Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Қауіпсіз жүргізудің «технологиясы» немесе жолдарда баланы қалай сақтау керек?

Қазақстан­да күнделікті ор­та есеп­пен алған­да ба­лалар­дың қаты­су­ымен 8 жол-көлік оқиғасы орын алып жа­тады. Тек қана бір жыл­дың ішінде 300-дей ба­ла қаза бо­лып жа­тады. Ба­лалар­дың жол бойын­да қаза бо­лып, зақым­да­ну­ының қалай ал­дын алуға бо­лады? Жер бетіндегі бар­лық жүргізушілер ба­лалар­ды қайғылы оқиғадан қорғап қалғысы ке­леді. Алай­да, өкінішке орай, бар­лығы дерлік оны орын­дай ал­май­ды.

Адам ба­ласы­на, әсіре­се ба­лаға қате­лесу тән дағды, ал жол қателікті кешірмейді. Сон­дықтан да, бүкіл әлем­де «қорғаныс түрінде көлік құра­лын басқару» тех­но­логи­ясы қол­да­ныла­ды, яғни ол жол қозғалы­сын­дағы басқалар­дың қателіктерін есеп­ке ала оты­рып, олар­ды бол­жап және өзінің ал­дын алу әре­кет­терімен то­лықты­руға негіздел­ген. Бұл Сізге кез­дескен жол қозғалы­сын­дағының кез-кел­геніне қатыс­ты, әсіре­се ба­лаларға тән!

Қала­лар мен ауыл­дардағы көше­лер шо­лу дәре­жесінің шек­те­улігімен әртүрлі «тұзақ» құрып оты­рады, сон­дықтан да қан­дай да бір «тех­но­логия» ту­ралы қауіптілігі жоғары ай­мақтарға (ҚЖА) қатыс­ты айтқан жөн.

Қоғам­дық көлік аял­да­масы

Негізгі қауіптілік: қай жағынан ай­на­лып өтсең де қауіптілікті байқауға ке­дергі келтіретін тоқтап тұрған ав­то­бус­тан шо­лудың шек­те­улігі. Аял­да­ма – бұл ав­то­бусқа және со­нымен қатар ав­то­бус­тан түсе са­лысы­мен жол­ды кесіп өту арқылы үлге­ру сияқты жа­яу жүргіншілердің асығыс жүру ай­мағы.

Қауіпсіздік ша­рала­ры: қозғал­май­тын және қозғалыс­тағы шек­те­улі шо­лудың бар­лық түрі бойын­ша әре­кет жа­саңыз­дар: егер де шо­лу қар­сы бағыт­тағы көлікпен шек­те­улі бол­са жол-жөне­кей ке­ле жатқан көлікті ба­сып оз­баңыз; және де көру бағда­ры бір жақты болған кез­де ав­то­бусқа асығып ба­ра жатқан («көңілін бөлу») жа­яу жүргіншілер қауіптілікті байқамай­ды. Бағдар­лық көлік құра­лының жа­нынан өтіп ба­ра жатқан кез­де ал­дын ала жа­яу жүргіншіні байқау үшін оның доңғалағына на­зар ауда­рыңыз.

Рет­телмейтін жа­яу жүргінші өткелі

Негізгі қауіптілік: ең бас­ты­сы – «жыл­жы­малы шек­те­улі шо­лу»: жол-жөне­кей және қар­сы бағыт­та ке­ле жатқан көлік. Бұдан басқа тоқтаған көлік құра­лымен шо­лудың шек­те­улігі, мы­салға. Оңға бұрылған не­месе бұры­лыс жа­сау үшін.

Қауіпсіздік ша­рала­ры: жа­яу жүргінші өткеліне жақын жер­де көрші жо­лақтағы ав­токөлік өткел­дегі аял­да­ма шо­лу­ын шек­теп тұрған жағдай­да жыл­дамдықты шек­теу ке­рек. Бұл қозғалыс прин­ципті – жаңалық емес: Анг­ли­яда жа­яу жүргінші өткелінен 40 метр қашықтықта жол­дың жүру бөлігінің шетінде ар­найы ирек жо­лақ бар. Қол­да­ныс­тағы осы жо­лақтың шек­теуінде бір көлік құра­лы екіншісін ба­сып оз­бай­ды.

Рет­те­летін қиылыс, жа­яу жүргінші өткелі

Негізгі қауіптілік: бағдар­шамның «жа­сыл» түсі қосылған және басқа ав­токөліктердің «бірден қозғалған» кез­де қозғалыс­тағы ав­токөлікпен шо­луды шек­теу.

Қауіпсіздік ша­рала­ры: өткел ай­мағын­да «бірден қозғалған» көлікті ба­сып озу қауіпті, сон­дықтан да көліктің жыл­дамдығын те­жей тұрып жа­яу жүргінші өткелінен өткен соң ба­рып ба­сып озыңыз.

«Ба­лалар» белгісінің қол­да­ныс­тағы ай­мағы

Негізгі қауіптілік: жол­дың жүру бөлігінде ба­лалар­дың ке­нет­тен пай­да бо­луы. «Ба­лалар» белгісі тұрған ай­мақта көпте­ген жүргізушілер «Ба­лалар көрінбейді: жыл­дамдықты азай­тпа­са да бо­лады» прин­ципі бойын­ша қозғалыс тех­но­логи­ясын дұрыс қол­данбай­ды. Егер де Сіздің ав­токөлігіңіздің жыл­дамдығы тұрғын ай­мақтар­да рұқсат етілетін жыл­дамдықтан да аз, яғни 40 км/сағ. бол­са да ба­ланы ба­сып кет­кен жағдай­да бұл Сіздің әре­кетіңізге ақтау бол­май­ды. Мек­теп ай­мағын­да мүлдем басқа тех­но­логия ке­рек: «Шо­лу неғұрлым шек­те­улі бол­са, соғұрлым жыл­дамдық аз бо­луы ке­рек». Қозғалыс­тың бұл прин­ципі «Ба­лалар» белгісі тұрған ай­мақта ав­токөлігі да­мыған бар­лық ел­дерде ежел­ден қол­да­ныс та­буда. Аме­рика шта­ты Нью-Йорк­тегі «Ба­лалар» белгісіне қатыс­ты жүргізушілер­ге ар­налған жа­дына­мадан үзінді: «Сіздер мек­тептің жа­нын­да­сыз­дар. Жыл­дамдықты азай­та оты­рып, өте сақтықпен өтіңіздер. Тоқтап тұрған көлік құра­лынан және басқа да жер­лерден то­сын­нан ба­лалар­дың жүгіріп шығуына дайын бо­лыңыз­дар». Тоқтап тұрған көлік құра­лының сал­да­рынан жүгіріп шыққан ба­ланы сақтап қалу үшін ав­токөліктің жыл­дамдығы қан­дай бо­луы ке­ректігін пайым­дау қиын емес.

Қауіпсіздік ша­рала­ры: Қауіпсіздік тех­но­логи­яла­рының бар­лық түрін қол­да­ну: «шек­те­улі шо­лу», «көңілін бөлу», «бос көшені», «көшенің ор­та­сы». Мүмкіндігі бойын­ша ба­сып оз­бауға ты­рысыңыз, егер де сіздің көлігіңіз шо­луды шек­теп тұрса тоқтат­паңыз. Шо­лудың кез кел­ген шек­теуінде жыл­дамдықты азай­тыңыз. Жыл­дамдықты те­же­уге әзір бо­лыңыз.

Тұрғын үй ара­сын­дағы өткел

Негізгі қауіптілік: тұрғын ай­мақты өту кезінде «Ба­лалар» белгісі тұрған ай­мақтағы сияқты кез кел­ген тоқтап тұрған көліктің сал­да­рынан, бұта мен үйдің ара­сынан ба­ланың шығуын то­су. Тұрғын ай­мақта жа­яусоқпақ жүру бөлігімен бірге, бұл ба­ланың жүру бөлігі ав­токөлік құра­лының қозғалы­сына да ар­налған­дығын қабыл­да­уына қиын­дық туғыза­ды. Сон­дықтан да ба­лалар жол­да кез кел­ген уақыт­та пай­да бо­луы мүмкін. Тұрғын ай­мақ – бұл жүргізуші үшін «жат ай­мақ»! Бұл жердің иесі – жа­яу жүргінші, ба­ла!

Тұрғын үй маңына тоқтаған жағдай­дағы қосым­ша қауіптілік: қозғала бас­таған кез­де көліктің ал­дыңғы және артқы жағынан кішке­не ба­лалар­ды байқамай қалу. Жүргізушіден алға қарай қозғалыс, әсіре­се артқа қарай қозғалыс жа­саған кез­де ба­лалар­дың қауіпсіздігіне кепілдік бе­ру үшін қырағылық та­ныту­ды та­лап етеді.

Қауіпсіздік ша­рала­ры: Ор­та­ша жыл­дамдық. Тұрған жерінен қозғалған кез­де аса сақтық ке­рек.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: