Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні

Жыл сайын Қазақстан­да және бүкіл әлем­де БҰҰ Ре­золю­ци­ясы­на сәй­кес қара­шаның үшінші де­малыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбан­да­рын ес­ке алу күнін атап өтеді.

Жыл сайын жол-көлік оқиғала­рының құрбан­да­рын ес­ке алу иде­ясы, осы күнді 1993 жыл­дан бас­тап атап өтіп ке­ле жатқан «Ro­ad­Pe­ace» ұлыб­ри­тан­дық ЖКЕ құрбан­да­рына көмек көрсе­ту қайырым­ды­лық қоры­нан ту­ын­да­ды.

Ак­ци­яның мақса­ты:

· жол­дарда қаза бо­лу, жа­рақат­та­нудың жан түршігерлік ауқымы­на және бар­лық жол қозғалы­сы қаты­сушы­лары­ның ықти­мал қауіп-қатеріне на­зар ауда­ру;

· апат­ты­лықтың ал­дын алу және жол­дарда құқық бұзу­шылықтарға қатаңда­тылған қар­сы іс-қимыл­ды алғашқы жос­парға шығару;

· өза­ра сый­лас­тық, жол­да қауіпсіздік ере­жесін сақтау, жүргізушілердің мәде­ни­етін арт­ты­ру тұрғысы­нан жол қозғалы­сы қаты­сушы­лары­ның са­насын өзгер­ту­де әлу­етті қоғам­дық қол­дау көрсе­ту;

· ЖКЕ-да қай­тыс болған­да­ры ес­ке алу және ауыр қазаға ұшы­раған от­ба­сыла­рының қайғысы­на ор­тақта­су;

Осыған бай­ла­ныс­ты, 2011 жыл­дың 14–20 қара­ша ара­лығын­да ІІМ «Қауіпсіз жол қозғалы­сының ап­та­лығы» ат­ты рес­публи­калық кең көлемді ак­ци­ясын өткізуді жос­парла­ды, оның шеңберінде Жол қозғалы­сы ере­желерін сақтауға және на­сихат­тауға, жол-көлік жа­рақат­та­ну­ының ал­дын алуға бағыт­талған бірқатар іс-ша­ралар өткізіледі (іс-ша­ралар тізімі қосым­ша­да).

Қазақстан Рес­публи­касы ІІМ-нің Жол по­лици­ясы ко­митеті бар­лық жүргізушілер­ге 20 қара­шада ЖКО құрбан­да­рын ес­ке алу күні, ын­ты­мақтас­тық және қол­дау белгісі ретінде ав­то­мобиль­де фар­дың жақын жа­рығын қосып, түсте (жергілікті уақыт бойын­ша сағат 12-де) ав­то­мобильдің ды­быс бе­ру сиг­на­лын ба­су­ына, осы­лай­ша ЖКО-да зар­дап шек­кендерді ес­ке алуға шақыра­ды.


«Қауіпсіз жол қозғалы­сының ап­та­лығы» ак­ци­ясын өткізу кезінде жос­парланған іс-ша­ралар тізімі:

1. Дүй­сенбі, 14 қара­ша: Ба­лалар­дың жа­рық шағылыс­ты­ратын эле­мент­терді (фли­кер­лер) пай­да­лану қажеттілігіне ере­сек­тердің на­зарын ауда­руға бағыт­талған «Айқын бол!» на­сихат ак­ци­ясы. Жол­дардағы қозғалыс кезінде жа­яу жүргіншілердің же­ке қауіпсіздігі құра­лы ретінде жа­рық шағылыс­ты­ратын құрал­дарды алып жүруді та­ратуға бағыт­талған «Қамқор ана» кон­курсын өткізу­ге бо­лады. Кон­курс шар­ты: ана­лар жа­рық түсіретін эле­мент­тер­мен көркем­делген өз ба­лала­рының киімдерін ұсы­ну қажет.

2. Сей­сенбі, 15 қара­ша: «Өза­ра түсіністік күні» — бұл күні сап­тық бөліністердің қыз­меті тек қана құқық бұзу­шылықтар­дың ал­дын алуға бағыт­талған. Әкімшілік хат­та­малар тек қана ЖҚЕ-ны өрес­кел бұзған жағдай­лар­да ғана тол­ты­рыла­ды, қалған жағдай­лар­да – тек қана ауыз­ша ес­керту­мен және көрнекілік үгіт әдісте­мелерін та­рату­мен шек­те­леді.

3. Сәрсенбі, 16 қара­ша: «Жол­дарда қауіпсіз қозғалыс үшін – сту­денттік иде­ялар мен бас­та­малар» — әле­уметтік жар­на­ма бойын­ша жас­тар мен сту­дент­тер ара­сын­да шығар­ма­шылық жұмыс­тар кон­курсы (қауіпсіз жол қозғалы­сын қам­та­масыз ету­ге бағыт­талған пла­кат­тар, аудио, бей­не­ролик­тер).

4. Бей­сенбі, 17 қара­ша: «Үздік ав­то­мек­теп» кон­курсы – ав­то­мек­тептердің кур­сант­та­ры ара­сын­да (ЖҚЕ білімі, ЖКЕ кезінде алғашқы ме­дици­налық көмек көрсе­туі, ав­тормо­бильді мәнер­леп жүргізуі және т. б. бағала­нады).

5. Жұма, 18 қара­ша – «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» ак­ци­ясы — ак­ция қаты­сушы­лары (мек­тепке дейінгі ме­кеме­лер­де ба­лалар­ды дайын­дау топ­та­рының тәрби­еле­нушілері, бас­та­уыш сы­нып оқушы­лары) қауіпсіздік тақыры­бын­дағы өздерінің үндеу-шығар­ма­ларын, су­рет­тері мен апп­ли­каци­яла­рын жол­дарда ЖҚЕ бұзған жүргізушілер­ге ұсы­нады.

6. Сенбі, 19 қара­ша – «Біз өмірге се­неміз!» ак­ци­ясы – ав­тоспорт бойын­ша жа­рыс­тар («Ав­то­рал­ли», «Бай­кер-шоу», «Ав­то­леди», «Мем­ле­кеттік ор­гандар­да жұмыс жа­сай­тын жүргізушілер ара­сын­да мәнер­леп ай­дау», «Үздік ЖПҚ инс­пек­то­ры» және т. б.).

7. Жек­сенбі, 20 қара­шаБүкіләлемдік ЖКО құрбан­да­рын ес­ке алу күні. Бұл күні мы­надай іс-ша­ралар өткізу жос­парланған:

- көлік құрал­да­рының жүргізушілері үшін ын­ты­мақтас­тық және қол­дау белгісі ретінде ав­то­мобиль­дер­де фар­дың жақын жа­рығын қосу;

— «Қара толқын» ак­ци­ясы – қара түсті көліктердің тізбегі елді ме­кен­дердің көше­лері бойын­ша ба­яу жүріп өтеді, со­дан кейін ас­панға қара және ақ түсті шар­лар жібе­реді;

- жол по­лици­ясы бөліністерінің же­ке құра­мы мен жал­пы ха­лықтың қан тап­сы­ру ак­ци­ясы, бұл қоғам­ды жол апат­та­рының нәти­желеріне көңіл бөлуіне, ЖКЕ құрбан­да­рына көмек көрсе­ту қажеттілігі ту­ралы жа­ри­ялауға және жол қозғалы­сы қаты­сушы­ларын өза­ра іс-қимыл жа­сасуға тар­ту­ына, жол­дарда жол қозғалы­сы қауіпсіздігін сақтау және жүргізуші мәде­ни­етін арт­ты­ру­ына ықпал етеді;

— жүргізушілер­ге ЖҚҚ бойын­ша ар­найы жад­на­малар мен ын­ты­мақтас­тық және ЖКЕ құрбан­да­рын ес­ке алу күнін қол­дау белгісі ретінде ақ лен­та­лар та­рату;

— «Ес­ке алу ал­ле­ясы» ак­ци­ясы – ЖКЕ-да қай­тыс болған­дарды ес­ке алу үшін са­ябақта тал­дар отырғызу.

АНЫҚТА­МА: Та­рихи анықта­малық.

Жыл сайын жол-көлік оқиғала­рының құрбан­да­рын ес­ке алу иде­ясы, осы күнді 1993 жыл­дан бас­тап атап өтіп ке­ле жатқан «Ro­ad­Pe­ace» ұлыб­ри­тан­дық ЖКЕ құрбан­да­рына көмек көрсе­ту қайырым­ды­лық қоры­нан ту­ын­да­ды.

1995 жыл­дың ма­мыр айын­да Льеже қала­сын­да (Бель­гия) ЖКЕ құрбан­да­ры Еуро­па Фе­дера­ци­ясы Бас ас­самб­ле­ясы­ның де­легат­та­ры жал­пы ес­ке алу күнін өткізу иде­ясын қол­да­ды.

1996 жы­лы Авс­трия, Люк­сембург, Ни­дер­ланды, Бель­гия, Гер­ма­ния, Гре­ция, Ита­лия, Пор­ту­гали­ямен Ис­па­ни­яның зи­ян шек­кендер­ге көмек көрсе­ту ұйым­да­ры ес­ке алу рәсімдерін өткізді.

Көп жыл­дар бойы ЖКЕ құрбан­да­рының Еуро­па Фе­де­ар­ци­ясы­на қосылған ұйым­дар осы күнді Еуро­палық ЖКЕ құрбан­да­рын ес­ке алу күні ретінде ілгерілетіп, атап өтіп жүрді.

1998 жы­лы ес­ке алу күні Еуро­паның шегінен шығып, басқа да кон­ти­нент­тер­де пай­да бо­ла бас­та­ды.

2004 жы­лы әлем­де көпте­ген іс-ша­ралар өткізіліп, бұл күн бей­рес­ми түрде Бүкіл әлемдік ЖКЕ құрбан­да­рын ес­ке алу күні ретінде әйгілі бол­ды.

Ак­ци­яның мақса­ты:

· жол­дарда қаза бо­лу, жа­рақат­та­нудың жан түршігерлік ауқымы­на және бар­лық жол қозғалы­сы қаты­сушы­лары­ның ықти­мал қауіп-қатеріне на­зар ауда­ру;

· апат­ты­лықтың ал­дын алу және жол­дарда құқық бұзу­шылықтарға қатаңда­тылған қар­сы іс-қимыл­ды алғашқы жос­парға шығару;

· өза­ра сый­лас­тық, жол­да қауіпсіздік ере­жесін сақтау, жүргізушілердің мәде­ни­етін арт­ты­ру тұрғысы­нан жол қозғалы­сы қаты­сушы­лары­ның са­насын өзгер­ту­де әлу­етті қоғам­дық қол­дау көрсе­ту;

· ЖКЕ-да қай­тыс болған­да­ры ес­ке алу және ауыр қазаға ұшы­раған от­ба­сыла­рының қайғысы­на ор­тақта­су;

· жол апат­та­рының от­ба­сыла­ры мен қоғамға ықпал ету си­паты­на және апат­тан кейін жақсар­тылған қамқор­лыққа, жа­рақат­танған және қаза болған от­ба­сыла­рына қол­дау көрсе­туіне көңіл бөлу;

· жол апат­та­рының сал­да­рын жоюға тар­ты­латын­дардың: жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері, ТЖМ, же­дел жәрдем, дәрігер­лер, мед­би­келер, сақтан­ды­ру қоғамы­ның өкілдері және жұмыс ерек­шелігі бойын­ша жол апат­та­рының ауырт­па­лықта­рымен кезігетіндердің жұмы­сын бағалау;

· жол апат­та­рын­да ата-ана­лары­нан айырылған ба­лалар үшін жол апат­та­рының сал­да­рына қоғам­ның на­зарын бөлу;

· әркімге жол апат­та­рының ал­дын алу­ына үлес қосу үшін мүмкіндік бе­ру – ЖКЕ құрбан­да­рына көмек көрсе­ту қажеттілігі бойын­ша қоғам­дық пікірді қалып­тасты­ру (құқықтық, ма­тери­ал­дық, мо­ральдік).

Ста­тис­ти­ка

Жол­дағы апат­тар өлім се­беп­терінің ара­сын­да ал­дағы орын­да тұр, 1,2 млн-нан ас­там. Күн сайын 3400-нан ас­там ер адам­дар, әйел­дер мен ба­лалар әлемнің жол­да­рын­да жа­яу жүрген­де, ве­лоси­пед не­месе ав­то­мобиль жүргізген­де қаза бо­лады. Олар ешқашан үй­ге орал­май­ды. басқа Жыл сайын 20–50 млн. жа­рақат­та­нады.

Бұл – ора­сан сан­дар. Са­лыс­ты­ру үшін, егер Ауғаныс­танда 10 жыл соғыс­та кеңес әскер­лері 13 мың сол­дат жоғалт­са, еліміздің жол­да­рын­да соңғы 10 жыл­да ЖКО-да 31,5 мың адам қаза бол­ды.

Аху­ал ба­лалар­дың көп са­нының қаза бо­луы мен жа­рақат­та­ну­ымен ушығады. Жыл сайын еліміздің жол­да­рын­да 200-ге жуық ба­ла қаза бо­лады, 1,8 мың жол-көлік оқиғала­рының нәти­желерінде жа­рақат­та­нады.

Қазақстан Рес­публи­касы ІІМ-нің Жол по­лици­ясы ко­митеті

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: