Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол полициясы қолданылатын алдын-алу шараларыЖол полициясы комитеті республика аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарды анықтау және ұстау жөнінде тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Жол полициясы бөліністері барлық автоматтандырылған есептер бойынша міндетті тексерістерді жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір жұмыс атқаруда. Осы тексерістердің нәтижесінде іздестірудегі адамдардың есебі бойынша өтетін 324 адам анықталды. Республика аумағында кең ауқымды «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілуде, онда жол полициясы бөліністері жол-көлік және басқа да қылмыстарды жасағаны үшін іздестірудегі адамдарды анықтау мен ұстау, автокөлік құралдары мен олардың жүргізушілеріне қатысты жасалған қылмыстарды, сондай-ақ олардың қатысты жасалған қарақшылық шабуыл мен тонауды ашу мен анықтауға белсенді қатысты. Қабылданған шаралардың арқасында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде құрылған ұтқыр топтардың құрамында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен іздестіруге жарияланған 200 адам, оның ішінде ТМД елдерінің іздестіруіндегі – Ресей Федерациясының 20 азаматы ұсталды, хабарсыз кеткен 37 адамның тұрғылықты жері анықталды. Ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының деңгейін одан әрі көтеру, көлік құралдарын пайдаланумен немесе оларды заңсыз иемденумен байланысты қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға кешенді тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті ай сайын «Тосқауыл» арнайы жоспарын жүргізу кезінде жұмыс нәтижелерін қорытындылайды. Осылайша 2010 жылдың 12 айында қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстау және айдап әкетілген көлік құралдарын ұстау мақсатында облыстардың ІІД-де «Тосқауыл» жоспары 883 рет енгізілді, оның нәтижесінде 586 қылмыскер және 716 көлік құралы ұсталды. Жедел-іздестіру бөлімшелері автокөліктік кәсіпорындарының басшыларымен, гараж кооперативтерінің төрағаларымен және автотұрақ меншіктерінің иелерімен өз мүлкін сақтау бойынша шаралар қабылдау үшін және күзет құрылымдарының көмегі арқылы бейнебақылау камераларымен және басқа да техникалық құралдармен жабдықтау бойынша тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Автоәуесқойлар арасында автомобильдерді ұрлаудың, айдап әкетудің және де күзетілмейтін аумақтарда бақылаусыз қалдырылған көлік құралдарының салондарынан жеке заттарды ұрлауды ескерту және жол бермеу мақсатында буклеттер таратылды. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің барысы және нәтижелері туралы ақпарат республикалық «Хабар», «КТК», «31 арна» телеараналарына, «Тревожная зона», «Полицейский патруль» телебағдарламаларына, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілді. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|