Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Бо­лашақтың іргесін бірге қалай­мыз!

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың
Қазақстан халқына Жол­да­уы

Қадірлі отан­дастар!

Құрметті де­путат­тар мен Үкімет мүше­лері!

Ха­ным­дар мен мыр­за­лар!

Би­ыл – біз үшін ерек­ше қас­терлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы­на қадам бас­тық.

Бо­дан жұртты бүгінгідей бос­тан күн­ге жеткізген бұл жол­да біз биік бе­лес­терді бағын­дырдық.

Ес­теріңізде бо­лар, 1997 жылғы ха­лық­қа алғашқы Жол­да­уым­да мен бы­лай де­ген едім:

«2030 жы­лы біздің ұрпақта­рымыз бұдан бы­лай әлемдік оқиғалар­дың қал­та­рысын­да қалып қой­май­тын ел­де өмір сүретін бо­лады».

Осы сөздер­ге кезінде күмән келтірген­дер аз болған жоқ.

Де­ген­мен, дітте­ген бұл ме­жеге біз 33 жыл­да емес, бір мүшел жас­тың өзінде жеттік!

Күні ке­ше Ас­та­нада 56 елдің бас­шы­ла­ры мен ха­лықара­лық ұйым өкіл­дерінің ба­сын қосқан Сам­мит – со­ның ай­шықты айғағы.

Жұлды­зымыз­ды жарқыра­та түскен бұл ме­рейлі бе­лес­тен бұрын да біз бірша­ма биіктерді бағын­дырдық.

Біз та­лай­лы за­ман­да та­рыдай ша­шы­лып кет­кен қан­даста­рын ата­мекен­ге жи­наған әлем­дегі үш елдің бірі бол­дық.

Осы жыл­да­ры шет ел­дерден 800 мың­нан ас­там отан­да­сымыз келіп, ха­лық са­ны бір жа­рым мил­ли­онға арт­ты.

Біз Са­ры­арқаның сайын да­ласы­на сәулеті мен дәулеті келіскен Ас­та­на сал­дық.

Есілдің жағасы­на серпінді да­муы­мыз­дың сим­во­лы болған еңселі Елор­да қон­дырдық.

Халқы та­ту-тәтті, са­яса­ты са­раб­дал елдің ғана қазы­насы қыру­ар, бо­лашағы ба­ян­ды бо­лады.

Қазақстан­ның ха­лықара­лық ре­зерві бүгінде 60 мил­ли­ард дол­ларға жуық қар­жы­ны құрай­ды.

Ырыс – ын­ты­маққа жо­лығады, дәулет – бірлікпен то­лығады.

Тәуелсіздік жыл­да­рын­да ел эко­но­ми­касы­на 120 мил­ли­ард дол­лардан ас­там ше­телдік ин­вести­ция тар­тылды.

Со­нымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден ас­там өнім түрін шы­ға­ра­мыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үш­тен бір бөлігі шағын және ор­та биз­нестен құра­лады.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы са­ласы да да­мып ке­леді.

Ішкі жал­пы өнім өсімі 2010 жы­лы 7 пай­­­ыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өң­деу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құра­ды.

Ор­та­ша ай­лық жа­лақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жы­лы 80 мың теңге­ге дейін арт­ты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мем­ле­кет­терінің рей­тингінде Қа­зақ­стан өткен жы­лы 26 са­тыға ілгерілеп, 110 ел ара­сынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі ор­та­ша ай­лық жа­лақы 5 жа­рым е???? се­ге, зей­не­тақының ор­та­ша көлемі 4 есе­ге көбейді.

Біз дүни­ені дүрбе­леңге салған дағда­рыс­тан демікпей шығып, да­мудың даңғыл жо­лына ба­тыл бет бұрдық.

Ал­ды­мызға ұлан-ғайыр мақсат­тар қой­­дық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жыл­да­рын­да 500-ге жуық жаңа ден­са­улық сақтау ны­сан­да­ры са­лын­ды.

Ме­дици­на ме­кеме­лерінің ма­тери­ал­дық-тех­ни­калық ба­засы ай­тар­лықтай жақ­сар­ды.

Еліміз білім бе­ру ісін да­мыту­да 129 елдің ара­сын­да көш бас­та­ушы­лар қата­рын­да ке­леді.

Өткен он­жылдықта білімге бөлі­не­тін қара­жат 10 есе­ге көбейді.

Осы жыл­да­ры 750 жаңа мек­теп са­лын­ды.

Со­нымен қатар, 5 302 мек­тепке дейінгі ме­кеме­лер, 1 117 ба­лабақша мен 4 185 ор­та­лық ашыл­ды.

Ас­та­нада ғылым мен білім ин­дус­трия­сы­ның жаңа ғасыр­дағы ор­та­лығы бо­латын уни­вер­си­тет ашыл­ды.

Біз осы­лай­ша аз жыл­да абы­ройы арт­қан ай­дын­ды ел­ге, қуат­ты ұлтқа ай­нал­дық.

Осы­ның бәрі жұрты­мыз­ды жаһан­дық ауқым­да ой­лауға ба­улу мақса­тын­да жа­салу­да.

  1. 1. Же­дел­детілген эко­номи­калық жаң­ғыр­ту – Үде­мелі ин­но­ваци­ялық ин­дуст­ри­ялан­ды­ру бағдар­ла­масы­ның жалғасы

Құрметті қазақстан­дықтар!

Біз Тәуелсіздіктің жи­ыр­ма­сын­шы жы­лына аяқ бас­тық.

1991 жыл­дың жел­тоқса­нын­да, өзі­міз­дің стра­теги­ялық мақса­тымыз ретінде ор­нықты­лық пен та­бысқа же­туді таң­дап ала оты­рып, біз әр жаңа ке­зең­нің да­му­ына жаңа бағдар­ла­малар жа­сап, алға жыл­жы­дық.

Біз ке­уделі міндет­терге ұмты­лып, оларға қол жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғыр­ланған көр­сет­кішін ғана келтірейін.

1994 жы­лы жан ба­сына шаққан­дағы ішкі жал­пы өнім жеті жүз дол­лардан сәл ғана аса­тын.

2011 жыл­дың 1 қара­шасы­на қарай бұл көрсеткіш 12 есе­ден ар­тық өсіп, 9 мың АҚШ дол­ла­рынан асып түсті.

Біз бұл деңгей­ге тек 2015 жы­лы ғана же­теміз деп есеп­теп едік.

Әлемдік тәжіри­бе тәуелсіздіктің ал­ғашқы 20 жы­лын­да мұндай нәти­жеге ешқан­дай ел қол жеткізе ал­мағанын көрсе­теді.

Мы­салы, еге­мен да­мудың алғашқы жи­ыр­ма жы­лын­да жан ба­сына шаққан­дағы ішкі жал­пы өнім Оңтүстік Ко­ре­яда 3 есе, Ма­лай­зи­яда – 2 есе, Син­га­пур­да – 4 есе, Венг­ри­яда – 5 есе, Поль­ша­да 4 есе өскен.

2010 жыл­дың қаңта­рын­да ел хал­қына Жол­да­уым­да мен Ин­дуст­ри­ялық-ин­но­ваци­ялық да­му бағдар­ла­масын жа­рия еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзе­ге асы­ру­дың алғашқы жы­лының нақты қо­ры­тын­ды­лары бар.

Біз 152 кәсіпо­рын­ды іске қос­тық, 24 мыңға жуық қазақстан­дықты тұ­рақты жұмыс­пен қам­та­масыз еттік.

Бүкіл ел бойын­ша бар­лығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс ор­ны құ­рыл­ды.

Біз хи­мия және жеңіл өнеркәсіпті бел­сенді түрде қал­пы­на келтіру мен да­мы­ту үдерісін бас­та­дық, ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдерін өңде­уде серпіліс жа­садық.

2014 жылға дейін жал­пы құны 8,1 трил­ли­он теңгені құрай­тын 294 ин­вес­ти­ци­ялық жо­баны жүзе­ге асы­ру жос­пар­ла­нып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс ор­ны және 207 мың құры­лыс уақыты­на есеп­тел­ген жұмыс ор­ны құры­лады.

Алғашқы ин­дуст­ри­ялық бес­жыл­дық­тың алғашқы жы­лының бас­ты қо­ры­тын­ды­сы – эко­номи­каның нақты­лы сек­то­рының есебінен эко­номи­ка­лық өсу­де еле­улі құры­лым­дық өзге­рістердің бас­та­луы.

Та­яу он­жылдықтағы Стра­тегия­лық жос­пардың мақсат­та­рын тағы да ес­ке са­лып өтейін.

2020 жылға қарай біз мы­нан­дай көрсеткіштер­ге қол жеткізу­ге тиіспіз.

Ішкі жал­пы өнім өсуі кемінде 30 пайыз бо­лады.

Өңде­уші са­лалар­дағы өсім иге­руші са­лалар деңгейінен асып түседі не­месе соған же­теді.

Ұлттық қор­дың ак­тивтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрай­ды.

Эко­номи­каның шикізат­тық емес сек­то­рына са­лына­тын отан­дық және ше­телдік ин­вести­ция кемінде 30 пайызға ар­та­ды.

Ішкі жал­пы өнімдегі шағын және ор­та биз­нестің үлесі 40 пайыз­ды құ­рай­ды.

Ха­лықтың са­ны 18 мил­ли­он адам­ға жақын­дай­ды.

Білікті ма­ман­дардың үлесі 40 пай­ыз­ды құрай­ды.

Жұмыс­сыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмен­дейді.

Ауыл ша­ру­ашы­лығын­дағы еңбек­тің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.

Аг­рарлық сек­торда етті мал ша­ру­ашы­лығын да­мыту жөнінде бұрын-соңды бо­лып көрме­ген жо­ба жүзе­ге асы­рыла­ды.

2016 жыл­дың өзінде ет экс­пор­ты 60 мың тон­наға же­теді, мұның құны 4 мил­ли­он тон­на би­дай экс­пор­ты­на тең.

Мем­ле­кет бұл мақсатқа 130 мил­ли­ард теңгелік не­сие ре­сурс­та­рын бөледі.

Бұл ауыл­дық жер­лерде 20 мыңнан ас­там жұмыс орын­да­рын ашуға мүм­кін­дік бе­реді, жүз мыңнан ас­там ауыл тұрғын­да­рының кіріс көзіне ай­на­лады. Мұның өзі мал­дың бар­лық түрінің асыл түліктері мен тұқым­да­рының бас са­нын көбей­ту­ге мүмкіндік бе­реді.

Бұлар­дың бар­лығы са­бақтас са­лалар­да – ауыл­ша­ру­ашы­лық мәши­не жа­са­уда, хи­мия және та­мақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, тех­ни­ка жөнде­уде өндірісті ұлғай­туға қозғау са­лады.

Үкімет, бар­лық өңірлердің әкімдері се­лодағы ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың осы­нау маңыз­ды бөлігімен ай­на­лысуға тиіс.

Біздің эко­номи­камыз­дың бәсе­кеге қабілеттілігі қуат шығын­да­рын азай­ту­ды қам­та­масыз ететін тиімді тех­но­логи­яларға негізде­луі ке­рек.

Шикізат­тық емес сек­торлар­ды да­мы­ту мақса­тын­да Үкімет­ке Қуат тиім­ділігінің ке­шенді жос­па­рын жа­сап, бекітуді тап­сы­рамын.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­ру өңірлік са­ясат­тың жаңа па­радиг­ма­сын қалып­тасты­рады.

Үкімет әкімдер­мен бірле­се оты­рып Өңірлерді да­мыту бағдар­ла­масын жа­сап, бекітуі ке­рек.

Мұның бар­лығы – біздің са­налған-са­раланған жос­парла­рымыз.

Біз әлі жол ба­сын­да тұрмыз.

Егер жақсы­рақ, дәулеттірек өмір сүргіміз кел­се, біз осы жұмыс­ты ат­қаруға тиіспіз.

Мен биз­нес қуат­ты бол­са, мем­ле­кет те қуат­ты де­ген қағидат­ты жақ­тау­шы­мын.

Біз алғаш рет «Мем­ле­кеттік бақылау мен қадағалау ту­ралы» Заң қабыл­да­дық.

Бақылау жүргізудің бүкіл мем­ле­кеттік ор­гандар үшін ор­тақ қағидат­та­ры мен тәртібі белгілен­ген. Бұл биз­неске әкімшілік қысым­ды бұрынғыдан да азай­та түсу үшін жа­сал­ды.

Құқық қорғау жүйесін ре­фор­ма­лау аясын­да қазірдің өзінде 16 заң қа­был­данды.

Меншікті қорғаудың құқықтық те­тіктері енгізілді, үлкен қоғам­дық қауіп төндірмейтін қыл­мыстар бойын­ша қыл­мыстық заңды­лықты ізгілендіру жүргізілді, бос­тандығынан айыру­мен бай­ла­ныс­ты бол­май­тын, сон­дай-ақ қа­мауға алуға ба­лама жа­залар­ды қол­да­ну­дың аясы кеңейтілді. Осы­ның ар­қа­сын­да би­ылғы жыл­дың өзінде ауыр­лығы азын-аулақ және ор­та­ша қыл­мыс­та­ры үшін сот­талған екі мыңға жуық адам бос­тандықтан айыру орын­да­ры­нан шығары­лады.

Құқық қорғау ор­ганда­ры ап­па­рат­та­рының са­ны 15 пайызға қысқар­тыл­ды. Олар­дың құры­лым­да­ры оңтай­лан­ды­рыл­ды.

Құқық қорғау ор­ганда­рына тән емес қыз­меттер же­ке сек­торға берілді.

Сот жүйесінде еле­улі өзгерістер жа­салу­да.

Сы­бай­лас жемқор­лықпен бітіспес күрес жүріп жа­тыр.

Қазіргі таңда ха­лықара­лық са­рап­шы­лар­дың бағасы бойын­ша Қазақ­стан­ның сы­бай­лас жемқор­лыққа қар­сы заңна­масы ең тиімділердің бірі деп та­нылған.

Тек 2 жыл­дың ішінде қыл­мыстық жа­уап­кершілікке 40-тан ас­там рес­пуб­ли­калық деңгей­дегі же­текші, об­лыстық және қала­лық ауқым­дағы 250-ден ас­там ла­уазым­ды тұлғалар тар­тылды, олар­дың ара­сын­да 39 әкім мен олар­дың орын­ба­сар­ла­ры бар.

Қор­шаған ор­та­ны қорғау, ден­са­улық сақтау ми­нист­рлерінің, ста­тис­ти­ка жө­ніндегі агенттік төрайымы­ның, тө­тен­ше жағдай­лар және қорғаныс ви­це-ми­нистр­лерінің, «Қазақстан темір жо­лы» ком­па­ния­сы басқар­ма төрағасы­ның, «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қаза­томп­ром» ком­па­ния­ла­ры пре­зидент­терінің үстінен қыл­мыс­тық іс қозғалып, жа­уап­кершілікке тар­тылды.

Үш жыл­дың ішінде біздің еліміз әлем­дік ан­ти­кор­рупци­ялық рей­тинг­тегі көр­сеткішін бірден 45 са­тыға жақ­сарт­ты.

Осы ин­декс бойын­ша біз бүкіл ТМД-да үздік по­зици­яда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымы­расыз­дықпен жалғас­ты­рыла­ды.

Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы ба­ян­да­масын­да Қазақстан биз­нес мүд­десі үшін ре­фор­ма жүргізу­де көш­бас­шы деп та­нылған.

Биз­неске неғұрлым қолай­лы аху­ал жа­сау жөніндегі әлемдік рей­тинг­те Қазақстан 183 елдің ара­сынан 59-шы орын­ды иеле­неді.

Тұтас­тай алған­да мем­ле­кеттік ор­ган­дар­дың ша­ру­ашы­лық жүргізуші субъек­тілердің қыз­метіне негізсіз ара­ласу фактілері тыйыл­ды де­уге жақын қал­ды.

Өткен жы­лы Қазақстан, Ре­сей мен Бе­ларусьтің Ке­дендік одағы жұмы­сын бас­та­ды.

2010 жыл­дың 10 айының нәти­же­сінің өзінде Ре­сей­мен және Бе­ларусь­пен са­уда­ның көлемі 38 пайызға өсті.

Қазақстан­дық өнімдердің Ке­дендік одақ ел­деріне экс­пор­ты 52,4 пайызға арт­ты. Бюд­жетке құйыла­тын ке­дендік баж­дың өсімі 25 пайыз бол­ды.

Осы­ның бәрі Ке­дендік одақтың біздің ел­деріміздің эко­номи­калық міндет­терін ше­шетін өте праг­ма­тика­лық әрі нақты жо­ба екенін ап-анық көрсе­теді.

Біз Біртұтас эко­номи­калық кеңістік құру ісінде ба­рын­ша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстан­дық өндірушілер үшін өнім өткізудің бай­тақ ба­зарын аша­ды.

Бұл бәсе­кеге шы­дас бе­ретін та­уар­лар шығару мен қыз­мет көрсе­ту үшін біздің биз­несімізді ын­та­лан­ды­рады.

  1. 2. Әле­уметтік жаңғыр­ту – жаңа әле­уметтік са­ясат

Біз өзіміздің ин­дуст­ри­ялан­ды­ру және эко­номи­каны тех­но­логи­ялық тұр­ғыдан да­мыту жөніндегі жос­пар­ла­ры­мыз­ды нақпа-нақ айқын­дап ал­дық.

Біздің бағдар­ла­мала­рымыз­дың бас­ты мақса­ты – ха­лықтың әл-ауқатын нығай­ту.

Сон­дықтан да мен би­ылғы Жол­да­уда әле­уметтік жаңғыр­ту мәсе­лелеріне ерек­ше на­зар ауда­рып тұрмын.

Мен үш аса маңыз­ды мем­ле­кеттік бағдар­ла­малар­ды – білім бе­ру, ден­са­улық сақтау және тілдерді да­мыту бағдар­ла­мала­рын бекіттім.

Үкімет­ке әкімдер­мен бірле­се оты­рып би­ылғы 1 ма­мырға дейін мы­нан­дай қағидат­ты түрде жаңа бағдар­ла­ма­лар­ды, яғни:

жұмыс­пен қам­ту­дың жаңа стра­те­ги­ясын;

тұрғын үй-ком­му­нал­дық ша­руа­шы­лық­ты жаңғыр­ту;

ха­лықты са­палы ауыз су­мен қам­та­масыз ету бағдар­ла­мала­рын жа­сап, қабыл­дау­ды тап­сы­рамын.

Бұл бағдар­ла­малар елдің мил­ли­он­да­ған қара­пайым адам­да­рының күн­бе-күнгі мәсе­лелерін ше­шуге бағыт­тал­ған.

Олар қазақстан­дықтар­дың өмір са­па­сын жақсар­та­ды.

Жаңа әле­уметтік са­ясат­тың бас­ты ас­пектілеріне нақты­рақ тоқта­лып өт­пек­пін.

2.1. Білім бе­ру

Біз білім бе­руді жаңғыр­ту­ды одан әрі жалғас­ты­руға тиіспіз.

Бүгінде мек­тептерді компьютер­лендіру то­лықтай аяқтал­ды.

Ор­та білім бе­рудің 12 жыл­дық мо­делі енгізілу­де.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стан­дықтың же­ке кре­досы­на ай­на­луы тиіс.

Біз кәсіптік және тех­ни­калық білім бе­рудің мазмұнын то­лық жаңарт­пақ ни­ет­теміз.

Бүгінде да­мыған ел­дерде 1 мил­ли­он тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор­ны­на дейін ке­леді.

Қазақстан­да бар­лығы 149 жоғары оқу ор­ны бар.

200 ғылы­ми кеңес­тер кан­ди­дат­тар мен док­торлар­ды қалып­тан құйған­дай етіп жа­сап шығарып жа­тыр.

60 кан­ди­дат­тың 1-і және 37 док­тор­дың 1-і ғана ғылымға ба­рады.

Осы жыл­дан бас­тап ол кеңес­тердің жұмыс­та­ры тоқта­тыла­ды.

Бұдан бы­лай ма­гист­рлар мен PhD док­торлар дайын­да­латын бо­лады.

Біз уни­вер­си­теттік білім бе­ру мен ғы­лым­ды да­мыту­дың жаңа деңгейін қам­та­масыз ету­ге міндеттіміз.

Бүгінде жаңа «На­зар­ба­ев уни­вер­си­теті» арқауын­да на­рық сұра­нысы­на бағдар­ланған жоғары оқу ор­ны­ның ин­но­ваци­ялық мо­делі қалып­тасты­ры­лу­да.

Ол бар­лық қазақстан­дық жоо-лар үшін үлгі бо­луы ке­рек.

Менің тап­сырмам бойын­ша бүкіл ел­де ашы­лып жатқан 20 зи­ят­керлік мек­тептер да­рын­ды ба­лалар­ды үздік жоо-лар үшін дайын­да­удың не­гізгі арқауына ай­на­латын бо­лады.

Үкімет­ке мы­налар­ды тап­сы­рамын:

  • жоо-лар­дың ин­но­ваци­ялық қыз­мет­ке көшу тетігін қалып­тасты­ру;
  • білім бе­рудің са­пасын арт­ты­ру және қол­жетімділігін кеңей­ту үшін білім бе­руге қол­дау көрсе­тудің жаңа қар­жы­лық-эко­номи­калық құрал­да­рын енгізу;
  • тех­ни­калық және жоғары білім бе­рудің деңгей­лері үшін бүгінде Тұрғын үй құры­лыс жи­нақ банкі ипо­тека­лық құры­лыс­та жүзе­ге асы­рып отырғанға ұқсас жи­нақтау жүйесін әзірлеу.

Қазақстан­дықтар­да мем­ле­кет­тен пай­ыз­дық бо­нус­тар ала оты­рып ба­ла­ла­рын оқытуға қар­жы жи­на­удың жаңа мүмкіндіктері пай­да бо­луға тиіс.

  • биз­нес-қауым­дастықтар мен жұ­мыс бе­рушілер өкілдерін қатыс­ты­ра оты­рып Кәсіптік-тех­ни­калық кадр­лар дайын­дау жөнінде ұлттық кеңес құру.

Білім бе­ру жүйесіндегі бар­лық жұ­мыс мы­нан­дай нәти­желер­ге қол жет­кізу­ге бағыт­та­луы тиіс.

Мек­тепке дейінгі білім бе­румен және тәрби­емен қам­тылған ба­лалар­дың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайыз­ды, 2020 жыл­­ға қарай 100 пайыз­ды құ­рай­тын бо­лады.

Менің тап­сырмам бойын­ша қабыл­дан­ған «Ба­лапан» бағдар­ла­масын жү­зе­ге асы­ру нәти­жесінде тек 2010 жы­лы ғана 35 ба­лабақша, 1534 ми­ни-ор­та­лық, 137 же­кеменшік ба­лабақша­лар са­лын­ды.

Бұрын же­кеше­лендіріліп кет­кен мек­теп жа­сына дейінгі ме­кеме­лерді қай­та­ру есебінен 172 ба­лабақша ашыл­ды.

Ба­лалар­ды мек­тепке дейінгі ұйым­дар­мен қам­ту 30-дан 55 пайызға дейін өсті.

2020 жылға қарай біз оқыту­дың 12 жыл­дық мо­деліне то­лықтай көшетін бо­ла­мыз. Ол үшін біз 2015 жылға қа­рай рес­публи­калық бюд­жет қар­жы­сы есебінен кемінде екі жүз мек­теп са­лып, осын­ша мек­тепті жергілікті бюд­жет есебінен тұрғыза­мыз.

2015 жылға қарай білім бе­ру ұй­ым­да­рының 50 пайызы элект­рон­ды оқы­ту­ды пай­да­ланып, 2020 жылға қа­рай оның са­ны 90 пайызға дейін ар­та­ды.

2020 жылға қарай ха­лықара­лық стан­дарт­тар бойын­ша тәуелсіз ұлттық акк­ре­дита­ци­ялаудан өткен жоо-лар үле­сі 30 пайыз­ды құрай­тын бо­лады.

Ин­но­ваци­ялық қыз­метті жүзе­ге асы­ра­тын және ғылы­ми зерт­те­улердің нәти­же­лерін өндіріске енгізетін жоо-лар­дың үлесі 5 пайызға дейін ар­та­ды.

Кемінде 2 жоғары оқу ор­ны үздік әлемдік уни­вер­си­тет­тер рей­тингінде ата­латын бо­лады.

Са­палы білім бе­ру Қазақстан­ның ин­дуст­ри­ялан­ды­рылу­ының және ин­но­ва­ци­ялық да­му­ының негізіне ай­на­луы тиіс.

2.2. Ден­са­улық сақтау

Осы жыл­дар бойына біз қазақ­стан­дықтар­дың ден­са­улығын жақсар­ту үшін қажет нәрсенің бәрін жа­садық.

Ден­са­улық сақта­уды қар­жы­лан­ды­ру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызы­нан 2010 жы­лы 3,2 пайызы­на дейін ұл­ғай­ды.

Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет ме­дици­наның ең бір күрделі ба­ғыт­та­ры бойын­ша опе­раци­ялар жа­салу­да.

Же­текші ше­телдік кли­ника­лар­мен бай­ла­нысы бар 150 те­леме­дици­на ор­та­лықта­ры құрыл­ды.

Осы­дан жи­ыр­ма жыл бұрын бізге ол тек ар­ман ғана бо­латын.

Жүргізілген жұмыс нәти­жесі ретінде ба­ла ту­удың 25 пайызға көбей­генін, адам өлімінің 11 пайызға төмен­деп, ха­лықтың та­биғи өсімінің 1,7 есе арт­қанын атап өту­ге бо­лады.

2013 жы­лы Біртұтас ұлттық ден­са­улық сақтау жүйесін енгізу аяқта­лады.

Біз ауру­дың ал­дын алуға шын­дап кі­рісіп, бас­тапқы ме­дици­налық-са­ни­тар­лық жәрдемнің са­пасын арт­ты­ру­ымыз ке­рек.

Ха­лықара­лық бағала­улар бойын­ша, негізгі науқас­тар түрлерімен ауыра­тын тұрғын­дардың 5 пайыз­дайы ден­са­улық сақта­удың бар­лық қыз­меттерінің 70 пайыз­дайын ғана пай­да­лана­ды.

Про­филак­ти­калық жұмыс­тарды са­уат­ты ұйым­дастырған жағдай­да ер­те са­тыда-ақ ауру­лар­дың ал­дын алуға бо­лады.

Сон­дықтан Қазақстан­да ха­лықтың мақсат­ты топ­та­рының ден­са­улық жағ­дайын бақыла­удың ұлттық бағ­дар­ла­мала­ры ке­шенін енгізу қажет.

Бірінші ке­зек­те, олар ба­лалар, жас­өспірімдер, ба­ла туу жа­сын­дағы әйел­дер.

Ауыл тұрғын­да­ры үшін ме­ди­ци­налық көмектің қол­жетімділігін кеңей­ту­ге ай­рықша на­зар ауда­ру қажет.

Өткен жы­лы жаңа әле­уметтік жо­ба – ма­ман­данды­рылған ем­деу-ди­аг­нос­ти­ка­лық екі «Ден­са­улық» пойызы жұ­мы­сын бас­та­ды.

Олар еліміздің ең шалғай түкпір­лерінде он­даған мың адам­дардың ден­са­улықта­рын тек­серіп, ем жа­сады.

Қазақстан үшін көліктік ме­дици­на өте көкей­кесті, сон­дықтан біз оны да­мыта­тын бо­ламыз.

Би­ылғы жы­лы тағы бір пойыз жіберілетін бо­лады.

Жұмылғыш ме­дици­налық ке­шен­дер-ав­токли­ника­лар са­нын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.

Олар­ды шығару Қазақстан­да жүзе­ге асы­рылуға тиіс.

Үкімет­ке 2015 жылға дейін са­ни­тар­лық ави­ация мұқта­жы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйым­дасты­руды қам­та­ма­сыз етуді тап­сы­рамын.

Сол сияқты жол бойын­дағы ме­ди­ци­налық-құтқару пунк­ттерін құру мәсе­лесін же­дел­де­те қарас­ты­руды да тап­сы­рамын. Олар­ды рес­публи­калық маңыз­дағы жол­дардың апат­тық қауіпті учас­ке­лерінде ор­на­лас­ты­ру қажет.

Төтен­ше ме­дици­налық жәрдем қыз­меті көп са­лалы жұмылғыш және аэ­рожұмылғыш гос­пи­таль­дар­мен жа­рақ­тан­ды­рылуы тиіс.

Бұл ша­ралар­дың біздің мыңдаған аза­мат­та­рымыз­дың өмірін құтқарып қала­тыны­на сенімім мол.

Қыл­мыстық-атқару жүйесіндегі ту­бер­ку­лез бен ВИЧ ауру­лары және одан бо­латын өлім деңгейін төмен­де­туге мұ­қият на­зар ауда­ру қажет.

Осы міндет­терді орын­дау нәти­же­сінде 2015 жылға қарай қазақ­стан­дықтар­дың өмір жа­сының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жыл­ға қарай 72 жасқа дейін ұлғая­тын бо­лады.

Са­ламат­ты өмір сал­тын на­сихат­тап, бар­лық жер­де са­лынған спорт ба­зала­рын пай­да­лану ке­рек.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік ам­бу­лато­ри­ялар, фель­дшерлік-аку­шерлік пунк­ттер және ем­ха­налар са­лы­на­тын бо­лады.

2.3. Тілдерді да­мыту

Көп тілді және көп кон­фесси­ялы қоғам­дағы бейбітшілік пен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстан­дықтар.

Қазақстан­дықтар­дың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсы­лықтарға бас­тап ба­ра жатқан туған жер­ге ата­уын бер­ген мем­ле­кеттік қазақ тілін құрмет­пен және лайықты оқып-үй­ре­не бас­таған­дығын атап өтудің өзі қуаныш­ты.

Бүгінде мем­ле­кеттік тілді еркін меңгер­ген ере­сек тұрғын­дардың үлесі ба­сым көпшілікті құрай­ды.

Бұл Тәуелсіздіктің ора­сан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мем­ле­кеттік тілді білетін қазақ­стан­дық­тар са­нын 80 пайызға дейін жеткізу.

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз­ды құра­уы тиіс.

Енді он жыл­дан кейін мек­теп бітірушілердің 100 пайызы мем­ле­кеттік тілді біліп шығатын бо­лады.

Ол үшін біз бәрін де жа­сап жа­тыр­мыз.

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстан­дық эт­ностар тілін да­мы­та­тын бо­ламыз.

Мен қазіргі за­манғы қазақстан­дық үшін үш тілді білу – әркімнің дер­бес та­быс­ты­лығының міндетті шар­ты екендігін әрдайым ай­тып ке­лемін.

Сон­дықтан 2020 жылға қарай ағыл­шын тілін білетін тұрғын­дар са­ны кемінде 20 пайыз­ды құра­уы тиіс деп есеп­теймін.

2.4. Жұмыс­пен қам­ту­дың жаңа стра­теги­ясы

Екі жыл ішінде дағда­рысқа қар­сы «Жол кар­та­сы» шеңберінде біз ха­лықты еңбек­пен қам­та­масыз етіп, жұмыс­сыз­дық­ты азай­ттық және қала­лары­мыз бен се­лола­рымыз­дағы инф­рақұры­лым­дар­ды жақсарт­тық.

Бұл бағдар­ла­малар қазақстан­дық­тар­дың кең қол­да­уы мен ра­зылығына ие бол­ды.

Бүгінде жаңа эко­номи­ка білікті кадр­лар­дың жаңа ге­нера­ци­ясын та­лап ететін болған­дықтан еңбек ры­ногы­ның тиімділігін арт­ты­ру қажет.

Өзін өзі еңбек­пен қам­тып отырған тұрғын­дар – біздің эко­номи­камыз­дың зор кадр­лар ре­зерві.

Жаңа кәсіпо­рын­дарды біз олар­да қазақстан­дықтар­дың жұмыс істеуі үшін са­лып жа­тыр­мыз.

Олар оған дайын­да­луы ке­рек. Жаңа ма­ман­дықтарға үй­ре­нулері қажет.

Үкімет­ке об­лыстар­дың, Ас­та­на және Ал­ма­ты қала­лары­ның әкімдері­мен бірлесіп, 2011 жыл­дың 1 ма­мы­ры­на дейін ха­лықты еңбек­пен қам­ту жө­нінен қағидат­ты түрде жаңа бағ­дар­ла­ма әзірле­уді тап­сы­рамын.

Үкімет биз­нес-қауым­дастықпен бір­лесіп ин­дуст­ри­ялық ны­сан­дарда жұмыс істегісі ке­летіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсы­нуы ке­рек.

Әрбір қазақстан­дықтың елді ауқым­ды ин­дуст­ри­ялан­ды­руға қаты­су мүмкіндігін қам­та­масыз ету қажет.

Кезінде мен дағда­рысқа қар­сы «Жол кар­та­сы» бағдар­ла­масы әрбір қазақ­стан­дықтың от­ба­сына дейін же­тетін бол­сын де­ген міндет қой­дым.

Ол та­быс­ты жүзе­ге асы­рыл­ды.

Осы тәжіри­бені пай­да­лана оты­рып, қазіргі уақыт­та жұмыс­ты ин­дуст­рия­лан­ды­ру шы­нымен де бүкілха­лық­тық си­пат алып, әрбір қазақстан­дық­тың ісі бо­латын­дай етіп құру қажет.

Өз өмірлерін ауыл­мен бай­ла­ныс­тарған­дар үшін Үкімет жергілікті билік ор­ганда­рымен бірлесіп, се­лолық кәсіпкерлікті да­мыту жөнінен ша­ралар ке­шенін әзірле­уге тиіс.

Өткен жы­лы се­лолық аумақтар­ды да­мыту бағдар­ла­масы аяқтал­ды.

Енді бұл жұмыс­тар Елдің 2020 жыл­ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік да­муы­ның бол­жамдық схе­масы шеңберінде одан әрі жалғаса­тын бо­лады.

Да­му әле­уеті жоғары елді ме­кен­дер­де се­лолық инф­рақұры­лым­дар да­мы­ты­лып, су­ара­тын су­ларға, ми­кро­не­си­елеу бағдар­ла­мала­ры мен та­биғи грант­тарға қол­жетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағды­лары­на үй­ре­ту ұйым­дасты­рыла­ды.

Қазірдің өзінде мик­ро­неси­елік ұй­ым­дар қыз­метінің құқықтық негізі бар.

Бүгінде ры­нок­тағы олар­дың са­ны бір мың екі жүздей және олар ха­лыққа со­масы 16 мил­ли­ард теңге бо­латын 110 мың не­си­елер берді.

Де­ген­мен, олар негізінен ай­тар­лық­тай жоғары мөлшер­ле­мемен тұты­ну­шы­лық мақсат­тарға жұмса­луда.

Аху­ал­ды өзгертіп, тұты­нуға емес, ең­бек­пен қам­ту жағына ба­сым­дық бе­ру ке­рек.

Сон­дықтан Үкімет­ке қар­жы рет­те­ушілер­мен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жо­басы мен ке­шенді ша­ралар жа­са­уды тап­сы­рамын.

Үстіміздегі жы­лы қосым­ша 3 мил­ли­ард теңге қарас­ты­рыл­сын.

2012–2015 жыл­да­ры бұл қар­жы­лан­ды­ру жыл сайын 10–15 мил­ли­ард тең­ге­ге көбейтілсін.

Мем­ле­кеттік желі бойын­ша берілген мик­ро­неси­елердің бар­лық 100 пайызы тек өз ісін ұйым­дасты­руға ғана жұмса­луы тиіс.

Жоғары­да ай­тылған мал ша­руа­шы­лығын да­мыту бағдар­ла­мала­рын жүзе­ге асы­ру он­даған мың ауыл тұр­ғын­да­ры­на жұмыс та­уып бе­реді.

Сон­дықтан атқару­шы биліктің бар­лық деңгей­лері мен «Нұр Отан» пар­ти­ясы­нан үлкен түсіндіру жұмыс­та­ры та­лап етіледі.

Үкімет­ке ал­дағы жыл­дан мо­ти­ва­ция­лы ақша­лай төлем­дерге көшуді тап­сы­рамын.

Бас­ты мәсе­ле – ма­сыл­дықты еңсе­ру.

Жұмыс­сызға жұмыс­сыз болғаны үшін емес, ма­ман­дық алу үшін грант берілетін бо­лады.

Ке­дейшілік проб­ле­мала­рын мем­ле­кеттік жәрде­мақы есебінен жұмсар­ту емес, ше­шу ке­рек.

Мем­ле­кет тек объек­тивті тұр­ғы­дан еңбек­ке қабілетсіздер мен аз қам­та­масыз етілген­дерге ғана көмек­те­сетін бо­лады.

2.5. ТКШ-ны жаңғыр­ту

Аза­мат­тардың өмір са­пасы­ның озық көрсеткіші – тұрғын үй жай­лы­лы­ғы­ның деңгейі.

Соңғы 10 жыл­да тұрғын үй қоры 30 мил­ли­он шар­шы метр­ге ұлғай­ды.

Бұл бүгінде бір мил­ли­он­нан ас­там аза­мат жаңа пәтер­лерде тұра­ды де­генді білдіреді.

Бұл – біздің тұрғын үй са­яса­ты­мыз­дың маңыз­ды нәти­жесі.

Көпте­ген жыл­дар бойы ком­му­нал­ды сек­тор қалған-құтқан­ды бөлу қағида­ты бойын­ша қар­жы­лан­ды­рылып келді. Со­ның сал­да­рынан 2008 жылға қарай ком­му­ника­ци­ялар­дың 72 пайызы жөнде­уді не­месе ауыс­ты­руды қажетсінді.

«Жол кар­та­сы» аясын­да біз 2009 және 2010 жыл­да­ры ТКШ ны­сан­да­рын жөндеу бойын­ша үлкен жұмыс жүр­гіздік.

Бұл жұмыс­ты жалғас­ты­ру қажет.

Су­мен, жы­лумен, электр және газ­бен қам­та­масыз ету жүйелеріне кең ауқым­ды жаңғыр­ту жүргізіп, сон­дай-ақ тұрғын үй қаты­насы­ның оңтай­лы мо­делін құру­ды қам­та­масыз ету қажет.

Күрделі жөнде­уді қажет ететін ны­сан­дар­дың үлесі 32 пайыз­дан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмен­деуі тиіс.

Жаңғыр­тылған жүйелердің ұзын­ды­ғы 2015 жылға қарай ел бойын­ша тұ­тас­тай алған­да 31 мыңнан ас­там ша­қырым­ды құрай­тын бо­лады.

Мем­ле­кет ха­лықара­лық қар­жы инс­ти­тут­та­ры мен біздің банк­терімізді тар­та оты­рып, же­ке ин­вестор­ларға, кәсіп­орын­дар мен аза­мат­тарға тұрғын үй­лер мен ком­му­нал­дық ны­сан­дарды жөндеу және ре­конс­трук­ци­ялау үшін қар­жы­лан­ды­рудың бірлес­кен ар­найы тетіктерін ұсы­нады.

ТКШ-ны жаңғыр­ту бағдар­ла­масын жүзе­ге асы­ру жыл сайын 10 мыңға жу­ық жаңа жұмыс ор­нын құруға мүмкіндік бе­реді.

Тұтас­тай алған­да, оны жүзе­ге асы­руға 1,5 мил­ли­он адам – көппәтерлі тұрғын үй­лердің тұрғын­да­ры қаты­сады.

Үкімет­ке ор­тақ мүлікті жөндеу мен қал­пы­на келтіру­ге қар­жы жи­нақта­уды ын­та­лан­ды­ру мен қосы­ла қар­жы­лан­ды­рудың тетігін жа­са­уды тап­сы­ра­мын.

Біз тек осы­лай ет­кенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсар­тып, аза­мат­тардың өз мүлкін сақтауға жа­уап­кершілігін жоғары­лата ала­мыз.

2.6. Са­палы ауыз су

Қазақстан­дықтар­ды са­палы ауыз су­мен қам­та­масыз ету мәсе­лелері – ха­лық­тың ден­са­улығын жақсар­ту­дың аса маңыз­ды міндеті, сон­дықтан бұл біздің ба­сым­дығымыз бо­лады.

Са­палы ауыз су­мен қам­та­масыз ету бойын­ша жұмыс 8 жыл бұрын бас­тал­ған бо­латын және оның оң нәти­же­лері бар.

