Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Бақылау-профилактикалық қызметҚазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің 2006 жылдың маусым айының 22-ші жұлдызы күнгі № 299 бұйрығына сай, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің құрылымында бақылау-алдын алу бөлімі құрылған. (әрі қарай БААБ). Осындай ұқсас бөлімдер барлық Астана және Алматы қалалық, обылыстық жол полициясы басқармаларында құрылып, ІІМ ЖПК БААБ-не есеп беретін бөлім. БААБ-нің міндеттері, құқығы және өкілеттіктері ҚР ІІМ ЖПК 2006 жылдың қазан айының 20-ші жұлдызында бақылау-алдын алу бөлімі туралы жалпы Ережесінде бекітілген. Бақылау-алдын алу бөлімшенің қызметкерлері жол қозғалысы саласында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халыққа қызмет көрсетуге тартылған ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту. Жол полициясы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мақсатында жария және жасырын іс-шаралар өткізу бұл бір бөлігінің міндеттері. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халыққа қызмет көрсетуге тартылған жол полициясы бөлімшелері мен ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты жол қозғалысына қатысушылардың хаттарына, арыз-шағымдарына, сенім телефонына талдау жүргізу. БААБ қызметкерлері, жол полициясы бөлімшелері қызметкерлерінің қызметіне белгіленген тәртіппен тексеру жұмыстарын жүргізу үшін, жеке автокөліктерді, арнайы байланыс құралдарымен жабдықталған және түнгі көретін дүрбіні пайдалануды билік етеді, сондай-ақ тексеру нәтижелерін бекіту үшін аудио және бейнетехника жасақтарын пайдалану құқылы. БААБ-нің қызметкерлерінің негізгі міндеттеріне жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын жақсартудан бөлек, қызметкерлерінің қызметтерін дұрыс дәрежелеу мен бағалау болып келеді. БААБ-нің қызметкерлері тараптарынан тікелей дербес халықпен қарым-қатынасты болу, халық арасында өз-ара сенімділікті арттыруға, осыған байланысты негізгі мақсат екі жақпен қарым-қатынаста болу, бұл өз-ара қарым қатынасты БААБ-нің қызметкерлері ғана емес, жол қозғалысына қатысушыларда да сенімділікке бірігіп қатысуы керек. Күнделікті тәулік бойы арнайы орнатылған сенім телефонына үнемі қосылуда. Түскен әр-бір хабарламаларға тексеру амалдары жүргізіліп, түскен хабарламалардың бірде-біреуі қараусыз қалдырылмайды. Әр дайым БААБ-нің қызметкерлерімен жол полициясы қызметкерлерінің жіберілген кемшіліктері бойынша тексеру қортындылары жедел кеңестерлерде қаралып, жіберілген кемшіліктерді талқылап бейнетаспаларға түсірілген арнайы тексеру материалдары бойынша жеке құрамға таныстырылып, жіберілген кемшіліктерге талқылау жүргізіліп, жол бермеу шаралары қаралуда. ҚР ІІМ-нің 10.12.2008 жылғы № 466 санды «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» бұйрығы бойынша ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің Бақылау профилактикалық бөлімі ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің Бақылау профилактикалық жұмыс басқармасы болып қайта құрылды. Жол полициясы бөліністеріндегі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі қабылданып жатқан шаралар Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетімен жол полициясы қызметкерлері жағынан заңдылық бұзуды жібермеу мақсатында жол полициясындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендету жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені жүзеге асырылуда. Халыққа қызмет көрсету бойынша: - жол полициясы бөліністерінде халыққа қызмет көрсету жағдайы жақсаруда. Көлік құралдарын тіркеу және жүргізу куәліктерін беру жөніндегі жол полициясы бөліністерімен азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай регламенті мен стандарттары дайындалды және бекітілді; - жол полициясы бөліністерінде бір жылдан астам «бір терезе» принципі бойынша жүйе қызмет етеді. Сонымен, осы принцип бойынша жол полициясының 108 бөліністерінде жұмыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында, жол полициясының 24 операциялық залы құрылды; - орталық тіркеу-емтихан бөліністерінің емтихан кластарында және операциялық залдарда азаматтарға қызмет көрсету процесіне қоғамдық және ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау бейне камералары мен мониторлар қойылды; - тіркеу бөліністерінде автокөліктерге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге жол полициясының қатысуынсыз автоматикалық режимде жол беретін бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді. Сонымен қатар, - процессингтік орталықпен жол қозғалысы ережелерін бұзуды фото және бейнефиксация жүйелері құрылуда. Олар Астана, Алматы қалаларында, Қарағандыда, Өскеменда, Атырауда, Ақтөбеде, Оралда, Семейде және Шымкентте жұмыс істеуде. Жақын уақытта Қостанай қаласында пайдаланылуға беріледі. Тәжірибе мұндай жүйелерді пайдалану жүргізушілерді тәртіпке келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар жол полициясы мен құқық бұзушылықтың арасындағы байланыстарды болдырмау есебінен жолдардағы сыбайлас жемқорлық үшін жағдайды дұрыстайды; - бұлармен қатар жол полицияларымен бейне жазбаға құқық бұзушылықтарды түсірмейтін радарларды пайдалануға тыйым салынды. Қазір енгізіліп жатқан жаңа құралдар әрбір жылдамдықты түсіруге жол береді және полицейлермен толтырылған хаттамалардың санымен радарлардың көрсеткіштерді күн сайын салыстыру. Бұл полицейлермен негізсіз автокөлікті тоқтатудың және әкімшілік хаттамалар толтыру кезінде жол қозғалысының қатысушыларымен болатын жанжалдық жағдайлардың қысқаруына жол берілді; - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс процестерін автаматтандыру мақсатында және «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері жобасын енгізу оларға айыппұлдар бойынша жазалар. 2009 жылдың ақпанында 6 өңірде (Астана, Алматы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды), қызмет көрсете бастайды, ал ағымдағы жылдың аяғына дейін тағыда 5 өңірде (Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан) енгізілетін болады. Кадрлармен жұмыс бойынша: - жол полициясының кадрларын іріктеу мен қайта бөлуді жақсарту жөніндегі шаралар қабылданды. Жол полициясы бөліністерінің лауазымдарына біліктілік талаптар. Жол полициясы басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, орталық тіркеу-емтихан бөліністері бастықтарының және саптық бөліністерінің командирлері лауазымдарына кандидатуралар Жол полициясы комитетімен келістірілгеннен кейін ғана тағайындалады. Тек өткен жылы ғана 16 өңірдің 11-де Жол полициясы басқармаларының бастықтары ауыстырылды (Астана, Алматы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары); - жол полициясын адал емес және біліктілігі жоқтардан тазалау мақсатында ІІМ-мен қазіргі уақытта жол полицияларының саптық бөліністерінде кезек-кезекпен аттестаттау жүргізу жоспарлануда; Бақылау, тексерістер, арнайы іс-шаралар: - 2008 жылы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменттері мен Кадр жұмысы департаменттерінің қызметтерімен бірлесіп жүргізу практикасына сыбайлас жемқорлық заңнамалардың, ІІМ-нің тексеріс нәтижелерін қараумен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты бекіту жөніндегі бұйрықтары мен нұсқауларын және Жол полициясы комтеті төрағасының қатысуымен орындарға лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін орындау жөніндегі талаптарын сақтауға өңірлік ІІД Жол полициясы басқармаларының қызметіне кешенді инспекторлық тексерістер енгізілді. - 2008 жылы жол полицияларына пара берудің 102 фактісінің жолы кесілді, оның ішінде 24 адам сотталды. Алайда жүргізушілер арасында жол полициясының қызметкерлеріне пара беру практикасының орын алуы жалғасуда. Ағымдағы жылы осындай 15 факті, Астанада (5), Ақмолада (3), Батыс Қазақстанда (3), Қостанайда (1), Павлодарда (2) және Солтүстік Қазақстанда (1); - жол полициясының барлық бөліністерінде, Жол полициясы комитетін қоса жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы азаматтардан хабарламалар мен ақпараттар қабылдау үшін «сенім телефондар» жұмыстары ұйымдастырылды. Келіп түскен ақпараттар бойынша тіркеу журналына тіркегеннен кейін тиісті жедел ден қою шаралары қолданылады. 2008 жылы жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері фактілері бойынша 129 хабарлама келіп түсті, олардың ішінде 10 расталды, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|