Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол «ұстаулары» туралы

Көпте­ген адам­дар жол­дағы оқыс оқиғалар­ды кез­дей­соқтық және одан сақта­ну мүмкін емес деп са­най­ды. Бұл бірақ дұрыс емес!

Жол­дағы бо­лып жа­татын бақыт­сыздық оқиғала­ры кез­дей­соқ бо­латын оқиғалар сияқты. Бірақ, жол апа­тынан жа­рақат ала­тын ба­лалар­дың 95%-ын қай­та­лана­тын жол тор­ла­ры деп ата­латын жағдай­лар­да ав­токөліктердің қағып кетіп отырғаны мәлім.

«Жол то­ры» — толған қауіпсіздік жағдайы, бұндай жағдай­лар­ды ал­дын-ала бол­жап, олар­ды бол­дырмауға ты­рысу ке­рек.

Өкінішке орай, жол қозғалы­сы ере­жесіне ба­лалар­ды жанұяда да, мек­тепте де үй­рет­пейді. Оған таңда­нуға да бол­май­ды. Өй­ткені ере­сек­тердің өздері де жол қозғалы­сының ег­жей-тег­жейлі заңды­лықта­рын білмейді.

Ба­лалар­ды жол­да қауіпсіз жүруіне қалай үй­ре­туге бо­лады? Оны­мен бірге қауіпті жол оқиғала­рын тал­дап көріңіз, оған не­ге бірінші кез­де оқиға қауіпті бо­лып көрінгенін, не­ден қате­лес­кенін түсіндіріңіз.

Оқуды су­рет­термен көркем­деңіз, оқиғалар­ды ойын­шықпен ма­кет­теп көрсетіңіз.

Есіңізде бол­сын: тек бір рет түсіндіру аз­дық етеді.

Ба­лалар­да жол қауіпсіздігінің дағды­сы күнделікті жүйелі жат­тығу арқылы ғана мықты қалып­та­сады. Әр се­ру­ен кезінде, оны­мен қонаққа барған кез­де не­месе қала сыр­ты­на шыққан кез­деріңізде, ба­лала­рыңыз­ды көше және көлік қозғалы­сын бақылауға, кез­дескен жол оқиғала­рын тал­дауға, олар­дағы қауіпті эле­мент­терді та­буға, әртүрлі жағдай­лар­да қатесіз әре­кет ету­ге үй­ретіңіз.

Ба­ла ав­то­бусқа асығып ке­ле жатқан­да, жан-жағын­дағыны еш байқамай­ды.

Әсіре­се осын­дай жағдай­да аса сақ бо­лу ке­ректігін ба­лаға үй­ретіңіз.

Көбіне­се ба­ла бір ав­токөліктің ар­ты­нан екіншісі бо­латы­нын білмей қала­ды.

Ав­токөлік жәй жүріп ке­ле жа­тыр, жүгіріп өту­ге үлге­рем де­ген ой­мен жүгіреді де ав­токөліктің ас­ты­на түседі. Ба­лаңызға осын­дай жағдай­лар­ды көрсетіңіз, жай жүріп ке­ле жатқан ма­шина­ның ар­тында қауіп бо­луы мүмкін екенін түсіндіріңіз.

Аял­да­ма — ба­лалар­дың ав­токөлік ас­ты­на көп түсетін жері.

Жол­дан өтудің ең қауіпті жері қай­сы: аял­да­ма маңы ма, әлде көше қиылы­сы ма? Осы сұрақты ба­лаларға қойыңыз. Көбіне ба­лалар «көше қиылы­сын­да» деп жа­уап бе­реді. Ол олай емес. Ба­лалар көше қиылыс­на қараған­да ав­токөлік ас­ты­на аял­да­ма маңын­да үш есе көп түседі екен.

Ба­лалар­ды жол­ды бақылауға және қауіптің ал­дын-ала білу­ге, се­зуге үй­ретіңіз.

Ба­лалар көбіне ма­шина ас­ты­на қара­пайым «жол то­рына» түседі.

Көбіне ба­лалар ма­шина­ны өткізе са­ла жол­дан жүгіріп өтеді. Ол-өте қауіпті!

Алғашқы кез­де өтіп кет­кен көлік, қар­сы ке­ле жатқан көлікті көрсет­пей қала­ды. Алғашқы көлікті өткізе са­лып жүгірген ба­ла, қар­сы ке­ле жатқан көлік ас­ты­на келіп түсуі мүмкін. Ба­лаға өтіп кет­кен ма­шина­ның қара­ма-қар­сы ке­ле жатқан ма­шина­ны көрсет­пей өткенін көрсетіңіз, бұндай жағдай­да өзін қалай ұстау қажет екенін түсіндіріңіз.

Жол­дың ор­та­сын­дағы сы­зықта тұрған кез­де, оң және сол жақтағы жол жағдайын бақылауға үй­ретіңіз.

Жол ор­та­сына келіп тұрған соң, ба­лалар оң жақтан кел­ген ма­шина­ны бақылай­ды да, олар­дың ар­ты­нан келіп қалған ма­шина­ны байқамай қала­ды. Қорқып кет­кен ба­ла кейін шегінемін деп ма­шина­ның ас­ты­на түсуі мүмкін. Ба­лаңызға жол­дың ор­та­сын­да тұрған кез­де, ма­шина­ның екі жақтан да ке­луі мүмкін екенін, және он­дай жағдай­да өзін қалай ұстау ке­ректігін түсіндіріңіз.

Көзге көрінбей тұрған қауіпті ба­ла сез­бейді.

Тұрған көлік қан­дай қауіп туғыза­ды. Сіздің ба­лаңыз дұрыс жа­уабын білмейді делік. Тұрған ав­токөліктің ар­ты­нан көрінбей басқасы ке­ле жа­туы мүмкін. Жол­дың шетінде тұрған ав­токөліктерді ба­лаңыз­бен бірге бақылаңыз, тұрған ав­токөліктің ар­ты­нан аяқ ас­ты­нан басқа ав­токөліктің шыға кел­гендегі ба­лаңыз­дың на­зарын бақылаңыз.

Ба­лалар­дың өмірі мен ден­са­улығын сақтау- ұлттың бо­лашағын сақтау де­ген сөз. Бұл мәсе­ле қазіргі күні өзекті күйінде қалып тұр: жыл сайын жол – көлік оқиғала­рының са­ны өсу­де, одан қан­ша­ма ре­сейлік ба­ла өмірімен қош­та­сып, қан­ша­сы мүге­дек бо­лып ауыр жа­рақат алып отыр. Жол­дарда ав­токөліктің көбеюіне бай­ла­ныс­ты, мем­ле­кеттік ор­гандар, қоғам­дық инс­ти­тут жанұялар­дың бірігіп ба­лалар­дың жол – көлік жа­рақаты­на қар­сы күрес жүргізу ке­рек. Ба­лалар­ды мек­тепте оқыта­тыны бәрімізге белгілі, және ол ту­ралы ән де бар. Бірақ ба­лалар­ды жол­да қауіпсіз жүру ере­желеріне үй­ре­ту қолға алын­баған. Ба­ла мек­тепке кел­генге дейін, жол­да, көше­лер­де ата — ана­лары­мен бірге жүру­де жи­нақтаған өзіндік білігі қалып­та­сады. Олар­дың дұры­сы да, дұрыс емесі де бар. Әри­не дұрыс емес­тері көбірек. Оларға екі жақты бақыла­удың ор­ны­на, жол­да жүгіріп өту жол­дың ту­ра тұсы­нан өту және ең қорқыныш­ты­сы көрінбейтін ке­дергілердің ар­ты­нан жүгіріп шығу: бұтақ, ағаш, үй бұры­шынан. т. б. Ба­ланы жол­дағы қауіпсіздік ере­желеріне, қолы­нан же­тек­теп жүре бас­таған­нан бас­тап ер­те­рек үй­ре­те бас­тау қажет және бұндай негізгі міндет жанұяға жүкте­леді. Өй­ткені көше­де жол­да жүрудің қауіпсіз са­уат­ты мо­делін ба­ла ең жақын адам­да­ры ата — ана­сы қасын­да жүретін мек­тепке дейінгі, ал­ды­мен оның ана­сы қасын­да жүретін шағы. Бірақ тәжірбие көрсет­кендей, көбіне ата — ана­лар­дың өздері ба­ланың пси­хика­сының жа­сара­лық ерек­шеліктеріне бай­ла­ныс­ты қара­пайым ерек­шеліктерін білмей жа­тады. Олар ба­ланы қалай және не­ге үй­ре­те ала­ды?

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: