Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Көліктік қылмыстарды ашу

Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрлігі ав­то­мобиль көлігі аясын­дағы қыл­мысқа қар­сы күрес ша­рала­рының тиімділігін арт­ты­ру және осы бағыт­тағы же­дел-іздестіру қыз­метін жетілдірудің жаңа ұйым­дасты­рушы­лық-так­ти­калық әдістерін іздеу мақса­тын­да Қазақстан Рес­публи­касы ІІМ-нің 2002 жылғы 1 ма­усым­дағы №388 бұй­рығымен жол по­лици­ясы­ның қыз­метінде же­дел жұмыс жүргізу құқығы бар же­дел-іздестіру бөліністерін құрды.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңна­масы­на және жүктел­ген міндет­терге сәй­кес же­дел-іздестіру бөліністерінің негізгі міндет­тері:

- рес­публи­каның ав­то­магист­раль­да­рын­да және олар­дың инф­роқұры­лым объектілерінде жа­сала­тын қыл­мыстар­ды ес­керту, анықтау, жо­лын ке­су және ашу бойын­ша ішкі істер ор­ганда­ры үшін заңна­мамен белгілен­ген құзы­реті шегінде об­лыстар­дың ІІД жол по­лици­ясы басқар­ма­лары­ның же­дел-іздестіру қыз­метін ұйым­дасты­ру және үй­лестіру, қыл­мыс жа­саған адам­дарды анықтау және ұстау, бұл рет­те Қазақстан Рес­публи­касы ҚК-нің 296 және 297-бап­та­рын­да көздел­ген адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғала­рымен бай­ла­ныс­ты қыл­мыстар­ды, көлік құрал­да­рын басқара­тын адам­дарға қатыс­ты жа­салған қарақшы­лық ша­бу­ыл­дар мен то­на­улар­ды ес­керту, олар­дың жо­лын ке­су және ашу негізгі ба­сым бағыт­та­ры бо­лып та­была­ды.

Көрсетілген бөліністердің қыз­метін тал­дау олар­дың ішкі істер ор­ганда­рының қыл­мысқа қар­сы күрес жөніндегі жұмы­сына белгілі бір үлес қосқанын көрсетті және жыл сайын жол по­лици­ясы­ның осы бөліністері қыз­меткер­лерінің тіке­лей ашқан қыл­мыста­рының са­ны өскені байқала­ды.

2010 жыл­дың 12 айын­да жол по­лици­ясы­ның көмек көрсе­туімен 18994 қыл­мыс не­месе ішкі істер ор­ганда­ры ашқан қыл­мыстар­дың 34,3% ашыл­ды, оның ішінде кісі өлтіру — 296, қарақшы­лық ша­бу­ыл — 356, то­нау — 1543, бөтеннің мүлкін ұрлау, — 8861 көлік құра­лын заңсыз иеле­ну — 760, есірткі құрал­да­рының заңсыз ай­на­лымы­мен бай­ла­ныс­ты қыл­мыс — 1849. Жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерінің тіке­лей қаты­су­ымен 2989 қыл­мыс ашыл­ды.

Со­нымен қатар рес­публи­каның ав­то­жол­да­рын­дағы қыл­мысқа қар­сы күресті жан­данды­ру бойын­ша басқа қыз­меттер­мен өза­ра іс-қимыл жа­сасу бөлігінде жол по­лици­ясы бөліністерінің же­дел-іздестіру қыз­метінде оң өзгерістер байқала­ды. Жол по­лици­ясы­ның же­дел құра­мы 2010 жыл­дың 12 айын­да 4932 қыл­мысты ашуға қатысқан, бұл 2007 жыл­дың осыған ұқсас ке­зеңінің көрсеткіштерінен 0,5% ар­тық. Жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерінің тіке­лей қаты­сумен 1964 қыл­мыс ашыл­ды (+9,9%).

2009 жыл­дың 1 қаңта­рын­дағы жағдай бойын­ша Бас про­кура­тура­ның де­рек­теріне сәй­кес көрсетілген мерзімде рес­публи­када ав­токөлік ұрла­удың 600 және ұрлау мақса­тын­сыз көлік құра­лын заңсыз ием­де­нудің 2123 фактісі тіркел­ген. Ұрлау мақса­тын­сыз көлік құрал­да­рын заңсыз ием­де­нуді ашу 80% ша­масын­да. Ав­то­маши­налар­ды ұрла­уды ашу 40,7%-дан ас­пай­ды. Бөтеннің мүлкін ұрлау құры­лымын­да ав­токөлікті ұрла­удың және ай­дап әке­тудің үлес сал­мағы 5,2% (2009 жыл­дың 1 қаңта­рын­дағы жағдай бойын­ша) құрай­ды.

2008 жыл­дың 12 айын­да өткен жыл­дың осыған ұқсас ке­зеңімен са­лыс­тырған­да ав­то­маши­налар­ды ұрлау 455-ден 600-ге дейін не­месе 31,9%, ұрлау мақса­тын­сыз көлік құра­лын заңсыз ием­де­ну 2389-дан 2123-ке дейін не­месе -11,1% өскен.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ішкі істер ми­нистрлігі бөтеннің мүлкін ұрлауға, оның ішінде ав­токөлік құрал­да­рын ұрлау және ай­дап әке­туге қар­сы күрес жөніндегі ша­ралар­дың тиімділігін арт­ты­ру және жетілдіру мақса­тын­да Ішкі істер ми­нистрінің 2006 жылғы 23 на­урыз­дағы №135 бұй­рығымен бекітілген «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қар­сы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Рес­публи­касы ІІМ-нің 2006–2008 жыл­дарға ар­налған бағдар­ла­масы» әзірленді. Оның негізі мақсат­та­ры:

1. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету ша­ралар­мен бірге жа­рия, жа­сырын әдістер арқылы ав­токөлік құрал­да­рын ұрла­удың және ай­дап әке­туді еск­рту, ашу бойын­ша же­дел қыз­метті тиісті ұйым­дасты­ру, құқық бұзу­шылықтар мен қыл­мыстар­ды жа­сауға бейім адам­дардың қоғамға қар­сы әркет­терін түзе­ту.

2. Жол по­лици­ясы бөліністерінің күштері мен құрал­да­рын ав­токөліктерді бөлшек­теп са­ту жер­лерінде тиімді пай­да­лану, бе­делі күмәнді ав­тоқыз­мет көрсе­ту объектілерінің қыз­метіне же­дел бақылау жа­сау.

3. Қазақстан Рес­публи­касы және ТМД бойын­ша іздестіру­де жүрген ав­токөліктерді, нөмірлік белгілерді, қыл­мыскер­лерді анықтау үшін жол по­лици­ясы ав­то­мобиль­дерін компьютерлік тех­ни­камен ке­зең-ке­зеңмен жа­рақта­уды ұйым­дасты­ру бо­лып та­была­ды.

Со­нымен қатар 2008 жы­лы ұрланған және ай­дап әкетілген ав­токөліктерді анықтау жөніндегі жұмыс­тың тиімділігін арт­ты­ру мақса­тын­да жол по­лици­ясы ор­ганда­рының бөліністерінде Минск қала­сының «Ре­гула» ЖШС әзірле­ген «Зор­кий» маг­ниттік оп­ти­калық құрал пай­да­ланы­лады, ол көлік құрал­да­ры аг­ре­гет­та­рының нөмірлерін сәй­кес­тендіруді жүргізіп, олар­ды қол­дан жа­са­уды анықтауға, сон­дай-ақ құжат­тардың алғашқы мазмұны­на өзгерістер енгізілген орын­да­рын анықтауға мүмкіндік бе­реді. Құрал­дың бағдар­ла­малық қам­та­масыз етуіне әр түрлі ел­дердің тех­ни­калық пас­порт­та­рының, анықта­ма-есеп­терінің, жүргізуші куәліктерінің үлгілері бар де­рек­тер ба­засы қоса беріледі.

Ба­задағы әрбір құжатқа құжат­тарды қорғаудың әр түрлі дәре­желері то­лық си­пат­талған. Осы құрал­ды пай­да­лану ке­зеңінде ша­нақ пен қозғалтқыш­тың нөмірлік белгілерін өзгер­тудің 94 және Ев­ро­одақ пен Аме­рика ел­дерінен кел­ген ав­то­маши­налар­ды тіркеу құжат­та­рын қол­дан жа­са­удың 8 фактісі анықтал­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: