Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы/ Жаңа оңжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. 29 қаңтар 2010 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы/ Жаңа оңжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. 29 қаңтар 2010 жыл

ЖАҢА ОН­ЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКО­НОМИ­КАЛЫҚ
ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАН­НЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың Қазақстан халқына Жол­да­уы.

Ел та­рихы­ның ХХІ ғасыр­дағы аса бір күрделі ке­зеңі аяқта­лып ке­леді. Дүние жүзінің эко­номи­касын тұра­латқан жа­һан­дық дағда­рыс да­уылы әлі ба­сыла қойған жоқ. Алай­да ол өзінің алғашқы ала­пат қуаты­нан айырыл­ды. Біз тастүйін дайын болған­дықтан, оның сал­да­ры біздің еліміз үшін сон­ша­лықты ауырға соққан жоқ.

Дағда­рысқа дейінгі ке­зеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де эко­номи­касы қа­рыш­тап алға басқан мем­ле­кет­тер қата­рын­­да да­мудың жоғары деңгейіне көтеріл­дік. Өй­ткені біз оған қалай қол жет­кізу­ге бо­латы­нын білдік.

Бәрін дұрыс жос­парлап, са­уат­ты іске асырған­дықтан, біздің да­му­ымыз сәтті бол­ды.

Біз жа­сам­паздыққа жұмы­ла кіріс­кен­діктен, да­мудың даңғыл жо­лына түстік.

То­лағай та­быс­та­рымен дүние жүзін мойын­датқан Қазақстан­ның әле­уеті ар­тып, эко­номи­касы серпінді бо­ла түсті.

Да­му­ымыз­дың маңыз­ды алғышар­ты­на ай­налған қазақстан­дық бірліктің өне­гелі үлгісі ғалам­шардағы мем­ле­кет бас­шы­лары мен кон­фессия же­текшілерінен лайықты бағасын ал­ды.

Осы­лай­ша Қазақстан қуат­ты да та­быс­ты мем­ле­кет­ке ай­на­лып, өзінің бас­та­ма­лары арқылы жоғары ха­лықара­лық бе­дел­ге ие бол­ды.

Жа­сам­паздық қуаты­мен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қал­дырды.

Сон­дықтан Қазақстанға Еуро­падағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтас­тық ұйымы­на төрағалық ету мәрте­белі мис­си­ясы сеніп тап­сы­рыл­ды.

Біз жаңа он­жылдығымыз­ды әлемдік деңгей­дегі осын­дай абы­рой­лы та­рихи оқиғамен бас­та­дық.

Мен біздің ал­дағы бар­ша жетістік­тері­міз осын­дай жарқын бо­лады деп се­немін.

Менің бас­ты мақса­тым – еліміздің ал­дағы он­жылдықтағы эко­номи­калық өр­леуін қам­та­масыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу. Бүгінгі Жол­да­уым осыған ар­налған. "Қазақстан-2030” Стра­тегия­сын орын­дай оты­рып, біз алғашқы он­жыл­дыққа бағдар­ла­ма жа­сап, оны тә­мам­да­дық. Ендігі мақсат – осы Стра­тегия­ның ке­лесі он­жылдығына қарай қадам жа­сау.

  1. 2010 Стра­теги­ялық жос­па­рын іске асы­ру – ел да­му­ының аса маңыз­ды шебі
  2. 1997 жы­лы "Қазақстан-2030” Стра­те­гия­сын қабыл­дап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, бас­ты мақсат­тар мен ба­сым­дықта­рын қалып­тастыр­дық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра­те­ги­ялық жос­парда қисын­ды түрде да­мы­тыл­ды.

    Сөйтіп біз қалай жос­парла­сақ, со­лай өмір сүрдік және мы­надай нәти­желер­ге қол жеткіздік.

    2000 жыл­мен са­лыс­тырған­да 2008 жы­лы-ақ, жос­парланғаны­нан екі жыл бұрын, біз рес­публи­ка ІЖӨ-сінің көлемін екі есе­ледік және мем­ле­кеттің әле­уметтік міндет­те­мелерін тиімді орын­да­дық.

    Ор­та­ша ай­лық жа­лақы 5 есе­ге, ал зей­не­тақының ор­та­ша мөлшері 3 есе­ге өсті.

    Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз та­бысы бар ха­лықтың үлесі 4 есе­ге (50%-дан 12%-ға дейін) азай­ды.

    Ха­лық ден­са­улығының негізгі көр­сет­кіш­тері жақсар­ды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғай­ды. Ана өлімі екі есе­ге азай­ды, ба­ла туу бір жа­рым есе­ге өсті.

    Он жыл­да 652 мек­теп және 463 ден­сау­лық сақтау ны­саны са­лын­ды.

    Бүгінде бізде әлемдік деңгей­дегі ме­ди­ци­налық ор­та­лықтар – Ана мен ба­ланың ұлттық ор­та­лығы және Ней­ро­хирур­гия инс­ти­туты бар.

    Би­ылғы жы­лы Кар­ди­охи­рур­гия ор­та­лығын іске қоса­мыз. Бар­лық об­лыстар­да қазақстан­дықтарға ме­дици­налық қыз­мет көрсе­ту жақса­руда.

    Осы­ның арқасын­да біз өз аза­мат­та­ры­мыз­дың мыңдаған өмірін сақтап қала­мыз!

    Біздің жетістіктерімізді мойын­дай оты­­рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Ба­ян­да­масын­да Қазақстан­ды адам әле­уетінің жоғары деңгейі бар ел­дер са­наты­на қос­ты. Бұл – біздің өскен әл-ауқаты­мыз­дың дау­сыз дәлелі! Он жыл­да 350 мың от­ба­сы – бұл ша­мамен 1,2 мил­ли­он адам тұрғын үй­ге ие бол­ды. 32 мың шақырым жол­дар са­лын­ды және жөнделді, бұл Қазақстан­ның бар­лық жол­да­рының үштен бірі.

    2030 жылға дейінгі Қазақстан­ның Да­му стра­теги­ясы­ның қарпі мен ру­хын негізге ала оты­рып, біз ХХІ ғасыр­дың алғашқы он жыл­дығына белгілен­ген бар­лық міндет­терді шештік.

  3. Дағда­рыс ке­зеңі – дұрыс шешімдер қабыл­дау уақыты
  4. Әлемдік қар­жы-эко­номи­калық дағда­ры­сы эко­номи­каның өсу қарқыны­на ық­пал етті, бірақ біздің да­му­ымыз­ды тоқ­тат­қан жоқ. Жи­нақталған эко­номи­калық әле­ует соңғы үш жыл­дың аса қиын дағ­да­рыс­тық шайқасын­да бізге тұрлау­лы­лық­ты қам­та­масыз етті.

    Біз еліміздің қар­жы жүйесін қорғап, жүйе құра­ушы банк­терді сақтап қал­дық.

    Біз шағын және ор­та биз­несті қиын­шы­лықта қал­дырма­дық.

    Ұлттық және трансұлттық ком­па­ния­лар­дың мем­ле­кеттік са­тып алу­ларын­дағы "қазақстан­дық үлестің” бол­маған өсіміне қол жеткіздік.

    Аг­роөнеркәсіптік ке­шен­ге бұрын-соңды бол­маған көмек көрсеттік.

    Мем­ле­кет үлестік құры­лыс­ты аяқтау жө­ніндегі бар­лық шығын­дарды өз мой­ны­на ал­ды.

    «Жол кар­та­сы-2009» бағдар­ла­масын та­быс­ты іске асы­рудың арқасын­да ел өңірлерінде ТКШ-ны ре­конс­трук­ци­ялау жөнінде 862 жо­ба іске асы­рылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым су­мен жаб­дықтау желілері, 284 шақырым жы­лу трас­са­сы, ав­то­жол­дар, жүзде­ген мек­тептер мен ауру­хана­лар, мәде­ни­ет пен спорт ны­сан­да­ры жөнделді.

    Әр ауылға дейін жет­кен мұндай аса ма­ңыз­ды жұмыс­ты біз тұңғыш рет жүр­гіз­дік. Ха­лық бізге ри­за – біз жақсы жұмыс атқар­дық.

    Бар­лығы да менің бақыла­уым­мен, же­дел, жа­рия атқарыл­ды.

    Біз ре­цес­сияға жол бер­медік, өй­ткені, не істеу ке­ректігін білдік және мұны же­дел істедік.

    Ұлы Не­ру бір кез­дері бы­лай де­ген екен: "Та­быс кім ба­тыл қимыл­да­са, со­ның үлесіне жиі түседі”. Ал біз ба­тыл қимыл­да­дық.

    2009 жы­лы эко­номи­каның ар­туы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құра­ды. Біз оң өсу қарқыны бар ел­дердің "серіппелі то­бына” жат­тық.

    Ұлттық қор­дың жал­пы ха­лықара­лық ре­зерв­тері мен ак­тивтері бүгіннің өзінде 50 мил­ли­ард дол­лардан асып түсіп, соңғы он жыл­да 25 есе­ден ас­тамға өсті.

    Өткен жы­лы біз Қор қар­жы­сының бір бө­лігін жұмса­дық, ал бүгінде Қор­дың кө­лемі өткен жыл­дың жел­тоқса­нын­дағыдан көп екенін атап өту маңыз­ды.

    Қор­дың арқасын­да біз дағда­рысқа қар­сы ша­ралар­ды жүргізіп қана қойған жоқ­пыз, со­нымен бірге мем­ле­кет­ке, бізге қиын болған кез­де, са­туға мәжбүр болған ма­ңыз­ды ак­тивтерді қай­тар­дық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, "Бо­гатырь” раз­резі, Қа­ша­ған­дағы біздің үлесіміз, Маңғыс­тау­мұ­най­газ және бар­лық үш мұнай өңдеу за­уыты.

    Жұмыс­сыздық деңгейі 6,3%-ды құ­ра­ды, ал бұл дағда­рысқа дейінгі уақыт­та­ғы­дан төмен.

    Тиімді іске асы­рылған Жұмыс­пен қам­ту стра­теги­ясы­ның арқасын­да ел­де 400 мыңнан ас­там жұмыс орын­да­ры ашыл­ды.

    Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейін­гі Да­му стра­теги­ясын орын­дауға кірісеміз.

  5. 2020 Стра­теги­ялық жос­па­ры –көшбас­шы­лыққа қазақстан­дық жол
  6. Бізге мы­налар­ды атқару ке­рек:

    • Эко­номи­каны дағда­рыс­тан кейінгі да­муға әзірлеу;
    • Же­дел ин­дуст­ри­ялан­ды­ру және ин­фра­құры­лым­ды да­мыту есебінен эко­но­ми­каның тұрақты өсуіне қол жеткізу;
    • Адам ка­пита­лының бәсе­кеге қабі­леттілігін арт­ты­ру үшін бо­лашаққа бел­сенді ин­вести­ци­ялау;
    • Қазақстан­дықтар­ды са­палы әлеу­меттік және тұрғын үй-ком­му­нал­дық қыз­меттер­мен қам­та­масыз ету;
    • Ұлта­ралық келісімді нығай­ту, ұлттық қауіпсіздікті арт­ты­ру, ха­лықара­лық қарым-қаты­нас­ты одан әрі да­мыту.

    3.1. Эко­номи­каны әрта­рап­танды­ру – та­быс кілті

    Та­яудағы он­жылдықта тұрла­улы да теңдестірілген да­му же­дел әрта­рап­танды­ру және ұлттық эко­номи­каның бәсе­кеге қабілеттілігін арт­ты­ру есебінен қам­та­ма­сыз етілетін бо­лады.

    Еңбек өнімділігінің ке­шенді ар­туы аса маңыз­ды міндет бо­лып та­была­ды.

    Қазақстан­да, егер тұтас­тай эко­номи­ка бойын­ша қарай­тын бол­сақ, бір қыз­мет­кер жы­лына 17 мың дол­лардың өнімін өндіреді екен. Да­мыған ел­дерде бұл көрсеткіш 90 мың дол­лардан асып түседі.

    Қоры­тын­ды өте түсінікті – бізге жағдай­ды түзе­ту – өнімділікті арт­ты­рып, ин­но­ваци­ялар­ды ендіру ке­рек.

    Басқару­дың бар­лық деңгейінің жұ­мы­сына баға бе­ру мен жаңағы өлшем­дер бойын­ша қар­жы­лай қол­дау көрсе­ту және бақылау Үкіметтің бас­ты міндеті бо­лады.

    Ин­но­ваци­ялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл ар­ту­ына жеткізеді.

    Менің тап­сырмам бойын­ша Үкімет Же­дел ин­дуст­ри­ялық-ин­но­ваци­ялық да­мудың мем­ле­кеттік бағдар­ла­масын және Елді ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың ег­жей-тег­жейлі кар­та­сын әзірледі.

    Бұл құжат – та­яудағы бес жыл­да біз нені, қай­да және қашан са­латы­нымыз­дың то­лық іс-қимыл жос­па­ры.

    Бүгінде әңгіме ин­вести­ци­яла­рының жал­пы көлемі 6,5 трил­ли­он теңгелік 162 жо­баны іске асы­ру ту­ралы бо­лып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан ас­та­мы, олар бізге та­яудағы үш жыл­да ғана 200 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орын­да­рын тіке­лей ашуға мүмкіндік бе­реді.

    Ал­дағы бес жыл­да қуат­ты газ-хи­ми­ясы ке­шенін, ми­нерал­дық тыңайтқыш­тар өндіру жөніндегі за­уыт­тарды, бірқатар ірі электр-энер­ге­тика­лық стан­са­лар­ды – Балқаш ЖЭС-ін, Мой­нақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа бло­гын және басқа көпте­ген кәсіпо­рын­дар пай­да­лануға берілетін бо­лады.

    2014 жылға қарай біз бар­лық 3 мұнай өңдеу за­уытын ре­конс­трук­ци­ялай­мыз және бүкіл мұнай өнімдерінің түр-түрі бойын­ша ішкі қажеттілігімізді то­лық қам­та­масыз ете ала­мыз.

    Әр өңірдегі әрбір ин­дуст­ри­ялық жо­ба жергілікті биліктің ғана емес, со­нымен бірге жұртшы­лықтың да ай­рықша бақы­ла­уына алы­нуы ке­рек. Бұл жұмыс та­яу­да­ғы он­жылдықта бүкіл еліміздің жал­пы­ұлттық міндетіне ай­на­луы тиіс.

    Тек осы­лай ғана біз әлемнің бәсе­кеге қабілетті 50 елінің қата­рына ене ала­мыз.

    «Нұр Отан» ХДП үшін 2020-Бағ­дар­ла­масын орын­дау жұмыс­тың бас­ты өзе­гі­не ай­на­луы тиіс. Ешкім сырт­та тұрма­уы ке­рек, өй­ткені, тек осы­лай ғана біз Қа­зақ­стан­ның жаңа эко­номи­калық өрлеуін қам­та­масыз етеміз.

    Бағдар­ла­маны жүзе­ге асы­ру жөнінде Премьер-Ми­нистр бас­таған бірыңғай бас­қару ор­та­лығы (шта­бы) және об­лыс­тар­да әкімдер басқара­тын ор­та­лықтар құры­лады. Біз 2009 жы­лы "Жол кар­та­сы” бағдар­ла­масы бойын­ша қалай жұмыс істе­сек, со­лай жұмыс істе­уге тиіспіз.

    Ми­нист­рлер, әкімдер бар­лық ағым­дағы мәсе­лелердің шешілуі үшін жа­уап­ты бо­лады. Олар бар­лық ре­сурс­тар­ды жұмыл­ды­рады да.

    Ин­дуст­ри­ялық да­му – бұл біздің жаңа он­жылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел да­муы үшін жаңа мүмкіндіктер.

    Қазақстан та­быс­ты ин­дуст­ри­ялық дер­жа­ва бо­лады – мен бұған әбден сенімдімін.

    Әрта­рап­танды­рудың басқа бір маңыз­ды сег­менті аг­роөнеркәсіптік ке­шенді да­мыту бо­лып та­была­ды. Оның да­муы негізгі үш бағыт бойын­ша жүруі ке­рек.

    Біріншіден, негізгі сал­мақ еңбек өнімділігінің ар­ту­ына түсірілуі тиіс.

    Ауыл ша­ру­ашы­лығын­дағы еңбек өнімділігі ең төмені және жы­лына бір жұмыс істе­ушіге 3 мың дол­лар ша­масын­да ке­леді. Ал да­мыған ел­дерде бұл көрсеткіш 50–70 мың дол­ларды құрай­ды екен.

    Ауыл үшін өсу перс­пек­ти­васы міне осын­да. Сон­дықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай аг­роөнеркәсіптік ке­шен­де өнімділікті кем де­ген­де екі есе арт­ты­ру.

    Бұл күрделі міндетті аг­рарлық-ин­дус­три­ялық әрта­рап­танды­ру ғана, яғни ауыл­ша­ру­ашы­лық шикіза­тын қай­та өңде­уді шұ­ғыл арт­ты­ру, жаңа құрал-жаб­дықтар, жаңа тех­но­логи­ялар мен ауыл ша­ру­ашы­лы­ғын­дағы жаңа көзқарас ше­ше ала­тын жағдай­да. Әлемдік тәжіри­бені пай­да­лану, оны біздің ауыл ша­ру­ашы­лығымызға же­дел ендіру ке­рек.

    Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіз­ді­гін қам­та­масыз ету.

    2014 жылға қарай азық-түлік та­уар­ла­ры ішкі ры­ногы­ның 80%-дан ас­та­мын отан­дық тағам өнімдері құра­уы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар.

    Үшіншіден, экс­пор­ттық әле­уетті іске асы­ру, бірінші ке­зек­те бұл Ке­ден одағы, Ор­та­лық Азия, Кав­каз бен Та­яу Шығыс ел­дерінің ры­нок­та­ры.

    Біз қазірдің өзінде «Жетіген-Қор­ғас» және «Өзен-Түркіменс­тан­мен мем­ле­кет­тік ше­кара» темір жол желілерін са­лып жа­тыр­мыз, олар іс жүзінде біздің өнім­дер­ге Қытай мен Пар­сы шығанағы ел­де­рінің ры­нок­та­рына жол аша­ды. Біз са­луға кірісетін "Ба­тыс Қытай-Ба­тыс Еуро­па” ав­то­жолы ­– та­уар­лар үшін маңыз­ды ма­гист­раль.

    «Бо­лашақтың эко­номи­касы» сек­тор­ла­рына же­ке тоқталғым ке­леді. Нәти­желі де тиімді қыз­мет ететін ұлттық ин­но­ва­ци­ялық жүйе оның негізі бо­луы тиіс.

    Бізде қазірдің өзінде бұл бағыт­тағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері ке­теміз. Жаңа Уни­вер­си­теттің аясын­да Ас­та­нада үш жаңа ғылы­ми ор­та­лық құры­латын бо­лады.

    Өмір ту­ралы ғылым­дар ор­та­лығы ор­гандар­ды көшіру, жа­сан­ды жүрек және өкпе, бағана­лы жа­суша және ұзақ жа­сау ме­дици­насы са­ласын­да әлемдік же­текші ғылы­ми ор­та­лықтар­мен бірлес­кен әзірліктер жүргізеді.

    Энер­ге­тика­лық зерт­те­улер ор­та­лығы қай­та­лан­ба энер­ге­тика, жоғары энер­гия­лар фи­зика­сы мен тех­ни­касы мәсе­ле­лері­мен ай­на­лыса­тын бо­лады.

    Тақыры­пара­лық ас­паптық ор­та­лық ин­жи­ниринг ор­та­лығы, зерт­ха­налық ба­за және конс­трук­торлық бю­ро бо­лып та­бы­лады.

    Бар­лық үш ор­та­лық би­ылғы жы­лы құры­латын бо­лады.

    Үкімет­ке біздің ин­дуст­ри­яның 2010 жылғы ба­сым­дықта­рын ес­ке­ре оты­рып, елдің ғылы­ми тех­но­логи­ялық да­му­ының 2020 жылға дейінгі са­ла­ара­лық жос­па­рын әзірле­уді тап­сы­рамын.

    Сон­дай-ақ, «Ғылым ту­ралы» жаңа заңның әзірле­нуін же­дел­де­ту қажет.

    Бұл біздің бо­лашақ да­му­ымыз үшін маңыз­ды.

    3.2. Са­уат­ты са­уда са­яса­ты – ­эко­номи­каның бәсе­кеге қабілеттілігіне қол­дау

    Қазақстан ТМД-дағы ин­тегра­ци­ялық үдерістердің бел­сенді қаты­сушы­сы бо­лып та­была­ды. 2010 жылғы 1 қаңтар­дан бас­тап күшіне ен­ген Ре­сей­мен және Бе­ларусь­пен Ке­ден одағының құры­луы – бұл қазақ­стан­дық бар­лық ин­тегра­ци­ялық бас­та­ма­лар­дың серіппелілігі.

    Үш ел ин­тегра­ци­ясы­ның ке­лесі ке­зеңі 2012 жылғы 1 қаңтар­дан бас­тап Біртұтас эко­номи­калық кеңістіктің қалып­тасты­ры­луы бо­лады. Бұл ка­питал мен жұмыс күшінің еркін қозғалы­сы қам­та­масыз еті­летін ин­тегра­ци­яның әлдеқай­да жоғары деңгейі. ТМД-дағы өңірлік эко­номи­ка­лық бірлестіктер­ге қол­дау білдіре оты­рып, Үкімет Қазақстан­ның эко­номи­калық да­му ба­сым­дықта­рына сай ке­летін жағдай­лар­да Бүкіләлемдік са­уда ұйымы­на кіру үдерісін жан­данды­руы тиіс.

    Қазірдің өзінде біздің кәсіпкер­лерге жаңа мүмкіндіктердің пай­да бо­лу­ын дұ­рыс бағалау, жаңа ры­нок­тарға шығу жө­ніндегі тиімді стра­теги­ялар­ды әзірле­умен байып­ты ай­на­лысу, бәсе­келестік ар­тықшы­лықтар­ды өсіре түсу маңыз­ды.

    Әри­не, ай­ты­лып жүргеніндей, "бәсе­ке жоқ жер­де ұйқың жақсы, бірақ та өмірің на­шар”. Ал қазақстан­дықтар жақсы­рақ өмір сүрмек және өз жос­парла­рын жүзе­ге асы­руға ке­дергі келтіретіндер­ге жол бер­меу ни­етінде.

    3.3. Ин­вести­ци­ялар тар­ту

    Әрта­рап­танды­ру жөніндегі біздің жос­парла­рымыз­ды іске асы­ру үшін бір ғана мем­ле­кеттік ре­сурс­тар жеткіліксіз бо­латы­ны анық. Оның негізгі көзі тіке­лей ше­телдік ин­вести­ци­ялар бо­луы тиіс.

    Менің ха­лықара­лық са­пар­ла­рым ба­ры­сын­дағы негізгі мәсе­лелердің бірі Қазақстанға ин­вести­ци­ялау мәсе­лесі бол­ды. Көпте­ген мем­ле­кет­тер біздің эко­номи­каға ре­сурс­тар са­лудың мәні бар деп біледі.

    Бүгінде Қытай­дан, Оңтүстік Ко­рея­дан, Бі­ріккен Араб Әмірліктерінен, сон­дай-ақ фран­цуз, итальян, ре­сейлік ком­па­ния­лар­дан 20 мил­ли­ард дол­лар көлемінде ин­вести­ци­ялар тар­ту ту­ралы мәсе­лелер шешілді.

    Бұл қара­жат шикізат­тық емес сек­тор­ға жұмса­лып, ин­дуст­ри­ялық бағдар­ла­ма­ның, инф­рақұры­лым мен бірлес­кен кәсіпо­рын­дардың он­даған ны­сан­да­рын іске қосу­ды қам­та­масыз етеді.

    «Ба­тыс Қытай-Ба­тыс Еуро­па» ав­то­ма­гист­раліне 3 мил­ли­ард дол­ларға жуық көлемінде және елдің ба­тысы­нан оңтүс­тігіне қарай тар­ты­латын газ құбы­рына 2 мил­ли­ард дол­лар ин­вести­ци­ялар тар­ту мәсе­лелері шешілді.

    Мұның бәрі – шикізат­тық сек­тордың ин­вести­ци­яла­рынан басқасы, ал ол 10 мил­ли­ард дол­лардан ас­тамды құрай­ды. Көріп отыр­сыздар, бұл Бағдар­ла­маны қар­жы­лай және ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен қам­та­масыз ету жөнінде ора­сан зор жұмыс жүргізілді.

    Біз Қазақстан­да өңірімізде жұмыс істе­уге дайын ин­вестор­лар үшін ба­рын­ша тар­тымды жағдай жа­сауға тиіспіз.

    Ин­дуст­ри­ялық да­му ба­сым­дықта­рын ес­кер­генде ар­на­улы эко­номи­калық ай­мақ­тар мен ин­дуст­ри­ялық парк­тердің қыз­мет етуіне жаңа көзқарас қажет. Үкімет­ке ар­на­улы эко­номи­калық ай­мақтар ту­ралы жаңа заң жо­басын әзірле­уді тап­сы­рамын.

    Же­ке меншік ин­вести­ци­ялар­ды тар­ту жөнінен мем­ле­кеттік-же­кеменшік әріптес­тік тетігі ора­сан зор әле­ует­ке ие бо­лып отыр.

    Біз Қазақстан­да бұл тетікті іске қос­тық, бірақ та ол озық әлемдік прак­ти­каға сәй­кес жетілдіруді та­лап етеді.

    Үкімет­ке бірінші жар­ты­жыл­дықта кон­цесси­ялар ту­ралы заңна­маға тиісті өзгерістер енгізуді тап­сы­рамын. Жо­балық қар­жы­лан­ды­ру қағида­тын ендіру мақса­тын­да біздің заңна­мада ерек­ше құқықтық мәрте­бесі бар ар­на­улы жо­балық ұйым­дар құру мүмкіндігін көздеу ке­рек.

    3.4. Кәсіпкерлік – жаңа эко­номи­каның қозғаушы күші

    Әрта­рап­танды­рудың өзегі кәсіпкерлік бо­лады.

    Біз тәуекел­дерді өз мой­ны­на алуға, жаңа ры­нок­тарды иге­руге, ин­но­ваци­ялар ендіру­ге дайын қуат­ты кәсіпкер­лер та­бын көргіміз ке­леді.

    Нақ осы кәсіпкер­лер эко­номи­каны жаң­ғыр­ту­дың қозғаушы күші бо­лып та­бы­ла­ды.

    Осыған бай­ла­ныс­ты Үкімет­ке 2010 жыл­дан бас­тап өңірлер­де кәсіпкерлікті да­мыту жөнінде бірыңғай бюд­жеттік бағдар­ла­ма енгізілуін қам­та­масыз етуді тап­сы­рамын.

    Оны «Биз­нестің жол кар­та­сы-2020» деп ата­уды ұсы­намын.

    Бұл бағдар­ла­маның мақса­ты өңірлер­де кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және ор­та биз­нестің жаңа то­бын да­мыту есебінен тұрақты жұмыс орын­да­рын ашу бо­лады.

    Бұл бағдар­ла­ма қара­жатын пай­да­лану мы­на­дай бағыт­тар бойын­ша жүзе­ге асы­ры­луы тиіс:

    • не­си­елер бойын­ша пайыз­дық став­ка­лар­ды суб­си­ди­ялау;
    • шағын және ор­та биз­неске не­сие­лерді ішіна­ра кепілдендіру;
    • биз­нес жүргізу­ге сер­вистік қол­дау білдіру;
    • кадр­лар­ды қай­та да­яр­лау және біліктілігін арт­ты­ру, жас­тар прак­ти­касы және әле­уметтік жұмыс орын­да­ры.

    «Биз­нестің жол кар­та­сы-2020» кәсіпкер­лер үшін де, сол секілді банк­тер мен ин­вестор­лар үшін де шикізат­тық емес жо­балар­ды қар­жы­лан­ды­ру жөнінен жаңа мүмкіндіктер аша­ды.

    Үкімет әкімдер­мен бірлесіп үшжыл­дық бюд­жет аясын­да әр өңірдің эко­но­ми­ка­лық әле­уетін есеп­те­улер­ге негіздел­ген жыл­дар бойын­ша бөлшек­телген қар­жы­лан­ды­рудың жал­пы ли­митін әзірлеуі тиіс. Бұл қара­жат өңірлер­ге беріледі.

    Әкімдер бағдар­ла­ма бойын­ша қар­жы­лан­ды­рыла­тын шағын және ор­та биз­нес жо­бала­ры үшін то­лық жа­уап­ты бо­лады.

    Үкімет­ке ӘКК-ні жергілікті атқару­шы ор­гандарға бе­руді тап­сы­рамын, олар іс жүзінде биз­несті да­мыту жөніндегі өңірлік кор­по­раци­ялар бо­лады.

    3.5. Отан­дық та­уар­лар – 2020 Жос­па­рын жүзе­ге асы­рудың та­быс­ты­лық ин­ди­като­ры

    Біздің шикізат­тық емес экс­пор­тта­ушы­лар­ды қол­дау ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың ше­шуші бағыты бо­луға тиіс.

    Қазақстан өнеркәсібі экс­пор­ттық ры­нок­тарға отан­дық бренд­тердің кең ауқым­ды тізбегімен ұсы­нылуы ке­рек.

    Сон­дықтан Үкіметтің міндеті – экс­порт­та­ушы­ларға негізгі құрал­дарды са­тып алу­ды қар­жы­лан­ды­руды, экс­портқа сер­вистік қол­дау көрсе­туді, экс­пор­ттау­шы­ларға грант­тар мен экс­пор­ттық са­уда­лық қар­жы­лан­ды­руды қарас­ты­ратын біртұтас қол­дау жүйесін жа­сау.

    3.6. Өңірлердің да­муы – елдің да­муы

    Өңірлік да­му ре­фор­ма­ларын­сыз біз же­дел әрта­рап­танды­руға қол жеткізе ал­май­мыз. Сон­дықтан бізге эко­номи­калық өсу ор­та­лықта­рын қалып­тасты­руды бас­тау қа­жет. Қазақстан­ның ба­тысын­да мұнай-газ сек­то­рын, хи­мия өнеркәсібін, жаб­дықтар өн­дірісі мен көліктік қуат­тарды да­мыту ке­рек.

    Ор­та­лықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыс­та – кен-ме­тал­лургия ке­шені, атом, хи­мия өнеркәсібі және аг­рарлық ин­дуст­рия да­мыты­луы тиіс.

    Ішкі сұра­ныс ба­засын­дағы сек­торлар­ды дәстүрлі ин­дуст­ри­ялар жа­нынан, сон­дай-ақ қуат­ты кадр­лық әле­уеті бар Ал­ма­ты мен Ас­та­на қала­ларын­да да­мыту қажет.

    Жоғары экс­пор­ттық әле­уеті бар шикізат­тық емес сек­тор мен АӨК-ні елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде да­мыту орын­ды.

    Бо­лашақ эко­номи­касы­ның сек­то­ры Ал­ма­ты мен Ас­та­нада да­муы тиіс.

    Біздің елор­да­мыз, эко­номи­касы бә­се­ке­ге қабілетті, ел аза­мат­та­ры мен ту­рис­тер үшін тар­тымды қала – Ас­та­наны одан әрі да­мы­туға ай­рықша маңыз берілетін бо­лады.

    Жаңа өңірлік са­ясат – 2020 Стра­те­ги­ялық жос­па­рының аса маңыз­ды бөлігі.

    Үкімет­ке об­лыстар­дың, Ас­та­на мен Ал­ма­ты қала­лары­ның әкімдерімен бір­ле­се оты­рып, өңірлер­дегі ин­вести­ци­ялық са­ясат мәсе­лелерін мұқият пы­сықта­уды тап­сы­рамын.

    3.7. 2020 Стра­теги­ялық жос­па­рын іске асы­рудың ба­залық шарт­та­ры

    Эко­номи­каны жаһан­дық қал­пы­на келтіру­ге дайын­дау және оның сыртқы сы­нақтарға тұрақты­лығын арт­ты­ру үшін біртұтас үш міндетті ше­шу қажет бо­лады:

    • біріншіден, биз­нес-аху­ал­ды еле­улі жақсар­ту;
    • екіншіден, қар­жы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қам­та­масыз ету;
    • үшіншіден, сенімді құқықтық ор­та қалып­тасты­руды жалғас­ты­ру.

    Үкімет­ке 2011 жы­лы биз­несті тіркеу­ге және биз­несті жүргізу­ге бай­ла­ныс­ты опе­раци­ялық шығын­дарды 30%-ға, ал 2015 жы­лы тағы да 30%-ға қысқар­ту­ды тап­сы­рамын.

    Он­жылдықтың соңын­да шағын және ор­та биз­нестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс.

    2020 жы­лы Қазақстан биз­нес-аху­алы ең қолай­лы де­ген 50 елдің қата­рына енуі ке­рек.

    Қар­жы жүйесінің тұрақты­лығы мен ор­нықты­лығын қам­та­масыз етудің маңызы зор.

    Отан­дық қор ры­ногын жұмыс істе­уге мәжбүрлеп, ол 2020 жы­лы ТМД мен Ор­та­лық Ази­ядағы ис­лам бан­кингінің өңірлік ор­та­лығына ай­на­луы және Ази­ядағы же­тек­ші қар­жы ор­та­лықта­рының он­дығына енуі тиіс.

    Отан­дық қар­жы жүйесіндегі рет­те­улер дағда­рыс­тан кейінгі әлемнің сы­нақта­ры мен қатер­леріне сәй­кесінше сай бо­луы ке­рек.

    Қар­жы­лық рет­те­уші банк сек­то­рының сыртқы міндет­те­мелері үлесінің оның міндет­те­мелерінің жи­ын­тық көлемінде төмен­деуін қам­та­масыз етуі тиіс.

    Бұл рет­те сыртқы зай­мдар­дың ба­сым бөлігі тиімді де бәсе­кеге қабілетті өндірістер құруға бағыт­та­луы ке­рек.

    Банк­терді ашық не­месе жа­сырын аф­фи­лир­ленген құры­лым­дардан аулақ ұстау қажет.

    Банк­тердің тек қана банк қыз­метімен ай­на­лысу­ын және олар­дың қыз­метінің ба­рын­ша мөлдір бо­лу­ын қатаң бақылауға алу ке­рек.

    Біз банк­тердің дағда­рыс кезінде аман қалу­ына көмек­тестік, енді банк­тер эко­номи­каға оның дағда­рыс­тан кейінгі қал­пы­на ке­луі мен да­му­ына жігерлі түрде жәрдем­де­суі тиіс.

    Дағда­рыс жағдайын­да Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір «қауіпсіздік көпшігіне» ай­нал­ды. Оның ендігі міндеті – тұрақты­лық пен өркен­де­удің кепілі бо­лу.

    Үкімет бюд­жеттің шикізат­тық емес кірістер әле­уетін ұлғай­ту­мен байып­ты ай­на­лысуы тиіс.

    Осы он­жылдықтың соңын­да бюд­жет­тің мұнай­лық емес тап­шы­лығы ІЖӨ-нің 3 пайызы­нан ас­па­уы ке­рек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.

    Үстіміздегі жыл­дан бас­тап рес­пуб­ли­калық бюд­жетке кепілді транс­ферт аб­со­люттік мөлшер­де – 8 мил­ли­ард дол­лар көлемінде бекітілетін бо­лады.

    Бұл транс­ферт ең ал­ды­мен ин­дуст­рия­лан­ды­руды жүзе­ге асы­ру мақсат­та­рына бағыт­та­луы тиіс.

    Бюд­жетке Ұлттық қор­дан ешқан­дай зай­мдар, өзге де ешқан­дай қосым­ша транс­фер­ттер бол­май­ды.

    Осы көзқарас­тарды ес­ке­ре кел­генде, Ұлт­тық қор­дың ак­тивтері 2020 жылға қарай 90 мил­ли­ард дол­ларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрай­ды.

    Үкімет­ке үстіміздегі жыл­дың бірінші тоқса­нын­да Ұлттық қор­ды қалып­тасты­ру мен пай­да­лану­дың жаңа тұжы­рым­да­масын маған бекіту­ге ұсы­нуды тап­сы­рамын.

    Тұтас­тай алған­да 2020 жылға қарай біз эко­номи­каны же­дел­де­те әрта­рап­танды­ру­дың төмен­дегідей негізгі нәти­желеріне қол жеткізу­ге тиіспіз.

    ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құра­уы тиіс.

    Экс­пор­ттың жал­пы көлемінде шикі­зат­тық емес экс­пор­ттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өң­деу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл ша­руа­шы­лығын­да кем де­ген­де 4 есе ар­туы ке­рек.

    ІЖӨ-нің энер­гия сыйым­ды­лығы 25%-дан кем емес мөлшер­де төмен­деуі тиіс. Кә­сіпо­рын­дардың ин­но­ваци­ялық ак­тив­те­рінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі ке­рек. 2015 жыл­дың өзінде-ақ аг­рарлық са­ланың экс­пор­ттық әле­уеті 4-тен 8%-ға дейін ұл­ғайып, құры­лыс­тың ішкі қажеттілік­тері­нің 80%-ы қазақстан­дық құры­лыс ма­те­ри­ал­да­рымен қам­та­масыз етілуі тиіс.

    Үкіметтің, бар­лық деңгей­лер­дегі әкім­дердің ал­дында тұрған нақты міндет­тер міне, осын­дай. Біз сұрай­тын­дар да міне, осы­лар. Сон­дықтан бар­лық ком­па­ни­ялар мен кәсіпо­рын­дар бас­шы­лары­ның жа­уап­кершіліктерін арт­ты­ру қажет. Бұл жаһан­дық мәсе­ле, мем­ле­кеттілік мәсе­лесі, тәуелсіздік мәсе­лесі.

    Бес жыл­да Үкімет ме­тал­лургия өнімдерінің өндірісі мен экс­пор­ты­ның екі есе­ленуін, хи­мия өнімдері өндірісінің үш есе­ленуін қам­та­масыз етуі ке­рек. 2015 жылға қарай бюд­жет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмен­де­те оты­рып, жаңа жо­балар есебінен 300–400 мил­ли­ард теңге­ге өсіп шығуы тиіс.

  7. Адам – елдің бас­ты бай­лығы
  8. Елді жаңғыр­ту стра­теги­ясын іске асы­ру­дың та­быс­ты­лығы, ең ал­ды­мен, қазақ­стан­дықтар­дың біліміне, әле­уметтік және де­не бол­мы­сы, көңіл-күй­леріне бай­ла­ныс­ты.

    4.1. Білім бе­ру

    2020 жылға қарай қала­лық, сол се­кілді ауыл­дық жер­лердегі бар­лық ба­лалар мек­теп жа­сына дейінгі тәрбие бе­ру және оқыту­мен қам­ты­латын бо­лады. Бізде мем­ле­кеттік-же­кеменшік әріптестігінің зор әле­уеті бар. Же­ке меншік от­ба­сылық ба­лабақша­лар мен шағын ор­та­лықтар – бұл мем­ле­кеттік ме­кеме­лер­ге ба­лама.

    Үкімет­ке әкімдер­мен бірлесіп үстіміздегі жыл­дың бірінші жар­ты­сын­да-ақ ба­лалар­ды мек­теп жа­сына дейінгі оқыту­мен және тәрби­емен қам­та­масыз етуді арт­ты­руға ба­ғыт­талған "Ба­лапан” ар­найы бағдар­ла­ма­сын әзірлеп, іске асы­руға кірісуді тап­сы­рамын.

    2020 жылға қарай ор­та білім бе­руде 12 жыл­дық оқыту мо­делінің та­быс­ты жұмыс істеуі үшін Үкімет бар­лық қажетті ша­ралар­ды қабыл­да­уы тиіс.

    Кәсіптік және тех­ни­калық білім бе­ру кәсіби стан­дарт­тарға негізделіп, қатаң түрде эко­номи­каның қажеттіліктерімен өза­ра бай­ла­ныс­ты­рылуы ке­рек.

    Жоғары білім са­пасы ең жоғары ха­лық­ара­лық та­лап­тарға жа­уап бе­руі тиіс. Ел­дегі жоо-лар әлемнің же­текші уни­вер­си­тет­терінің рей­тингіне ену­ге ұмты­лу­лары ке­рек.

    2015 жылға қарай Ұлттық ин­но­ва­ция­лық жүйе то­лыққан­ды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай ел­де енгізілетін тал­да­улар, па­тент­тер мен дайын тех­но­логи­ялар түрінде өз нәти­желерін бе­руге тиіс.

    Білім бе­ру са­ласын­да Ас­та­на қала­сын­да құры­лып жатқан біре­гей оқу орын­да­ры – «Жаңа Ха­лықара­лық Уни­вер­си­тет», «Ар­на­улы Қор» және қазірдің өзінде та­быс­ты жұмыс істеп жатқан «Ин­теллек­ту­ал­дық мек­тептер» секілді жо­балар ерек­ше ба­сым­дыққа ие бол­мақ.

    Мен олар­дың менің есімімді алу­ына келісімімді бердім.

    Олар­дың отан­дық білім бе­ру жүйесінің флаг­ма­ны бо­лып, осы за­манғы оқу бағдар­ла­мала­рын кейіннен олар­ды бүкіл рес­публи­ка бойын­ша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі бас­ты алаңға ай­на­луы үшін қол­дан кел­геннің бәрін жа­сау қажет.

    Осы оқу орын­да­рының то­лыққан­ды жұмыс істе­улері үшін Үкімет­ке үстіміздегі жыл­дың бірінші тоқса­нын­да Пар­ла­мент­ке тиісті заң жо­басын әзірле­уді және Пар­ла­мент­ке енгізуді тап­сы­рамын.

    4.2. Ден­са­улық сақтау

    Ха­лық ден­са­улығы – ол Қазақ­стан­ның өзінің стра­теги­ялық мақсат­та­рына же­тудегі та­бысы­ның ажы­рамас құрам­дас бөлігі.

    Бүгін біз ме­дици­налық қыз­метке нәти­желер­ге бағдар­ланған қар­жы­лан­ды­ру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын­да­уда­мыз. Дәрі-дәрмек­пен қам­та­масыз етудің тиімді жүйесі үшін бар­лық қажетті ба­залық жағдай­лар­ды жа­садық.

    Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығары­латын бо­лады.

    Білім бе­ру мен ден­са­улық сақтау са­лала­рын­дағы мем­ле­кеттік кәсіпо­рын­дар­дың қыз­мет мәсе­лелері жөніндегі рес­публи­каның заңна­малық актілеріне түзе­тулер енгізуді же­дел­де­ту қажет.

    Са­ламат­ты өмір сал­ты мен адам­ның өз ден­са­улығы үшін ын­ты­мақты жа­уап­керші­лігі қағида­ты – міне, осы­лар ден­са­улық са­ласын­дағы және ха­лықтың күнделікті тұрмы­сын­дағы мем­ле­кеттік са­ясат­тың ең бас­ты мәсе­лесі бо­луы тиіс.

    2011 жылғы Азия ойын­да­ры үшін біз дайын­дап жатқан спорт­тық инф­рақұры­лым­дар өңірлерді Ас­та­на мен Ал­ма­тыдан қалып қой­мауға итер­ме­лей оты­рып, бұқара­лық де­не шы­нықты­ру-спорт­тық қозғалы­сын да­мыту үшін қажетті алғышарт­тар жа­сай­тын бо­лады.

    Ту­ризм және спорт ми­нистрлігі әкімдер­мен бірге ел­де бұқара­лық спорт­ты да­мыту үшін бірлес­кен іс-ша­ралар­ды анықтап, олар­ды нақты іске ай­нал­ды­руы тиіс.

    30%-ға дейінгі қазақстан­дықтар бұқара­лық спортқа тар­ты­луы ке­рек.

    Осын­дай жағдай­да ғана біз да­муды көре ала­мыз.

    Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де.

    Ден­са­улық сақтау ны­сан­да­рын са­лу және жаб­дықтау, кадр­лар­ды да­яр­лау, са­ла­мат­ты өмір сал­ты жөніндегі мем­ле­кет­тік ша­ралар ке­шені 2020 жылға қарай ана мен ба­ла өлімін екі есе төмен­детіп, жал­пы өлімді 30%-ға азай­тып, ту­бер­ку­лез­бен ауру­ды 20%-ға қысқар­туы тиіс.

    Бұл рет­те өмір сүрудің күтілетін ұзақ­тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осы­нау құр­ғақ сан­дардың ар­тында біздің аза­мат­та­рымыз­дың аман алып қалынған мың­да­ған өмірлері тұр. Бұл өте маңыз­ды мақ­сат. Біз оған міндетті түрде қол жет­кізуіміз ке­рек!

    4.3. Өмір са­пасын жақсар­ту және әле­уметтік қорғау

    Ал­да тұрған он­жылдықтың аса маңыз­ды міндеті – Қазақстан­ның бар­лық аза­мат­та­рының өмір са­пасы мен деңгейін жақ­сар­ту, әле­уметтік тұрақты­лық пен қор­ғалу­ды нығай­ту. Ел халқы са­нының 2020 жы­лы 10%-ға өсуі үшін мем­ле­кет бар­лық қажетті жағдай­лар­ды жа­сай­тын бо­лады.

    Біздің мем­ле­кеттік әле­уметтік сая­са­ты­мыз­дағы бас­ты ба­сым­дық ха­лықтың жұ­мыс­пен қам­ты­лу­ын қам­та­масыз ету бо­лып та­была­ды.

    Сон­дықтан мен 2020 жылға қарай жұ­мыс­сыздық деңгейі 5%-дан, ал та­быс­та­ры ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ха­лықтың үлесі 8%-дан ас­пай­тын бол­сын де­ген міндет қоямын.

    Әле­уметтік қыз­меттер тек мұқтаж адам­дарға көрсетіліп, қазіргі за­манғы стан­дарт­тар мен Қазақстан­дағы өмір деңгейіне сәй­кес бо­луы ке­рек.

    2015 жылға қарай ба­залық зей­не­тақы төлем­дері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мем­ле­кеттік әле­уметтік жәрде­мақылар мөлшері 2010 жыл­мен са­лыс­тырған­да 1,2 есе арт­ты­рылуы тиіс.

    Біз өз іс-әре­кетімізде дәйектілікті ұс­та­на­мыз. Өткен жы­лы зей­не­тақылар, шә­кірт­ақылар, бюд­жет са­ласы қыз­мет­кер­лері­нің еңбе­кақыла­ры 25%-ға өсірілді. Әле­уметтік жәрде­мақылар ор­та есеп­пен 9%-ға арт­ты.

    Рес­публи­калық бюд­жетте үстіміздегі жы­лы да зей­не­тақылар­ды 1 қаңтар­дан бас­тап, ал шәкіртақылар мен бюд­жет­те­гілер еңбе­кақыла­рын 1 шілде­ден бас­тап жи­ыр­ма бес пайызға өсіру қарас­ты­рылған.

    Өткен жылғы эко­номи­ка өсімінің оң сер­пінін шәкіртақылар мен бюд­жеттегі­лер­дің еңбе­кақыла­рын үш ай бұрын – 2010 жыл­дың сәуірінен бас­тап өсіру­ге мүм­кіндік бе­реді деп есеп­теймін. Үкі­мет­ке осы үшін қажетті ша­ралар қабыл­да­уды тап­сы­рамын.

    4.4. Ар­да­гер­лерге қамқор­лық

    Үстіміздегі жы­лы біз Ұлы Отан соғысын­дағы Жеңістің 65 жыл­дығын атап өтеміз. Бұл біздің ор­тақ та­рихы­мыз­дағы маңыз­ды да­та.

    Әрбір соғысқа қаты­сушы мен соғыс мүге­дегіне бюд­жеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрде­мақы төле­нетін бо­лады.

    Сол сияқты соғысқа қаты­сушы­лар мен соғыс мүге­дек­теріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытын­да қаза тапқан әске­ри қыз­метшілердің ата-ана­лары мен жұбай­ла­ры, қаза болған соғыс мүге­дек­те­рі мен оларға теңестірілген мүге­дек­тер­дің жұбай­ла­ры, соғыс жыл­да­рын­дағы тыл еңбек­керлері де ма­тери­ал­дық қол­да­усыз қал­май­ды.

    Оның сыр­тында Жеңістің 65 жыл­ды­ғын кеңінен мей­рам­дауға бай­ла­ныс­ты соғысқа қаты­сушы­лар мен мүге­дек­терінің жеңілдікпен жол жүру­лері үшін 383 мил­ли­он теңге қарас­ты­рылған.

    Бұл біздің әке­леріміз бен ата­лары­мыз­ға олар­дың жанқияр­лық күресі мен жеңісі үшін, олар­дың біздер­ге бейбіт өмір­ді қам­та­масыз ет­кендері үшін көр­сетілген құрмет.

    4.5. Тұрғын үй-ком­му­нал­дық сек­тор са­ласын­дағы са­ясат

    Дағда­рыс са­бақта­ры тұрғын үй құры­лысын да­мыту са­яса­тын жетілдіруді та­лап етеді. Ол үшін тұрғын үй құры­лыс са­лым­да­ры жүйесінде зор әле­ует бар деп есеп­теймін. Аза­мат­тардың, Тұрғын үй құры­лыс жи­нақ банкінің, мем­ле­кет пен құры­лыс ком­па­ни­яла­рының тең құқылы әртіптестігі қағида­тын пай­да­лану қажет.

    Ол нені білдіреді?

    Аза­мат­тар тұрғын үй құны­ның бір бөлігін Тұрғын үй құры­лыс жи­нақ банкін­де жи­най­ды да, қым­бат емес ипо­тека­лық не­сие алу мүмкіндігіне ие бо­лады.

    Тұрғын үй құры­лыс жи­нақ банкі, түпкі нәти­жесінде тап­сы­рыс бе­руші ретінде көріне оты­рып, аза­мат­тардың тұрғын үй жө­ніндегі қала­ула­рының пу­лын қалып­тас­ты­ра­ды, құры­лыс ин­вестор­ла­ры мен тұр­ғын үй құры­лысын қар­жы­лан­ды­руға дайын екінші деңгейлі банк­терді ізде­уді жүзе­ге асы­рады.

    Мем­ле­кет жергілікті атқару­шы ор­ган­дар аты­нан жер телімдерін бөлуді және ин­же­нерлік ком­му­ника­ци­ялар тар­ту­ды қам­та­масыз етеді.

    Осы­лай­ша, аза­мат­тар өз тұрғын үй­ле­рінің құры­лысы­на то­лық құқылы қаты­са ала­ды. Төлем қабілеттілікке сұра­ныс та, құ­ры­лыс­тың бақыла­нуы да қам­та­масыз етіледі. Үкімет­ке 2010 жы­лы "Жол кар­та­сы-2009” жос­па­ры бойын­ша бас­талған тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық сек­тор ны­сан­да­рын қай­та жаңғыр­ту­ды жалғас­ты­руды, ал 2011 жы­лы тұрғын үй-ком­му­нал­дық ша­руа­шы­лықты кең ауқым­ды жаңғыр­ту­дың 2020 жылға дейінгі жос­па­рын жа­са­уды тап­сы­рамын.

    Тұрғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­ашы­лық инф­рақұры­лым­да­рын жаңғыр­ту өзін­дік пай­да­лану шығын­да­рын төмен­де­тумен және ре­сурс сақта­ушы тех­но­логи­ялар енгізу­мен қоса жүру­ге тиіс.

    Ауыл­дық жер­лерді құбыр­лы су­мен қам­та­масыз ету жұмыс­та­рын жалғас­ты­ру қажет. Шағын қала­лар­да ха­лықтың 100%-ы үшін са­палы су қол­жетімді бо­луы тиіс.

  9. Ішкі са­яси тұрақты­лық – 2020 Стра­теги­ялық жос­па­рын іске асы­рудың сенімді ірге­тасы
  10. Ішкі са­яси са­ла мен ұлттық қауіп­сіз­діктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ­сат­та­ры қоғам­да келісім мен тұрақты­лықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығай­ту бо­лып қала бе­реді.

    Жаңа он­жылдықта біз өзіміздің эко­но­мика­лық жос­парла­рымыз­дың та­быс­та­рын дәйекті са­яси жаңғыр­ту арқылы бе­кем­деп, са­яси жүйемізді жетілдіруді жалғас­ты­рамыз. Және мұнда құқықтық ре­фор­ма маңыз­ды рөл атқара­тын бо­лады.

    Біз құқық қорғау жүйесін ре­фор­ма­лау бойын­ша байып­ты жұмыс жүргізу­ге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің бар­лығымызға тиімсіз басқару­дан, құқық қорғау ор­ганда­ры функ­ци­яла­рын­дағы жан­жалдан, тиісті кадр­лық жұмыс­тың бол­ма­уынан, сон­дай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қыз­метінде мөлдірлік пен бақыла­удың жоқтығынан ту­ын­даған проб­ле­малар анық көрінеді.

    Бұл сек­тор өткен жүйенің көпте­ген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жа­залау айып­та­ры 5%-дан аз бол­са, түзеу жұмыс­та­ры – 0,4%-ды, қоғам­дық жұмыс­тар 0%-ды құрай­ды.

    Жа­зала­удың негізгі түрі бас бос­тандығынан айыру бо­лып қалып отыр. Ешкім қамау орын­да­рынан бо­саған­дарды оңал­ту­мен ай­на­лыс­пай­ды.

    Осы­ның сал­да­рынан олар қыл­мыс­кер­лер қата­рын то­лықты­руда.

    Мен ре­фор­ма­лар­дың бірне­ше жал­пы бағыт­та­рын бөліп көрсе­тер едім.

    Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтай­лан­ды­рып, әрбір мем­ле­кеттік ор­ганның нақты құзы­ретін түзу ке­рек.

    Біздің заңда­рымыз­ды ізгілендіріп, олар­дың са­пасын арт­ты­ру қажет.

    Құқық қорғау жүйесінің қыз­метінде екпін ішківе­домс­тво­лық мүдде­ден аза­мат­тар­дың құқы мен мем­ле­кеттің мүддесін қорғауға қарай ауыс­ты­рылуы тиіс.

    Бізге пар­ла­менттік және қоғам­дық қатал бақыла­уды қам­та­масыз ету ке­рек бо­лады, сон­дықтан әрбір құқық қорғау ор­га­нының қыз­метінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру та­лап етіледі.

    Нәти­желіліктің өлшемі сан­дық көрсеткіштер емес, аза­мат­тардың, заңды тұлғалар мен ше­тел ин­вестор­ла­рының сенімін арт­ты­рудың ин­ди­като­ры бо­латын жұмыс са­пасы бо­луы тиіс.

    Басқаша айтқан­да, жаңа он­жылдықта біз­ге де­мок­ра­ти­ялық мем­ле­кет­тегі құқық қорғау қыз­метінің жоғары ха­лықара­лық стан­дарт­та­рына сәй­кес ке­летін жаңа құ­қық қорғау жүйесі қажет. Менің тап­сыр­мам бойын­ша, тиісті құжат жо­басы дайын­далды.

    Сон­дықтан Пре­зидент Әкімшілігіне, Үкімет­ке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау ор­ган­да­рына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойын­ша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тап­сы­рамын.

    Сон­дай-ақ осы жыл­дың өзінде құқық қор­ғау жүйелерін ре­фор­ма­лау жөніндегі заң жо­ба­сын Пар­ла­мент­ке енгізуді тап­сы­рамын.

    Құрметті қазақстан­дықтар!

    Елімізде аза­мат­тық қоғам инс­ти­тут­та­рын одан әрі қол­дауға бағыт­талған са­яси жаңғыр­ту жалғаса бе­реді.

    Бүгінде біздің ын­ты­мақтас­тығымыз ор­тақ та­бысы­мыз­дың міндетті шар­ты бо­ла түсу­де. Осы он­жылдықта ал­ды­мыз­да бірлесіп атқара­тын ауқым­ды істер тұр.

    Мен Үкімет­ке Қазақстан­ның 2020 жылға дейінгі әле­уметтік-эко­номи­калық және са­яси да­му­ының негізгі ере­желерін түсіндіру мақса­тын­да бұқара­лық ақпа­рат құрал­да­ры мен үкіметтік емес ұйым­дарға қол­дау көрсе­туге 1 мил­ли­ард теңге бөлуді тап­сы­рамын. Бұл мем­ле­кеттік тап­сы­рыс аясын­да жүзе­ге асы­рылуы тиіс.

    Өткен жы­лы мен осы мінбер­ден еліміздің бар­лық са­яси күштеріне дағда­рыс­тың қиын ке­зеңінде елімізге және қоғамға қол­дау көрсе­ту үшін пар­ти­яара­лық үнқаты­суды ор­нықты­руды және бірігуді ұсынған едім.

    Менің бас­та­мам қол­дау та­уып, 7 са­яси пар­тия Эко­номи­калық дағда­рыс жағ­дай­ын­да әле­уметтік және са­яси тұрақты­лықты қам­та­масыз ету ту­ралы ме­моран­думды бірле­се әзірлеп, оған қол қой­ды. Бұған үлкен ри­зашы­лығым­ды білдіремін.

    Бұл – мәні зор еле­улі оқиға. Біз осы ке­зеңдегі са­яси ри­тори­каның байып­ты, ал сын­ның көп жағдай­да сын­дарлы екенін көріп отыр­мыз.

    Бұл біз өмір сүріп, ба­лала­рымыз өсіп ке­ле жатқан елімізде бейбітшілікті, ты­ныш­тық пен келісімді сақта­удың жал­пы­ұлттық құнды­лыққа ай­налғанын білдіреді.

    Енді пар­ти­яара­лық үнқаты­судан нақ­ты іс-қимылға көшетін кез келді. Өйт­ке­ні, түп­теп кел­генде, кез кел­ген пар­тия бол­сын, қоғам­дық ұйым бол­сын бар­ша қазақстан­дықтар­дың мүддесі үшін жұмыс істейді емес пе? Сон­дықтан мен бар­лық са­яси пар­ти­ялар мен қоғам­дық бірлес­тік­тер­ге елдің да­муы мен ұлттық бірліктің тиім­ді жол­да­рын іздестіру­ге сеп­те­сетін өза­ра іс-қи­мыл­дың жаңа үлгісін әзірле­уді ұсы­намын.

    Бұл іс жүзінде бар­лық са­яси күштерді Отан игілігі үшін жұмысқа жұмыл­ды­ра­тын бо­лады. «Нұр Отан» пар­ти­ясы бұл істе біріктіруші рөл атқаруы тиіс.

    Бо­лашаққа белгілен­ген ора­сан зор міндет­терді ұйыс­ты­рушы ұлттық стра­теги­ясыз орын­дау мүмкін емес.

    Егер біз та­бысқа жеткіміз кел­се, он­да мы­на төрт қағидат­ты бас­шы­лыққа алуға міндеттіміз:

    Біріншіден, біздің ең бас­ты құнды­лы­ғы­мыз – ол Ота­нымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

    Екіншіден, мем­ле­кет және оның әрбір аза­маты қай жер­де де қоғам­ның тұрақты­лы­ғы мен елдің әл-ауқаты­на кері әсерін тигізуі ықти­мал.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: