Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Көлік құралын басқару құқығын алу тәртібіКөлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi Емтиханға: 1) "А", "В", "С", "Д", "E" санатындағы көлiк құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсынан, ал оқу басталғанға дейiн Қазақстан Pеспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өткен адамдар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама ұсына отырып; 2) "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар; 3) дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда «А» және «В» санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі. Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі. Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi. "А", "В", "С", "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгi ТЕБ-де теориялық және практикалық емтихан, «Е» санатына – практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбусты басқару құқығына - теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі. Теориялық емтихан кезінде ЖҚЕ-ні білуі, алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тексерiледi. Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан теориялық емтиханды табысты тапсырғаннан кейін екі кезеңде: біріншісі - автодромда, екіншісі - елді мекеннің көше-жол торабында өткізіледі. Көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты); - он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi; рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргiзуге; - жиырма бір жасқа толғандарға - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орындығынан басқа отыратын орны сегiзден артық автомобильдердi ("Д" санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - көлік құралының санатына сәйкес келетін кемінде он екі ай басқару өтілі бар болған жағдайда, "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлiк құралдарын басқару құқығы бар адамдарға тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" санаты ). "D" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы белгіленген бағдарламалар бойынша даярлықтан өткен және теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі. «А» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы «В», «В,С», «С», «В,С,Д», «Д» санаттарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін. «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы «С», «В,С,Д», «Д» санаттарындағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге тіркеу-емтихан бөлімшелерінде практикалық емтихан тапсырғаннан кейін берілуі мүмкін. Бір жылдан астам мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарға жүргізуші куәлігін қайтару теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін жүргізіледі, бұл ретте практикалық емтихан жүргізуші басқару құқығынан айырылған көлік санатынан жоғары көлік құралында қабылданады. Жүргізуші куәлігін берудің алдында көлік иесі іздестіруде болу тұрғысынан «Іздестіру» есептері бойынша тексеріледі. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|