Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі
2011 жылдың 17 қазанынан бастап қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында жол полициясы бөліністері «Ауылдық жол» профилактикалық акциясын өткізеді. Ауылдық елді мекендерде акцияны өткізу кезеңінде жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы көбінесе алдын алу және түсіндіру жұмысына бағытталады. Жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерде жалғасып жатқан көше-жол жүйелерінде қажетті жол белгілерінің, жол сызбаларының, жаяу жүргіншілер үшін көзделген қоршаулардың, жол қозғалысын реттеуге арналған басқа да техникалық құралдардың болуын, сонымен қатар жол төсеміне қажетті ағымдағы, орташа және күрделі жөндеудің қажеттілігіне тексеру жоспарланған. Азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында алыс ауылдарға жүргізуші куәліктерін алуға құжаттарды қабылдау, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сонымен қатар белгіленген мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін құрамына тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлері енгізілген арнайы бригадалардың шығуы ұйымдастырылады. Қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланды. Акция 2011 жылдың 21 қазанында аяқталады. Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|