Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Васильченко Сергей Анатольевич
Солтүстікқазақстандық милиция тарихи мұражайында аға сержант Сергей Васильченконың жеке заттары және құжаттары сақталуда. Ол үлкен жұлдыздар және наградалар алуға, ерлік жасауға үлгерген жоқ. Ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Кезекшілік 26 қыркүйекке түседі. Преснов АІІБ МАИ инспекторы Васильченко кешке дейін Сенжарка-Троебратное трассасымен өзінің манинасымен патрульдейді, содан соң аудан орталығына оралып, Социализм көшесіне тоқтайды. Сергейді соңғы тірі көргендер, әріптестерінен, АІІБ бастығы В. Малыгин болды. Оның айтуынша, машинаның артқы орнында Сергеймен қатар белгісіз адам, алыс емес тұрған Урал мотоциклінің жүргізушісі отырады. Ал жарты сағаттан кейін участковый жанынан өткенде, машинада және оның жанында ешкім болмайды. Онбірлер шамасында Васильенконың бос машинасының жанына оның достары-ағайынды Кехьян тоқтайды. Олар күте тұрады, бірақ ешкім келмейді. Дыбыстарын қосады-еш белгі болмайды. Содан соң олар ақырын ыңырсыған дауысты естиді. Үй қоршауының жанында милиция формасында жерде адам жатады, оның басы курткамен жабылған болады. Оттықпен жарық жаққанда, ағайындылардың бірі оның басының жанында көп аққан қанды көреді. Ол көргенінен шошынып, өзінің машинасына қарай жүгіреді. Санаулы уақыттарда ББ жетеді, оқиға орнына шыққан, кезекшілер, Сергей Васильченконың жаралы екенін анықтайды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, Сергейді тірі алып қалу мүмкін болмады, ол есін жинамастан, қайтыс болады. Сот-медициналық сараптама актісімен, С. А. Васильченконың қазасы бас және бетіне ауыр дене жарақаттарын салу нәтижесінде туындағаны анықтады. Машинадан МАИ инспекторының жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін толтырған әкімшілік хаттамаларымен планшеті жоғалып кетеді. Бұл 1995 жылы болған еді. Көршілерінің, достарының, әріптестерінің айтуы бойынша Сергей қамқор, еңбекқор, сенімді, адал болған. Әкесі – Анатолии Тихоновичтікі сияқты, милиция формасын кию бала кезіндегі арманы еді. Ол өзін болашақ мамандығына нық дайындайды. Мектепте спортпен айналысады. Германияда автомобилистер взводында, әскери қызметін атқарған соң, Преснов балалар-жасөспірімдер клубында дене дайындығынан еркін күрес бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Екі жыл бойы Срегей пресновтық балаларды жаттықтырып, олардың спортқа деген қызығушылығын тудырады. Оның көз алдында ебедейсіз балалар жігерленіп жігіт бола бастайды. Васильенконың шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға бірнеше рет қол жеткізеді. Осы уақытта милицияда қызмет атқаруға деген құлшынысы арта түседі. Сергей ерікті жасақтар мүшесі болады. Бірде жаттығудан соң клуб директорымен және әріптестерімен өзінің жоспарымен бөліседі. Олар Сергейдің шешімін құптайды. 1993 жылы қазанда Васильченко Преснов АІІБ бастығына жол-патрульдік қызметі инспекторы лауазымына қабылдау туралы өтінішін әкеледі. Оның сүйікті ісімен айналысуы ұзаққа созылмайды: ол 24 жасқа жетпей қаза табады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|