Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕС­ПУБЛИ­КАСЫ­НЫҢ КОНС­ТИ­ТУЦИ­ЯСЫ


1995 жылғы 30 та­мыз­да рес­публи­калық ре­ферен­думда қабыл­данды.
Рес­публи­калық ре­ферен­дум нәти­жесі жа­ри­яланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйек­те күшіне енді.
Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы Заңымен, Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы Заңымен, Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2011 жылғы 2 ақпан­дағы Заңымен өзгерістер мен то­лықты­рулар енгізілген.
Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің 1995 жылғы № 2454 "Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы ту­ралы" Жар­лығына сәй­кес Конс­ти­туция мәтінінің түпнұсқасы Пре­зидент­те сақта­лады.

Біз, ор­тақ та­рихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мем­ле­кеттілік құра оты­рып, өзімізді еркіндік, теңдік және та­тулық мұрат­та­рына берілген бейбітшіл аза­мат­тық қоғам деп ұғына оты­рып, дүни­ежүзілік қоғам­дастықта лайықты орын алу­ды тілей оты­рып, қазіргі және бо­лашақ ұрпақтар ал­дындағы жоғары жа­уап­кершілігімізді сезіне оты­рып, өзіміздің еге­мендік құқығымыз­ды негізге ала оты­рып, осы Конс­ти­туци­яны қабыл­дай­мыз.



І бөлім
ЖАЛ­ПЫ ЕРЕ­ЖЕЛЕР

1. Қазақстан Рес­публи­касы өзін де­мок­ра­ти­ялық, зайыр­лы, құқықтық және әле­уметтік мем­ле­кет ретінде ор­нықты­рады, оның ең қым­бат қазы­насы — адам және адам­ның өмірі, құқықта­ры мен бос­тандықта­ры.

2. Рес­публи­ка қыз­метінің түбе­гейлі прин­циптері: қоғам­дық та­тулық пен са­яси тұрақты­лық, бүкіл ха­лықтың игілігін көздейтін эко­номи­калық да­му, қазақстан­дық пат­ри­отизм, мем­ле­кет өмірінің аса маңыз­ды мәсе­лелерін де­мок­ра­ти­ялық әдістер­мен, оның ішінде рес­публи­калық ре­ферен­думда не­месе Пар­ла­мент­те да­уыс бе­ру арқылы ше­шу.

1. Қазақстан Рес­публи­касы — пре­зиденттік басқару ны­санын­дағы біртұтас мем­ле­кет.

2. Рес­публи­каның еге­мендігі оның бүкіл аумағын қам­ти­ды. Мем­ле­кет өз аумағының тұтас­тығын, қол сұғыл­ма­уын және бөлінбеуін қам­та­масыз етеді.

3. Рес­публи­каның әкімшілік-аумақтық құры­лысы, оның елор­да­сының мәрте­бесі заңмен белгіле­неді. Қазақстан­ның елор­да­сы Ас­та­на қала­сы бо­лып та­была­ды.

4. Қазақстан Рес­публи­касы және Қазақстан ата­ула­рының мәні ба­рабар1.

1. Мем­ле­кеттік биліктің бірден-бір бас­та­уы — ха­лық.

2. Ха­лық билікті тіке­лей рес­публи­калық ре­ферен­дум және еркін сай­лау арқылы жүзе­ге асы­рады, сон­дай-ақ өз билігін жүзе­ге асы­руды мем­ле­кеттік ор­гандарға бе­реді.

3. Қазақстан Рес­публи­касын­да билікті ешкім де ием­деніп ке­те ал­май­ды. Билікті ием­деніп ке­тушілік заң бойын­ша қуда­лана­ды. Ха­лық пен мем­ле­кет аты­нан билік жүргізу­ге Рес­публи­ка Пре­зидентінің, сон­дай-ақ өзінің конс­ти­туци­ялық өкілеттігі шегінде Пар­ла­менттің құқығы бар. Рес­публи­ка Үкіметі мен өзге де мем­ле­кеттік ор­гандар мем­ле­кет< аты­нан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.

4. Рес­публи­када мем­ле­кеттік билік біртұтас, ол Конс­ти­туция мен заңдар негізінде заң шығару­шы, атқару­шы және сот тар­мақта­рына бөліну, олар­дың те­жемелік әрі те­пе-теңдік жүйесін пай­да­лану арқылы, өза­ра іс-қимыл жа­сау прин­ципіне сәй­кес жүзе­ге асы­рыла­ды.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­да қол­да­ныла­тын құқық Конс­ти­туци­яның, соған сәй­кес заңдар­дың, өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілердің, ха­лықара­лық шарт­та­ры мен Рес­публи­каның басқа да міндет­те­мелерінің, сон­дай-ақ Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ялық Кеңесінің және Жоғарғы Со­ты нор­ма­тивтік қаулы­лары­ның нор­ма­лары бо­лып та­была­ды.

2. Конс­ти­туци­яның ең жоғары заңды күші бар және Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да ол тіке­лей қол­да­ныла­ды.

3. Рес­публи­ка бекіткен ха­лықара­лық шарт­тар­дың рес­публи­ка заңда­рынан ба­сым­дығы бо­лады және ха­лықара­лық шарт бойын­ша оны қол­да­ну үшін заң шығару та­лап етілетін жағдай­дан басқа рет­терде, тіке­лей қол­да­ныла­ды.

4. Бар­лық заңдар, Рес­публи­ка қаты­сушы­сы бо­лып та­была­тын ха­лықара­лық шарт­тар жа­ри­яла­нады. Аза­мат­тардың құқықта­рына, бос­тандықта­ры мен міндет­теріне қатыс­ты нор­ма­тивтік құқықтық актілерді рес­ми түрде жа­ри­ялау олар­ды қол­да­нудың міндетті шар­ты бо­лып та­была­ды.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­да иде­оло­ги­ялық және са­яси әра­лу­ан­ды­лық та­ныла­ды. Мем­ле­кеттік ор­гандар­да пар­ти­ялар­дың ұйым­да­рын құруға жол берілмейді.

2. Қоғам­дық бірлестіктер заң ал­дында бірдей. Қоғам­дық бірлестіктер ісіне мем­ле­кеттің және мем­ле­кет ісіне қоғам­дық бірлестіктердің заңсыз ара­ласу­ына, қоғам­дық бірлестіктер­ге мем­ле­кеттік ор­гандар­дың қыз­метін жүкте­уге жол берілмейді.

3. Мақса­ты не­месе іс-әре­кеті Рес­публи­каның конс­ти­туци­ялық құры­лысын күштеп өзгер­ту­ге, оның тұтас­тығын бұзуға, мем­ле­кет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру­ге, әле­уметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топ­тық және ру­лық араз­дықты қоз­ды­руға бағыт­талған қоғам­дық бірлестіктер құруға және олар­дың қыз­метіне, сон­дай-ақ заңдар­да көздел­ме­ген әске­рилендірілген құра­малар құруға тыйым са­лына­ды.

4. Рес­публи­када басқа мем­ле­кет­тердің са­яси пар­ти­яла­ры мен кәсіптік одақта­рының қыз­метіне, діни негіздегі пар­ти­яларға, сон­дай-ақ са­яси пар­ти­ялар мен кәсіптік одақтар­ды ше­телдік заңды тұлғалар мен аза­мат­тардың, шет мем­ле­кет­тер мен ха­лықара­лық ұйым­дардың қар­жы­лан­ды­ру­ына жол берілмейді.

5. Ше­телдік діни бірлестіктердің Рес­публи­ка аумағын­дағы қыз­меті, сон­дай-ақ ше­телдік діни ор­та­лықтар­дың Рес­публи­кадағы діни бірлестіктер бас­шы­ларын тағайын­да­уы Рес­публи­каның тиісті мем­ле­кеттік ор­ганда­рымен келісу арқылы жүзе­ге асы­рыла­ды2.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­да мем­ле­кеттік меншік пен же­ке меншік та­ныла­ды және бірдей қорғала­ды.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пай­да­лану со­нымен қатар қоғам игілігіне де қыз­мет ету­ге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықта­рын жүзе­ге асы­ру көлемі мен шек­тері, олар­ды қорғау кепілдіктері заңмен белгіле­неді.

3. Жер және оның қой­на­уы, су көздері, өсімдіктер мен жа­ну­ар­лар дүни­есі, басқа да та­биғи ре­сурс­тар мем­ле­кет меншігінде бо­лады. Жер, сон­дай-ақ заңда белгілен­ген негіздер­де, шарт­тар мен шек­терде же­ке меншікте де бо­луы мүмкін.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­дағы мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі.

2. Мем­ле­кеттік ұйым­дарда және жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рын­да орыс тілі рес­ми түрде қазақ тілімен тең қол­да­ныла­ды.

3. Мем­ле­кет Қазақстан халқының тілдерін үй­ре­ну мен да­мыту үшін жағдай туғызуға қамқор­лық жа­сай­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы ха­лықара­лық құқықтың прин­циптері мен нор­ма­ларын құрмет­тейді, мем­ле­кет­тер ара­сын­да ын­ты­мақтас­тық пен та­ту көршілік қарым-қаты­нас жа­сау, олар­дың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне ара­лас­пау, ха­лықара­лық да­улар­ды бейбіт жол­мен ше­шу са­яса­тын жүргізеді, қару­лы күшті бірінші бо­лып қол­да­нудан бас тар­та­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік рәміздері — Туы, Ел­таңба­сы және Гимні бар. Олар­дың си­пат­та­масы және рес­ми пай­да­ланы­лу тәртібі конс­ти­туци­ялық заңмен белгіле­неді3.



ІІ бөлім
АДАМ ЖӘНЕ АЗА­МАТ


1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­тығы заңға сәй­кес алы­нады және тоқта­тыла­ды, ол қан­дай негізде алынғаны­на қара­мас­тан, бірыңғай және тең бо­лып та­была­ды.

2. Рес­публи­каның аза­матын ешқан­дай жағдай­да аза­мат­тығынан, өзінің аза­мат­тығын өзгер­ту құқығынан айыруға, сон­дай-ақ оны Қазақстан­нан тыс жер­лерге алас­тауға бол­май­ды.

3. Рес­публи­ка аза­маты­ның басқа мем­ле­кеттің аза­мат­тығын­да бо­луы та­ныл­май­ды.

1. Рес­публи­каның ха­лықара­лық шарт­та­рын­да өзге­ше белгілен­бе­се, Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­матын шет мем­ле­кет­ке бе­руге бол­май­ды.

2. Рес­публи­ка өзінің одан тыс жер­лерде жүрген аза­мат­та­рын қорғауға және оларға қамқор­лық жа­сауға кепілдік бе­реді.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­да Конс­ти­туцияға сәй­кес адам құқықта­ры мен бос­тандықта­ры та­ныла­ды және оларға кепілдік беріледі.

2. Адам құқықта­ры мен бос­тандықта­ры әркімге ту­мысы­нан жа­зылған, олар аб­со­лютті деп та­ныла­ды, олар­дан ешкім айыра ал­май­ды, заңдар мен өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілердің мазмұны мен қол­да­нылуы осыған қарай анықта­лады.

3. Рес­публи­каның аза­маты өзінің аза­мат­тығына орай құқықтарға ие бо­лып, міндет­тер атқара­ды.

4. Конс­ти­туци­яда, заңдар­да және ха­лықара­лық шарт­тар­да өзге­ше көздел­ме­се, ше­телдіктер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар Рес­публи­када аза­мат­тар үшін белгілен­ген құқықтар мен бос­тандықтар­ды пай­да­лана­ды, сон­дай-ақ міндет­тер атқара­ды.

5. Адам­ның және аза­мат­тың өз құқықта­ры мен бос­тандықта­рын жүзе­ге асы­руы басқа адам­дардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рын бұзбауға, конс­ти­туци­ялық құры­лыс пен қоғам­дық иман­ды­лыққа нұқсан келтірме­уге тиіс.

1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде та­нылу­ына құқығы бар және өзінің құқықта­ры мен бос­тандықта­рын, қажетті қорғаныс­ты қоса алған­да, заңға қай­шы кел­мейтін бар­лық тәсілдер­мен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің өз құқықта­ры мен бос­тандықта­рының сот арқылы қорғалу­ына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көздел­ген рет­терде заң көмегі тегін көрсетіледі.

1. Заң мен сот ал­дында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әле­уметтік, ла­уазым­дық және мүліктік жағдайына, жы­нысы­на, нәсіліне, ұлты­на, тіліне, дінге көзқара­сына, на­нымы­на, тұрғылықты жеріне бай­ла­ныс­ты не­месе кез кел­ген өзге жағда­ят­тар бойын­ша ешкімді ешқан­дай кемсіту­ге бол­май­ды.

1. Әркімнің өмір сүру­ге құқығы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жа­засы адам­дардың қаза бо­лу­ымен бай­ла­ныс­ты тер­ро­ристік қыл­мыстар жа­сағаны үшін, сон­дай-ақ соғыс уақытын­да ерек­ше ауыр қыл­мыстар жа­сағаны үшін ең ауыр жа­за ретінде заңмен белгіле­неді, он­дай жа­заға кесілген адам­ның кешірім жа­сау ту­ралы өтініш ету хақы бар4.

1. Әркім өзінің же­ке ба­сының бос­тандығына құқығы бар.

2. Заңда көздел­ген рет­терде ғана және тек қана сот­тың санк­ци­ясы­мен тұтқын­дауға және қама­уда ұстауға бо­лады, тұтқын­далған адамға шағым­да­ну құқығы беріледі. Сот­тың санк­ци­ясын­сыз адам­ды жетпіс екі сағат­тан ас­пай­тын мерзімге ұстауға бо­лады.

3. Ұсталған, тұтқын­далған, қыл­мыс жа­сады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқын­далған не­месе айып тағылған кез­ден бас­тап ад­во­кат­тың (қорғаушы­ның) көмегін пай­да­лануға құқылы5.

1. Адам­ның қадір-қаси­етіне қол сұғыл­май­ды.

2. Ешкімді азап­тауға, оған зор­лық-зом­бы­лық жа­сауға, басқадай қаты­гездік не­месе адам­дық қадір-қаси­етін қор­лай­тын­дай жәбір көрсе­туге не жа­залауға бол­май­ды.

1. Әркімнің же­ке өміріне қол сұғыл­ма­уына, өзінің және от­ба­сының құпи­ясы бо­лу­ына, ар-на­мысы мен абы­рой­лы аты­ның қорғалу­ына құқығы бар.

2. Әркім өзінің же­ке са­лым­да­ры мен жи­наған қара­жаты­ның, жа­зысқан хат­та­рының, те­лефон арқылы сөй­лес­кен сөздерінің, поч­та, те­лег­раф арқылы және басқа жол­дармен алысқан ха­бар­ла­рының құпи­ялы­лығы сақта­лу­ына құқығы бар. Бұл құқықты шек­те­уге заңда тіке­лей белгілен­ген рет­тер мен тәртіп бойын­ша ғана жол беріледі.

3. Мем­ле­кеттік ор­гандар, қоғам­дық бірлестіктер, ла­уазым­ды адам­дар және бұқара­лық ақпа­рат құрал­да­ры әрбір аза­матқа өзінің құқықта­ры мен мүдде­леріне қатыс­ты құжат­тармен, шешімдер­мен және ақпа­рат көздерімен та­нысу мүмкіндігін қам­та­масыз ету­ге міндетті.

1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай пар­тияға және қай дінге жа­таты­нын өзі анықтауға және оны көрсе­ту-көрсет­пе­уге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәде­ни­етін пай­да­лануға, қарым-қаты­нас, тәрбие, оқу және шығар­ма­шылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

1. Сөз бен шығар­ма­шылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цен­зу­раға тыйым са­лына­ды.

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым са­лын­баған кез кел­ген тәсілмен еркін ақпа­рат алуға және та­ратуға құқығы бар. Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік құпи­ясы бо­лып та­была­тын мәлімет­тер тізбесі заңмен белгіле­неді.

3. Рес­публи­каның конс­ти­туци­ялық құры­лысын күштеп өзгер­туді, оның тұтас­тығын бұзу­ды, мем­ле­кет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғыс­ты, әле­уметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топ­тық және ру­лық ас­тамшы­лықты, сон­дай-ақ қаты­гездік пен зор­лық-зом­бы­лыққа бас ұру­ды на­сихат­тауға не­месе үгітте­уге жол берілмейді.

1. Қазақстан Рес­публи­касы аумағын­да заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілген­нен басқа рет­терде, оның аумағын­да еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты ме­кенді өз қала­уын­ша таңдап алуға құқығы бар.

2. Әркімнің Рес­публи­кадан тыс жер­лерге ке­туіне құқығы бар. Рес­публи­ка аза­мат­та­рының Рес­публи­каға ке­дергісіз қай­тып ора­лу­ына құқығы бар.

1. Әркімнің ар-ож­дан бос­тандығына құқығы бар.

2. Ар-ож­дан бос­тандығы құқығын жүзе­ге асы­ру жал­пы адам­дық және аза­мат­тық құқықтар мен мем­ле­кет ал­дындағы міндет­терге бай­ла­ныс­ты бол­мауға не­месе олар­ды шек­те­ме­уге тиіс.

1. Қазақстан Рес­публи­касы аза­мат­та­рының бірле­су бос­тандығына құқығы бар. Қоғам­дық бірлестіктердің қыз­меті заңмен рет­те­леді.

2. Әске­ри қыз­метшілер, ұлттық қауіпсіздік ор­ганда­рының, құқық қорғау ор­ганда­рының қыз­меткер­лері мен судьялар пар­ти­ялар­да, кәсіптік одақтар­да бол­мауға, қан­дай да бір са­яси пар­ти­яны қол­дап сөй­ле­ме­уге тиіс.

1. Әркімнің еңбек ету бос­тандығына, қыз­мет пен кәсіп түрін еркін таңда­уына құқығы бар. Еріксіз еңбек­ке сот­тың үкімі бойын­ша не төтен­ше жағдай­да не­месе соғыс жағдайын­да ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен та­залық та­лап­та­рына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нен­дей бір кемсітусіз сыйақы алу­ына, сон­дай-ақ жұмыс­сыздықтан әле­уметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жа­сау құқығын қоса алған­да, заңмен белгілен­ген тәсілдерді қол­да­на оты­рып, же­ке және ұжым­дық еңбек да­ула­рын ше­шу құқығы мойын­да­лады.

4. Әркімнің ты­нығу құқығы бар. Еңбек шар­ты бойын­ша, жұмыс істейтіндер­ге заңмен белгілен­ген жұмыс уақыты­ның ұзақтығына, де­малыс және ме­реке күндеріне, жыл сайынғы ақылы де­малысқа кепілдік беріледі.

1. Тұрғын үй­ге қол сұғыл­май­ды. Сот­тың шешімінсіз тұрғын үй­ден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үй­ге ба­сып кіру­ге, оны тек­се­руге және тінту­ге заңмен белгілен­ген рет­тер мен тәртіп бойын­ша ғана жол беріледі.

2. Қазақстан Рес­публи­касын­да аза­мат­тарды тұрғын үй­мен қам­та­масыз ету үшін жағдай­лар жа­сала­ды. Заңда көрсетілген са­нат­тағы мұқтаж аза­мат­тарға тұрғын үй заңмен белгілен­ген нор­ма­ларға сәй­кес мем­ле­кеттік тұрғын үй қор­ла­рынан олар­дың ша­ма-шарқы көте­ретін ақыға беріледі.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­та­ры заңды түрде алған қан­дай да бол­сын мүлкін же­ке меншігінде ұстай ала­ды.

2. Меншік, оның ішінде мұра­герлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Сот­тың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға бол­май­ды. Заңмен көздел­ген ерек­ше жағдай­лар­да мем­ле­кет мұқта­жы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтел­ген кез­де жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қыз­мет еркіндігіне, өз мүлкін кез кел­ген заңды кәсіпкерлік қыз­мет үшін еркін пай­да­лануға құқығы бар. Мо­нопо­листік қыз­мет заңмен рет­те­леді әрі шек­те­леді. Жо­сықсыз бәсе­кеге тыйым са­лына­ды.

1. Не­ке мен от­ба­сы, ана мен әке және ба­ла мем­ле­кеттің қорғауын­да бо­лады.

2. Ба­лала­рына қамқор­лық жа­сау және олар­ды тәрби­елеу — ата-ана­ның ете­не құқығы әрі міндеті.

3. Кәме­лет­ке толған еңбек­ке қабілетті ба­лалар еңбек­ке жа­рам­сыз ата-ана­сына қамқор­лық жа­сауға міндетті.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­маты жа­сына кел­ген, науқас­танған, мүге­дек болған, асы­ра­ушы­сынан айырылған жағдай­да және өзге де заңды негіздер­де оған ең төменгі жа­лақы мен зей­не­тақының мөлшерінде әле­уметтік қам­сыздан­ды­рылу­ына кепілдік беріледі.

2. Ерікті әле­уметтік сақтан­ды­ру, әле­уметтік қам­сыздан­ды­рудың қосым­ша ны­сан­да­рын жа­сау және қайы-рым­ды­лық көтер­ме­леніп оты­рады.

1. Қазақстан Рес­публи­касы аза­мат­та­рының ден­са­улығын сақтауға құқығы бар.

2. Рес­публи­ка аза­мат­та­ры заңмен белгілен­ген кепілді ме­дици­налық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

3. Мем­ле­кеттік және же­ке меншік ем­деу ме­кеме­лерінде, сон­дай-ақ, же­ке ме­дици­налық прак­ти­камен ай­на­лысу­шы адам­дардан ақылы ме­дици­налық жәрдем алу заңда белгілен­ген негіздер мен тәртіп бойын­ша жүргізіледі.

1. Аза­мат­тардың мем­ле­кеттік оқу орын­да­рын­да тегін ор­та білім алу­ына кепілдік беріледі. Ор­та білім алу міндетті.

2. Аза­мат­тың мем­ле­кеттік жоғары оқу ор­нында кон­курс­тық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Же­кеменшік оқу орын­да­рын­да ақылы білім алу заңмен белгілен­ген негіздер мен тәртіп бойын­ша жүзе­ге асы­рыла­ды.

4. Мем­ле­кет білім бе­рудің жал­пыға міндетті стан­дарт­та­рын белгілейді. Кез кел­ген оқу ор­ны­ның қыз­меті осы стан­дарт­тарға сай ке­луі ке­рек.

1. Мем­ле­кет адам­ның өмір сүруі мен ден­са­улығына қолай­лы ай­на­ладағы ор­та­ны қорғауды мақсат етіп қояды.

2. Адам­дардың өмірі мен ден­са­улығына қатер төндіретін де­рек­тер мен жағда­ят­тарды ла­уазым­ды адам­дардың жа­сыруы заңға сәй­кес жа­уап­кершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­та­ры бейбіт әрі қару­сыз жи­налуға, жи­налыс­тар, ми­тингілер мен де­монс­тра­ци­ялар, ше­рулер өткізу­ге және тосқауыл­дарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пай­да­лану мем­ле­кеттік қауіпсіздік, қоғам­дық тәртіп, ден­са­улық сақтау, басқа адам­дардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рын қорғау мүдде­лері үшін заңмен шек­те­луі мүмкін.

1. Қазақстан Рес­публи­касы аза­мат­та­рының тіке­лей және өз өкілдері арқылы мем­ле­кет ісін басқаруға қаты­суға, мем­ле­кеттік ор­гандар мен жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рына тіке­лей өзі жүгіну­ге, сон­дай-ақ же­ке және ұжым­дық өтініштер жол­дауға құқығы бар.

2. Рес­публи­ка аза­мат­та­рының мем­ле­кеттік ор­гандар мен жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рын сай­лауға және оларға сай­ла­нуға, сон­дай-ақ рес­публи­калық ре­ферен­думға қаты­суға құқығы бар.

3. Сот іс-әре­кет­ке қабілетсіз деп та­ныған, сон­дай-ақ сот үкімі бойын­ша бас бос­тандығынан айыру орын­да­рын­да отырған аза­мат­тардың сай­лауға және сай­ла­нуға, рес­публи­калық ре­ферен­думға қаты­суға құқығы жоқ.

4. Рес­публи­ка аза­мат­та­рының мем­ле­кеттік қыз­метке кіру­ге тең құқығы бар. Мем­ле­кеттік қыз­метші ла­уазы­мына кан­ди­датқа қойыла­тын та­лап­тар ла­уазым­дық міндет­тердің си­паты­на ғана бай­ла­ныс­ты бо­лады және заңмен белгіле­неді6.

1. Әркім Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясын және заңда­рын сақтауға, басқа адам­дардың құқықта­рын, бос­тандықта­рын, абы­ройы мен қадір-қаси­етін құрмет­те­уге міндетті.

2. Әркім Рес­публи­каның мем­ле­кеттік рәміздерін құрмет­те­уге міндетті7.

Заңды түрде белгілен­ген са­лықтар­ды, алым­дарды және өзге де міндетті төлем­дерді төлеу әркімнің бо­рышы әрі міндеті бо­лып та­была­ды.

1. Қазақстан Рес­публи­касын қорғау — оның әрбір аза­маты­ның қаси­етті па­рызы және міндеті.

2. Рес­публи­ка аза­мат­та­ры заңда белгілен­ген тәртіп пен түрлер бойын­ша әске­ри қыз­мет атқара­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­та­ры та­рихи және мәде­ни мұра­лар­дың сақта­лу­ына қамқор­лық жа­сауға, та­рих пен мәде­ни­ет ес­керткіштерін қорғауға міндетті.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­та­ры та­биғат­ты сақтауға және та­биғат бай­лықта­рына ұқып­ты қарауға міндетті.

1. Адам­ның және аза­мат­тың құқықта­ры мен бос­тандықта­ры конс­ти­туци­ялық құры­лыс­ты қорғау, қоғам­дық тәртіпті, адам­ның құқықта­ры мен бос­тандықта­рын, ха­лықтың ден­са­улығы мен иман­ды­лығын сақтау мақса­тына қажетті ша­мада ғана және тек заңмен шек­те­луі мүмкін.

2. Ұлта­ралық та­тулықты бұза­тын кез кел­ген әре­кет конс­ти­туци­ялық емес деп та­ныла­ды.

3. Са­яси се­беп­тер бойын­ша аза­мат­тардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рын қан­дай да бір түрде шек­те­уге жол берілмейді. Конс­ти­туци­яның 10; 11; 13–15-бап­та­рын­да; көздел­ген құқықтар мен бос­тандықтар ешбір жағдай­да да шек­телме­уге тиіс.



ІІІ бөлім
ПРЕ­ЗИДЕНТ


1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті — мем­ле­кеттің бас­шы­сы, мем­ле­кеттің ішкі және сыртқы са­яса­тының негізгі бағыт­та­рын айқын­дай­тын, ел ішінде және ха­лықара­лық қаты­нас­тарда Қазақстан­ның аты­нан өкілдік ететін ең жоғары ла­уазым­ды тұлға.

2. Рес­публи­каның Пре­зиденті — ха­лық пен мем­ле­кеттік билік бірлігінің, Конс­ти­туци­яның мызғымас­тығының, адам және аза­мат құқықта­ры мен бос­тандықта­рының ны­шаны әрі кепілі.

3. Рес­публи­ка Пре­зиденті мем­ле­кеттік биліктің бар­лық тар­мағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет ор­ганда­рының ха­лық ал­дындағы жа­уап­кершілігін қам­та­масыз етеді.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зидентін конс­ти­туци­ялық заңға сәй­кес жал­пыға бірдей, тең және төте сай­лау құқығы негізінде Рес­публи­каның кәме­лет­ке толған аза­мат­та­ры жа­сырын да­уыс бе­ру арқылы бес жыл мерзімге сай­лай­ды.

2. Рес­публи­ка Пре­зиденті бо­лып ту­мысы­нан Рес­публи­ка аза­маты бо­лып та­была­тын қырық жасқа толған, мем­ле­кеттік тілді еркін меңгер­ген әрі Қазақстан­да соңғы он бес жыл бойы тұра­тын Рес­публи­ка аза­маты сай­ла­на ала­ды.

3. Рес­публи­ка Пре­зидентінің ке­зекті сай­ла­уы жел­тоқсан­ның бірінші жек­сенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Рес­публи­ка Пар­ла­ментінің жаңа құра­мын сай­ла­умен тұспа-тұс кел­ме­уге тиіс.

Пре­зиденттің ке­зек­тен тыс сай­ла­уы Рес­публи­ка Пре­зидентінің шешімімен тағайын­да­ла­ды және конс­ти­туци­ялық заңда белгілен­ген тәртіп пен мерзімде өткізіледі8.

4. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.

5. Да­уыс бе­руге қатысқан сай­ла­ушы­лар­дың елу про­центінен ас­та­мының да­уысын алған кан­ди­дат сай­лан­ды деп есеп­те­леді. Егер кан­ди­дат­тардың бірде-бірі көрсетілген да­уыс са­нын ала ал­ма­са, қай­та­дан да­уысқа са­лына­ды, оған көп да­уыс алған екі кан­ди­дат қаты­сады. Да­уыс бе­руге қатысқан сай­ла­ушы­лар­дың ең көп да­уысын алған кан­ди­дат сай­лан­ды деп есеп­те­леді9.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті: «Қазақстан халқына адал қыз­мет ету­ге, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы мен заңда­рын қатаң сақтауға, аза­мат­тардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рына кепілдік бе­руге, Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің өзіме жүктел­ген мәрте­белі міндетін адал атқаруға сал­та­нат­ты түрде ант етемін», — деп ха­лыққа ант бер­ген сәттен бас­тап қыз­метіне кіріседі.

2. Ант бе­ру қаңтар­дың екінші сәрсенбісінде сал­та­нат­ты жағдай­да Пар­ла­мент де­путат­та­рының, Конс­ти­туци­ялық Кеңес мүше­лерінің, Жоғарғы Сот судьяла­рының, сон­дай-ақ Рес­публи­каның бұрынғы Пре­зидент­терінің бәрінің қаты­су­ымен өткізіледі. Конс­ти­туци­яның көздел­ген жағдай­да Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің өкілеттігін өзіне қабыл­даған адам Рес­публи­ка Пре­зидентінің өкілеттігін қабыл­даған күнінен бас­тап бір ай ішінде ант бе­реді.

3. Рес­публи­ка Пре­зидентінің өкілеттігі жаңадан сай­ланған Рес­публи­ка Пре­зиденті қыз­метіне кіріскен кез­ден бас­тап, сон­дай-ақ Пре­зидент қыз­метінен мерзімінен бұрын бо­сатылған не­месе кетірілген не ол қай­тыс болған жағдай­да тоқта­тыла­ды. Рес­публи­каның бұрынғы Пре­зидент­терінің бәрінің, қыз­метінен кетірілген­дерден басқасы­ның, Қазақстан Рес­публи­касы­ның экс-Пре­зиденті де­ген атағы бо­лады.

4. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.

5. Бір адам қата­рынан екі рет­тен ар­тық Рес­публи­ка Пре­зиденті бо­лып сай­ла­на ал­май­ды.
Бұл шек­теу Қазақстан Рес­публи­касы­ның Тұңғыш Пре­зидентіне қол­да­ныл­май­ды10.

1. Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің өкілді ор­ганның де­пута­ты бо­луға, өзге де ақы төле­нетін қыз­меттерді атқаруға және кәсіпкерлік қыз­метпен ай­на­лысуға құқығы жоқ.

2. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті:
1) Қазақстан халқына ел­дегі жағдай мен Рес­публи­каның ішкі және сыртқы са­яса­тының негізгі бағыт­та­ры ту­ралы жыл сайын жол­дау ар­най­ды;
2) Рес­публи­ка Пар­ла­ментіне және оның Па­лата­сына ке­зекті және ке­зек­тен тыс сай­лау тағайын­дай­ды; Пар­ла­менттің бірінші сес­си­ясын шақыра­ды және оның де­путат­та­рының Қазақстан халқына бе­ретін ан­тын қабыл­дай­ды; Пар­ла­менттің ке­зек­тен тыс сес­си­ясын шақыра­ды; Пар­ла­мент Се­наты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды ха­лыққа жа­рия етеді не заңды не­месе оның же­келе­ген бап­та­рын қай­та­дан талқылап, да­уысқа са­лу үшін қай­та­рады;
3) Пар­ла­мент Мәжілісінде өкілдігі бар са­яси пар­ти­ялар фрак­ци­яла­рымен кон­суль­та­ци­ялар­дан кейін келісім бе­ру үшін Мәжілістің қара­уына Рес­публи­ка Премьер-Ми­нистрінің кан­ди­дату­расын енгізеді; Пар­ла­мент Мәжілісінің келісімімен Рес­публи­каның Премьер-Ми­нистрін қыз­метке тағайын­дай­ды; оны қыз­меттен бо­сата­ды; Премьер-Ми­нистрдің ұсы­ну­ымен Рес­публи­ка Үкіметінің құры­лымын айқын­дай­ды; Рес­публи­каның Үкімет құра­мына кірмейтін ор­та­лық атқару­шы ор­ганда­рын құра­ды, та­рата­ды және қай­та құра­ды, Рес­публи­ка Үкіметінің мүше­лерін қыз­метке тағайын­дай­ды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет ми­нист­рлерін қыз­метке тағайын­дай­ды; Үкімет мүше­лерін қыз­меттен бо­сата­ды; Үкімет мүше­лерінің ан­тын қабыл­дай­ды; ерек­ше маңыз­ды мәсе­лелер бойын­ша Үкімет оты­рыс­та­рына төрағалық етеді; Үкімет­ке заң жо­басын Пар­ла­мент Мәжілісіне енгізуді тап­сы­рады; Рес­публи­ка Үкіметі мен Премьер-Ми­нистрінің, об­лыстар, рес­публи­калық маңызы бар қала­лар мен ас­та­на әкімдері актілерінің күшін жо­яды не қол­да­нылу­ын то­лық не­месе ішіна­ра тоқта­та тұра­ды;
4) Пар­ла­мент Се­наты­ның келісімімен Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Про­куро­рын және Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің Төрағасын қыз­метке тағайын­дай­ды; олар­ды қыз­меттен бо­сата­ды;
5) Рес­публи­ка Пре­зидентіне тіке­лей бағына­тын және есеп бе­ретін мем­ле­кеттік ор­гандар­ды құра­ды, та­рата­ды және қай­та құра­ды, олар­дың бас­шы­ларын қыз­метке тағайын­дай­ды және қыз­меттен бо­сата­ды;
6) Рес­публи­ка дип­ло­мати­ялық өкілдіктерінің бас­шы­ларын тағайын­дай­ды және кері шақырып ала­ды;
7) Ор­та­лық сай­лау ко­мис­си­ясы­ның Төрағасын және екі мүшесін, Рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­лу­ын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қыз­метке тағайын­дай­ды;
8) Рес­публи­каның мем­ле­кеттік бағдар­ла­мала­рын бекітеді;
9) Рес­публи­ка Премьер-Ми­нистрінің ұсы­ну­ымен Рес­публи­каның мем­ле­кеттік бюд­жеті есебінен ұста­латын бар­лық ор­гандар­дың қыз­меткер­леріне ар­налған қар­жы­лан­ды­ру мен еңбе­кақы төле­удің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) рес­публи­калық ре­ферен­дум өткізу жөнінде шешім қабыл­дай­ды;
11) келіссөздер жүргізеді және Рес­публи­каның ха­лықара­лық шарт­та­рына қол қояды; бекіту гра­мота­лары­на қол қояды; өзінің жа­нын­да тіркел­ген шет мем­ле­кет­тердің дип­ло­мати­ялық және өзге де өкілдерінің сенім гра­мота­лары мен кері шақырып алу гра­мота­ларын қабыл­дай­ды;
12) Рес­публи­ка Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас Қол­басшы­сы бо­лып та­была­ды, Қару­лы Күштердің жоғары қол­басшы­лығын тағайын­дай­ды және ауыс­ты­рып оты­рады;
13) Рес­публи­каның мем­ле­кеттік наг­ра­дала­рымен ма­рапат­тай­ды, құрметті, жоғары әске­ри және өзге атақтар­ды, сы­нып­тық шен­дерді, дип­ло­мати­ялық дәре­желерді, біліктілік сы­нып­та­рын бе­реді;
14) Рес­публи­каның аза­мат­тығы, са­яси бас­па­на бе­ру мәсе­лелерін ше­шеді;
15) аза­мат­тарға кешірім жа­са­уды жүзе­ге асы­рады;
16) Рес­публи­каның де­мок­ра­ти­ялық инс­ти­тут­та­рына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтас­тығына, са­яси тұрақты­лығына, аза­мат­та­рының қауіпсіздігіне еле­улі және тіке­лей қатер төнген, мем­ле­кеттің конс­ти­туци­ялық ор­ганда­рының қалып­ты жұмыс істеуі бұзылған рет­те, Премьер-Ми­нист­рмен және Рес­публи­ка Пар­ла­менті Па­лата­лары­ның Төрағала­рымен рес­ми кон­суль­та­ци­ялар­дан кейін Рес­публи­ка Пар­ла­ментіне де­реу ха­бар­лай оты­рып, Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да және оның же­келе­ген жер­лерінде төтен­ше жағдай енгізуді, Рес­публи­каның Қару­лы Күштерін қол­да­нуды қоса алған­да, аталған жағда­ят­тар та­лап ететін ша­ралар­ды қол­да­нады;
17) Рес­публи­каға қар­сы аг­рессия жа­салған не оның қауіпсіздігіне сырт­тан тіке­лей қатер төнген рет­те Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да не­месе оның же­келе­ген жер­лерінде әске­ри жағдай енгізеді, ішіна­ра не­месе жал­пы мо­били­зация жа­ри­ялап, бұл ту­ралы Рес­публи­ка Пар­ла­ментіне де­реу ха­бар­лай­ды;
18) өзіне бағыныс­ты Рес­публи­ка Пре­зидентінің Күзет қыз­метін және Рес­публи­калық ұлан­ды жа­сақтай­ды;
19) Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік Хат­шы­сын қыз­метке тағайын­дай­ды және қыз­меттен бо­сата­ды, оның мәрте­бесі мен өкілеттігін анықтай­ды; Рес­публи­ка Пре­зидентінің Әкімшілігін құра­ды;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кон­суль­та­тивтік-кеңесші ор­гандар­ды, сон­дай-ақ Қазақстан халқы Ас­самб­ле­ясы мен Жоғары Сот Кеңесін құра­ды;
21) Рес­публи­каның Конс­ти­туци­ясы мен заңда­рына сәй­кес басқа да өкілеттіктерді жүзе­ге асы­рады11.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Конс­ти­туция мен заңдар негізінде және олар­ды орын­дау үшін Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да міндетті күші бар жар­лықтар мен өкімдер шығара­ды.

2. Конс­ти­туци­яның 4) -тар­мақша­сын­да көздел­ген рет­те Рес­публи­ка Пре­зиденті заңдар шығара­ды, ал көздел­ген рет­те Рес­публи­каның заң күші бар жар­лықта­рын шығара­ды.

3. Рес­публи­каның Пре­зиденті қол қоятын Пар­ла­мент актілері, сон­дай-ақ Үкімет бас­та­масы­мен шығары­латын Пре­зиденттің актілері тиісінше осы актілердің заңды­лығы үшін заңдық жа­уап­кершілік жүкте­летін Пар­ла­менттің әр Па­лата­сының Төрағала­рының не Премьер-Ми­нистрдің ал­дын-ала қол­да­ры қойылып ти­янақта­лады.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зидентіне, оның абы­ройы мен қадір-қаси­етіне ешкімнің тиісуіне бол­май­ды.

2. Рес­публи­ка Пре­зиденті мен оның от­ба­сын қам­та­масыз ету, оларға қыз­мет көрсе­ту және қорғау мем­ле­кет есебінен жүзе­ге асы­рыла­ды.

3. Осы бап­тың ере­желері Рес­публи­каның экс-Пре­зидент­теріне қол­да­ныла­ды.

4. Қазақстан­ның Тұңғыш Пре­зидентінің мәрте­бесі мен өкілеттігі Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы­мен және конс­ти­туци­ялық заңмен айқын­да­лады12.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті науқас­та­ну­ына бай­ла­ныс­ты өзінің міндет­терін жүзе­ге асы­руға қабілетсіздігі ден­де­ген жағдай­да қыз­метінен мерзімінен бұрын бо­саты­луы мүмкін. Бұл рет­те Пар­ла­мент әр Па­лата де­путат­та­рының тең са­нынан және ме­дици­наның тиісті са­лала­рының ма­ман­да­рынан тұра­тын ко­мис­сия құра­ды. Мерзімінен бұрын бо­сату ту­ралы шешім Пар­ла­мент Па­лата­лары­ның бірлес­кен оты­рысын­да ко­мис­си­яның қоры­тын­ды­сымен белгілен­ген конс­ти­туци­ялық рәсімдердің сақталғаны ту­ралы Конс­ти­туци­ялық Кеңес қоры­тын­ды­сы негізінде әр Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабыл­да­нады.

2. Рес­публи­каның Пре­зиденті өзінің міндет­терін атқару кезіндегі іс-әре­кеті үшін тек қана мем­ле­кет­ке опа­сыз­дық жа­саған жағдай­да жа­уап бе­реді және бұл үшін Пар­ла­мент оны қыз­метінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тек­се­ру ту­ралы шешім Мәжіліс де­путат­та­рының кемінде үштен бірінің бас­та­масы бойын­ша де­путат­тардың жал­пы са­нының көпшілігімен қабыл­да­нуы мүмкін. Тағылған айып­ты тек­се­руді Се­нат ұйым­дасты­рады және оның нәти­желері Се­нат де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен Пар­ла­мент Па­лата­лары бірлес­кен оты­рысы­ның қара­уына беріледі. Бұл мәсе­ле бойын­ша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі ту­ралы Жоғарғы Сот қоры­тын­ды­сы және белгілен­ген конс­ти­туци­ялық рәсімдердің сақталғаны ту­ралы Конс­ти­туци­ялық Кеңестің қоры­тын­ды­сы болған жағдай­да әр Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде төрттен үшінің көпшілік да­усы­мен Пар­ла­мент Па­лата­лары­ның бірлес­кен оты­рысын­да қабыл­да­нады. Айып тағылған кез­ден бас­тап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабыл­да­мау Рес­публи­ка Пре­зидентіне қар­сы тағылған айып­тың күші жойылған деп та­нуға әкеп соғады. Рес­публи­каның Пре­зидентіне мем­ле­кет­ке опа­сыз­дық жа­сады деп тағылған айып­тың қабыл­данба­уы оның қай ке­зеңінде де осы мәсе­ленің қара­лу­ына се­бепші болған Мәжіліс де­путат­та­рының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта­туға әкеп соғады.

3. Рес­публи­ка Пре­зидентін қыз­метінен кетіру ту­ралы мәсе­ле ол Рес­публи­ка Пар­ла­ментінің не­месе Пар­ла­мент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта­ту жөнінде мәсе­ле қарап жатқан кез­де қозғал­май­ды13.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті қыз­метінен мерзімінен бұрын бо­саған не­месе кетірілген, сон­дай-ақ қай­тыс болған жағдай­да Рес­публи­ка Пре­зидентінің өкілеттігі қалған мерзімге Пар­ла­мент Се­наты­ның Төрағасы­на көшеді; Се­нат Төрағасы­ның өзіне Пре­зидент өкілеттігін қабыл­да­уы мүмкін бол­маған рет­те ол Пар­ла­мент Мәжілісінің Төрағасы­на көшеді; Мәжіліс Төрағасы­ның өзіне Пре­зидент өкілеттігін қабыл­да­уы мүмкін бол­маған рет­те ол Рес­публи­каның Премьер-Ми­нистріне көшеді. Өзіне Рес­публи­ка Пре­зидентінің өкілеттігін қабыл­даған тұлға тиісінше Се­нат Төрағасы­ның, Мәжіліс Төрағасы­ның не­месе Премьер-Ми­нистрдің өкілет-тігін тап­сы­рады. Бұл жағдай­да бос тұрған мем­ле­кеттік ла­уазым­дарды иеле­ну Конс­ти­туци­яда көздел­ген тәртіппен жүзе­ге асы­рыла­ды.

2. Осы бап­тың көздел­ген негіздер­де және тәртіппен Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің өкілеттігін өзіне қабыл­даған тұлғаның Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­на өзгерістер мен то­лықты­рулар ту­ралы бас­та­машы­лық жа­сауға құқығы жоқ14.



ІV бөлім
ПАР­ЛА­МЕНТ

1. Пар­ла­мент — Қазақстан Рес­публи­касы­ның заң шығару қыз­метін жүзе­ге асы­ратын Рес­публи­каның ең жоғары өкілді ор­га­ны.

2. Пар­ла­менттің өкілеттігі оның бірінші сес­си­ясы ашылған сәттен бас­та­лып, жаңадан сай­ланған Пар­ла­менттің бірінші сес­си­ясы жұмысқа кіріскен кез­ден аяқта­лады.

3. Пар­ла­менттің өкілеттігі Конс­ти­туци­яда көздел­ген рет­тер мен тәртіп бойын­ша мерзімінен бұрын тоқта­тылуы мүмкін.

4. Пар­ла­менттің ұйым­дасты­рылуы мен қыз­меті, оның де­путат­та­рының құқықтық жағдайы конс­ти­туци­ялық заңмен белгіле­неді15.

1. Пар­ла­мент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Па­лата­дан: Се­нат­тан және Мәжілістен тұра­ды.

2. Се­нат конс­ти­туци­ялық заңда белгілен­ген тәртіппен әр об­лыстан, рес­публи­калық маңызы бар қала­дан және Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы­нан екі адам­нан өкілдік ететін де­путат­тардан құра­лады. Се­нат­та қоғам­ның ұлттық-мәде­ни және өзге де еле­улі мүдде­лерінің білдірілуін қам­та­масыз ету қажеттілігі ес­керіліп, Се­нат­тың он бес де­пута­тын Рес­публи­ка Пре­зиденті тағайын­дай­ды.

3. Мәжіліс конс­ти­туци­ялық заңда белгілен­ген тәртіппен сай­ла­натын жүз жеті де­путат­тан тұра­ды.

4. Пар­ла­мент де­пута­ты бір мезгілде екі Па­латаға бірдей мүше бо­ла ал­май­ды.

5. Се­нат де­путат­та­рының өкілеттік мерзімі — ал­ты жыл, Мәжіліс де­путат­та­рының өкілеттік мерзімі — бес жыл16.

1. Мәжілістің тоқсан сегіз де­пута­тын сай­лау жал­пыға бірдей, тең және төте сай­лау құқығы негізінде жа­сырын да­уыс бе­ру арқылы жүзе­ге асы­рыла­ды. Мәжілістің тоғыз де­пута­тын Қазақстан халқы Ас­самб­ле­ясы сай­лай­ды. Мәжіліс де­путат­та­рының ке­зекті сай­ла­уы Пар­ла­менттің жұмыс істеп тұрған сай­ла­нымы өкілеттігінің мерзімі аяқта­лар­дан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

2. Се­нат де­путат­та­ры жа­нама сай­лау құқығы негізінде жа­сырын да­уыс бе­ру жо­лымен сай­ла­нады. Сай­ланған Се­нат де­путат­та­рының жар­ты­сы әрбір үш жыл сайын қай­та сай­ла­нып оты­рады. Бұл орай­да олар­дың ке­зекті сай­ла­уы бұлар­дың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі ай­дан кешіктірілмей өткізіледі.

3. Пар­ла­мент не­месе Пар­ла­мент Мәжілісі де­путат­та­рының ке­зек­тен тыс сай­ла­уы тиісінше Пар­ла­мент не­месе Пар­ла­мент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқта­тылған күннен бас­тап екі ай ішінде өткізіледі.

4. Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­тығын­да тұра­тын және оның аумағын­да соңғы он жыл­да тұрақты тұрып жатқан адам Пар­ла­мент де­пута­ты бо­ла ала­ды. Жа­сы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс ста­жы бар, тиісті об­лыстың, рес­публи­калық маңызы бар қала­ның не Рес­публи­ка ас­та­насы­ның аумағын­да кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Се­нат де­пута­ты бо­ла ала­ды. Жа­сы жи­ыр­ма бес­ке толған адам Мәжіліс де­пута­ты бо­ла ала­ды.

5. Рес­публи­ка Пар­ла­менті де­путат­та­рын сай­лау конс­ти­туци­ялық заңмен рет­те­леді.

6. Пар­ла­менттің де­пута­ты Қазақстан халқына ант бе­реді17.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.

2. Пар­ла­мент де­путат­та­ры оның жұмы­сына қаты­суға міндетті. Пар­ла­мент­те де­путат­тың же­ке өзі ғана да­уыс бе­реді. Де­путат­тың Па­лата­лар мен олар­дың ор­ганда­рының оты­рыс­та­рына дәлелді се­беп­терсіз үш рет­тен ар­тық қатыс­па­уы, сол сияқты да­уыс бе­ру құқығын басқа біре­уге бе­руі де­путатқа заңда белгілен­ген жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға әкеп соғады.

3. Пар­ла­мент де­пута­тының басқа өкілді ор­ганның де­пута­ты бо­луға, оқыту­шылық, ғылы­ми және өзге де шығар­ма­шылық қыз­меттен басқа, ақы төле­нетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғыл­да­нуға, ком­мерци­ялық ұйым­ның бас­шы ор­га­нының не­месе байқаушы кеңесінің құра­мына кіру­ге құқығы жоқ. Осы ере­женің бұзы­луы де­путат­тың өкілеттігін тоқта­туға әкеп соғады.

4. Пар­ла­мент де­пута­тын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әке­луге, сот тәртібімен белгіле­нетін әкімшілік жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға, қыл­мыс үстінде ұсталған не­месе ауыр қыл­мыс жа­саған рет­терді қос­паған­да, тиісті Па­лата­ның келісімінсіз қыл­мыстық жа­уапқа тар­туға бол­май­ды.

5. Пар­ла­мент де­пута­тының өкілеттігі ор­ны­нан түскен, ол қай­тыс болған, сот­тың заңды күшіне ен­ген шешімі бойын­ша де­путат іс-әре­кет­ке қабілетсіз, қай­тыс болған не­месе ха­бар­сыз кет­кен деп та­нылған жағдай­лар­да және Конс­ти­туция мен конс­ти­туци­ялық заңда көздел­ген өзге де жағдай­лар­да тоқта­тыла­ды.
Пар­ла­мент де­пута­ты:
1) ол Қазақстан­нан тысқары жер­ге тұрақты тұруға кет­кен;
2) оған қатыс­ты сот­тың айып­тау үкімі заңды күшіне ен­ген;
3) Қазақстан Рес­публи­касы­ның аза­мат­тығын жоғалтқан кез­де өз ман­да­тынан айыры­лады.
Пар­ла­мент Мәжілісінің де­пута­ты:
1) де­путат конс­ти­туци­ялық заңға сәй­кес өзін сай­лаған са­яси пар­ти­ядан шыққан не­месе шығарылған;
2) конс­ти­туци­ялық заңға сәй­кес де­путат­ты сай­лаған са­яси пар­тия қыз­метін тоқтатқан кез­де өз ман­да­тынан айыры­лады.
Пар­ла­мент Се­наты­ның тағайын­далған де­путат­та­рының өкілеттігі Рес­публи­ка Пре­зидентінің шешімі бойын­ша мерзімінен бұрын тоқта­тылуы мүмкін.
Пар­ла­мент және Пар­ла­мент Мәжілісі де­путат­та­рының өкілеттігі тиісінше Пар­ла­мент не­месе Пар­ла­мент Мәжілісі та­ратылған жағдай­лар­да тоқта­тыла­ды.

6. Де­путат­тарға жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға, олар­дың осы бап­тың та­лап­та­рын, де­путат­тық әдеп ере­желерін сақта­уына, сон­дай-ақ де­путат­тардың өкілеттігін тоқта­туға және өкілеттігінен әрі де­путатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға бай­ла­ныс­ты мәсе­лелерді әзірлеу Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ор­та­лық сай­лау ко­мис­си­ясы­на жүкте­леді18.

Па­лата­лар­дың бірлес­кен оты­рысын­да Пар­ла­мент:
1) Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің ұсы­нысы бойын­ша Конс­ти­туцияға өзгерістер мен то­лықты­рулар енгізеді;
2) Үкімет пен Рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­лу­ын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­луы ту­ралы есеп­терін бекітеді. Үкіметтің рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­луы ту­ралы есебін Пар­ла­менттің бекітпеуі Пар­ла­менттің Үкімет­ке сенімсіздік білдіргенін көрсе­теді;
3) Пре­зидент­ке оның бас­та­масы бойын­ша әр Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының үштен екісінің да­усы­мен бір жыл­дан ас­пай­тын мерзімге заң шығару өкілеттігін бе­руге хақылы;
4) соғыс және бітім мәсе­лелерін ше­шеді;
5) Рес­публи­ка Пре­зидентінің ұсы­нысы бойын­ша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ха­лықара­лық міндет­те­мелерді орын­дау үшін Рес­публи­каның Қару­лы Күштерін пай­да­лану ту­ралы шешім қабыл­дай­ды;
6) Конс­ти­туци­ялық Кеңестің Рес­публи­кадағы конс­ти­туци­ялық заңды­лықтың жай-күйі ту­ралы жыл сайынғы жол­да­уын тыңдай­ды;
7) па­лата­лар­дың бірлес­кен ко­мис­си­яла­рын құра­ды, олар­дың төрағала­рын сай­лай­ды және қыз­меттен бо­сата­ды, ко­мис­си­ялар­дың қыз­меті ту­ралы есеп­терді тыңдай­ды;
8) Пар­ла­мент­ке Конс­ти­туция жүкте­ген өзге де өкілеттіктерді жүзе­ге асы­рады19.

1. Пар­ла­мент па­лата­лар­дың бөлек оты­рысын­да мәсе­лелерді әуелі — Мәжілісте, ал со­дан кейін Се­нат­та өз ке­зегімен қарау арқылы конс­ти­туци­ялық заңдар мен заңдар қабыл­дай­ды, оның ішінде:
1) рес­публи­калық бюд­жетті бекітеді, оған өзгерістер мен то­лықты­рулар енгізеді;
2) мем­ле­кеттік са­лықтар мен алым­дарды белгілейді және олар­ды алып тас­тай­ды;
3) Қазақстан­ның әкімшілік-аумақтық құры­лысы мәсе­лелерін ше­шу тәртібін белгілейді;
4) мем­ле­кеттік наг­ра­далар­ды тағайын­дай­ды, Рес­публи­каның құрметті, әске­ри және өзге де атақта­рын, сы­нып­тық шен­дерін, дип­ло­мати­ялық дәре­желерін белгілейді, Рес­публи­каның мем­ле­кеттік рәміздерін айқын­дай­ды;
5) мем­ле­кеттік за­ем­дар мен Рес­публи­каның эко­номи­калық және өзге де көмек көрсе­туі ту­ралы мәсе­лелерді ше­шеді;
6) рақым­шы­лық жа­сау мәсе­лелерін ше­шеді;
7) Рес­публи­каның ха­лықара­лық шарт­та­рын ра­тифи­каци­ялай­ды және олар­дың күшін жо­яды.

2. Пар­ла­мент па­лата­лар­дың бөлек оты­рысын­да мәсе­лелерді әуелі — Мәжілісте, ал со­дан кейін Се­нат­та өз ке­зегімен қарау арқылы:
1) рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­луы ту­ралы есеп­терді талқылай­ды;
2) Рес­публи­ка Пре­зидентінің қар­сы­лығын туғызған заңдар не­месе заңның бап­та­ры бойын­ша қар­сы­лықтар жіберілген күннен бас­тап бір ай мерзім ішінде қай­та­лап талқылау мен да­уысқа са­луды өткізеді. Бұл мерзімнің сақтал­ма­уы Пре­зидент қар­сы­лықта­рының қабыл­данғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Се­нат әр Па­лата де­путат­та­рының жал­пы са­нының үштен екі көпшілік да­усы­мен бұрын қабыл­данған шешімді рас­тай­тын бол­са, Пре­зидент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Пре­зиденттің қар­сы­лығын ең бол­ма­са па­лата­лар­дың бірі еңсер­ме­се, заң қабыл­данбай­ды не­месе Пре­зидент ұсынған ре­дак­ци­яда қабыл­данды деп есеп­те­леді. Пар­ла­мент қабыл­даған конс­ти­туци­ялық заңдарға Мем­ле­кет бас­шы­сының қар­сы­лығы осы тар­мақша­да көздел­ген тәртіппен қара­лады. Бұл рет­те Пар­ла­мент Пре­зиденттің конс­ти­туци­ялық заңдарға қар­сы­лығын әр Па­лата де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде төрттен үшінің да­усы­мен еңсе­реді;
3) рес­публи­калық ре­ферен­дум тағайын­дау ту­ралы бас­та­ма көте­реді20.

Се­нат­тың ерек­ше қара­уына мы­налар жа­тады:
1) Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің ұсы­ну­ымен Рес­публи­каның Жоғарғы Со­тының Төрағасын және Жоғарғы Со­тының судьяла­рын сай­лау мен қыз­меттен бо­сату, олар­дың ант­та­рын қабыл­дау;
2) Рес­публи­ка Пре­зидентінің Рес­публи­ка Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас про­куро­рын және Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің Төрағасын тағайын­да­уына келісім бе­ру;
3) Рес­публи­каның Бас Про­куро­рын, Жоғарғы Со­тының Төрағасы мен судьяла­рын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
4) Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқта­тылу­ына бай­ла­ныс­ты, ол уақыт­ша бол­маған ке­зеңде Рес­публи­ка Пар­ла­ментінің конс­ти­туци­ялық заңдар мен заңдар қабыл­дау жөніндегі функ­ци­яла­рын орын­дау;
6) Конс­ти­туци­ямен Пар­ла­мент Се­наты­на жүктел­ген өзге де өкілеттіктерді жүзе­ге асы­ру21.

1. Мәжілістің ерек­ше қара­уына мы­налар жа­тады:
1) Пар­ла­мент­ке енгізілген конс­ти­туци­ялық заңдар мен заңдар­дың жо­бала­рын қарауға қабыл­дау және осы жо­балар­ды қарау;
2) Па­лата де­путат­та­рының жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен Рес­публи­ка Пре­зидентіне Рес­публи­ка Премьер-Ми­нистрін тағайын­дауға келісім бе­ру;
3) Рес­публи­ка Пре­зидентінің ке­зекті сай­ла­уын ха­бар­лау;
4) Конс­ти­туци­ямен Пар­ла­мент Мәжілісіне жүктел­ген өзге де өкілеттіктерді жүзе­ге асы­ру.

2. Мәжіліс де­путат­та­рының жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен, Мәжіліс де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде бес­тен бірінің бас­та­масы бойын­ша Мәжіліс Үкімет­ке сенімсіздік білдіру­ге хақылы22.

Пар­ла­менттің әр Па­лата­сы дер­бес, басқа Па­лата­ның қаты­су­ын­сыз:
1) Конс­ти­туци­ялық Кеңестің екі мүшесін қыз­метке тағайын­дай­ды; Ор­та­лық сай­лау ко­мис­си­ясы­ның екі мүшесін, Рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­лу­ын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қыз­метке тағайын­дай­ды;
2) Конс­ти­туци­яның көздел­ген рет­те Пар­ла­мент құра­тын ко­мис­сия мүше­лерінің тең жар­ты­сына өкілеттік бе­реді;
3) Па­лата­лар­дың бірлес­кен ко­мис­си­яла­ры мүше­лерінің тең жар­ты­сын сай­лай­ды;
4) Па­лата­лар де­путат­та­рының өкілеттігін тоқта­тады, сон­дай-ақ Қазақстан Рес­публи­касы Бас Про­куро­рының ұсы­ну­ымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Па­лата­лар­дың де­путат­та­рын айыру мәсе­лелерін ше­шеді;
5) өз құзы­ретіндегі мәсе­лелер бойын­ша пар­ла­менттік тыңда­улар өткізеді;
6) Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде үштен бірінің бас­та­масы бойын­ша Рес­публи­ка Үкіметі мүше­лерінің өз қыз­меті мәсе­лелері жөніндегі есеп­терін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қоры­тын­ды­лары бойын­ша Үкімет мүшесі Рес­публи­ка заңда­рын орын­да­маған жағдай­да Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен оны қыз­меттен бо­сату ту­ралы Рес­публи­ка Пре­зидентіне өтініш жа­сауға хақылы. Егер Рес­публи­ка Пре­зиденті мұндай өтінішті қабыл­да­май тас­та­са, он­да де­путат­тар Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен алғашқы өтініш берілген күннен бас­тап ал­ты ай өткен­нен кейін Рес­публи­ка Пре­зидентінің ал­ды­на Үкімет мүшесін қыз­метінен бо­сату ту­ралы мәсе­лені қай­та­лап қоюға хақылы. Мұндай жағдай­да Рес­публи­ка Пре­зиденті Үкімет мүшесін қыз­метінен бо­сата­ды;
7) Па­лата­лар­дың үй­лестіруші және жұмыс ор­ганда­рын құра­ды;
8) өз қыз­метінің рег­ла­ментін, Па­лата­ның ұйым­дасты­ру және ішкі тәртібіне бай­ла­ныс­ты мәсе­лелер бойын­ша өзге де шешімдер қабыл­дай­ды23.

1. Па­лата­лар­ды мем­ле­кеттік тілді еркін меңгер­ген өз де­путат­та­рының ара­сынан Па­лата­лар де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен жа­сырын да­уыс бе­ру арқылы Се­нат пен Мәжіліс сай­лаған төрағалар басқара­ды. Се­нат Төрағасы­ның қыз­метіне кан­ди­дату­раны Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті ұсы­нады. Мәжіліс Төрағасы­ның қыз­метіне кан­ди­дату­ралар­ды Па­лата­ның де­путат­та­ры ұсы­нады.

2. Па­лата­лар­дың төрағала­ры, егер бұл үшін Па­лата­лар­дың де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілігі да­уыс бер­се, қыз­меттен кері шақыры­лып алы­нуы мүмкін, сон­дай-ақ олар өз еркімен ор­ны­нан түсу­ге хақылы.

3. Пар­ла­мент Па­лата­лары­ның төрағала­ры:
1) Па­лата­лар­дың оты­рыс­та­рын шақырып, оларға төрағалық етеді;
2) Па­лата­лар­дың қара­уына енгізілетін мәсе­лелерді әзірле­уге жал­пы бас­шы­лық жа­сай­ды;
3) Па­лата­лар төрағала­рының орын­ба­сар­ла­ры қыз­метіне сай­лау үшін Па­лата­ларға кан­ди­дату­ралар ұсы­нады;
4) Па­лата­лар қыз­метінде рег­ла­менттің сақта­лу­ын қам­та­масыз етеді;
5) Па­лата­лар­дың үй­лестіру ор­ганда­рының қыз­метіне бас­шы­лық жа­сай­ды;
6) Па­лата­лар шығара­тын актілер­ге қол қояды;
7) па­лата­ларға Конс­ти­туци­ялық Кеңестің, Ор­та­лық сай­лау ко­мис­си­ясы­ның, Рес­публи­калық бюд­жеттің атқары­лу­ын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің мүшесі қыз­метіне тағайын­дау үшін кан­ди­дату­ралар ұсы­нады;
8) өздеріне Пар­ла­мент рег­ла­менті жүктейтін басқа да міндет­терді атқара­ды.

4. Мәжіліс Төрағасы:
1) Пар­ла­мент сес­си­яла­рын аша­ды;
2) Па­лата­лар­дың ке­зекті бірлес­кен оты­рыс­та­рын шақыра­ды, Па­лата­лар­дың ке­зекті және ке­зек­тен тыс бірлес­кен оты­рыс­та­рына төрағалық етеді.
5. Па­лата­лар­дың төрағала­ры өз құзы­ретіндегі мәсе­лелер бойын­ша өкімдер шығара­ды24.

1. Пар­ла­мент сес­си­ясы оның Па­лата­лары­ның бірлес­кен және бөлек оты­рыс­та­ры түрінде өткізіледі.

2. Пар­ла­менттің бірінші сес­си­ясын Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті сай­лау қоры­тын­ды­лары жа­ри­яланған күннен бас­тап отыз күннен кешіктірмей шақыра­ды.

3. Пар­ла­менттің ке­зекті сес­си­яла­ры жы­лына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен ма­усым­ның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.

4. Пар­ла­мент сес­си­ясын, әдет­те, Рес­публи­ка Пре­зиденті аша­ды және сес­сия Се­нат пен Мәжілістің бірлес­кен оты­рыс­та­рын­да жа­была­ды. Пар­ла­мент сес­си­яла­ры ара­лығын­дағы ке­зеңде Рес­публи­ка Пре­зиденті өз бас­та­масы­мен, па­лата­лар төрағала­рының не­месе Пар­ла­мент де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде үштен бірінің ұсы­нысы­мен Пар­ла­менттің ке­зек­тен тыс сес­си­ясын шақыра ала­ды. Он­да сес­си­яны шақыруға негіз болған мәсе­лелер ғана қара­лады.

5. Па­лата­лар­дың бірлес­кен және бөлек оты­рыс­та­ры оларға әр Па­лата де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде үштен екісі қатысқан жағдай­да өткізіледі.

6. Па­лата­лар­дың бірлес­кен және бөлек оты­рыс­та­ры ашық оты­рыс­тар бо­лып та­была­ды. Рег­ла­мент­тер­де көздел­ген рет­терде жа­бық оты­рыс­тар өткізілуі мүмкін. Рес­публи­ка Пре­зидентінің, Премьер-Ми­нистр мен Үкімет мүше­лерінің, Ұлттық Банк Төрағасы­ның, Бас Про­курор­дың, Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті Төрағасы­ның кез кел­ген оты­рыс­тарға қаты­суға және сөз сөй­ле­уге құқығы бар25.

1. Па­лата­лар әр Па­лата­да са­ны жетіден ас­пай­тын тұрақты ко­митет­тер құра­ды.

2. Па­лата­лар­дың бірлес­кен қыз­меттеріне қатыс­ты мәсе­лелерді ше­шу үшін Се­нат пен Мәжіліс те­пе-тең негізде бірлес­кен ко­мис­си­ялар құруға хақылы.

3. Ко­митет­тер мен ко­мис­си­ялар өз құзы­ретіндегі мәсе­лелер бойын­ша қаулы­лар шығара­ды.

4. Ко­митет­тер мен ко­мис­си­ялар­ды құру, олар­дың өкілеттігі және қыз­метін ұйым­дасты­ру тәртібі заңмен белгіле­неді.

1. Заң шығару бас­та­масы құқығы Рес­публи­ка Пре­зидентіне, Пар­ла­мент де­путат­та­рына, Үкімет­ке ти­есілі және тек қана Мәжілісте жүзе­ге асы­рыла­ды.

2. Рес­публи­ка Пре­зидентінің заңдар жо­бала­рын қара­удың ба­сым­ды­лығын белгіле­уге, сон­дай-ақ осы жо­ба же­дел қара­лады деп жа­ри­ялауға құқығы бар, бұл Пар­ла­мент заң жо­басын енгізілген күннен бас­тап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Пар­ла­мент осы та­лап­ты орын­да­маса, Рес­публи­ка Пре­зиденті заң күші бар Жар­лық шығаруға хақылы, ол Пар­ла­мент Конс­ти­туция белгіле­ген тәртіппен жаңа заң қабыл­дағанға дейін қол­да­ныла­ды.

3. Пар­ла­мент аса маңыз­ды қоғам­дық қаты­нас­тарды рет­тейтін, мы­наларға:
1) же­ке және заңды тұлғалар­дың құқық субъектілігіне, аза­мат­тардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рына, же­ке және заңды тұлғалар­дың міндет­тері мен жа­уап­кершілігіне;
2) меншік ре­жиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мем­ле­кеттік ор­гандар мен жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рын ұйым­дасты­ру мен олар­дың қыз­метінің, мем­ле­кеттік және әске­ри қыз­меттің негіздеріне;
4) са­лық са­луға, алым­дар мен басқа да міндетті төлем­дерді белгіле­уге;
5) рес­публи­калық бюд­жетке;
6) сот құры­лысы мен сот­та іс жүргізу мәсе­лелеріне;
7) білім бе­руге, ден­са­улық сақтауға және әле­уметтік қам­сыздан­ды­руға;
8) кәсіпо­рын­дар мен олар­дың мүлкін же­кеше­лендіру­ге;
9) ай­на­ладағы ор­та­ны қорғауға;
10) рес­публи­каның әкімшілік-аумақтық құры­лысы­на;
11) мем­ле­кет қорғаны­сы мен қауіпсіздігін қам­та­масыз ету­ге қатыс­ты негізгі прин­циптер мен нор­ма­лар­ды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қаты­нас­тардың бар­лығы заңға тәуелді актілер­мен рет­те­леді.

4. Мәжіліс де­путат­та­ры қараған және жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен мақұлданған заң жо­басы Се­натқа беріледі, ол он­да әрі кет­кенде ал­пыс күннің ішінде қара­лады. Се­нат де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен қабыл­данған жо­ба заңға ай­на­лады және он күннің ішінде Пре­зиденттің қол қоюына беріледі. Тұтас алған­да, Се­нат де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен қабыл­данбаған жо­ба Мәжіліске қай­та­рыла­ды. Егер Мәжіліс де­путат­та­ры жал­пы са­нының үштен екісінің көпшілік да­усы­мен жо­баны қай­та­дан мақұлда­са, ол Се­натқа қай­та талқылауға және да­уысқа са­луға беріледі. Қай­та қабыл­данбаған заң жо­басын сол сес­сия ба­рысын­да қай­та­дан енгізу­ге бол­май­ды.

5. Се­нат де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен заң жо­басы­на енгізілген өзгер­ту­лер мен то­лықты­рулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс де­путат­тардың жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен ұсы­нылған өзгер­ту­лер­мен және то­лықты­рулар­мен келіссе, заң қабыл­данды деп есеп­те­леді. Егер Мәжіліс нақ сон­дай көпшілік да­уыс­пен Се­нат енгізген өзгер­ту­лер мен то­лықты­руларға қар­сы бол­са, Па­лата­лар ара­сын­дағы келіспе­ушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі.

Мәжіліс де­путат­та­ры қараған және олар­дың жал­пы са­нының кемінде үштен екісінің да­усы­мен мақұлданған конс­ти­туци­ялық заң жо­басы Се­натқа беріледі, он­да ал­пыс күннен асы­рыл­май қара­лады. Се­нат де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде үштен екісінің да­усы­мен қабыл­данған жо­ба конс­ти­туци­ялық заңға ай­на­лады және он күн ішінде Рес­публи­ка Пре­зидентіне қол қоюға ұсы­ныла­ды. Конс­ти­туци­ялық заң жо­басын тұтас­тай қабыл­да­ма­уды Мәжіліс не­месе Се­нат Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен жүзе­ге асы­рады.
Се­нат де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде үштен екісінің да­усы­мен конс­ти­туци­ялық заң жо­басы­на енгізілген өзгерістер мен то­лықты­рулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс де­путат­тардың кемінде үштен екісінің да­усы­мен Се­нат енгізген өзгерістер­мен және то­лықты­рулар­мен келіссе, конс­ти­туци­ялық заң қабыл­данды деп есеп­те­леді. Егер Мәжіліс, Се­нат енгізген өзгерістер мен то­лықты­рулар бойын­ша да­уыс бе­ру кезінде олар­мен де­путат­тардың кемінде үштен екісінің да­усы­мен келіспе­се, он­да па­лата­лар ара­сын­дағы келіспе­ушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

6. Мем­ле­кеттік кірісті қысқар­ту­ды не­месе мем­ле­кеттік шығыс­ты көбей­туді көздейтін заңдар­дың жо­бала­ры Рес­публи­ка Үкіметінің оң қоры­тын­ды­сы болған­да ғана енгізілуі мүмкін. Рес­публи­ка Пре­зидентінің заң шығару бас­та­масы тәртібімен Пар­ла­мент Мәжілісіне енгізілген заңна­малық актілердің жо­бала­ры үшін мұндай қоры­тын­ды­ның бо­луы та­лап етілмейді.

7. Үкімет енгізген заң жо­басы­ның қабыл­данба­уына бай­ла­ныс­ты Премьер-Ми­нистр Пар­ла­мент па­лата­лары­ның бірлес­кен оты­рысын­да Үкімет­ке сенім ту­ралы мәсе­ле қоюға хақылы. Бұл мәсе­ле бойын­ша да­уыс бе­ру сенім ту­ралы мәсе­ле қойылған сәттен бас­тап қырық сегіз сағат­тан ер­те өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру ту­ралы ұсы­ныс па­лата­лар­дың әрқай­сы­сының де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усын ала ал­ма­са, заң жо­басы да­уысқа са­лын­бай қабыл­данды деп есеп­те­леді. Алай­да Үкімет бұл құқықты жы­лына екі рет­тен ар­тық пай­да­лана ал­май­ды26.

1. Пар­ла­мент Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да міндетті күші бар Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңда­ры, Пар­ла­менттің қаулы­лары, Се­нат пен Мәжілістің қаулы­лары түрінде заң актілерін қабыл­дай­ды.

2. Рес­публи­каның заңда­ры Рес­публи­ка Пре­зиденті қол қойған­нан кейін күшіне енеді.

3. Конс­ти­туцияға өзгер­ту­лер мен то­лықты­рулар әр Па­лата де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде төрттен үшінің көпшілік да­усы­мен енгізіледі.

4. Конс­ти­туци­ялық заңдар Конс­ти­туци­яда көздел­ген мәсе­лелер бойын­ша әр Па­лата де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде үштен екісінің көпшілік да­усы­мен қабыл­да­нады.

5. Пар­ла­мент пен оның Па­лата­лары­ның заң актілері, егер Конс­ти­туци­яда өзге­ше көздел­ме­се, Па­лата­лар де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен қабыл­да­нады.

6. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­на өзгерістер мен то­лықты­рулар енгізу мәсе­лелері бойын­ша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

7. Рес­публи­каның заңда­ры, Пар­ла­мент пен оның Па­лата­лары­ның қаулы­лары Конс­ти­туцияға қай­шы кел­ме­уге тиіс. Пар­ла­мент пен оның Па­лата­лары­ның қаулы­лары заңдарға қай­шы кел­ме­уге тиіс.

8. Рес­публи­каның заң және өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсы­ну, талқылау, күшіне енгізу және жа­ри­ялау тәртібі ар­на­улы заңмен және Пар­ла­мент пен оның Па­лата­лары­ның рег­ла­мент­терімен рет­те­леді27.

1. Рес­публи­ка Пре­зиденті Пар­ла­мент па­лата­лары төрағала­рымен және Премьер-Ми­нист­рмен кон­суль­та­ци­ялар­дан кейін Пар­ла­ментті не­месе Пар­ла­мент Мәжілісін та­рата ала­ды.

2. Пар­ла­ментті және Пар­ла­мент Мәжілісін төтен­ше не­месе соғыс жағдайы ке­зеңінде, Пре­зидент өкілеттігінің соңғы ал­ты айын­да, сон­дай-ақ осы­ның ал­дындағы та­рату­дан кейінгі бір жыл ішінде та­ратуға бол­май­ды28.



V бөлім
ҮКІМЕТ


1. Үкімет Қазақстан Рес­публи­касы­ның атқару­шы билігін жүзе­ге асы­рады, атқару­шы ор­гандар­дың жүйесін басқара­ды және олар­дың қыз­метіне бас­шы­лық жа­сай­ды.

2. Үкімет алқалы ор­ган бо­лып та­была­ды және өзінің бүкіл қыз­метінде Рес­публи­ка Пре­зидентінің ал­дында жа­уап­ты, ал Конс­ти­туци­яда көздел­ген жағдай­лар­да Пар­ла­мент Мәжілісінің және Пар­ла­менттің ал­дында жа­уап­ты.

3. Конс­ти­туци­яның 6) тар­мақша­сын­да көздел­ген рет­те Үкімет мүше­лері Пар­ла­мент па­лата­лары­на есеп бе­реді.

4. Үкіметтің құзы­реті, ұйым­дасты­рылуы мен қыз­мет тәртібі конс­ти­туци­ялық заңмен белгіле­неді29.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Үкіметті Конс­ти­туци­яда көздел­ген тәртіппен құра­ды.

2. Рес­публи­ка Премьер-Ми­нистрі тағайын­далған­нан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Ми­нистр Үкіметтің құры­лымы мен құра­мы ту­ралы Рес­публи­ка Пре­зидентіне ұсы­ныс енгізеді.

3. Үкімет мүше­лері Қазақстан халқы мен Пре­зидентіне ант бе­реді.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Үкіметі:
1) мем­ле­кеттің әле­уметтік-эко­номи­калық са­яса­тының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғам­дық тәртіпті қам­та­масыз етудің негізгі бағыт­та­рын әзірлейді және олар­дың жүзе­ге асы­рылу­ын ұйым­дасты­рады;
2) Пар­ла­мент­ке рес­публи­калық бюд­жетті және оның атқары­луы ту­ралы есепті ұсы­нады, бюд­жеттің атқары­лу­ын қам­та­масыз етеді;
3) Мәжіліске заң жо­бала­рын енгізеді және заңдар­дың орын­да­лу­ын қам­та­масыз етеді;
4) мем­ле­кеттік меншікті басқару­ды ұйым­дасты­рады;
5) Рес­публи­каның сыртқы са­яса­тын жүргізу жөнінде ша­ралар әзірлейді;
6) ми­нистрліктердің, мем­ле­кеттік ко­митет­тердің, өзге де ор­та­лық және жергілікті атқару­шы ор­гандар­дың қыз­метіне бас­шы­лық жа­сай­ды;
7) Рес­публи­каның ми­нистрліктері, мем­ле­кеттік ко­митет­тері, өзге де ор­та­лық және жергілікті атқару­шы ор­ганда­ры актілерінің күшін то­лық не­месе қол­да­нылу бөлігінде жо­яды не­месе тоқта­та тұра­ды;
8) Үкімет құра­мына кірмейтін ор­та­лық атқару­шы ор­гандар­дың бас­шы­ларын қыз­метке тағайын­дай­ды және қыз­меттен бо­сата­ды;
9) Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.
10) өзіне Конс­ти­туци­ямен, заңдар­мен және Пре­зидент актілерімен жүктел­ген өзге де қыз­меттерді орын­дай­ды30.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Премьер-Ми­нистрі:
1) Үкімет қыз­метін ұйым­дасты­рып, оған бас­шы­лық жа­сай­ды және оның жұмы­сы үшін дер­бес жа­уап бе­реді;
2) Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.
3) Үкімет қаулы­лары­на қол қояды;
4) Үкімет қыз­метінің негізгі бағыт­та­ры жөнінде және оның аса маңыз­ды бар­лық шешімдері жөнінде Пре­зидент­ке ба­ян­дап оты­рады;
5) Үкімет қыз­метін ұйым­дасты­руға және бас­шы­лық жа­сауға бай­ла­ныс­ты басқа да қыз­меттерді атқара­ды.

1. Үкімет мүше­лері өз құзы­реті шегінде шешімдер қабыл­да­уда дер­бестікке ие әрі өздеріне бағыныс­ты мем­ле­кеттік ор­гандар­дың жұмы­сы үшін Қазақстан Рес­публи­касы Премьер-Ми­нистрінің ал­дында же­ке-да­ра жа­уап бе­реді. Үкіметтің жүргізіп отырған са­яса­тымен келіспейтін не­месе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі ор­ны­нан түсу­ге өтініш бе­реді не ол ла­уазым­нан бо­саты­луға тиіс.

2. Үкімет мүше­лерінің өкілді ор­ганның де­путат­та­ры бо­луға, оқыту­шылық, ғылы­ми не­месе өзге шығар­ма­шылық қыз­меттерді қос­паған­да, өзге де ақы төле­нетін жұмыс­ты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғыл­да­нуға, заңна­маға сәй­кес өздерінің ла­уазым­дық міндет­тері бо­лып та­была­тын жағдай­лар­ды қос­паған­да, ком­мерци­ялық ұйым­ның бас­шы ор­га­нының не­месе байқаушы кеңесінің құра­мына кіру­ге құқығы жоқ31.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Үкіметі өз құзы­ретінің мәсе­лелері бойын­ша Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да міндетті күші бар қаулы­лар шығара­ды.

2. Рес­публи­каның Премьер-Ми­нистрі Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да міндетті күші бар өкімдер шығара­ды.

3. Үкіметтің қаулы­лары және Премьер-Ми­нистрдің өкімдері Конс­ти­туцияға, заң актілеріне, Рес­публи­ка Пре­зидентінің жар­лықта­ры мен өкімдеріне қай­шы кел­ме­уге тиіс.

1. Үкімет жаңадан сай­ланған Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің ал­дында өз өкілеттігін доғара­ды. Рес­публи­каның Премьер-Ми­нистрі жаңадан сай­ланған Пар­ла­мент Мәжілісінің ал­дында Үкімет­ке сенім ту­ралы мәсе­ле қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдай­да, егер Рес­публи­ка Пре­зиденті өзге­ше шешім қабыл­да­маса, Үкімет өз міндет­терін атқару­ды жалғас­ты­ра бе­реді.

2. Егер Үкімет және оның кез кел­ген мүшесі өздеріне жүктел­ген міндет­терді одан әрі жүзе­ге асы­ру мүмкін емес деп есеп­те­се, олар Рес­публи­каның Пре­зидентіне өз ор­ны­нан түсетіні ту­ралы мәлімде­уге хақылы.

3. Пар­ла­мент Мәжілісі не­месе Пар­ла­мент Үкімет­ке сенімсіздік білдірген жағдай­да Үкімет ор­ны­нан түсетіні ту­ралы Рес­публи­ка Пре­зидентіне мәлімдейді.

4. Ор­ны­нан түсуді қабыл­дау не­месе қабыл­да­мау ту­ралы мәсе­лені Рес­публи­каның Пре­зиденті он күн мерзімде қарай­ды.

5. Ор­ны­нан түсуді қабыл­дау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқта­тылғанын білдіреді. Премьер-Ми­нистрдің ор­ны­нан түсуін қабыл­дау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқта­тылғанын білдіреді.

6. Үкіметтің не­месе оның мүшесінің ор­ны­нан түсуі қабыл­данбаған жағдай­да Пре­зидент оған міндет­терін одан әрі жүзе­ге асы­руды тап­сы­рады.

7. Рес­публи­каның Пре­зиденті өз бас­та­масы бойын­ша Үкіметтің өкілеттігін тоқта­ту ту­ралы шешім қабыл­дауға және оның кез кел­ген мүшесін қыз­меттен бо­сатуға хақылы. Премьер-Ми­нистрді қыз­метінен бо­сату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқта­тылғанын білдіреді32.



VІ бөлім
КОНС­ТИ­ТУЦИ­ЯЛЫҚ КЕҢЕС


1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ялық Кеңесі жеті мүше­ден тұра­ды, олар­дың өкілеттігі ал­ты жылға со­зыла­ды. Рес­публи­каның экс-Пре­зидент­тері құқығы бойын­ша ғұмыр бойы Конс­ти­туци­ялық Кеңестің мүше­лері бо­лып та­была­ды.

2. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің Төрағасын Рес­публи­каның Пре­зиденті тағайын­дай­ды және да­уыс тең бөлінген жағдай­да оның да­усы ше­шуші бо­лып та­была­ды.

3. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің екі мүшесін — Рес­публи­ка Пре­зиденті, екі-екі мүше­ден тиісінше Се­нат пен Мәжіліс тағайын­дай­ды. Конс­ти­туци­ялық Кеңес мүше­лерінің жар­ты­сы әрбір үш жыл сайын жаңар­ты­лып оты­рады.

4. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қыз­меті де­путат­тық ман­датпен, оқыту­шылық, ғылы­ми не­месе өзге шығар­ма­шылық қыз­меттерді қос­паған­да, өзге де ақы төле­нетін жұмыс­ты атқару­мен, кәсіпкерлікпен ай­на­лысу­мен, ком­мерци­ялық ұйым­ның бас­шы ор­га­нының не­месе байқаушы кеңесінің құра­мына кіру­мен сыйыс­пай­ды.

5. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің Төрағасы мен мүше­лерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әке­луге, оған сот тәртібімен белгіле­нетін әкімшілік жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға, қыл­мыс үстінде ұсталған не­месе ауыр қыл­мыстар жа­саған рет­терді қос­паған­да, Пар­ла­менттің келісімінсіз қыл­мыстық жа­уапқа тар­туға бол­май­ды.

6. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің ұйым­дасты­рылуы мен қыз­меті конс­ти­туци­ялық заңмен рет­те­леді33.

1. Конс­ти­туци­ялық Кеңес Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің, Се­нат Төрағасы­ның, Мәжіліс Төрағасы­ның, Пар­ла­мент де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде бес­тен бір бөлігінің, Премьер-Ми­нистрдің өтініші бойын­ша:
1) дау туған жағдай­да Рес­публи­ка Пре­зидентінің, Пар­ла­мент де­путат­та­рының сай­ла­уын өткізудің дұрыс­тығы және рес­публи­калық ре­ферен­дум өткізу ту­ралы мәсе­лені ше­шеді;
2) Пар­ла­мент қабыл­даған заңдар­дың Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы­на сәй­кестігін Пре­зидент қол қойғанға дейін қарай­ды;
Пар­ла­мент және оның па­лата­лары қабыл­даған қаулы­лар­дың Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы­на сәй­кестігін қарай­ды;
3) Рес­публи­каның ха­лықара­лық шарт­та­рын бекіткен­ге дейін олар­дың Конс­ти­туцияға сәй­кестігін қарай­ды;
4) Конс­ти­туци­яның нор­ма­лары­на рес­ми түсіндірме бе­реді;
5) Конс­ти­туци­яның 1 және көздел­ген рет­терде қоры­тын­ды­лар бе­реді.
2. Конс­ти­туци­ялық Кеңес сот­тардың өтініштерін Конс­ти­туци­яның белгілен­ген рет­терде қарай­ды34.

1. Конс­ти­туци­ялық Кеңес­ке Конс­ти­туци­яның 1) -тар­мақша­сын­да көрсетілген мәсе­лелер бойын­ша өтініш жа­салған рет­те, Пре­зиденттің қыз­метіне кірісуі, Пар­ла­менттің сай­ланған де­путат­та­рын тіркеу не рес­публи­калық ре­ферен­думның нәти­желерін шығару тоқта­тыла тұра­ды.

2. Конс­ти­туци­ялық Кеңес­ке Конс­ти­туци­яның 2) және 3) -тар­мақша­ларын­да көрсетілген мәсе­лелер бойын­ша өтініш жа­салған рет­те, тиісті актілер­ге қол қою не олар­ды бекіту мерзімінің өтуі тоқта­тыла тұра­ды.

3. Конс­ти­туци­ялық Кеңес өтініштер түскен күннен бас­тап бір ай ішінде өз шешімін шығара­ды. Егер мәсе­ле кейінге қал­ды­руға бол­май­тын бол­са, Рес­публи­ка Пре­зидентінің та­лабы бойын­ша бұл мерзім он күнге дейін қысқар­ты­луы мүмкін.

4. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің шешіміне то­лығымен не­месе бір бөлігіне Рес­публи­каның Пре­зиденті қар­сы­лық білдіруі мүмкін, бұл қар­сы­лық Конс­ти­туци­ялық Кеңес мүше­лері жал­пы са­нының үштен екісінің да­усы­мен еңсеріледі. Пре­зидент қар­сы­лығы еңсерілме­ген жағдай­да, Конс­ти­туци­ялық Кеңестің шешімі қабыл­данба­ды деп есеп­те­леді.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­на сәй­кес емес деп та­нылған заңдар мен ха­лықара­лық шарт­тарға қол қойыл­май­ды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.

2. Конс­ти­туци­ялық емес деп та­нылған, оның ішінде адам­ның және аза­мат­тың Конс­ти­туци­яда ба­ян­ды етілген құқықта­ры мен бос­тандықта­рына нұқсан келтіреді деп та­нылған заңдар мен өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілердің күші жойыла­ды және қол­да­нылуға жат­пай­ды.

3. Конс­ти­туци­ялық Кеңестің шешімдері қабыл­данған күннен бас­тап күшіне енеді, Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да жал­пыға бірдей міндетті, түпкілікті бо­лып та­была­ды және шағым­да­нуға жат­пай­ды35.



VІІ бөлім
СОТ­ТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ


1. Қазақстан Рес­публи­касын­да сот төрелігін тек сот қана жүзе­ге асы­рады.

2. Сот билігі сот­та іс жүргізудің аза­мат­тық, қыл­мыстық және заңмен белгілен­ген өзге де ны­сан­да­ры арқылы жүзе­ге асы­рыла­ды. Заңда көздел­ген жағдай­лар­да қыл­мыстық сот ісін жүргізу алқаби­лердің қаты­су­ымен жүзе­ге асы­рыла­ды.

3. Заңмен құрылған Рес­публи­каның Жоғарғы Со­ты, Рес­публи­каның жергілікті және басқа да сот­та­ры Рес­публи­каның сот­та­ры бо­лып та­была­ды.

4. Рес­публи­каның сот жүйесі Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы­мен және конс­ти­туци­ялық заңмен белгіле­неді. Қан­дай да бір ата­умен ар­на­улы және төтен­ше сот­тарды құруға жол берілмейді36.

1. Сот билігі Қазақстан Рес­публи­касы­ның аты­нан жүзе­ге асы­рыла­ды және өзіне аза­мат­тар мен ұйым­дардың құқықта­рын, бос­тандықта­ры мен заңды мүдде­лерін қорғауды, Рес­публи­каның Конс­ти­туци­ясы­ның, заңда­рының, өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілерінің, ха­лықара­лық шарт­та­рының орын­да­лу­ын қам­та­масыз етуді мақсат етіп қояды.

2. Сот билігі Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы­ның, заңда­рының, өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілерінің, ха­лықара­лық шарт­та­рының негізінде ту­ын­дай­тын бар­лық істер мен да­уларға қол­да­ныла­ды.

3. Сот­тар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулы­лары­ның Рес­публи­каның бүкіл аумағын­да міндетті күші бо­лады.

1. Судья сот төрелігін іске асы­ру кезінде тәуелсіз және Конс­ти­туция мен заңға ғана бағына­ды.

2. Сот төрелігін іске асы­ру жөніндегі сот­тың қыз­метіне қан­дай да бол­сын ара­ласуға жол берілмейді, және ол заң бойын­ша жа­уап­кершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойын­ша судьялар есеп бер­мейді.

3. Заңды қол­данған кез­де судья төмен­дегі прин­циптерді бас­шы­лыққа алуға тиіс:
1) адам­ның кінәлі екендігі заңды күшіне ен­ген сот үкімімен та­нылған­ша ол жа­салған қыл­мысқа кінәлі емес деп есеп­те­леді;
2) бір құқық бұзу­шылық үшін ешкімді де қай­та­дан қыл­мыстық не­месе әкімшілік жа­уапқа тар­туға бол­май­ды;
3) өзіне заңмен көздел­ген сот­ты­лығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгер­туіне бол­май­ды;
4) сот­та әркім өз сөзін тыңда­туға құқылы;
5) жа­уап­кершілікті белгілейтін не­месе күшей­тетін, аза­мат­тарға жаңа міндет­те­мелер жүктейтін не­месе олар­дың жағдайын на­шар­ла­татын заңдар­дың кері күші бол­май­ды. Егер құқық бұзу­шылық жа­салған­нан кейін ол үшін жа­уап­кершілік заңмен алы­нып тас­талса не­месе жеңілдетілсе, жаңа заң қол­да­ныла­ды;
6) айып­та­лушы өзінің кінәсіздігін дәлел­де­уге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбы­на) және заңмен белгілен­ген шек­тегі жақын ту­ыс­та­рына қар­сы айғақ бе­руге міндетті емес. Діни қыз­метшілер өздеріне сеніп сы­рын ашқан­дарға қар­сы куәгер бо­луға міндетті емес;
8) адам­ның кінәлі екендігі жөніндегі кез кел­ген күдік айып­та­лушы­ның пай­да­сына қарас­ты­рыла­ды;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтар­дың заңды күші бол­май­ды. Ешкім өзінің же­ке мойын­да­уы негізінде ғана сот­та­луға тиіс емес;
10) қыл­мыстық заңды ұқсас­тығына қарай қол­да­нуға жол берілмейді.

4. Конс­ти­туци­ямен белгілен­ген сот төрелігінің прин­циптері Рес­публи­каның бар­лық сот­та­ры мен судьяла­рына ор­тақ және бірыңғай бо­лып та­была­ды.

Сот­тардың Конс­ти­туци­ямен ба­ян­ды етілген адам­ның және аза­мат­тың құқықта­ры мен бос­тандықта­рына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілерді қол­да­нуға хақысы жоқ. Егер сот қол­да­нылуға тиісті заң не­месе өзге де нор­ма­тивтік құқықтық акт Конс­ти­туци­ямен ба­ян­ды етілген адам­ның және аза­мат­тың құқықта­ры мен бос­тандықта­рына нұқсан келтіреді деп тап­са, іс жүргізуді тоқта­та тұруға және осы актіні конс­ти­туци­ялық емес деп та­ну ту­ралы ұсы­ныс­пен Конс­ти­туци­ялық Кеңес­ке жүгіну­ге міндетті.

1. Сот­тар тұрақты судьялар­дан тұра­ды, олар­дың тәуелсіздігі Конс­ти­туци­ямен және заңмен қорғала­ды. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгілен­ген негіздер бойын­ша ғана тоқта­тылуы не­месе кідіртілуі мүмкін.

2. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әке­луге, оған сот тәртібімен белгіле­нетін әкімшілік жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға, қыл­мыс үстінде ұсталған не­месе ауыр қыл­мыс жа­саған рет­терді қос­паған­да, Рес­публи­ка Жоғары Сот Кеңесінің қоры­тын­ды­сына негіздел­ген Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің келісімінсіз не Конс­ти­туци­яның 3) -тар­мақша­сын­да белгілен­ген жағдай­да, — Се­нат­тың келісімінсіз қыл­мыстық жа­уапқа тар­туға бол­май­ды.

3. Рес­публи­каның жи­ыр­ма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң ма­ман­дығы бойын­ша кемінде екі жыл жұмыс ста­жы бар және біліктілік ем­ти­ханын тап­сырған аза­мат­та­ры судья бо­ла ала­ды. Рес­публи­ка сот­та­рының судьяла­рына заң бойын­ша қосым­ша та­лап­тар белгіле­нуі мүмкін.

4. Судьяның қыз­меті де­путат­тық ман­датпен, оқыту­шылық, ғылы­ми не­месе өзге шығар­ма­шылық қыз­меттерді қос­паған­да, өзге де ақы төле­нетін жұмыс­ты атқару­мен, кәсіпкерлікпен ай­на­лысу­мен, ком­мерци­ялық ұйым­ның бас­шы ор­га­нының не­месе байқаушы кеңесінің құра­мына кіру­мен сыйыс­пай­ды.

Сот­тарды қар­жы­лан­ды­ру, судьялар­ды тұрғын үй­мен қам­та­масыз ету рес­публи­калық бюд­жет қара­жаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін то­лық әрі тәуелсіз жүзе­ге асы­ру мүмкіндігін қам­та­масыз ету­ге тиіс.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Жоғарғы Со­ты аза­мат­тық, қыл­мыстық, жергілікті және басқа да сот­тарда қара­латын өзге де істер жөніндегі жоғары сот ор­га­ны бо­лып та­была­ды, заңда көздел­ген іс жүргізу ны­сан­да­рын­да олар­дың қыз­метін қадағала­уды жүзе­ге асы­рады, сот прак­ти­касы­ның мәсе­лелері бойын­ша түсінікте­мелер беріп оты­рады37.

1. Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Со­тының Төрағасын және судьяла­рын Жоғары Сот Кеңесінің кепілде­месіне негіздел­ген Рес­публи­ка Пре­зидентінің ұсы­ну­ымен Се­нат сай­лай­ды.

2. Жергілікті және басқа да сот­тардың төрағала­ры мен судьяла­рын Жоғары Сот Кеңесінің кепілде­месі бойын­ша Рес­публи­ка Пре­зиденті қыз­метке тағайын­дай­ды.

3. Сот­тарда конс­ти­туци­ялық заңға сәй­кес сот алқала­ры құры­луы мүмкін. Сот алқала­ры төрағала­рына өкілеттіктер бе­ру тәртібі конс­ти­туци­ялық заңмен белгіле­неді.

4. Жоғары Сот Кеңесі Рес­публи­ка Пре­зиденті тағайын­дай­тын Төрағадан және басқа да адам­дардан құра­лады.

5. Жоғары Сот Кеңесінің мәрте­бесі және жұмы­сын ұйым­дасты­ру заңмен белгіле­неді38.

1. Про­кура­тура мем­ле­кет аты­нан Рес­публи­каның аумағын­да заңдар­дың, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті жар­лықта­рының және өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қол­да­нылу­ын, же­дел-іздестіру қыз­метінің, анықтау мен тер­ге­удің, әкімшілік және орын­да­ушы­лық іс жүргізудің заңды­лығын жоғары қадағала­уды жүзе­ге асы­рады, заңды­лықтың кез кел­ген бұзы­лу­ын анықтау мен жою жөнінде ша­ралар қол­да­нады, сон­дай-ақ Рес­публи­ка Конс­ти­туци­ясы мен заңда­рына қай­шы ке­летін заңдар мен басқа да құқықтық актілер­ге на­разы­лық білдіреді. Про­кура­тура сот­та мем­ле­кет мүддесін білдіреді, сон­дай-ақ заңмен белгілен­ген жағдай­да, тәртіпте және шек­те қыл­мыстық қуғын­да­уды жүзе­ге асы­рады.

2. Рес­публи­ка Про­кура­тура­сы төменгі про­курор­ларды жоғары тұрған про­курор­ларға және Рес­публи­ка Бас Про­куро­рына бағын­ды­ра оты­рып, бірыңғай ор­та­лықтан­ды­рылған жүйе құрай­ды. Ол өз өкілеттігін басқа мем­ле­кеттік ор­гандар­дан, ла­уазым­ды адам­дардан тәуелсіз жүзе­ге асы­рады және Рес­публи­ка Пре­зидентіне ғана есеп бе­реді.

3. Рес­публи­каның Бас Про­куро­рын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әке­луге, оған сот тәртібімен әкімшілік жа­залау ша­рала­рын қол­да­нуға, қыл­мыс үстінде ұсталған не­месе ауыр қыл­мыстар жа­саған рет­терді қос­паған­да, Се­нат­тың келісімінсіз қыл­мыстық жа­уапқа тар­туға бол­май­ды. Бас Про­курор өкілеттігінің мерзімі бес жыл.

4. Рес­публи­ка про­кура­тура­сының құзы­реті, ұйым­дасты­рылуы мен қыз­мет тәртібі заңмен белгіле­неді.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен алы­нып тас­талды.



VІІІ бөлім
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМ­ЛЕ­КЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ


85-бап

Жергілікті мем­ле­кеттік басқару­ды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жа­уап­ты жергілікті өкілді және атқару­шы ор­гандар жүзе­ге асы­рады.

1. Жергілікті өкілді ор­гандар — мәсли­хат­тар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі ха­лықтың еркін білдіреді және жал­пы­мем­ле­кеттік мүдде­лерді ес­ке­ре оты­рып, оны іске асы­руға қажетті ша­ралар­ды белгілейді, олар­дың жүзе­ге асы­рылу­ын бақылай­ды.

2. Мәсли­хат­тарды жал­пыға бірдей, тең, төте сай­лау құқығы негізінде жа­сырын да­уыс бе­ру арқылы бес жыл мерзімге ха­лық сай­лай­ды.

3. Қазақстан Рес­публи­касы­ның жи­ыр­ма жасқа толған аза­маты мәсли­хат де­пута­ты бо­лып сай­ла­на ала­ды. Рес­публи­ка аза­маты бір мәсли­хат­тың ғана де­пута­ты бо­ла ала­ды.

4. Мәсли­хат­тардың қара­уына мы­налар жа­тады:
1) аумақты да­мыту жос­парла­рын, эко­номи­калық және әле­уметтік бағдар­ла­мала­рын, жергілікті бюд­жетті және олар­дың атқары­луы ту­ралы есеп­терді бекіту;
2) өздерінің қара­уына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құры­лыс мәсе­лелерін ше­шу;
3) заңмен мәсли­хат құзы­ретіне жатқызылған мәсе­лелер бойын­ша жергілікті атқару­шы ор­гандар бас­шы­лары­ның есеп­терін қарау;
4) мәсли­хат­тың тұрақты ко­мис­си­яла­рын және өзге де жұмыс ор­ганда­рын құру, олар­дың қыз­меті ту­ралы есеп­терді тыңдау, мәсли­хат жұмы­сын ұйым­дасты­руға бай­ла­ныс­ты өзге де мәсе­лелерді ше­шу;
5) Рес­публи­ка заңда­рына сәй­кес аза­мат­тардың құқықта­ры мен заңды мүдде­лерін қам­та­масыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзе­ге асы­ру.

5. Мәсли­хат­тың өкілеттігін мерзімінен бұрын Рес­публи­ка Пре­зиденті тоқта­тады, сон­дай-ақ мәсли­хат өзін-өзі та­рату ту­ралы шешім қабыл­даған рет­те де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқта­тыла­ды.

6. Мәсли­хат­тардың құзы­реті, ұйым­дасты­рылуы мен қыз­мет тәртібі, олар­дың де­путат­та­рының құқықтық жағдайы заңмен белгіле­неді39.

1. Жергілікті атқару­шы ор­гандар Қазақстан Рес­публи­касы­ның атқару­шы ор­ганда­рының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен да­му қажеттілігін ұштас­ты­ра оты­рып, атқару­шы биліктің жал­пы мем­ле­кеттік са­яса­тын жүргізуді қам­та­масыз етеді.

2. Жергілікті атқару­шы ор­гандар­дың қара­уына мы­налар жа­тады:
1) аумақты да­мыту жос­парла­рын, эко­номи­калық және әле­уметтік бағдар­ла­мала­рын, жергілікті бюд­жетті әзірлеу және олар­дың атқары­лу­ын қам­та­масыз ету;
2) ком­му­нал­дық меншікті басқару;
3) жергілікті атқару­шы ор­гандар­дың бас­шы­ларын қыз­метке тағайын­дау және қыз­меттен бо­сату, жергілікті атқару­шы ор­гандар­дың жұмы­сын ұйым­дасты­руға бай­ла­ныс­ты өзге де мәсе­лелерді ше­шу;
4) жергілікті мем­ле­кеттік басқару мүддесіне сай Рес­публи­ка заңда­рымен жергілікті атқару­шы ор­гандарға жүкте­летін өзге де өкілеттіктерді жүзе­ге асы­ру.

3. Жергілікті атқару­шы ор­ганды Рес­публи­ка Пре­зиденті мен Үкіметінің өкілі бо­лып та­была­тын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқара­ды.

4. Об­лыстар­дың, рес­публи­калық маңызы бар қала­лар­дың және ас­та­наның әкімдерін қыз­метке тиісінше об­лыстар­дың, рес­публи­калық маңызы бар қала­лар­дың және ас­та­наның мәсли­хат­та­рының келісімімен Рес­публи­ка Пре­зиденті тағайын­дай­ды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қыз­метке Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті айқын­даған тәртіппен тағайын­да­лады не­месе сай­ла­нады. Рес­публи­ка Пре­зиденті өзінің ұйғаруы бойын­ша әкімдерді қыз­меттерінен бо­сатуға хақылы.

5. Мәсли­хат де­путат­та­рының жал­пы са­нының кемінде бес­тен бірінің бас­та­масы бойын­ша әкімге сенімсіздік білдіру ту­ралы мәсе­ле қойылуы мүмкін. Бұл жағдай­да мәсли­хат өз де­путат­та­рының жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен әкімге сенімсіздік білдіру­ге және оны қыз­метінен бо­сату жөнінде тиісінше Рес­публи­ка Пре­зидентінің не жоғары тұран әкімнің ал­ды­на мәсе­ле қоюға хақылы. Об­лыстар, рес­публи­калық маңызы бар қала­лар және ас­та­на әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сай­ланған Рес­публи­ка Пре­зиденті қыз­метіне кіріскен кез­де тоқта­тыла­ды.

6. Жергілікті атқару­шы ор­гандар­дың құзы­реті, ұйым­дасты­рылуы және олар­дың қыз­мет тәртібі заңмен белгіле­неді40.

1. Мәсли­хат­тар өз құзы­ретіндегі мәсе­лелер бойын­ша шешімдер, ал әкімдер — тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағын­да орын­да­луға міндетті шешімдер мен өкімдер қабыл­дай­ды.

2. Мәсли­хат­тардың жергілікті бюд­жет кірісін қысқар­ту­ды не­месе жергілікті бюд­жет шығысын ұлғай­ту­ды көздейтін шешімдерінің жо­бала­ры әкімнің оң қоры­тын­ды­сы болған кез­де ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

3. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы мен заңда­рына сәй­кес кел­мейтін мәсли­хат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жо­юы мүмкін, сон­дай-ақ олар­дың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

1. Қазақстан Рес­публи­касын­да жергілікті маңызы бар мәсе­лелерді тұрғын ха­лықтың өзі ше­шуін қам­та­масыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару та­ныла­ды.

2. Жергілікті өзін-өзі басқару­ды тұрғын ха­лық тіке­лей жүзе­ге асы­рады, сон­дай-ақ ол мәсли­хат­тар және ха­лық топ­та­ры жи­нақы тұра­тын аумақтар­ды қам­ти­тын жергілікті қоғам­дастықтар­дағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­ры арқылы жүзе­ге асы­рыла­ды.
Жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рына мем­ле­кеттік функ­ци­ялар­ды жүзе­ге асы­ру заңға сәй­кес берілуі мүмкін.

3. Қазақстан­да жергілікті өзін-өзі басқару­ды ұйым­дасты­ру мен олар­дың қыз­меті заңмен рет­те­леді.

4. Жергілікті өзін-өзі басқару ор­ганда­рының дер­бестігіне олар­дың заңмен белгілен­ген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі41.



ІX бөлім
ҚОРЫ­ТЫН­ДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕ­ЖЕЛЕР

1. Рес­публи­калық ре­ферен­думда қабыл­данған Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы ре­ферен­дум нәти­желері рес­ми түрде жа­ри­яланған күннен бас­тап күшіне енеді, сол мезгілден бас­тап бұрынғы қабыл­данған Қазақстан Рес­публи­касы Конс­ти­туци­ясы­ның күші жойыла­ды.

2. Рес­публи­калық ре­ферен­думда Конс­ти­туция қабыл­данған күн мем­ле­кеттік ме­реке — Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы Күні деп жа­ри­яла­нады.

1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­на Рес­публи­ка Пре­зидентінің өз бас­та­масы­мен, Пар­ла­менттің не­месе Үкіметтің ұсы­нысы­мен қабыл­данған шешімі бойын­ша өткізілетін рес­публи­калық ре­ферен­дум өзгер­ту­лер мен то­лықты­рулар енгізуі мүмкін. Егер Пре­зидент оны Пар­ла­менттің қара­уына бе­ру қажет деп ұйғар­са, Конс­ти­туцияға енгізілетін өзгер­ту­лер мен то­лықты­рулар жо­басы рес­публи­калық ре­ферен­думға шығарыл­май­ды. Мұндай жағдай­да Пар­ла­менттің шешімі Конс­ти­туци­яда белгілен­ген тәртіппен қабыл­да­нады. Егер Рес­публи­ка Пре­зиденті Конс­ти­туцияға өзгерістер мен то­лықты­рулар­ды рес­публи­калық ре­ферен­думға шығару ту­ралы Пар­ла­менттің ұсы­нысын қабыл­да­май тас­та­са, он­да Пар­ла­мент Па­лата­лары­ның әрқай­сы­сының де­путат­та­ры жал­пы са­нының кемінде бес­тен төртінің көпшілік да­усы­мен Пар­ла­мент осы өзгерістер мен то­лықты­рулар­ды Конс­ти­туцияға енгізу ту­ралы заң қабыл­дауға хақылы. Мұндай жағдай­да Рес­публи­ка Пре­зиденті осы заңға қол қояды не­месе оны рес­публи­калық ре­ферен­думға шығара­ды, егер рес­публи­калық ре­ферен­думға қаты­суға құқығы бар Рес­публи­ка аза­мат­та­рының жар­ты­сынан ас­та­мы да­уыс бе­руге қатыс­са, ол өткізілді деп есеп­те­леді. Рес­публи­калық ре­ферен­думға шығарылған Конс­ти­туцияға өзгерістер мен то­лықты­рулар, егер олар үшін об­лыстар­дың, рес­публи­калық маңызы бар қала­лар­дың және ас­та­наның кемінде үштен екісінде да­уыс бе­руге қатысқан аза­мат­тардың жар­ты­сынан ас­та­мы жақтап да­уыс бер­се, қабыл­данды деп есеп­те­леді.

2. Конс­ти­туци­яда белгілен­ген мем­ле­кеттің біртұтас­тығын және аумақтық тұтас­тығын, Рес­публи­каны басқару ны­санын өзгер­ту­ге бол­май­ды42.

1. Конс­ти­туци­ялық заңдар Конс­ти­туция күшіне ен­ген күннен бас­тап бір жыл ішінде қабыл­да­нуға тиіс. Егер Конс­ти­туци­яда конс­ти­туци­ялық деп аталған заңдар не­месе заң күші бар актілер ол күшіне ен­ген кез­де қабыл­да­нып қойған бол­са, он­да олар Конс­ти­туцияға сәй­кес келтіріледі де, Қазақстан Рес­публи­касы­ның конс­ти­туци­ялық заңда­ры деп есеп­те­леді.

2. Конс­ти­туци­яда аталған өзге заңдар Пар­ла­мент белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ Конс­ти­туция күшіне ен­ген күннен бас­тап екі жыл­дан кешіктірілмей қабыл­да­нуға тиіс.

3. Рес­публи­ка Пре­зидентінің өзіне берілген қосым­ша өкілеттікті жүзе­ге асы­ру мерзімі ішінде «Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті мен жергілікті әкімдер­ге уақыт­ша қосым­ша өкілеттік бе­ру ту­ралы» 1993 жылғы 10 жел­тоқсан­дағы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Заңына сәй­кес шыққан және заң күші бар Жар­лықта­ры Рес­публи­ка заңда­рын өзгер­ту, то­лықты­ру не­месе күшін жою үшін көздел­ген тәртіппен ғана өзгертілуі, то­лықты­рылуы не­месе күшін жо­юы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтар­да қабыл­данған Қазақстан Рес­публи­касы Конс­ти­туци­ясы­ның 18 және көздел­ген мәсе­лелер бойын­ша өзіне берілген қосым­ша өкілеттікті жүзе­ге асы­ру мерзімі ішінде шыққан Рес­публи­ка Пре­зидентінің Жар­лықта­ры Рес­публи­ка Пар­ла­ментінің бекітуіне жат­пай­ды.

4. Конс­ти­туция күшіне ен­ген кез­де қол­да­нылып жүрген Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңда­ры оған қай­шы кел­мейтін бөлігінде қол­да­ныла­ды және Конс­ти­туция қабыл­данған күннен бас­тап екі жыл ішінде оған сәй­кес келтірілу­ге тиіс.

Конс­ти­туци­яның жүзе­ге асы­ру мақса­тын­да Үкімет, жергілікті өкілді және атқару­шы ор­гандар, ар­на­улы заңға сәй­кес, Қазақстан Рес­публи­касы­ның бар­лық аза­мат­та­ры мем­ле­кеттік тілді еркін әрі тегін меңге­руі үшін қажетті ұйым­дасты­рушы­лық, ма­тери­ал­дық және тех­ни­калық жағдай­дың бәрін жа­сауға міндетті.

1. Конс­ти­туция күшіне ен­ген кез­де қол­да­нылып жүрген Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңда­рына сәй­кес сай­ланған Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Конс­ти­туция белгіле­ген Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің өкілеттіктеріне ие бо­лады және олар­ды 1995 жылғы 29 сәуірде рес­публи­калық ре­ферен­думда қабыл­данған шешім бойын­ша белгілен­ген мерзім ішінде жүзе­ге асы­рады. Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің келісімімен Рес­публи­ка Пре­зиденті өкілеттігінің қазіргі мерзімі Рес­публи­ка Пар­ла­менті Па­лата­лары­ның бірлес­кен оты­рысын­да Па­лата­лар­дың әрқай­сы­сының де­путат­та­ры жал­пы са­нының көпшілік да­усы­мен қабыл­данған Рес­публи­ка Пар­ла­ментінің қаулы­сымен қысқар­ты­луы мүмкін. Мұндай жағдай­да Пар­ла­мент Мәжілісі бір ай ішінде Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің сай­ла­уын тағайын­дай­ды. Осы сай­ла­удың қоры­тын­ды­лары бойын­ша сай­ланған Рес­публи­ка Пре­зиденті сай­лау қоры­тын­ды­лары жа­ри­яланған күннен бас­тап бір ай ішінде ант бе­реді және жеті жыл­дан кейін жел­тоқсан­ның бірінші жек­сенбісінде өткізілу­ге тиіс ке­зекті Пре­зидент сай­ла­уын­да сай­ланған Рес­публи­ка Пре­зиденті қыз­метіне кіріскен­ге дейін өз өкілеттігін жүзе­ге асы­рады.

2. Конс­ти­туция күшіне ен­ген кез­де қол­да­нылып жүрген Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңда­рына сәй­кес сай­ланған Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ви­це-Пре­зиденті өзі сай­ланған мерзім аяқталғанға дейін өкілеттігін сақтай­ды43.

94–1-бап

Конс­ти­туци­яның Рес­публи­ка Пре­зидентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ере­жесі 2005 жылғы 4 жел­тоқсан­дағы сай­ла­уда сай­ланған Рес­публи­ка Пре­зидентінің жеті жыл­дық өкілеттік мерзімінің аяқта­лу­ына бай­ла­ныс­ты өткізілетін пре­зиденттік сай­лау қоры­тын­ды­сы бойын­ша Рес­публи­ка Пре­зиденті бо­лып сай­ланған адамға қол­да­ныла­тын бо­лады44.

1. Бірінші сай­ланған Се­нат де­путат­та­рының жар­ты­сы төрт жыл мерзімге, де­путат­тардың екінші жар­ты­сы екі жыл мерзімге конс­ти­туци­ялық заңмен белгілен­ген тәртіппен сай­ла­нады.

2. Қазақстан Рес­публи­касы Конс­ти­туци­ясы­ның Пар­ла­мент Мәжілісі де­путат­та­рын пар­ти­ялық тізімдер негізінде сай­лау ту­ралы ере­желері екінші шақыры­латын Пар­ла­мент Мәжілісі де­путат­та­рын сай­ла­удан бас­тап қол­да­ныла­ды45.

Конс­ти­туция күшіне ен­ген күннен бас­тап Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ми­нист­рлер Ка­бинеті он­да белгілен­ген Қазақстан Рес­публи­касы Үкіметінің құқықта­рына, міндет­тері мен жа­уап­кершілігіне ие бо­лады.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ялық Кеңесінің бірінші құра­мы бы­лай­ша құры­лады: Рес­публи­ка Пре­зиденті, Пар­ла­мент Се­наты­ның Төрағасы мен Пар­ла­мент Мәжілісінің Төрағасы Конс­ти­туци­ялық Кеңестің мүше­лерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конс­ти­туци­ялық Кеңестің мүше­лерінен бір бірден ал­ты жыл мерзімге тағайын­дай­ды, Конс­ти­туци­ялық Кеңестің Төрағасын Рес­публи­ка Пре­зиденті ал­ты жыл мерзімге тағайын­дай­ды.

1. Конс­ти­туци­яда көздел­ген сот төрелігі мен тер­геу ор­ганда­ры тиісті заңдар­да көздел­ген тәртіп пен мерзімде құры­лады. Олар құрылғанға дейін жұмыс істеп тұрған сот төрелігі мен тер­геу ор­ганда­ры өз өкілеттіктерін сақтай­ды.

2. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Жоғарғы Со­тының және Жоғары Төрелік Со­тының, жергілікті сот­тардың судьяла­ры Конс­ти­туци­яда көздел­ген сот­тар құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтай­ды. Судьялар­дың бос орын­да­ры Конс­ти­туци­яда белгілен­ген тәртіппен то­лықты­рыла­ды.



1 2—бап­тың Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

2 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен 1 және өзгер­ту­лер енгізілді.

3 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді.

4 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

5 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

6 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді.

7 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді.

8 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2011 жылғы 2 ақпан­дағы № Заңымен 3–1-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды.

9 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен өзгер­ту­лер енгізілді.

10 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды.

11 44 — бап­тың 1), 2), 3), 4), 5), 7), 20) тар­мақша­лары Қазақстан Рес­публи­касын­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да беріліп, 13), 16) тар­мақша­лары­на өзгер­ту­лер енгізілді.

12 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды.

13 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды.

14 48- бап Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

15 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

16 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды; 2 және Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

17 1, 3, 4, Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

18 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді;52-бап­тың Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

19 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

20 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

21 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен 1) тар­мақша­сына өзгер­ту енгізілді, 5,6) тар­мақша­лары Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

22 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

23 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен 7) тар­мақша­сына то­лықты­ру енгізілді; 1) және 6) тар­мақша­лары Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

24 7) тар­мақша­сы Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

25 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

26 1,7 — тар­мақта­ры Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да; Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен 5–1-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды, то­лықты­ру енгізілді.

27 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

28 63- бап Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

29 2- тар­мағы Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

30 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен 2) тар­мақша­сына өзгер­ту енгізілді.

31 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да; Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

32 1 және Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да; Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен екінші сөй­лемі алы­нып тас­талды.

33 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

34 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен тар­мақша­мен то­лықты­рыл­ды.

35 2- тар­мағы Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

36 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды; Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен 2 және өзгер­ту­лер енгізілді.

37 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді.

38 82- бап Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

39 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен өзгер­ту енгізілді, Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

40 4 және Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

41 2 және 3- тар­мақта­ры Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

42 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен то­лықты­рыл­ды; соңғы сөй­лемі Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңының ре­дак­ци­ясын­да.

43 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен то­лықты­ру енгізілді.

44 азақстан Рес­публи­касы­ның 2007 жылғы 21 ма­мыр­дағы № Заңымен 94–1- бап­пен то­лықты­рыл­ды.

45 Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1998 жылғы 7 қазан­дағы № Заңымен то­лықты­ру енгізілді.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: