| 175 ч.2 | Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтаруы. | Жеке тулғаларға- 20 айлық есептік корсеткіш |
| 461 | Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы | |
| 461 1б | 1. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, — | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 2б | 2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461. ч.3 | 3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату | жеке тұлғаларға – 10, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға – 50, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 3–1 (жаңа бап) | 3–1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру |
| 461 4б | 4.Осы баптың 5- бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 5б | 5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 6б | 6. Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару | он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 7б (жаңа бап) | 7. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу | үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461 8б (жаңа бап) | 8. Осы баптың 1, 4 және 5-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461–1 (жаңа бап | Көлік құралын басқару кезінде адамның телефон не радиостанция пайдалануы | |
| 461–1 1б | 1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 461–1 2б | 2. Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 462 | Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi | |
| 462 1б | 1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 462 2б | 2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 462 3б | 3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 462 4б (жаңа бап) | 4. Осы баптың 2 және 3- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463 | Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық көлiк құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау және жол қозғалысы ережелерiн басқадай өрескел бұзуы | |
| 463 1б | 1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463 4б (жаңа бап) | 4. Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–1 (жаңа бап) | Қиылыстардан өту ережелерін бұзу | |
| 463–1 1б | 1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463 - 1- б. 2 | 2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–1-б.3 | 3. Осы баптың 1 және 2- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–2 (жаңа бап) | Маневр жасау ережелерін бұзу | |
| 463–2-б. 1 | 1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау | 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–2-б. 2 | 2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру | бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. |
| 3. Осы Кодекстің 463-1-бабының 2- бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–2-б.4 | 4. Осы баптың 2 және 3- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–3 (жаңа бап) | Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу | |
| 463–3-б. 1 | 1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру | 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–3-б. 2 | 2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу | 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–3-б. 3 | 3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. |
| 463–3-б. 4 | 4. Осы баптың 1 және 2- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–3- б.5 | 5. Осы баптың 3- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 6 ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру |
| 463–4 (жаңа бап) | Көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу | |
| 463–4-б. 1 | 1. Осы Кодекстің 463-бабының 1- бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. |
| 463- 4-б. 2 | 2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою | 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463- 4-б. 3 | 3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу | 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463- 4-б. 4 | 4. Осы баптың 1, 2 және 3- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–5 (жаңа бап) | Қозғалыста арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған көлік құралына басымдық бермеу | |
| 463- 5-б. 1 | 1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу | 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463- 5-б. 2 | 2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–5-б. 3 | 3. Осы баптың 1 және 2- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–6-б. 1 | 1. Осы Кодекстің 466-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–6-б. 2 | 2. Осы баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–7-б. 1 | 1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–7-б. 2 | 2. Осы баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–8-б. 1 | 1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 463–8-б. 2 | 2. Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 464. 1-б. | Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 464– 1-б. 1 | 1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату | аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – 15, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 150, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 464– 1-б. 2 | 2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату | аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – 25, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 464– 1-б. 3 | 3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу | жеке тұлғаларға – 25, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммер¬циялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 464. 2-б. | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 465. 1-б. | Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 465. 2-б. | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 6 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 466. 1-б. | Теміржол өткелдерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 466. 2-б. | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс- әрекеттер | |
| 467. 1-б | Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру | 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 467. 2-б | Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер | 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 467. 3-б | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер | 4 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 467. 4-б | Осы баптың 1, 2 және 3- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 10 тәулікке әкімшілік қамау және 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 467. 5-б. | Осы баптың 4- бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс- әрекеттер | 15 тәулікке әкімшілік қамау және 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 467. 6-б. | Осы баптың 1, 2 және 3-бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер | 10 тәулікке әкімшілік қамау |
| 467. 7-б. | Осы баптың 6- бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер | 15 тәулікке әкімшілік қамау |
| 467. 8-б. | Осы баптың 1, 2, 3- бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер | 10 тәулікке әкімшілік қамау |
| 467. 9-б. | Осы баптың 8- бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер | 15 тәулікке әкімшілік қамау |
| 467. 10-б. | Осы баптың 6, 7, 8 және 9- бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер | 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 468. 1-б. | Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 9 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 468. 2-б. | Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады және 1 жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру |
| 468. 3-б. | Осы баптың 1және 2 -бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер | 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 469 | Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса | 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 470. 1-б. | Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 470. 2-б. | Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда) | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 470. 3-б. | Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы | 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 470. 4-б. | Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 470. 5-б. | Осы баптың 2, 3 және 4 бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер | 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 471. 1-б. | Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 471- 1-2-б. | Осы баптың 1- бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет | 6 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру |
| 471. 2-б. | Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау | 2 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру |
| 472 | Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау | жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң 3 дейiнгi, лауазымды адамдарға 10 дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 473. 1-б. | Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы | 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 473. 2-б. | Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер | 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 473. 3-б. | Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын үнемі бұзуы | 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 3 тәулікке әкімшілік қамау |
| 474. 1-б. | Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы | лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 30-дан 40-қа дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады |
| 474. 2-б. | Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау | лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің 20-дан 40-қа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 40-тан 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады |
| 475. 1-б. | Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiндегi жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi | айлық есептiк көрсеткiштiң 10-нан 50-ге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 475. 2-б. | Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер | лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - 100, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады |
| 476 | Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу | ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң 2/1 бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 484. 1-б. | Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни 1 жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 474, 475 және 483-баптарында көзделген 3және одан да көп құқық бұзушылықты жасау | жеке тұлғаларды 6 ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады |
| 484. 2-б. | Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни 1 жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466, және 471-баптарында (1, 2- бөліктерінде) көзделген 3 және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы | жеке тұлғаларды 6 ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру |