Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол-патрульдік қызмет

 
[1–7]

1 Желтоқсан 2011
Саламатсызба! менін кояр сурагым, Туркістан каласында гай кызметкерлері колікті токтатып причина остановки десек РЕЙД деп жауап береді сонда сондай себеб болама колікті токтатуга
Жауап: Иә, апаттылықтың жай-күйін тұрақтандыруға және жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге байланысты, ішкі істер органдары тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) өткізеді. Осы іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері көлік құралдарын тоқтатуға құқылы.

8 Қараша 2011
Саламатсыздарма!!! Менын сурагым мынадай. Жүргізуші жоқ кезде номерді ГАЙ кызметкерлері шешіп алып кетуге құқы барма? Жолда көлікте жүріп кележатырып токтатуга болама?
Жауабы: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабына сәйкес, осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде) 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, жол полициясы қызметкері көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құрал¬дарын пайдалануға тыйым салуға құқы¬лы. Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 2.3.2-тармағына сәйкес көлік құралының жүргізушісі ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетілген кезде, жүргізуші оған нұсқалған орында аялдауы тиіс. Көлік құралын тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкері (полиция) жүргізушіге кідірмей келіп, тоқтату себебін айтуы тиіс.

8 Қараша 2011
Саламатсыздар ма, жол қызметкерлері Сұрақ: неге төленген айыппұлдар орталық базаға кірмейді және сол база арқылы неге айыппұл алынып тасталынбайды? Мысалы: үйде коммунал ақысын төлегенде КСК кімнің не төлегенін жазып отырады. Ал сіздерге арнайы барып көрсету керек. Кейде төленген түбіртекті жоғалтып алатын кездер болып жатады.
Жауап: Айыппұлды төлеу туралы квитанция жоғалған немесе Жол полициясы басқармасына квитанцияларымен келу үшін уақыт болмау жағдайларда азаматтардың өз айыппұлдарын «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн режимінде төлеу мүмкіндіктері бар. Төлем туралы ақпарат «электрондық үкімет» порталынан автоматты түрде жол жүру ережелерін әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Жол полициясы комитетінің деректер базасына түседі. Сонымен бірге екінші деңгейдегі банкілердің деректер базалары әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Жол полициясы комитетінің деректер базасымен біріктірілмегенімен байланысты айппұлды екінші деңгейдегі банкінің кассасында төлеу жағдайда азамат квитанциясын Жол полициясы басқармасына барып, көрсету қажет.

4 Қазан 2011
Шымкенттин гаишниктери зансыз коп токтатады! Жане бари паракорлар! Айыппул салмай, озинин калтасына карай силтеп турады! Кобиси 100% тонировкамен журеди! Кошеде зансыз СГУ басады!
Жауабы: Өкінішке орай, Сіз айтып отырған фактілер әлі де болса арамызда орын алуда. Алайда, Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта осындай фактілерді жоюға және болдырмауға бағытталған мақсатты жұмыстар атқаруда. Жол полициясы саптық бөліністерінің жұмыс тәсілі өзгертілетін болады. Бүгінгі таңда жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөнінде жаңа Нұсқаулық әзірленді. Жол полициясы инспекторының қызмет атқару тактикасы өзгерді, оның ішінде автожолдарда жаяу патрульдеу барынша алынып тасталады. Жол қозғалысы процесін қауіпсіз және тоқтаусыз қамтамасыз етуге, жол қозғалысына қатысушылар мәжбүрлі тоқтаған кезде, жол-көлік оқиғасынан кейін, оларға көмек көрсетуге инспекторлық құрамды қайта бағыттадық. Жол қозғалысына қадағалауды арнайы техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асыратын боламыз. Олар жол қозғалысына қатысушылармен конфликтік жағдайды болдырмай, Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтайды. Қазіргі уақытта елімізде жүргізушілермен Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтап, құжаттайтын 169 фото-бейнетіркеу құралдары пайдаланылуда. Алдағы уақытта олардың саны көбейтілетін болады. Жол полициясының барлық бөліністерінде жол полициясының жұмысына ашықтық және жариялық принциптер енгізіледі. Сонымен қатар, жол полициясы басқармаларының бақылау-профилактикалық бөліністерінің тарапынан автожолдарда жол полициясы инспекторларының қызмет атқаруына бақылау күшейтілді. Сіз айтып отырған фактілерге тексеріс жүргізу үшін, сол қызметкерлердің толық мәліметтері керек.

13 Шілде 2011
1. жол полициясының көлігі Volkswagen Passat (2006-2007ж марка), алды-арты толығымен 100% ТОНИРОВКА ұрылған, мұнысы қаншалықты заңды? Заң бәрімізге бірдей емес па? Әлде оларға рұқсат па?2. Көлікті тексеру кезінде **аварийный знак** жоқ болған жағдайда қандай штраф жазады, канша АЕК? Жауабыңызды күтемін, рахмет!!!
Жауап: Әйнегі мөлдірлігін нашарлатқан және тонировкамен жабқан жол полициясының Фольксваген Пассат автокөлігінің толық мәлеметін (мемлекеттік белгісі, түсі) шара қабылдау үшін беруіңізді сұраймыз. Көлік пайдалану кезінде «авариялық тоқтап тұру белгісі» болмағанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 4-бөлігіне сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұлы салынады.

17 Мамыр 2011
Саламатсыз ба! Менің қояр сауалым ІІБ қызметкерлері ешқандай себепсіз жеке тұлғаның авто көлігін тоқтатуға құқығы барма? Егер ол жеке тұдға ешқандай жол ережесін бұзбаған болса. Егерде құқығы болмаса қандай да бір заңдылығын айтсыңыз. Алдын ала рахмет!!!
Жауап: Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.3.2-тармағына сәйкес көлік құралының жүргізушісі ішкі істер органдары қызметкерінің қатты дауыстау құрылғысымен немесе көлік құралына бағытталған қол қимылымен берілген талап етуі бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындауға міндетті.Көлік құралын тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкері жүргізушігі кідірмей келіп, тоқтату себебін айтуы тиіс.

17 Мамыр 2011
Каланын ишинде, Облыс Жол Полициясы токтату кукыгы барма? Егерде кукыгы болса, кандай арекет аркылы токта алады (журип бара жаткан машинаны калай токтады)? Сигнал аркылы токтата алама, микрофонсыз?
Жауап: Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.3.2-тармағына сәйкес көлік құралының жүргізушісі ішкі істер органдары қызметкерінің берілген талап етуі бойынша аядау және оның нұсқауларын орындауға міндетті.Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетілуі мүмкін. Көлік құралын тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкері жүргізушігі кідірмей келіп, тоқтату себебін айтуы тиіс.

[1–7]
 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: