Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру тәртібіЕмтихан қабылдау және жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi Көлiк құралдарының барлық санаттарын басқару құқығына теориялық және практикалық емтиханды ТЕБ-тің емтихан комиссиясы қабылдайды. Теориялық емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссияның құрамында кемiнде үш адам болуы тиіс. Комиссияның құрамын ТЕБ бастығы тағайындайды, оған: ТЕБ қызметкерi (комиссия төрағасы); жүргiзушiлердi даярлаумен айналысатын оқу орындарының, көлiктік, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi (комиссия мүшелерi) кiруі тиіс.Емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты даярлауды жүзеге асыратын оқытушыны және өндiрiстiк оқыту шеберін енгiзуге рұқсат етілмейді. Емтихан комиссиясының мүшелерi ЖҚЕ-ні, емтихан қабылдаудың әдiстемесiн бiлуi тиіс және олардың: - автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi; - олар емтихан алатын санат бойынша жүргiзушi куәлiгi; - кемінде үш жыл жүргiзушi өтілі болуы керек. Оқу ұйымдарында оқитын адамдардан емтихан қабылдау емтихан комиссиясының орналасқан жерi бойынша алдыңғы айдың 25-iнен кешiктірмей ТЕБ-ке берiлген өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер жол полициясының бөлімшесіне:1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіге толтырылған өтінішті; 2) жеке куәлігін; 3) курстарды бітіргені туралы куәлікті және оның көшірмесін (жеке тәртіпте даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда); 4) медициналық анықтаманы; 5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші карточкасын; 6) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен белгіленген мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты; 7) жеке куәлігінде тұрғылықты жерінің мекен-жайы болмаған жағдайда тіркеу әрекеттерін жасауға өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжатты (Азаматтарды тіркеу кітабын не мекен-жай бюросының анықтамасын) ұсынады. Жүргiзушi куәлiгiн алу құқығына емтихан тапсырмас бұрын жүргiзушi карточкасы толтырылады, ол жеке куәлікпен бiрге емтихан комиссиясына ұсынылады. Емтихан мынадай ретпен: бірінші теориялық, содан кейін практикалық емтихан өткізіледі. Теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. Оқу ұйымдарында көлiк құралдарын басқару құқығына даярлықтан өткен және емтихан тапсыра алмаған адамдар үшiн емтихан екiншi рет кемінде 7 тәулiктен кейін, ал 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн кемінде 10 тәулiктен кейiн өткiзiледi. Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (3 айдан астам) кететiн және емтихан тапсыра алмаған адамдар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оларға емтихан екіншi рет кемінде 3 тәулiктен кейiн тағайындалуы мүмкiн. Қалған басқа жағдайларда (жүргізуші куәлігін жоғалту, көлік құралын басқару құқығынан айырғаннан кейін) емтихан тапсыру мерзiмi реттелмейдi, бiрақ ол бiр тәулiктен кем болмауы керек. Теориялық емтиханда алынған оң баға үш ай ішінде жарамды болып саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейiн көлік құралын басқару құқығын алуға үміткер қайтадан теориялық емтихан тапсырады. ЖҚЕ бойынша емтихан нәтижелері емтихан карточкаларының негізінде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған адамдарға хаттама негiзiнде жүргiзушi куәлiктері жазылады, оның сериялары мен нөмірлері өсу тәртібімен осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес жүргізуші куәліктерін беру тізіліміне, сондай-ақ жүргiзушi карточкасына енгізіледі. Жүргізуші куәлігін беру негізділігі мен оны толтыру дұрыстығы емтихан комиссиясының төрағасы тексергеннен кейін жүргізуші карточкасында қолмен және мөрмен расталады. Жүргiзушi куәлiгi он жылға берiледi (бұл туралы «… дейiн жарамды» немесе «Ерекше белгiлер үшiн» бағандарында тиiстi жазба жазылады), сол мерзiм аяқталған соң ол осы Ережеде белгіленген тәртiпте айырбастауға жатады. Жүргізуші немесе медициналық қайта куәландыру мерзiмдерінде шектеуi бар адам шетелге шыққан кезде жүргізуші куәлiгiне өзге мерзiм көрсетіледі. Трамвайды, троллейбусты басқару құқығына рұқсат алу кезінде жүргізуші куәлiгінің «Ерекше белгiлер үшiн» бағанында көлік құралының тиісті санаты көрсетіле отырып, жазба жазылады. Осы бағанға басқа да шектеулер мен ұйғарымдар қойылуы мүмкiн. Басқа санаттағы көлiк құралын басқару құқығына рұқсат алу кезінде жүргізуші куәлігі жаңа куәлiкке ауыстырылып, оған бұрынғысындағы қажетті белгiлер көшiрiліп жазылады. Жүргізуші куәліктері олардың иелеріне жеке куәлігін ұсынғаннан кейін жүргізуші куәліктерін беру тізіліміне қол қойып немесе сенімхат бойынша басқа адамдарға беріледі. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және сот көлiк құралын басқару құқығынан айырмаған адамдардан алынған жүргiзушi куәлiктерiн еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшілігiнің қолдаухаты бойынша жазасын өтеп жатқан жердегi ЖП бөлiмшесi күшiне енген үкiмнің негiзiнде қайтарады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|