8 Қараша 2011 Белорусиядан акелінген көлік қанша айда тіркеліп біту керек. көлік бұзылып құжат рәсімделетін жерге кешігіп келсе кандай жеңілдіктер бар.. Жауап: Механикалық көлік құралдары және тіркемелері «Транзит» тіркеу белгісінің әрекет ету мерзіміне дейін жол полициясында тіркелуі қажет.
8 Қараша 2011 саламатсызба. менің сурағым: мен көлігімді тіркеуден шыгару үшін келіншегіме нотариустан куәландырып рұқсат берсем болама? мен өзім баска облыста жұмыс бабымен жур едім. рахмет. Жауап: Иә, рұқсат етіледі.
8 Қараша 2011 саламатсыздарма, менің машинам алматы каласында тіркелген, мен казыр астана қаласына келдім, көлігімді сатуым керек, уақытша тіркеуге тұрмадым, менде жургізуге ғана құқығым бар, сату үшін алматыдағы баурым астанаға келіп, уақытша тіркеусіз, тіркеуден шығарып сата аламынба? жауап кутемін, рахмет! Жауап: Көлік құралының тіркелген жері бойынша емес, тұратын жері бойынша көлік құралдарын Жол полициясы тіркеу пункттерінің есептен шығаруына жол беріледі. Мұндай жағдайларда есептен шығару осы көлік құралдарының тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқтығы туралы сұрау салынады.
10 Қырқұйек 2011 Cәлеметсіздерме! Менің сұрағым: көлікті 18 жасқа толмаған балаға тіркеуге боладыма?Нақтылай түссем, орыс тілінде \"досрочная права\" деп аталады екен. Осы куәлік 18 жасқа толмаған балаларға берілеме? Берілсе ол заңды ма? Жауап: Көлiк құралдарын басқару құқығы:
- он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);
- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi;
рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргiзуге беріледі.
27 Тамыз 2011 Саламатсыз ба! Менің қояр сұрағым, мен өз авто көлігімді келісім шарт арқылы ауыстырып алған болатын мын. Енді сол бұрынғы авто көлігімнің мемлекеттік нөмірін алып қала аламын ба? Егере бір қандай да заңдылығы болсай айтсаңыз. Алдын ала рахмет! Жауап: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулығына» сәйкес Сіздің атыңызға бұрын тіркелген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, Сіз бұрын пайдаланылған нөмірлік белгілерді жаңа көлік құралына қайта ала аласыз. Сізге тіркеу орныңыз бойынша жол полициясының тіркеу-емтихан бөліміне өтініш жасауыңыз керек.
22 Шілде 2011 Мен өз машинамды саткым келип отыр. Егер мен машинамды сатып, баска машина алган жагдайда менин казирги машинамдагы номеримди алган машинама орнату ушин кайтадан ала аламынба? Ойткени менин казирги номерим озиме унайды. рахмет!! Ответ: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы» бұйрығына сәйкес Сізге бұрын берілген нөмірлік белгіні қайта беру тек бұрын жеке меншік иесінің атына тіркелген көлік құралын бір уақытта есептен шығарған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4 Маусым 2011 Құрметті Калашников Николай Иванович! Менин сұрақ қою себебім. Мен мініп жүрген авто-көлікке арест қойылған. О арестта мен ол авто-көлікті сатуга және кепілдікке қоя алмайтындығым көрсетілген. Бірақ авто-көлікті жүргізуге және жылдық техникалық байқаудан өтуге құқығым бар. Менің сұрағым, авто-көлігімді баурларыма жүргізуге рұқсат қағазын беруге құқығым барма және сол қағазды олар Жол полиция басқармасында тіркей аладыма? Жауап: Сіз автокөлігіңізді бауырларыңызға тек жүргізуге ғана рұқсат қағазын бере аласыз. Жол полициясы басқармасында рұқсат қағазды тіркей алады.
20 Мамыр 2011 Мен колик сатып алдым. Ол колик Алматы каласында тиркелген, Астана каласынан тиркеуден шыгаруга болама. Алде Алматы каласына барып. тиркеуден шыгару керекпа, Жауап: Көлік құралының тіркелген жері бойынша емес, тұратын жері бойынша көлік құралдарын Жол полициясы тіркеу пунктерінің есептен шығаруына жол беріледі. Мұндай жағдайларда есептен шығару осы көлік құралдарының тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқтығы туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін, иелері туралы есепке алу деректері мен мәлiметтер нақтыланған соң, сондай-ақ іздестірудегілердің тізімінде көлік құралдары деректерінің мемлекетаралық және республикалық деректер базалары бойынша сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі. Көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылданған соң бұл туралы ақпарат оның тiркелген жері бойынша тіркеу пунктіне дереу телетайппен (телефакспен) жіберіледі. Сұрау салулар мен жауаптарды орындау мерзімі кемінде үш тәулік.
1 Сәуір 2011 Мен жакын арада доверенностпен (сату-сатып алу), машина сатып алдым, но тиркеу барысында, бурынгы иеси 2010 жылдын налогы+пения жане 2009 ереже бузып, штраф салынганы аныкталды. Иесине хабарлаганымда, ол толеуден бас тонын ала кашты. Мен енди кандай шара колдануыма болады. Сиздерден комек кутем. Рахмет Жауап: Меншік құқықты тоқтату сұрағы азаматтық заңнамамен реттелетін азаматтық-құқықтық қатынастар саласына кіреді.
Осыған байланысты, Сізге көлік құралына меншік құқығын тоқтату туралы талап өтінішпен сот органдарына баруыңыз қажет. Сәйкес шешімді қабылдағаннан кейін Сіз сот шешімінің негізінде аталған көлік құралын есептен шешу үшін жол полициясы бөлімшелеріне өтініш жасай аласыз.
14 Желтоқсан 2010 менің автокөлігімнің техпаспорты Шымкент қаласындағы бір азаматтың атында ол кісі анама сатып-алуға доверенность берген. Ал анам маған жүргізу үшін доверенность берген. Мен енді Өскемен қаласына жұмыс бабымен келдім, бір жылдай Өскеменде боламын. Мен не істеуім қажет? Қандай құжаттарды дұрыстауым қажет? Жауап: Егерде Сіз Өскемен қаласына жұмыс бабымен барған болсаңыз, жұмыс орныңыздың жетекшісі Сіздің тұратын жайыңыз және жұмыс орныңыз туралы анықтама беріп, қалалық жол полициясына Сіздің сенімхатпен басқарудағы автокөлігіңізді уақытша тіркеуге алуға өтініш хат жолдасын, Сіз жағынан жол полициясының тіркеу-емтихан бөліміне арызға қоса жеке куәлігіңіздің, көлік құралының тіркеу куәлігінің, сенімхаттың көшірмелерін ұсыну қажет.
30 Шілде 2009 Мақтаралда көлікті тіркеу үшін 17000 тенгетөлейміз түбіршек берілмейді.Ал Шымкенте 12000 тенге.Жаңа бастық осы тірліктермен айналыса дейміз.Астанадагыдай 5500 тенге қашан төлейді екенбіз. Жауап: Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңға сәйкес республикамыздың барлық аумағында мемлекеттік төлемдердің біріңғай ставкасы орнатылған, төленгеннен кейін сбербанк мекемелерімен сізге орнатылған үлгінің квитанциясы мен квитанция түбіршегі берілуі қажет.
2009 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралын тіркеу жасағанда келесі төлем жүзеге асырылады:
- көлік құралын тіркеу туралы куәлігі – 1620 теңге;
- мемлекеттік тіркеу номерлік белгі – 3629 теңге;
- жүргізуші куәлігі – 1620 теңге;
- көлік құралын тіркеуге жинақ – 324 теңге.
Сіздің сұрағыңызда ақша соммалары кімге және қайда төленгені көрсетілмеген, сондықтан Сіздің сұрағыңызға жауап беру мүмкін емес. Бірақ, егер Сізде жол полициясы қызметкерлерінің заңнан тыс әрекеттері туралы нақты фактілер болса, Сіз ол мәліметтерді жан жақты және сапалы қызмет тексерісі үшін беруіңіз қажет. Оның қорытындылары бойынша тиісті шаралар орындалады.
Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: