Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол полициясы комитеті «Жолда қабылдау» акциясын өткіздіМемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында алға қойған жалпымемлекеттік алдын алу жүйесін құру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында және де құқық қорғау органдары мен өзге де мемлкеттік құрылымдардың беделін көтеру, сондай-ақ жол полициясы қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында ІІМ Жол полициясы комитеті «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, 2010 жылғы 14 қазанда республикамыздың аумағында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Акция «Нұр Отан» ХДП-мен бірігіп бекітілген Негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес өткізілді. ІІМ Жол полициясы комитеті қызметкерлерінің тобы, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері, ІІО –ның ардагерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттің саясатын, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, азаматтарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданына және Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына шығу жүзеге асырылды. Халықпен жұмыс екі сипатта жүргізілді – олар өзекті мәселелерді жалпы жиында талқылау және азаматтарды жеке қабылдау болып табылды. Щучье аудан орталығында күннің бірінші жартысында аудан әкімінің орынбасары Е. Каменев халықпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 237 адам қатысты. Халықтың сұрақтары негізінде ауданның автожолдарына, көлікке тіркеу құжаттарын рәсімдеуді оңайлатуға, автобус аялдамаларын орнатуға, мектептердің алдына жаяу жүргіншілер өтпелерін орнатуға, Астана-Бурабай автомагистралін техникалық жабдықтауға қатысты болды. Жеке қабылдауда сұрақтармен 6 адам өтініш жасады. Тайынша ауданында әкім А.П. Маковскийдің басшылығымен мәдениет үйінде халықпен кездесу өтті, онда 652 адам қатысты. Негізінде халықтың сұрақтары мемлекеттік байқаудан өтуге, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға, автожолдарда жылдамдықты шектеуге қатысты болды. Сондай-ақ автожолдардың сапасы және аудан үшін жол полициясына қосымша штаттық бірлік бөлу сұрақтар қойылды. Жеке қабылдауға 7 адам қабылданды. Халықпен кездесуде шығып сөйлегендер: ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай Калашников; «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Жұмажан Жүкенов; Солтүстік Қазақстан облысының ІІД бастығының орынбасары Мерген Жұмағұлов; ІІМ Жол полициясы комитетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Садыр Әзбергенов. Азаматтардың барлық қойылған сұрақтары мен өтініштері хаттамаланды және олардың әрқайсысы бойынша сәйкес шешімдер қабылданды. Жалпы халық жол полициясы қызметі туралы жақсы пікір білдірген, жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің фактілері бойынша наразылық өтініштер түспегенін атап өткен жөн. Акция шеңберінде сондай-ақ жол полициясы қызметіне қатысты мәселелер бойынша 555 азаматқа сауалнама жүргізілді. Осындай іс-шаралар республиканың барлық аумақтарында өткізілді. Жалпы республикалық акцияға жол полициясының 451 қызметкері, «Нұр Отан» ХДП-ның 82 өкілі және БАҚ-тың 149 қызметкері қатысты. 10936 азамат акцияға қатысты, олардан 4144 өтініш келіп түсті, оның 3742 қанағаттандырылды. Жеке қабылдауда 239 азамат қабылданып, 223 жағдайда олардың өтініштері қанағаттандырылды. Жол полициясы қызметіне қатысты сұрақтар бойынша 10878 азаматтардан сауалнама жүргізілді. Акция барысы республикалық және жергілікті БАҚ-да кеңінен жарияланды. Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|