Ор­та­лықтан­ды­рылған су­мен қам­та­ма­сыз ету­ге қол­жетімділік ауыл­ды елді ме­кен­дерде 41 пайызға дейін, қала­лар­да 72 пайызға дейін өсті.

Та­сыма­лы су­ды пай­да­лана­тын адам­дар са­ны 4 есе азай­ды.

Со­нымен бірге, су­мен қам­та­масыз ету жүйелерін жақсар­ту­ды қажет ететін ауыл­дар да әлі аз емес.

Қала­лар­дағы су­мен қам­та­масыз ету жүйелерінің 60 пайызы­ның то­зығы жет­кен.

Ор­та­ша алған­да рес­публи­ка бойын­ша ауыз суға қол­жетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайыз­ды құра­уы тиіс, ал су­дың са­пасы белгілен­ген бар­лық са­ни­тар­лық нор­ма­ларға сай бо­луы ке­рек.

Үкімет­ке же­ке ка­питал­ды су ша­ру­ашы­лығы сек­то­рына ба­рын­ша мо­лы­нан тар­ту үшін ын­та­лан­ды­рудың тиімді жол­да­рын қарас­ты­руды тап­сы­ра­мын.

Же­рас­ты су­лары­ның әле­уетін кеңі­нен пай­да­ланып, су­мен қам­та­масыз ету­дің жаңа ны­сан­да­рын са­лу кезінде жүйелі қадам­дар жа­сау ке­рек.

2020 жылға қарай су­мен қам­та­ма­сыз етудің ор­та­лық желісіне қол­жетім­ділік қала­лар­да 100 пайыз­ды құра­уы тиіс.

Ал ауыл­ды жер­лерде екі есе ар­тып, 80 пайызға дейін же­туі қажет.

2.7. Та­быс­тардың ар­туы – өмірдің жаңа са­пасы

Құрметті қазақстан­дықтар!

Үстіміздегі жы­лы біз зей­не­тақылар мен сти­пен­ди­ялар көлемін, бюд­жеттік са­ла қыз­меткер­лерінің еңбе­кақыла­рын 30 пайызға өсіреміз.

Екі жыл қата­рынан біз олар­ды 25 пайызға ұлғай­тып келдік.

«Нұр Отан» пар­ти­ясы­ның Ха­лық­тық тұғыр­на­масын­да жос­пар­лан­ға­нын­дай, 2012 жылға қарай зей­нет­ақы­лар­дың, бюд­жеттік ұйым­дар еңбе­кақы­ла­ры­ның және сти­пен­ди­ялар­дың ор­та­ша көлемі 2008 жыл­мен са­лыс­тыр­ған­да 2 есе өседі.

Біз бұған уәде бердік, біз мұны орын­да­дық.

Менің тап­сырмам бойын­ша үш жыл­дық бюд­жетте сіздер­ге айтқан ин­дуст­ри­ялық-ин­но­ваци­ялық, сон­дай-ақ әле­уметтік бағдар­ла­малар­ды қар­жы­лай қам­та­масыз ету қарас­ты­рылған.

Енді бар­лығы Үкімет пен жергілікті билік ор­ганда­рының бұл міндет­терді қалай орын­дай­ты­нына, бұл жұмыс­тың қалай ұйым­дасты­ры­ла­ты­нына бай­ла­ныс­ты бол­мақ.

Бұл – та­яудағы он­жылдықта жа­са­луы тиіс жұмыс­тың ең аз де­ген мөлшері.

Біз бұл жос­парлар­ды ар­тығымен орын­дауға ұмты­луға тиіспіз.

Он­жылдықтың бас­ты әле­уметтік мақса­ты, міне, осын­да.

Қым­батты қазақстан­дықтар!

Менің Жар­лығым­мен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы деп жа­ри­ялан­ды.

Мем­ле­кеттік ко­мис­сия құры­лып, ша­раның Жал­пыұлттық жос­па­ры бекітілді.

Бұл – жал­пы­халықтық іс.

Үкімет­ке оны жүзе­ге асы­руда ин­вес­торлар­дың, биз­нес-қауым­дастық­та­ры­ның, қазақстан­дықтар­дың күшін біріктіруді тап­сы­рамын.

«Бейбітшілік пен жа­сам­паз­дықтың 20 жы­лы» – біздің ме­рей­тойымыз­дың ұра­ны осы.

Тәуелсіздік жыл­да­рын­да Қазақстан жо­лының – Бос­тандық, бірлік, тұ­рақты­лық, өркен­деу секілді ар­қау­лық құнды­лықта­ры қалып­тас­ты­рыл­ды.

Қым­батты қазақстан­дықтар!

Құрметті де­путат­тар!

Мен үшін және бәріміз үшін Пре­зи­денттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзар­ту бойын­ша ре­ферен­дум өткізу ту­ра­лы жал­пы­халықтық бас­та­маға бай­ла­ныс­ты әжептәуір са­яси кол­ли­зия қалып­та­сып отыр.

Мен ре­ферен­думды қол­дап, өзде­рі­нің қол­да­рын қойған бар­лық қазақ­стан­дықтарға, сон­дай-ақ ак­ция бас­та­ма­шыла­рына шы­найы ри­зашы­лы­ғым­ды білдіремін.

Ха­лықтың еркін білдіруі толқы­нын­да қаңтар­дың ор­та­сына қарай Ор­та­лық сай­лау ко­мис­си­ясы 5 мил­ли­он­нан ас­там адам­ның қол қойғанын жа­ри­яла­ды.

Са­на­улы күндер ішінде ре­ферен­дум ту­ралы бас­та­ма іс жүзінде бүкіл­ха­лықтық қозғалысқа ай­нал­ды.

Осы ак­ция ба­рысын­да «Нұр Отан» пар­ти­ясы де­мок­ра­ти­ялық күштердің «Қазақстан-2020» қоғам­дық ко­али­ция­сын құрды.

Ха­лықтық бас­та­ма қазақстан­дық­тар­дың өшпейтін аза­мат­тық бел­сенділігін көрсетті.

Ол елдің са­яси, ин­теллек­ту­ал­дық өмірін бел­сенділендірді.

Бұл да­му мен прог­рестің үлкен әле­уеті бар­лығын айғақтап берді.

Сіздер осы мәсе­ле бойын­ша бар­лық жағда­ят­тарды жақсы білесіздер.

Мен өзімнің Жар­лығым­мен Пар­ла­менттің ре­ферен­дум өткізу ту­ралы ұсы­­­ны­сын қабыл­да­май тас­та­дым. Өйт­­кені, 2012 жылғы пре­зиденттік сай­лауға қаты­суға дайын­да­лып жүрген едім.

Пар­ла­мент, өзінің конс­ти­туци­ялық өкілеттігін пай­да­ланып, Конс­ти­туция­ға өзгеріс енгізу ту­ралы Заң қабыл­да­ды.

Мен заңды Конс­ти­туци­ялық Ке­ңес­ке жол­да­дым, ол оның конс­ти­ту­ция­лығын айқын­да­уы тиіс.

Тек осы­дан кейін шешім қабыл­да­натын бо­лады.

Ол Конс­ти­туция мен біздің заң­да­ры­мызға сәй­кес ке­луі және халқы­мыз­дың ұзақ мерзімді мүддесін ес­ке­руі тиіс.

Қалай болған­да да, ха­лықтың еркі – бәрінен жоғары.

Со­лай дей тұра, мен сыртқы са­ясат­та біз бүкіл әлем­дегі ин­вестор­ларға, биз­нес-қауым­дастықтарға міндет­те­ме­ле­ріміздің тұрақты­лығын қам­та­масыз ететіндігімізді мәлімдеймін.

Біздің са­яса­тымыз бар­лық әріп­тес­теріміздің үміттері мен күткен­деріне сәй­ке­сетін бо­лады.

Қазақстан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ларусь Ке­дендік одағын же­дел де тиімді да­мыту ұста­нымын­да қала­ды.

Біз ТМД ел­дерімен ын­ты­мақтас­ты­ғымыз­ды да­мыта­тын бо­ламыз.

Біз еуро­палық әріптес­терімізге бірлесіп, көпжақты не­месе екіжақты пішінде «Қазақстан – ЕО:2020» энер­ге­ти­калық хар­ти­ясын жа­сап, қабыл­да­уды ұсы­намыз.

Бұл Еуро­па ры­ногы­на энер­гия ре­сурс­та­рын жеткізу, тұрба құбы­ры жүйесін да­мыту тұрақты­лығына кепілдікті қам­та­масыз етеді.

Біз осы жы­лы Ал­ма­тыда Ауғанс­тан бойын­ша ар­найы до­нор­лық кон­фе­рен­ция өткізу­ге бас­та­машы­лық та­ныт­пақпыз.

Бұдан бұрын мен Кас­пий­дегі тұ­рақ­ты­лық пактісін қабыл­дау иде­ясын ұсынған­мын.

Бұл ха­лықара­лық құжат Ор­та­лық Азия мен Кав­каздың бар­лық кең бай­тақ өңірінде тұрақты­лықтың берік ірге­та­сын қалай ала­ды.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шең­берінде бас­таған жан­жалдар­ды рет­теу жөніндегі жұмы­сын жалғас­ты­рады.

Біз жаһан­дық яд­ро­лық қауіпсіздік са­ласын­да көшбас­шы бо­лып қалып отыр­мыз.

Қазақстан БҰҰ-ға Жал­пыға ор­тақ яд­ро­сыз әлем дек­ла­раци­ясын қабыл­дау­ды ұсы­нады.

Сон­дай-ақ Қырғызс­танға көмек­тің мем­ле­кета­ралық бағдар­ла­масын жа­сап, қабыл­дау маңыз­ды деп са­най­мын.

Үстіміздегі жы­лы Қазақстан Ис­лам Кон­фе­рен­ци­ясы Ұйымы­на же­текшілік етеді.

Біз Ба­тыс пен Ис­лам әлемі үн­қа­ты­су­ын нығай­ту бойын­ша бас­та­ма көтердік.

ИКҰ-ға төрағалық Қазақстан­ның сыртқы са­яса­тының ази­ялық век­то­рын күшей­туі тиіс.

Үстіміздегі жыл­дың шілдесінде Ас­та­на­да Шан­хай ын­ты­мақтас­тық ұйы­мы­ның ме­рей­той­лық сам­миті өтеді.

ШЫҰ біздің бел­сенді қаты­суы­мыз­бен құрылған бо­латын және біз оның нығаюы үшін бар­лық қажетті нәрсені жа­сауға тиіспіз.

Мұның бар­лығы Қазақстан­ның өңір­лік және жаһан­дық тұрақ­ты­лық­ты нығай­туға қосқан маңыз­ды үлесі бо­лады.

Қадірлі қауым!

Қым­батты қазақстан­дықтар!

Та­яуда Ел­ба­сы өкілеттігін ұзар­ту үшін бүкілха­лықтық ре­ферен­дум өт­кізу ту­ралы бас­та­ма көтерілгенін бар­ша­ңыз білесіздер.

Бас­та­маға үкіметтік емес ұйым­дар мен же­келе­ген аза­мат­тар, зи­ялы қауым өкілдері мен Пар­ла­мент де­путат­та­ры қол­дау білдіру­де.

Мен елдің бұл ыс­тық ықыла­сын тәуел­сіздікті нығай­ту, мем­ле­кетті ор­нық­ты­ру ісіне бер­ген бағасы деп білемін.

Отан­ды қалтқысыз сүю – оның суы­ғына шы­дап, ыс­тығына күюді та­лап етеді.

Менің ғұмы­рым ел тағды­рымен еншілес.

Маған Си­рат көпіріндей қыл­пылда­ған ке­зеңде тәуелсіздік алып, мем­ле­кет құру ісі сеніп тап­сы­рыл­ды.

Сон­дықтан, мен сенімге серт беріп, бар жа­уап­кершілікті мой­ны­ма ал­дым.

Күрмеуі қиын түрлі тағдыр­лы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабыл­да­дым.

Мен 20 жыл­дан бері бар күш-жіге­рім мен білік, тәжіри­бемді аямай, хал­қыма қалтқысыз қыз­мет етіп ке­лемін.

Осы жыл­да­ры мәрте­бемізді көтеріп, ме­рейімізді асырған бар­ша жетістіктеріміз – біздің ор­тақ та­бысы­мыз.

Сон­дықтан, бас­та­машы аза­мат­тар мен тілекші болған бар­ша қазақстан­дықтарға ри­зашы­лық білдіремін!

Мен үшін қашан­да мем­ле­кет мүд­десі мен ел игілігі жо­лын­да қыз­мет атқару­дан ар­тық бақыт болған емес.

Ал­ды­мыз­да атқары­лар қыру­ар істер бар.

Бұл жол­да біздің ең бас­ты бай­лығымыз – бе­рекелі бірлігіміз.

Мен ауызбіршіліктен ай­ны­май­тын ақжүрек жұртым­ның қуат­ты ұлтқа, шуақты ұлысқа ай­на­лары­на кәміл се­немін.

Халқымыз­да «Бақ бе­рер­де ел­ге ырыс қона­ды, ұстанған жо­лы дұрыс бо­лады» де­ген да­налық сөз бар.

Біз бүгінгі Жол­дау арқылы ме­рейлі бе­лес­тегі атқарған істерімізді қоры­тын­ды­лап, бо­лашаққа бағдар жа­садық.

Бар­шаңызға ел игілігі, мем­ле­кет мүд­десі жо­лын­дағы абы­рой­лы істер­де мол та­быс тілеймін!

Ме­рекелі күндер­ге жеткізген бе­рекелі тірлігіміз ба­ян­ды бол­сын, ағайын!

На­зар­ла­рыңызға рах­мет.

«Еге­мен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: