Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

ЖҚЕ оқыту бойынша кабинеттті жабдықтау жөнінде ұсыныстар

Жол қозғалы­сы қауіпсіздігі бойын­ша бөлмені жаб­дықтауға ар­налған Нұсқаулықтар

Жол қозғалы­сы қауіпсіздігі бойын­ша бөлменің оқу құрал­да­ры мен жаб­дықта­лу­ының бол­жамды тізімі

1. Сы­нып тақта­сы

2. Ди­афильм және бей­не­филь­мдер жи­ын­тығы

3. Пла­кат­тар жи­ын­тығы «Қызыл, са­ры, жа­сыл», «Жол қозғалы­сының ере­жесі», «ЖКО түрлері», «Ве­лоси­педшілер­ге ар­налған ере­желер», «Жа­яу жүргіншілердің ере­желері», «ЖКО се­беп­тері», «Бағдар­шам және рет­те­уші құрал­да­рының белгілері» және басқала­ры.

4. Жол қозғалы­сын рет­теу құрал­да­рының ма­кет­тері (бағдар­шамдар­дың): көліктер­ге, жа­яу жүргіншілер­мен, ве­лоси­педшілер­ге.

5. Ме­тоди­калық бұрыш (ба­лалар ара­сын­дағы жол-көлік жа­рақат­та­ну­ының ал­дын-алу жөніндегі сы­нып­тан тыс іс-ша­ралар және са­бақтар өткізу бойын­ша оқыту­шылар мен мұғалімдер­ге, сы­нып же­текшілеріне ар­налған ма­тери­ал­дар).

6. Жол белгілерінің жи­ын­тығы (кар­тоннан).

7. Жи­нақтау пап­ка­лары: Ба­лалар жол-көлік жа­рақат­та­ну­ының ал­дын- алу бойын­ша са­бақтан тыс және өмір қауіпсіздігін қам­та­масыз ететін са­бақта­рын­да жергілікті ма­тери­ал­дарды пай­да­лану (жергілікті, т. б. бас­пасөз ма­тери­ал­да­рының жи­ын­тықта­ры),

8. ЖҚЕ бойын­ша үстел үстіндегі ойын­дар: «Жол до­мино­сы», «Біз — жа­яу жүргіншілерміз», «Біз — жо­ла­ушы­лар­мыз», мо­зай­ка «Ав­токөлік түрлері», элект­рон­ды ойын «Жол жағдайы».

9. «Жол үсті сы­зықта­ры» стендісі.

10. «Жол белгілері» стендісі.

11. Ауыс­тырма­лы ма­тери­ал­дар стендісі: «Ата-ана­лар сіздер үшін», «Оқушы­лар, сіздер үшін», «ҚЖИ от­ря­ды іс-ша­ра атқара­ды», "Мұны бол­дырмауға бо­лар еді? « және т. б.

12. Жол белгілері, рет­те­уші құрал­да­ры ма­кетінің жи­ын­тығы бар „Қиылыс­тар мен жол­дар“ үстел үсті ма­кеті.

13. Мек­теп ор­на­ласқан мөлтек аудан­дағы оқушы­лар жүретін бағыт­тар мен ол жер­лердегі қауіпті аумақтар көрсетілген ма­кет түріндегі шағын алаңының схе­масы.

14. Ба­лаларға қатыс­ты жол-көлік жа­рақат­та­ну­ының жағдайын тал­дау бойын­ша ди­аг­рамма­лар, кес­те­лер, схе­малар.

15. ЖҚЕ бойын­ша өткізілетін кон­курс­тар, спек­такль, вик­то­рина­лар мен ойын­дар сце­нарийі.

16. Оқыту­дың тех­ни­калық құрал­да­ры (ди­ап­ро­ек­тор, бей­не маг­ни­тофон, компьютер­лер және жол және көше­лер­де қауіпсіздік ере­желерін үй­ре­нуге қажетті басқа да құрал жаб­дықтар).

17. ЖҚЕ бойын­ша оқу әде­би­ет­тері.

18. Оқу бағдар­ла­мала­ры.

Оқу құрал­да­рының ор­налс­ты­ру тәсілдері.

1 су­рет

1–3 — жол белгілерінің және жол үсті сы­зықта­рының стендісі

2 – Сы­нып тақта­сы

4–5 – оқыту­шының үстел мен орын­дығы

6 –»Көше қиылы­сы мен жол" үстел ма­кеті

7 – компьютер

8 – пар­та­лар

9 – орын­дықтар

10 – пла­кат­тар мен кес­те­лер­ге ар­налған орын

2 су­рет

1–3 – жол белгілерінің және жол үсті сы­зықта­рының стендісі

2 – Сы­нып тақта­сы

4–5 – оқыту­шының үстелі мен орын­дығы

6 –"Көше қиылы­сы мен жол" үстел ма­кеті

7 – компьютер

8 – пар­та­лар

9 – орын­дықтар

10 – бағдар­шам ма­кеті

11 – пла­кат­тар мен кес­те­лер­ге ар­налған орын

12 – Қон­дырғылы ди­ап­ро­ек­то­рымен

13 – кітап сөре­лері мен шкаф­тар, пла­кат ілінетін орын­дар.

Құрал­дар мен оқу құрал­да­рын ор­на­лас­ты­ру нұсқаулықта­ры

Жол­да жүру ере­жесін оқытып үй­ре­тетін бөлме­ге, кәдімгі сы­нып бөлмесі қажет. Сы­нып төріне сы­нып тақта­сы мен ди­афильм, бей­не­фильм көрсе­тетін эк­ран ор­на­тыла­ды, егер бей­не­фильм не­месе ди­афильм көрсетілетін бол­са, міндетті түрде эк­ран пай­да­ланы­лады. Ол үшін сы­нып тақта­сының үстінгі жағына ар­найы бекітілетін тетік бо­луы ке­рек.

Бей­не­маг­ни­тофон мен компьютер болған жағдай­да, оларға қолай­лы орын бо­луы шарт және эк­ранның көрсетілімі анық көрінетін бо­луы шарт. Сы­нып тақта­сының жоғары жағына бірне­ше қатар етіп элект­рлен­ген әй­нек­пен жа­былған жол белгілері ор­на­тылуы қажет. Жол белгілерінің жа­рықта­ну­ын қосу жүйесі мұғалім үстеліне ор­на­тыла­ды. Көрнекілік құрал­дарды көрсе­ту үшін мұғалім үстеліне де­монс­тра­ци­алық құрылғы ор­на­лас­ты­рыла­ды.

Сы­нып тақта­сының екі жағына пла­кат үлгілері ілінетін ар­найы қысқыш­тар мен ілме­шек­тер қойыла­ды. Ма­кет тақта­сы ар­найы темір ор­натқыш­пен сы­нып тақта­сының қасы­на ор­на­лас­ты­рыла­ды, егер де ор­на­лас­ты­ру жері тақта маңынан орын та­был­ма­са он­да осы тақта­ның жоғары бөлігіне ілінуі ке­рек (ілгіш эк­ра­ны). Не­месе ар­найы үстел­дерде оқушы­ларға көрнектілеу жер­ге жыл­жы­малы түрде ор­на­ласуы тиіс.

Ма­кет тақта­сы құра­мына төмен­дегілер жа­тады:

1. Ар­найы темір құрылғысы (0,8 мм., қалыңдығы бар фа­нера не­месе рам­ка). Құрылғыда план­шет жол қиылы­сының белгілері ор­на­тылуы қажет, құрылғының көлеміне қарай бір не­месе одан да көп көше қиылы­сының бей­не­лері түсірілуі қажет не­месе же­ке көше қиылы­сы түсіріледі.

2. Ма­кет (маг­ниттел­ген) көлік құрал­да­ры: оның ішінде әр-түрлі қыз­мет атқара­тын көлік құрал­да­рының (маг­ниттел­ген) ма­кеті (трам­вай, трал­лей­бус, мо­тоцикл, ве­лоси­пед, ар­найы жа­яу жүргіншілер өткел­дері).

3. Бағдар­шам мен рет­те­ушілердің маг­ниттел­ген ма­кеті.

4. Жол белгілері (маг­нитте­луі қажет), пла­кат­тар мен схе­малар түрлері ар­найы ор­на­тылған шкаф­тар не­месе қорап­тарда сақта­луы тиіс, яғни қол­да­нуға және қол­да­нылу­ына жеңілдік жа­сай­тын жер­лерде және сы­нып­та ор­на­ласуы қажет.

Ар­найы құрылғылар не­месе тақта­да ор­на­тылған пла­кат­тар мен схе­малар тек қана ар­найы са­бақ уақытын­да ілініп, са­бақ аяғын­да оқушы­лар­дың на­зарын бұрма­ламау үшін уақыты­лы алы­нуы тиіс.

Сы­нып тақта­сының ал­ды­на, қақпағы көтерілетін үстел–ма­кеті ор­на­лас­ты­рылуы ке­рек. Үстел үстіне қойылған ма­кет­те шағын көше­лер, жол­дар, қиылыс­тар мен алаңдар бо­луы ке­рек, со­нымен қатар осы ма­кет­те мек­теп маңын­дағы мөлтек ауданға аса көңіл бөлінуі міндетті (са­бақ ба­рысын­да төменгі сы­нып оқушы­лары­на жол­да жүру ере­жесін және мек­тепке ке­летін-ке­тетін жол­дың ыңғай­лы жағын үй­ретіп та­ныс­ты­ру ке­рек). Үстелдің жәшіктерінде ав­токөліктердің ма­кет­тері және басқа да көліктердің ма­кет­тері, рет­те­уші құрал­да­ры, жа­яу жүргіншінің ма­кет­тері бо­луы шарт (ма­кет маг­ни­тел­ген бо­луы ке­рек). Жұмыс жа­самай­тын мезгілде ма­кет-үстелдің қақпағы көлде­нең жағдай­да бо­луы қажет. Үстел ма­кеті мек­теп ше­бер­ха­насын­да, еңбек са­бағын­да дайын­да­лады.

Үстел ма­кеттің оң жағынан де­монс­тра­ци­алық құрылғысы мен оқыту­шының үстел ор­налс­ты­рылуы ке­рек.

Сы­нып­тың артқы қабырғасы­на қауіпсіз қозғалыс жөніндегі әде­би­ет­тер қойыла­тын сөре­лер ор­на­лас­ты­рыла­ды. Ар­найы жа­салған же­лобаға қара­ма-қар­сы оң жағына «Ре­сей ав­токөліктері», «Мо­тоцикл­дер», «Қала­лық жо­ла­ушы­лар көлігі», «Ауыл ша­ру­ашы­лық көліктері», «Ве­лоси­пед және мо­пед­тер» т. б. кес­те­лері ор­на­лас­ты­рыла­ды. Бөлменің ішкі әлпеті мен құрал­да­рының жаб­дықта­луы бүкіл тех­ни­калық та­лап­тарға сай бо­луы қажет және жол қозғалы­сы қауіпсіздігі жөнінде өтетін са­бақтан тыс жұмыс­тар өткізу­ге ыңғай­лы­лығы сақта­лады.

Оқу құрал­да­рының жаб­дықта­лу­ына аса көңіл бөлінуі қажет.

Көрнекі құрал­дардың мөлшері бөлменің көлемі мен қабырғасы­на қарай алы­нады. Қабырғаға ілінетін көрнекілікпен қатар көркем су­ретті аль­бом­дар жа­сауға бо­лады.

Жол қозғалы­сы қауіпсіздігі жөніндегі бұрыш­та­малар жаб­дықта­лу­ының бол­жамды тізімі.

1. Ба­лалар ара­сын­дағы жол-көлік жа­рақат­та­нуы жөнінде жұмыс атқара­тын жа­уап­ты қыз­меткерді мек­теп ди­рек­то­рының тағайын­дағаны жөніндегі бұй­рықтың нұсқасы (ла­уазы­мы, аты жөні).

2. Ба­лалар ара­сын­дағы жол-көлік жа­рақат­та­ну­ын ал­дын-алу­дағы жұмыс­тардың мек­тепшілік жос­па­ры.

3. ҚЖИ жа­сақта­рының жұмыс жос­па­ры.

4. ЖҚЕ жөнінде мек­тепте өткізілген байқаулар, жа­рыс­тар, ойын­дар жөніндегі ха­бар­ла­малар және өткізу­ге ар­налған дайын­дықтар­дың ха­бар­ла­мала­ры.

5. Мек­теп оқушы­сының қаты­су­ымен орын алған ЖКО жөнінде қысқаша талқыланған ха­бар­ла­ма, (ЖКО-ның схе­масы мен ЖҚЕ тар­мақта­рын көрсетіп, та­лап­тардың бұзы­луы сал­да­рынан болған оқиғалар жөнінде). ЖКО ту­расын­да мек­теп оқушы­сымен, ата-ана­лары­мен өткізілген жұмыс­тардың ха­бар­ла­масы.

6. ЖҚЕ бұзған мек­теп оқушы­лары және оларға көрілген ша­ралар жөнінде ха­бар­ла­мада міндетті түрде тегі, сы­ныбы көрсетілуі тиіс.

7.Ата-ана­ларға ха­бар­ла­ма.

8. Жол қозғалы­сы қауіпсіздігі жөніндегі үгіт-на­сихат құрал­да­ры (Жол белгілері, жол үсті сы­зықта­ры не­месе жол қиылы­сынан өту және т. б.).

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: