Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Әкімшілік реформасыІшкі істер органдарында әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу бойынша 2008 жылы қабылданған шаралар туралы АҚПАРАТ Мемлекет басшысының «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарында әкімшілік реформаны одан әрі жүргізуді көздейтін шаралар кешенін әзірлеп, оларды жүзеге асыруда. Жүргізілген функционалдық талдаудың негізінде басқару құрылымы оңтайландырылып, аумақтық және көліктегі ІІД аппараттарының штаттық саны қысқарды. Босатылған штаттық санның есебінен жедел жағдайы қиын ең алдымен, қазіргі уақытта өңірлердегі тіркелетін барлық қылмыстардың шамамен 60% жасалған облыс орталықтарындағы қалалық және аудандық ішкі істер органдары нығайтылды. Осылайша, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ІІД басқару аппараттарын қысқарту есебінен аталған өңірлердің облыс орталықтарындағы ішкі істер органдары нығайтылды. Аумақтық ІІД құрылымынан облыс орталықтарындағы ішкі істер органдарының тікелей басқаруына полицияның саптық бөліністері берілді. Барлық облыс орталықтарындағы ішкі істер органдарының құрылымын біріздендіру үшін ішкі істер басқармалары құрылды. Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттер есебінен аумақтық ішкі істер органдарының патрульдік қызметтерінің штаттық саны көбейтілді. Сонымен қатар ІІД, КІІД аппараттарының басқару құрылымы мен штаттық санын оңтайландыру мақсатында Министрлік одан әрі ІІД, КІІД аппараттарының штаттық санын қысқартып, оларды жедел жағдайы өте қиын қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарына бере отырып, жалпы штаттық санның арасындағы басқару аппараттарының үлес салмағының нормативін бекітуді ұсынады. Қазіргі уақытта қылмыстарды ашу жұмысын бағалаудың бұрыңғы әдістерін өзгертуді көздейтін және өміріне, денсаулығы мен мүлкіне заңсыз қол сұғушылық туралы азаматтардың арыздарын, хабарламаларын толық есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметін бағалаудың жаңа өлшемдері әзірленіп жатыр. ІІМ Штабы |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|