541-і, соның ішінде 1078 мемлекеттік емес мекемелер жұмылдырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жандандырылды. толығырақ »

[1–20] [21–29]
 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: