Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жүргізуші куәлігі

 
[1–20] [21–29]

7 Қараша 2011
Саламатсызба! Мен Куандыков Ахат озімнмң жургізушілік куәлігімді жоғалтып алдым. Алматыда окимын, студент. тіркелген жерім Актау каласы. Жургізушілік куәлігімді Алматы қаласынан шығартуыма болама? кандай құжаттар керек, кай жерге баруым керек? Жауабынызды кутем! Рахмет
Жауап: Бұл сұрақ бойынша толық ақпарат "Жүргізушілердің куәлігі" http://zholpolice.kz/kk/driverlicense/certification/replacement/) бөлімінде орналасқан.

5 Қараша 2011
Құрметті Берік Байбұлұлы! Жүргізуші куәлігімді жоғалтып алған едім, қайта жасату үшін қандай құжаттар қажет? Естуімше сынақсыз куәлікті ала алмайды екенмін. Осы рас па? Мүмкіндік болса жауапты электронды адресіме жіберсеңіздер. Алғысымды білдіремін.
Жауап: Сіздің сұрағыңызға толық мәлімет "Жүргізушілердің куәлігі" (http://zholpolice.kz/kk/driverlicense/certification/replacement/) бөлімінде орналасқан.

28 Қазан 2011
Менің Сізге сұрағым бар еді. Мен 2010 жылы Алматы қаласынан Volkswagen Passat Variant атты көлігін сатып алған болатынмын. Тех. паспорттың егесі Джампейсов Тимур Аманжолович. Ал мен 2 ші сенімхат егесі Хайрулин Марат Мирсалимовичтен 3-ші сенім хат арқылы 2011 жылдың желтоқсан айына дейін аударылып алармын деп, сатып алған болатынмын. Мен Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғынымын. Осы автокөлікті өз атыма аударып жеке нөмір алайын деп Сіздерге сұрау салдырсақ, осы машина штрафстоянкада тұр деп отыр. Бұл машинаның қарызы қанша және бұл қарызды кім төлейді. Осыны анықтап берулеріңізді сұранамын. Volkswagen Passat Variant, 1994 гол выпуска двигатель №2Е508767 кузов № WVWZZZ3AZRE159165 Шасси № Н. У. госномерной знак B 408 EPN
Жауап: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 34-1-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық сертифи¬кат¬талған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады. Сонымен қатар, автокөлікті тіркеуге не үшін шектеу салғандығы жөнінде, Сіз жергілікті жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесіне барып білуіңіз қажет.

24 Қазан 2011
ассалаумагалейкум!16жаста окыды деген кагазбен колик айдаса болама касымда коп жыл айдаган адаммен алде болмайма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Көлікті 18 жастан бастап жүргізуге рұқсат етіледі.

21 Қазан 2011
Менің жүргізуші куәлігімді 2011 жылдың наурыздың 25-не Шымкент-Тараз бекетінде "Тоқта" деген белгіге тоқтамадың-деп, яғни тоқтап өтсемде жала жауып, жүргізуші куәлігімді алып қойды. Жол сақшысы Пасаев деген. Содан міне неше ай өтті әле Алматыға келген жоқ. Мен енді не істеуім керек? Маған көмектессеңіздер екен. Сіздерден жауап күтемін
Жауап: Онда жол полициясының кінәсі жоқ, почта «Казпочта» АҚ арқылы жіберіледі. Сонымен қатар Сіз Жол полициясына өтініш жасай аласыз, ал ЖП қызметкерлері Сіздің жүргізуші куәлігін іздеу немесе көшірмесін беру бойынша шараларды қабылдауға міндетті.

21 Қазан 2011
Менің жүргізші куәлігімді Шымкент-Тараз бекетінде "Тоқта" деген белгіге тоқтамадың-деп, Патсаев деген жол сақшысы алып қойды. Яғни мен ол белгіге тоқтап өтсемде. Себебі менің мемлекеттік номерім Алматы облысыныңкі болған соң, ол менен ақша талап етті менде ақша болмады. Жарайды мен оған келістім. Содан айып пұл төлеп жүргізуші куәлігімді алайын десем, әле күнге дейін келген жоқ. Сұрастырып әр жерге барып шаршадым. Уақытша берілетін куәліктің де мерзімі аяқталып қазіргі уақытта маған бермейді. Енді мен жүргізуші куәлігімді қйдан іздеймін. Маған табуға көмектессеңіздер екен. МАИ қызметкерлерінің сұрағанын бермесең сол, жүргіуші куәлііңнен айырыласың. Осы мәселені бір жолға қоятын уқыт келген жоқ па?
Жауап: Онда жол полициясының кінәсі жоқ, почта «Казпочта» АҚ арқылы жіберіледі. Сонымен қатар Сіз Жол полициясына өтініш жасай аласыз, ал ЖП қызметкерлері Сіздің жүргізуші куәлігін іздеу немесе көшірмесін беру бойынша шараларды қабылдауға міндетті. Егер Сіз жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерінің әрекеттерін заңсыз санасаңыз, Сіз тұратын жеріңіз бойынша ІІД ЖПБ-ге өтініш жасай аласыз.

21 Қазан 2011
Сәлеметсіз бе! Менің інім ҚР Заңының 467 бабы 1т. сәйкес 1 жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған еді, Менің Сізге сұрағым, оны мемлекеттік қызметке (ішкі істер бөліміне) алады ма?
Жауап: Сіздің ініңізге тұратын жері бойынша кадр бөлінісіне өтіну қажет.

20 Қазан 2011
Сәлеметсіздер ме? Мен жол ережесін бұзған үшін айып пұл интернет арқылы төлегенмін. Бірақ әлі күнге деин жүргізуші куәлігін ала-алмай жүрмін! Жол полиция қызметкерлері банктан қағаз алып келуін сұрайды, 2 қыркүйек күні Министр Связи и информации А, Жумагалиев айтуы бойынша еш қағаз кереги жоқ. барлығы аутоматты түрде Жол полициясына түседі деген, Рахмет! Адилбек Тауекелов Қарағанды.
Жауап: Сізге жауап электронды поштаға берілді.

4 Қазан 2011
Ассаламу а`алейкум, Құрметті жол полиция қызметкерлері. Менің қояын деген сұрағым: 1. Біздер, жүргізуші куәлігімізде бар айыппұлымызды, сіздердің ІІД нің мекен-жайына бармай-ақ сайттар арқылы біле аламызба, біле алсақ қандай сайтта білуге болады? 2. Ж. Полиция қызметкері бізді бейне аппаратына жазып ала-алама, Ал біздер-ші, ондай рұқсат болса, заңның қандай бұйрық пен баптарында көрсетілген? Менің сұрақтарым ерсі болса кешірім өтінемін..
Жауабы: Сұрағыңыз орынды, Сіз өзіңізде фото-бейнетіркеу құралдарымен анықталған Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығыңыз үшін қанша айыппұл бар екендігін Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің сайтына кіріп, төменгі сол жақтағы талаптарды орындау арқылы біле аласыз (адресі ),ол үшін жүргізуші куәлігіңіз бен автомашинаның тіркеу құжаты болуы қажет.

4 Қазан 2011
Саламатсызба! Мен жақын арада жүргізуші куәлігінен айырылған едім, ҚР Заңының 467-1 заңнамасы бойынша, Мен 19, 08, 2011 куні азмөлшерде алкогольді пайдаланып көлік жүргізіп, Отбасы асыраушы ретінде өз кінамды мойныма ала отырып үлкен қателік жібергенімді түсініп кешірім өтінемін, Сол көлігіммен отбасының жағдайын жасап асырап жүр едім, Енді жағдайым қйын болайындеп тұр, Маған енді қандайда болмасын жеңілдік барма екен? не болмаса 6-айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылсам көнер едім, Рахмет
Жауабы: Қазақстан Республикасының заңнамаларымен ондай жеңілдіктер көзделмеген.

28 Қырқұйек 2011
Мен Куандыков Тимурлан Куандыкович Карагнды облысы, Балхаш каласы, Приозерск ауылында №2 орта мектепте жол ережелерин менгерип КУӘЛІК алдым. Осы уакыт Актобе каласында турып жатырмын Ақтөбе қаласының ІІҢ жол полициясына бардым олар маған оқыған жерден анықтама алып келіуімді бұйырды. Мен жумыстан колым бос емес сол Аныктаманы калай алсам болады?
Жауап: Сіз Ақтөбе қаласындағы Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөлінісіне қайта өтінуіңіз қажет. Онда қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, тіркеу-емтихан бөлінісі бұрын Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүргізуші куәлігін алғаныңызды немесе ала алмағаныңызды растайтын құжаттарға сауал жібереді. Растайтын құжаттар анықталған жағдайда ғана тұрғылықты мекенжайдан жүргізуші куәлігін ала алатыныңызды хабарлай аламыз.

19 Қырқұйек 2011
ассалаумагаликум менин кояр сурагым жургизуши куалигин жылым толып аиым толмаса ала аламба коп коп рахмет тусиникти етип малимет бересиздерме
Жауап: Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» заңының талабы бойынша жүргізуші куәлігі 16 жасқа толғанда «А» санатына, 18 жасқа толғанда «В» және «С» санатына сай беріледі.

2 Қырқұйек 2011
Ассалаумагалейкум!!! қояр сұрағым, егер жүргізуші жол үстінде көлікті жүргізуге шамасы келмей қалса касындағы жолаушының жүргізу куәлігі болса көлікті әрі қарай жүргізуіне құқығы бар ма, егер ол сенім хатта есімі жок болса, сақтандыру қағазында жоқ болса. көлік егесі касында отырса болады ма жүргізуіне
Жауап: Иә, егер жүргізушіде тиісті категориясы бар жүргізушісі куәлігі болған жағдайда.

31 Тамыз 2011
Сәлеметсіздерме! Менің қояйн деген сұрағым: жүргізуші куәлігін ерте, яғни 18 жасқа толмай алуға болама? Нақтылай түссем, орыс тілінде "досрочная права" деп аталады екен. Осы куәлік 18 жасқа толмаған балаларға берілеме? Берілсе ол заңды ма?
Жауап: Көлiк құралдарын басқару құқығы: - он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты); - он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi; рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргiзуге беріледі.

28 Тамыз 2011
21 жастан жургізуші куәлігінт кай жылдан бастап береді
Жауап: Сіз жүргізуші куәлігін 18 жастан ала аласыз. Заңнамада бұл сұрақ бойынша өзгерістер күтілмейді.

28 Тамыз 2011
асслаумагаликум мен сизге кояр сурагым 21жастан беру заннамада каралмаган дегенди тусиникти кылып аитасызба кашаннан бастап 21жастан береди алде берилмима рахмет
Жауап: Сіз жүргізуші куәлігін 18 жастан ала аласыз. Заңнамада бұл сұрақ бойынша өзгерістер күтілмейді.

27 Тамыз 2011
Жүргізуші куәлігімді жоғалтып алдым, Қолымда тек шетелге шығу паспортым бар, Басқа қандай құжаттар жинау керек?
Жауап: Жауап: Сізге қажет ақпарат біздің сайттың «Жүргізуші куәлігі» бөлімінде орналасқан.

27 Тамыз 2011
Сәлеметсіздер ме! Менин жүргізуші куәлігімнің уақыты өтіп кеткеніне 2 жыл болды, оны қалай айырбастауға болады
Ответ: Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу (айырбастау ) үшін жол полициясының бөлімшесіне: 1) жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіге толтырылған өтінішті; 2) жеке куәлігін; 3) жүргізуші куәлігінің түпнұсқасын ; 4) медициналық анықтаманы; 5) жүргізуші карточкасын; 6) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен белгіленген мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты; 7) жеке куәлігінде тұрғылықты жерінің мекен-жайы болмаған жағдайда тіркеу әрекеттерін жасауға өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжатты (Азаматтарды тіркеу кітабын не мекен-жай бюросының анықтамасын) ұсынған жағдайда және Қазақстан Республикасының «Жол қауіпсіздігі» заңының талабына сай теориялық естихан нәтижесіне байланысты жүргізіледі.

13 Шілде 2011
Меіің кояр сурағым АЙЫППҰЛ жөнінде. Биздің елде штраф өте кымбат, оның үстіне орташа айлық 30 мын. қарапайым халықтың жағдайын ойласаныздар. Көшеге шығып бақылап тұрсаңыз тек қарапайым адамдар ғана айыппул алып жатады, ал джип мінген азаматтарды мүлде кормейсін. ози күнін әзер көріп жүрген азаматтарды көріп жанын ашиды. көрші ресейде штраф мулде аз 100
Жауап: Айыппұлдың көлемі Жол қозғалысының жаңа заңына сәйкес 2008 жылдан бастап, жоғарылағанын хабарлаймыз. Айыппұлдың төлем ақысы заңмен реттелген.

13 Шілде 2011
ассалаумагаликум осы жургізуші куәлігін 21жастан бастап беру туралы зан кашан кабылданады
Жауап: Бұл сұрақ бойынша заңнамада ешқандай өзгерістер қарастырылмаған.

[1–20] [21–29]
 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: