Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Пара берушілердің жауапкершілігіЖол полициясы қызметкерлері тарапынан дөрекі және әділетсіз әрекеттерге тап болған азаматтардың Басты мәселелердің бірі көбінде жол полициясы қызметкерлеріне кінә тағылатын пара беру фактілері. Бұндай жағдайлар әрине бар. Оны жасырудың, сонымен қатар бұл жағдайдың себептері туралы айтудың қажеті жоқ – олар түсінікті және мәлім. Бірақ бұл жеке жағдайлар, жүйе емес. Кейбір кездерде жүргізушілердің өздері инспекторларды бұндай жағдайларға итермелейді: құжаттардың арасына қосып ақша береді, автокөліктің отыратын жеріне ақша тастайды. 2008 жылдың 12 айында жол полициясы қызметкерлеріне пара берудің 102 фактісі анықталып; пара берушілер жауапқа тартылды. 2009 жылдың қаңтар айында жол полициясы қызметкерлеріне пара берудің 17 фактісі анықталды. Азаматтардың есіне салатынымыз Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312 бабы бойынша: 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, - жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, - бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды: а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; б) ірі мөлшерде; в) әлденеше рет жасаса, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, - мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 313-бап. Қылмыстық кодексі. Парақорлыққа делдал болу 1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келiсiмге қол жеткiзуге немесе iске асыруға жәрдемдесу – бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзiнің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет – жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 533 бабы. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi жеке тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы беру Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 533-1-бабы. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қайталап жасалған іс-әрекеттер, - төрт жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 534 бабы. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi 1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлєаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың, бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады. Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|