Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
"Жолда қабылдау" акциясын өткізу туралы ақпаратМемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында берген алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі мәселелерді іске асыру мақсатында және де құқық қорғау органдары мен өзге де мемлкеттік құрылымдардың беделін көтеру, сондай-ақ жол полициясы қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясымен бірлесе отырып, республикамыздың аумағында 2010 жылғы 19 мамырда «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан халқына Президенттің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу, азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсету жоспарлануда. Ақмола мен Қостанай облыстарына шыға отырып, Жол полициясы комитеті басшылығының және «Нұр Отан» ХДП, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің тұрғындармен кездесулері, азаматтарды қабылдаулары жүргізілетін болады. Акция «Нұр Отан» ХДП-мен бірігіп бекітілген Негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес өткізілді. ІІМ ЖПК қызметкерлерінің тобы, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері, ІІО –ның ардагерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттің саясатын, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, азаматтарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету мақсатында Ақмола облысының Есіл ауданына және Қостанай облысының Әулиекөл ауданына шығу жүзеге асырылды. Халықпен жұмыс екі сипатта жүргізілді – олар өзекті мәселелерді жалпы жиында талқылау және азаматтарды жеке қабылдау болып табылды. Әкімшілікте аудан орталығы Есілде күннің бірінші жартысында аудандық аудан әкімі С. А. Ерин халықпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 239 адам қатысты. Халықтың сұрақтары негізінде ескі автокөліктердің техникалық байқауын өткізу және оларды қайта жабдықтау мүмкіндіктері, жүргізушілерді ұсақ бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрақтарын қайта қарастыру қажеттілігі туралы қозғалған. Жеке қабылдауда сұрақтармен 7 адам өтініш жасады. Әулиекөл ауданында әкім Б. Т. Ғаязовтың басшылығымен мәдениет үйінде халықпен кездесу өтті, онда 317 адам қатысты. Негізінде халықтың сұрақтары мемлекеттік бақылаудан өтуге, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға, автожолдарда жылдамдықты шектеуге қатысты болды. Сонымен қатар «Астана — Қостанай». республикалық автожолында Әулиекөл ауданының елді мекені шегінде оны жарықтандыру бөлімінде түсіндірулер қажеттілігі туралы және автожол бойында жол-көлік оқиғалары орнында жерлеулер, ескерткіштер және т. б. заңды орнатулары туралы сұрақтар қойылған. Жеке қабылдауға 11 адам қабылданды. Халықпен кездесуде шығып сөйлегендер: ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы полиция полковнигі Қ. С. Тыныбеков; «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Ж. К. Жүкенов; Қостанай облысының ІІД бастығының орынбасары М. Б. Ибрашев; ІІМ Жол полициясы комитетінің Ардагерлер Одағының төрағасы С. А. Әзбергенов Азаматтардың барлық қойылған сұрақтары мен өтініштері хаттамаланған және олардың әрқайсысы бойынша сәйкес шешімдер қабылданады. Акция шеңберінде сондай-ақ жол полициясы қызметіне қатысты мәселелер бойынша 440 азаматқа сауалнама жүргізілді. Жалпы халық жол полициясы қызметі туралы жақсы пікір білдірген, жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің фактілері бойынша үндеулер түспегенін атап өткен жөн. Сондай-ақ іс-шаралар республиканың барлық аумақтарында өткізілді. Жалпы республикалық акцияға жол полициясының 436 қызметкері, «Нұр Отан» ХДП-ның 70 өкілі және БАҚ-тың 136 қызметкері тартылды. 7 906 азамат акцияға қатысты, олардан 1 420 өтініш келіп түсті, оның 1 229 қанағаттандырылды. Жеке қабылдауда 796 азамат қабылданып, 777 жағдайда олардың өтініштері қанағаттандырылды. Жол полициясы қызметіне қатысты сұрақтар бойынша 5 252 азаматтардан сауалнама жүргізілді. Халықтың басым көпшілігі жолдарда құқықтық тәртіптің жақсарғанын атап өтті. 88%-дан жоғары жол полициясы қызметкерлердің сыпайылығын атады, жақсы қасиеттерінің арасында сондай-ақ полицейлердің кәсібилігі, шапшаңдылығы және қайырымдылығы белгіленді. Акция барысы республикалық және жергілікті БАҚ-да жарияланды. Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|