Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Қазақстанның 4 азаматы Қытайда орын алған жол апатында зардап шекті25 Тамыз 2010 КЫТАЙ - www.today.kz - Қазақстанның 4 азаматы Қытайда орын алған жол апатында зардап шекті. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті. «Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, тамыздың 20-сы күні таңғы сағат 4-те Үрімшіден Сияньға кетіп бара жатқан автобус Хами қаласына жетпей жол-көлік апатына ұшырады», деп атап өткен оның айтуынша, автобуста 48 жолаушы болған. Оның 19-ы Сиянь қаласының және Шэньхи провинциясының түрлі ЖОО-ларына оқуға бара жатқан Қазақстан азаматтары екен. Апат салдарынан қазақстандық 4 азамат жарақат алды. Қазіргі уақытта олар түрлі дене жарақаттарымен Хами қаласындағы ауруханаға жатқызылды, өмірлеріне аса қауіпті қатер төніп тұрған жоқ. Ал Қазақстанның қалған азаматтары жеңіл жарақат алып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ресми өкілдің атап өтуінше, қазақстандық дипломаттар зардап шеккен ел азаматтарына қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|