Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Калашников Николай Иванович
Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Калашников Николай Иванович 1958 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. 1981 жылы Қарағанды физикалық тәрбиелеу мұғалімдер институтын, ал 2000 жылы Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды трамвай-троллейбус басқармасында слесарь болып бастады. Содан кейін Қарағанды №2 автокомбинатында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1983 жылдан бастап Қарағанды қаласының Совет аудандық атқару комитеті ішкі істер бөлімі дивизионының милиционері. 1984 жылдан бастап Қарағанды қаласының Совет аудандық атқару комитеті ішкі істер бөлімінің жанындағы ведомстволық емес күзет бөлімінің күзет аға инспекторы. 1987 жылдан бастап Қарағанды қаласының Совет аудандық атқару комитеті ішкі істер бөлімінің саяси бөлім инструкторы. 1988 жылдан бастап Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ МАИ жол-патрульдік қызмет жеке батальоны командирінің саяси жұмыстары жөнінде орынбасары. 1990 жылдан бастап Қарағанды облысының ІІБ МАИ басқармасының жол-патрульдік қызмет ротасының, батальонының командирі, жол милициясы бөлімінің бастығы. 1998 жылдан бастап Қарағанды облысының ІІБ Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары. 2006 жылдан бастап Қарағанды облысының ІІБ Жол полициясы басқармасының бастығы. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары. «Жол полициясының құрмет белгісі», 2 дәрежелі «Қайсар», «Қазақстан полициясына 15 жыл» омырау белгілерімен, «Ішкі істер органдарының ардагері», 2 және 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «40 лет службы авиационно-космического поиска и спасения России» медальдарымен наградталды. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|