28 Қараша 2011 Салам сурагым откенде актаудан кележатканда жп кызметкери токтаты техпаспортында ГБА жок дейди протокол толтырды протоколды окып карасам кауипсиздик белбеу такпады деп толтырыпты мен кауипсиздик белбеу тактымгой десем сизге женил штраф жазып комектескеним дейди, сизден сурйын дегеним техпаспортка ГБА басылмаган болса оган штраф барма жане штраф суммасы неше, менин машинма газ орнатылган Жауап: Егер де автокөлікке газбаллон аппаратурасын отнатсаңыз, жол полициясы бөлімшелеріне барып, қайта жабдықтау туралы рұқсат алып, техпаспортқа өзгеріс енгізу керек. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 6-бөлігіне сәйкес, тиіс¬ті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, - он бес ай¬лық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15 Қараша 2011 визирди колдану барысында ЖП инспекторы колына алып немесе кызметтик автоколиктин устине кою аркылы колдануга кукыгы бар ма? Жауабы: Бұл сұрақ заңнамамен ресімделмеген. Жол полициясы инспекторы қозғалыс жылдамдығын мобильді өлшегіштерді әр түрлі варианттарда қолдануға құқылы.
12 Қараша 2011 jurgizushini jol polssiyasi toqtatqan kezde jurgizushining zahi Жауап: Сұрағыңызды қазақ немесе орыс клавиатурасын пайдаланып қойыңыз.
10 Қараша 2011 Саламатсыз ба! егер жургизуши жол ережесин бузган жагдайда айыппул саласыздар, ал егер колигиммен журип кележатканда "ямага" тусип кетсек ким машинаны жондеп береди, биз айыппул толеймиз, ал кошелердин 60 пайызы асфальтанбаган. Жауап: Көшелерді жаңалау және жарықтандыру, көшенің түйіскен жерінде бағдаршам объектілерін құру сұрақтары атқарушы органдардың құзыретіне кіреді (әкімдіктер).
1 Қараша 2011 Бұрыннан ізімізге түскен жол полиция қызметкерлері, яғни кезінде ерегесіп (заңсыз әрекеттерін айтамын деп), ақыры ізімізге түсіп жолдасымды қуып жүріп ұстады, (тұрмайтын жерде тұрған, ешқандай жол белгілері жоқ жерде) онда да, ішінде жүкті әйел мен 4 жасар бала болған. Көлігіміз соғылды. Сонда да, жоодасымды іштің деп, көлікті айып тұрағына қойдырған. Ұстаған кезінде сені аңдып жүріп ақыры ұстадық деп, мазақ қылған. Енді менің сұрағым? Бірден Президентке Астанаға барсам ба? Мен ІІ топ мүгедек. Жауап: Өкінішке орай, Сіз айтып отырған фактілер әлі де болса арамызда орын алуда. Алайда, Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта осындай фактілерді жоюға және болдырмауға бағытталған мақсатты жұмыстар атқаруда.
Сіз айтып отырған фактілерге тексеріс жүргізу үшін, сол қызметкердің толық мәліметтері керек. Сіз осы туралы Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасына өтініш немесе 93-54-56 сенім телефоны арқылы хабарласыңыз.
1 Қараша 2011 жеке машинамды согып алдым. Меники дурыс емес. озге машинага, сол арада гай шакыртылды. Мен ол машинаны кайта жасап берул келистим. Менин тех паспортымды гай кызымтекери согылган машинаннын адамына берип коиды. Гай кызыметкер Тех паспорт беруге кукыгы барма? Рахмет Жауап: Сіздің өтінішіңізге тексеру жүргізу үшін өте толық деректер, атап айтқанда Сіздің аты-жөніңіз, оқиғаның қай жерде болған орны, оқиғаның орын алған күні және уақыты қажет.
1 Қараша 2011 салеметсизбе озге машина согып алдым. Меники дурыр емес. Сол кезде гай шакыртылды. мен ол машинаны кайта жондеп беруге келситим. Бырак гай кызымткери меннин тех паспортымды согылган машина иесине берип коиды. гай кызымткериники дурыспа? Мен ол ушин не истеи алам. Рахмет Жауап: Сіздің өтінішіңізге тексеру жүргізу үшін өте толық деректер, атап айтқанда Сіздің аты-жөніңіз, оқиғаның қай жерде болған орны, оқиғаның орын алған күні және уақыты қажет.
28 Қазан 2011 Саламатсыздар халыкпен жумыс жасау онай емес арине, кояр сурагым мектеп алдында 40 км/саг тур сол жерде ЖП жеке авто колыкпен радарды пайдаланып тур, сол занды ма мен токтап жакындап сурадым сиздыкы дурыс емес кой арнайы авто колыкпен туру керек кой дегенде. Мен колыктын ышынде емес сыртта турмын гой деды. Соган сиздер не айтасыздар. Жауап: Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында мектеп алдында жол полициясы инспекторлары жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты айқындауға арналған іс-шаралар жүргізіледі. Егер де жол полициясы инспекторы жеке автокөлікті пайдаланып, жол қозғалысына қадағалау жасаса, онда ол жол полициясы қызметін рәсімдейтін нормативтік құққықтық актілердің талаптарын бұзғандығы, алайда жол полициясының инспекторы кейбір жағдайларда (жұмыс орнына барып-келуіне, тамақтануына және т.б.) жеке көлікті пайдалануға құқылы.
28 Қазан 2011 Сәлеметсиздерме мен Кызылорда каласынын тургыны Сурагым ЖП кызметкерлери жылдамдык олшеу куралын пайдаланган кезде куралда бир кадрда еки немесе уш колик тусип тур сондай жагдайда не истеу керек екинши жылдамдык олшегиш куралды пайдалану ережесинде 789 буйрыкта айтылгандай ашык жерде туру керек емес пе жарнамалык такталардын артына тыгылып емес ушинши ЖП кызметкери кызметтик коликпен мектеп алдындагы светофорда турып жылдамдык олшегиш куралын пайдалана аладыма рахмет Жауабы: Жол полициясын рәсімдейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жол қозғалысына жасырын қадағалауды жүргізуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, ағаштардың, ақпараттық тақталардың артына тығылуға рұқсат етілмейді. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында мектеп алдында жол полициясы инспекторлары жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты айқындауға арналған іс-шаралар жүргізіледі.
28 Қазан 2011 14/10/2011 жылы кешкі сағат 18дер шамасында Арал қаласындағы Қанағат базары алдындағы көше екі бағытта жүретін еді, сол күні бір бағытта жүретін етіп белгі қойыпты, оған көптеген машиналар мән бермей өтіп жатыр, әлі күнге дейін өтіп жатыр. Сол уақытта жол полициясы менім көлігімді тоқтатты, мен онан неге басқа да көліктер жүріп жатыр соларды тоқтатпайсыз деп едім, мен протокол толтырып жатырмын, сені ұстадым, оларға мән бермеймін деген әңгіме айтты. Бұл қалай заң талаптары бірдей емес па Жауап: Өкінішке орай, Сіз айтып отырған фактілер әлі де болса арамызда орын алуда.
Сондықтан, Сіздің өтінішіңізге тексеру жүргізу үшін өте толық деректер, атап айтқанда Сіздің аты-жөніңіз, қай жерде болған орны, оқиғаның күні және уақыты қажет және де Сіз осы факті туралы тездетіп Қызылорда облысының ІІД Жол полициясы басқармасына өтініш жасаңыз.
24 Қазан 2011 Саламатсыз ба! Жүргізуге рұқсат беретін сенімхатта ЖП мөр (печать) болу қажет пе егер сенімхатта 10 күн ішінде мөр бастыру турал ештене жазылмаган. Бұл жағдайа айыппұл салуға құқықты ма? Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сенімхат бойынша көлік құралын басқаратын тұлғалар жол полициясында тіркелуі қажет. Сонымен қатар, егер ондай тіркеу жасалмаса, ол үшін айыппұл көзделмеген.
21 Қазан 2011 тунде кошеде фар жагып журу миндетти ме? Жауап: Сізге Жол қозғалысы ережелерінің 19 тарауымен назар салып танысуыңызды ұсынамыз (Жол қозғалысы ережелері - біздің сайтта).
4 Қазан 2011 Неге жол полициялары кауыпсиздик белбеуин оздери такпайды? Алде сондай зан барма жауап бериндерш? Жауабы: Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.2-тармағына сәйкес шұғыл және арнаулы қызмет автомобильдерінің жүргізушілері мен жолаушыларына белдік тақпауына жол беріледі, яғни жол полициясы қызметкері арнайы патрульдік автокөлікте қызмет бабында белдік тақпауына болады, ал басқа автокөліктерде тағуы тиіс.
4 Қазан 2011 саламатсызба, менин сурайтыным егер менин автоколигимди баска жургизуши айдап ягни мен касында "живой доверенность" болып отырсам, ол журип кележатканда кошедеги фотоаппаратка тусип калса айыпулды ким толейди техосмотр откен кезде? неге машинанын егеси толеу керек ол ереже бузган жоккой? алде фотоаппаратта адамнын келбети корине ме? Жауабы: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 34-1-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық сертифи¬кат¬талған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады.
Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.
4 Қазан 2011 Кызылорда каласындагы ПОЛНЫЙ ТОНИРОВКАМЕН ЖУРГЕН КОЛИКТЕР НОМЕРИ N 672 MMM N 672 NNN N 010 MMM N 010 KFM N 303 NNN N 100 MMM N 470 MMM осы коликтер кесиринен халык зардап шектпесе болар айтеур Жауабы: Қызылорда облысының ІІД Жол полициясы басқармасына Сіз көрсеткен фактілерге тексеріс жүргізіп, шара қабылдау үшін нұсқау берілді.
6 Қырқұйек 2011 Менің сұрағым көлігіме мигалканы коюга боладыма? мигалка дегенде полиция қызметкерлерінікі сиякты қызыл-көк емес, ақ яғни фар сияқы мигалка. Осы сұраққа жауап беріңіздерші? Жауап: Жоқ, ақ түстi жарқылдауық маягiн орнатуға тыйым салынады.
3 Қырқұйек 2011 Салеметсіз! Менің койатын сурагым жол полиция қызметкери Машина тоқтап турганда құжат тексеруге, озің магазиннен шыгып келе жатсаң алдыңда тұрып құжат тексеруге тисті ме? 2. Біз ауылдық жерде тұрамыз сондықтан ауылдыдағы участковойлар машинаның ішінде отырып қолдарын терезеден шығарып немесе машинаның светін Жағып сөндіріп тоқтатады егер тоқтамасаң артыннан уйіне дейін куады сол дұрыспа. Рахмет Жауап: Жол қозғалыс ережелерінің 5.3 тармағына сәйкес көлiк құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып, көлiк құралына бағытталған қол қимылымен көрсетiлуi мүмкiн. Жүргiзушi оған нұсқалған орында аялдауы тиiс. Көлiк құралын тоқтатқан iшкi iстер органдарының қызметкерi (полиция) 2.3.2-тармаққа сәйкес жүргiзушiге кiдiрмей келiп, тоқтату себебiн айтуы тиiс.
«Ішкі істер органдары туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 543 тармағына сәйкес учаскелік инспекторлар жүргізушілер ЖҚЕ-ні бұзғаны үшін әкімшілік хаттамаларды толтыруға құқықтары бар. Сонымен қатар фарлардың жарығымен тоқтатуға рұқсат етілмейді.
2 Қырқұйек 2011 Саламатсыз ба! Жол полициясы қызметкерлері көлікті тоқтатып құжаттардың толықтығын тексеріп болып ешқандай бұзақылық таппаған соң қол тормызын (ручной тормоз) тексеруге құқығы бар ма? Егер тоқтатып қол тормозының т. с. с. тексеретін болса техникалық байқаудың қажеттілігі неде? алдын ала рахмет! Жауап: Жол полициясы қызметін регламенттейтін нормативті құқықтық актілерге, жекелеп айтқанда №789-02 бұйрыққа, сәйкес техникалық байқаудан өткен көлік құралдардың техникалық күйін тексеруге тыйым салынады.
2 Қырқұйек 2011 Пара сурап турған жағдайда біз қалай және кімге хабарласуымыз қажет? менде мынадай жағдай болған: Пешеходты откізбедің деп тоқтатып еді, бірақ мен келе жатқанда еш қандай пешеход болмағандықтан мен олай болмағанын айттым, ол қазір басқа бірдене тауып айыппұл салып беремінғой деген, машинамды айналып шығып доңғалағымның протекторы 5 мм болмайды деп айыппұл саламын деген, содан соң екіші қызметкер қызметкері келіп қайтесің оданда 3000 теңге таста да кете бер деген! Осындайда қалай жасау керек? Толы Ответ: Аталған жағдайда Сізге Ақтөбе облысының ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына өтініш жасау керек.
1 Қырқұйек 2011 Салеметсіз менің қойатын сұрағым жол полициясы авто көліктің доңғалағының биреуінде протектрі жоқ деп айыппұл төлетті ал ол айыппұл сомомасы көп болса басқа бір арзандауын жазып берейін дейді солай болама. Мысалы бұрылу (поворот) қоспады деп жазуға. Алдына ала рахмет Жауап: Аталған жағдайда салдардан туындайтын деректердің жасаңдылығы болып танылады. Айыппұл тек қана жасалған қылмыс үшін салынуы тиіс.
Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: