Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Баланы қағып кетуге жол бермеудің тәжірбиелік амалдары«Ескерту белгілері жүргізушілерге жолдың қауіпті учаскесіне жақындағанын хабарлайды» (ҚР ЖҚЕ түсіндірме). Мысалға, «Қауіпті бұрылыс», «Тас түсу», «Тайғақ жол», «Жабайы хайуанаттар». Және 1.21 белгісі – «Балалар» Бұл кішкене ғана құбыжықтар жүргізушіге қандай қауіп төндіруде? Дөңгелекті тесу немесе автокөліктің сыртына «мені жу» - деп сызба қалдыруы мүмкін. Олардың басты «зиянкестігі» негізінен олар ұдайы өздеріне қауіп төндіруде. Сонымен, жол жағдайындағы кездесетін екі адам: жүргізуші, яғни ересек адам және бала. Жол бойындағы қозғалысқа арнайы мамандандырылған және жаңадан қосылған тұлға. Жол жағдайында баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндет екі ересек адамға жүктеледі: ата-анаға және жүргізушіге. Өз балаларын сүйетін ата-аналар, оларда жол жағдайын бағалау мен қозғалыс қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыруда барлық мүмкіндіктерді жасайды. Алайда, баланың аты бала. Ата-ананың аты ата-ана. Ата-аналар да әртүрлі болады, олардың ішінде де өздері түк білмейтін, білгісі де келмейтін, түсінбейтіндері де бар. Жүргізушінің міндеті – балалардың жол бойындағы жіберіп жатаны қателіктерін жан-жақты түсініп және орынын толтыру. Көптеген жағдайда бұл мүмкін емес. Жол жағдайын дұрыс есепке алған күннің өзінде балаға физиологиялық кедергілерден басқа әдеттер де кедергі туғызады. Дағдыға қалыптасып қалған автоматты түрдегі - әдеттер. Тұрмыстағы әдеттер пайдалы, қиянатсыз және зиянды да болуы мүмкін. Алайда, тұрмыстағы қиянатсыз әдеттер жолда кеселін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, жүргізушіге жолда баланы қағып кетуден аулақ болу үшін біздің балаларымыздың «зиянды» әдеттерін білу керек. Бірнеше жағдайды қарастырайық. • Балалар үйден, бұтаның арасынан, қашадан тоқтамастан және «онда не...» жан-жағына қарамастан жазасыз жүздеп, мыңдаған кездері жүгіріп шығып жатады. Жан-жағына қарамастан жүгіріп шығу дағдысы қалыптасып қалды. Бұл – көшелер мен жол бойында балалардың қатысуымен болған қайғылы оқиғалардың басты себептері. Жүргізушілер, балалардың жан-жағын бағдарламастан қозғала бастау әдеттерінің қалыптасқандық ерекшелігін есепке ала білулері керек (мысалы, ойын барысында). Бұл негізінен шолуға кедергі туғызатын тұрған автокөлік пен басқа да кедергілерден (бұтаның, үйдің арасынан, қар үйіндісінен...) бағдарламастан жүгіріп шығу; артында көліктің бар жоғына қарамастан велосипедте солға қарай бұрылу; жол бойын бағдарламастан жолдың жүру бөлігі арқылы автобусқа қарай жүгіру; жолдың жүру бөлігіне бағдар жүргізбестен бос көшелерге шығу. • Балалар көшенің ортасында тұрып оны екі кезеңде өткенде өміріне қауіп төніп тұрғандығын байқамастан, кейін шегінбестен алға басуға дағдыланып алған. Жолдың орта шеңіне жеткен кезде, балалар тек қана оң жағын бағдарлайды, сол кезде солға немесе артына қарамайды, арт жағында не болып жатқандығынан беймәлім болады. Артқа қарай кенеттен жасалған қадамнан, шалынып қалудың салдарынан көлік астында қалып жатады. • Балалар әрдайым да жүгіріп жүруді әдетке айналдырған. Және де, олар жолды да «жылдамырақ» жүгіріп өтуге тырысады. Кішкене кезінде оларда қалыптасып қалған бұл әдеттерін үлкендер балаларға қауіпті аймақты (жолдың жүру бөлігін) неғұрлым жылдамырақ өтсе, олдардың өмірі соғұрлым қауіпсіз болады деп қош көріп жатады. Осы келеңсіз ойлардың негізінде қауіптен жылдамырақ құтылу керек деген туа біткен түйсік жатыр. Алайда нәтижесі керісінше болып жатады. Жүгіріп жүрген қалыпта жан-жағын бақылау жүргізу қиын әрі мүмкін емес. • Балалар әдетте өте қысқа қолды таңдайды, яғни жолдың бойын қия өтеді. Бұл көшеде өте қауіпті, өйткені жолды кесіп өту кезінде қозғалып келе жатқан көлікке адамның арқасы қарап тұрады. • Балалар алда күтіп тұрған қауіпті болжап біле алмайды, сондықтан да олар аялдамада тоқтап тұрған көлік құралының АЛДЫНАН, АРТЫНАН, АРАСЫНАН жүгіре шыққанда көліктің астына түсіп жатады. Тағы да бір қателік: жол бойында алдымен сол жағын бағдарлап алып, көлікті өткізіп жібергеннен кейін жүре бастайды, олар жолдың басқа жағында қауіп болуы мүмкін екенін ойламайды. Зардап шеккен балалардың бір бөлігі жақын қозғалып келе жатқан көліктің артында басқа автокөліктің болуы мүмкін екендігін (басып озып немесе озып) байқамастан жүгіріп шыққандықтан ұшыраған. Басқалары өткізіп жіберген машинаның артынан тағы біреуінің бар болуын есепке алмастан өткізген көлігінен кейін жүгіріп шыққандықтан зардап шеккен. Осы баяндалған жағдайлардан, яғни жолдағы «тұзақтан» шығудың бірден-бір себебі балаларда жолдың жүру бөлігін қауіпсіз өту, ал жүргізушілерде балалардың кемшіліктерін толықтыру дағдыларын қалыптастыру. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|