Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Сайттың жұмысы бойынша тілектер

 
[1–11]

18 Қараша 2011
Арине биз карапайым халыкпыз бизбен жумысты коп жасаганнан жаман атты боласыздар Сиздердин жаксы жактарынызды коп айта бермеймиз, кадимги кешеги окиганы айтатын болсак Тараз каласындагы сондыктан Сиздерге зор денсаулык мол бакыт тилеймин
Жауап: Сіздің жылы сөздеріңізге рахмет.

12 Қараша 2011
Саламатсыздар есмым Канат Кызылорда к-нын тургынымын кешегы болган жагдайды есте быле жане коре отырып, кызметкерлерыныз осылай окига устынде каза болганына, артта калган баласы мен жубайына отбасыларына агайын туыскандарына онай емес, осыны ескере отырып сыздердын ужымдарынызга коныл айтуды былдырем. Ендыгы жерде ажал кай бурышта турганын ешкым былмейды деген мен сак болуларынызды тылеймын. Коныл айтушы Канат.
Жауап: Жылы сөздеріңізге рахмет!

12 Қараша 2011
кайрлы кун. егерде колик иеси алькогольды шырын ишкен жагдайда баска жургизуши куалиги бар адам колигин жургизуне болама? касында озиотырса
Жауап: Иә, рұқсат етіледі.

8 Қараша 2011
Автокөлік сатып алар кезде осы сайттан автокөліктің кепілде тұрғанын, қамауда (арест) тұрғанын білуге болады ма, болмаса кепілде немесе қамауда тұрған автокөліктердің тізімін енгізіп қоюға болады ма?
Жауап: Бұл ақпарат құпиялы. Ол тек қана азаматтың жеке сұрау салуы бойынша немесе мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша берілетін ақпарат.

4 Қараша 2011
Саламатсыздар мен Кызылорда к-сы тургынымын есымым Канат халыкпен жумыс жасау онай емес, арине койган сурактарыма жауап берып жатырсыздар асыга кутемыз жауапты. ЖП арине бары бырдей емес, сиздерды де тусыне карау керек жумыс уакыты биткеннен киын отбасыларына баруга асыгасыздар мейрам кундеры бирге болуга шанырак астында бир тагамды жегенге не жетсын. Бирак халыктын кауыпсиздыгын ойлау ушын кун суыкта ыстыкта кундыз де тунде де кошеде турасыздар сонын бары денсаулыкка асыры бар. Ал енше кызметырыныз орлей берсын, жумыс быткеннен киын отбасыныларынызга баруга асыгыныздар ызгы ниетпен Канат.
Жауап: Жылы сөздеріңізге рахмет!

27 Қырқұйек 2011
Cаламатсыздар ма?2009ж. ҚР Жол қозғалысы ережесінде "Аялдама және тұрақ" тақ-ң 12.4 пунктінде қиылысатын жүріс бөлігінің шетінен 30 м. жақын жерде аялдама жасауға тыйым салынады делінген. Сіздердің сайттарыңызда бұл сан 15 м. деп жазылған. Нақты қайсысы дұрыс екендігін айтсаңыздар екен.
Жауап: Жол қозғалысы ережелерінің 12.4 тармағына сәйкес аялдама жасауға: егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде; темiр жол өтпелерiнде, тоннелдерде, сондай-ақ эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшiн кемiнде үш жол жолағы болса) және олардың астында; аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса; жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде; ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса; жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 15 м. жақын жерде; аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда - егер бұл олардың қозғалысына кедергi тудыратын болса, маршруттық көлiк құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткiшiнен 15 м. жақын жерде; көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде тыйым салынады.

27 Қырқұйек 2011
Cәлеметсіздерме. Сіздердің қазақша сайттарыныздің мәлеметтерінде басы қазақша, ашсаң орысша тілде мәлемет беріледі, өте күлкүлі жағдай. Неге осындай жағдайға жеттініздер
Жауап: Сіз атаған мәліметтер қай жерде орналасқанын нақтырақ жазуыңызды сұраймыз, біз оны міндетті түрде түзейміз.

2 Қырқұйек 2011
токтаткан жагдайда алдынгы еки жак терезедеги жапкышка ескерту жасамастан штраф толтыруга болама?
Жауап: Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысының 2 қосымша Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың тізбесінің 7.3. тармағына сәйкес, Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған. Механикалық көлiк құралы кабинасының желқағар және алдыңғы бүйiрiндегi әйнектерiне жабу, оның iшiнде түрлi-түстi мөлдiр пленкалар жапсырылған. Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М3, №2, №3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi. Осыған байланысты Сіз әкімшілік бұзушылық жауапкершілкке тартыла аласыз.

11 Тамыз 2011
Сәлеметсіздер ме? Менің сұрағым: қазақша бөлімдегі айыппұл кестесі неге толық емес және қашан толықтырылады?
Жауап: Қазақ тіліндегі айыппұл кестесі орыс тіліндегі айыппұл кестесімен толық сай келеді. Одан басқа, Сіз «Заңнама» бөліміндегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен таныса аласыз.

26 Шілде 2011
1. Көлікті қымыз ішіп жүргізуге болады ма?!2. Көлікті кальян шегіп алып жүргізссе болады ма?! 3. Көлікті алкогольсіз сыра ішіп жүргізуге болады ма?! (безалкогольное пиво). Жауаптарыңызды күтемін! Алдын ала рахмет!!! Сұрақ берген күнім: 18.06.2011
Жауап: Барлығы сіздің ағзаңызға байланысты, автомобиль жүргізу кезінде қандай болмасын мас болуға әкеп соғатын қымыз, акогольсіз сыра немесе ағзаға күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді ішуге болмайды.

17 Ақпан 2011
Сұрақтарды неге тек жұмыс ұақытында қоюға болады? Жауабы неге келмейді
Жауап: ІІМ Жол полициясы комитетінің ресми сайты «Сұрақ-жауап» бөлімінің «Сұрақ беру» рубрикасы техникалық қайта жабдықтауға байланысты уақытша тек жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта сайт пайдаланушылар Жол полициясы комитетінің сайтына тәулік бойы сұрақ қоюларына болады.

[1–11]
 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: