Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Джумабеков Қайрат Қуанышұлы
Қарағанды облысының ІІД облыстық жеке батальонының инспекторлары полиция аға сержанты Қайрат Джумабеков пен полиция старшинасы Дмитрий Пугач кездейсоқ жерде өз өмірлерін қиып, 130 баланы қорғап қалды. Бұл қайғылы оқиға 2008 жылдың 20 маусымында Алматы-Екатеринбург тас жолында Аршалы кентінен 10 шақырым жерде орын алды. Қайрат Джумабековтің басқаруындағы жол полициясының арнайы машинасы Астанадан Қарағандыға қайтып келе жатқан 130 баласы бар автобустар колоннасын ере алып келе жатқан. Бұл мезетте қарсы бағытта тас-құм тола тиелген ауыр жүкті 25 тонналық «ФАФ» қозғалып келе жатты. Ауыр көлік жүргізушісі жағдайдың қауіпсіздігіне көзін жеткізбей және арақашықтықты бұзып алдында келе жатқан автомашинаны басып озуды шешті. Патрульдік автомашинаның жарқырауық белгісін және келе жатқан автобустардың колоннасын көріп өз жолына қайтуға әрекеттенді, бірақ ол әрекеті іске аспай, бір бағытта келе жатқан «Тойота» автомашинасымен қақтығысты. Қақтығысу салдарынан ауыр жүкті ФАФ жолдың шетіне шығып кетті, ал «Тойота» автомашинасын қарама-қарсы жолға тура патруль машинасына қарай лақтырып жіберді. Қайрат пен Дмитридің әріптестерінің айтуы бойынша, бұндай тәжірибелі экипаждың соқтығыстан еш қиынсыз кетіп қалу мүмкін еді. Бірақ олардың артында 130 бала болды. Жол полициясы қызметкерлері шамалы секунд ішінде шешім қабылдау керек болып, содан олар осы шешімді қабылдады. Рулде отырған Қайрат Джумабеков қарсы бағытта кележатқан машина соққысын өзіне қабылдады. Аға сержант Қайрат Джумабеков алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қайраттың екі баласы бар, ол 30 жаста ғана еді. Старшина Дмитрий Пугач ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы орын алған жерде «Тойота» автомашинасының жолаушысы да қаза болды. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. ФАФ ауыр жүк жүргізушісіне қатысты — кісі өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ҚК 296 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|