1 Қараша 2011 Сәлеметсіздерме. Алматы қаласы Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқанда Ә. Бөкейханов көшесі бойындағы көпір арқылы Райымбек даңғылына шығыс бағытта қосылу үшін тиісті жол белгілерін қоюларыңызды сұраймын. Жұмыс орны осы маңда болғандықтан, Райымбек даңғылы бойымен кері /шығыс/ бағытқа қосылу аса қиындық тудырады. Осы хатта дұрыс түсіндіре алмаған жерім болса, телефоныма хабарлассаңыздар. Көп рахмет. Жауап: ЖПК тапсырмасы бойынша Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасы орынға шығуымен зерттеу жұмысын жүргізді, нәтижесінде мынаны хабарлаймыз, Райымбек-Байзақов көше киылысындағы бағдаршамның сол бағыттағы қосымша секциясы рұқсат беретін сигналы жанған кезде кері бұрылу маневрын жасап, Райымбек даңғылымен шығыс бағытта жүруіңізге болады.
Сонымен қатар, Сізге көшелерді жаңалау және жарықтандыру, көшенің түйіскен жерінде бағдаршам объектілерін құру сұрақтары атқарушы органдардың (әкімдік) құзыретіне кіретінін хабарлаймыз. Алматы қ. әкімдігінің сайты www.almaty.kz.
28 Қазан 2011 Саламатсыз ба!
Банк бөлімшесіің есігінің алдына көлігін қалдырып кете береді осыған байланысты қандай шара қолдануға болады? Инкассация келуіне күрделі кедергі жасайды! ол жерде ешкандай белгі көрсетілмеген! Осы туралы қандай көмек көрсете аласыз? алдын ала рахмет! Жауап: Ақтөбе облысының ІІД Жол полициясы басқармасына Сіз көрсеткен фактілерге тексеріс жүргізіп, шара қабылдауға нұсқау беру үшін, өте толық деректер, атап айтқанда Сіздің аты-жөніңіз, қай банкінің бөлімшесі, оның мекен-жайының адресі қажет.
18 Қазан 2011 Қызылорда қаласы Абуов көшесінде (Әбілхайыр хан көшесінің қилысы) аялдама жасауға қатаң тыйым салынады деген жол белгісі көпқабатты үйдің қабырғасына ілінген. Бұл ҚР жол белгілерін орналастыру стандарттарына сәйкес келеді ме? Жауап: Жоқ, рұқсат етілмейді. Көшелерді жаңалау және жарықтандыру, көшенің түйіскен жерінде бағдаршам объектілерін құру сұрақтары жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретіндіктен, Сізге айтылған проблемаңызды тезірек шешу үшін Қызылорда қаласының әкімдігіне ұқсас шағыммен өтініш жасауыңызды сұраймыз.
4 Қазан 2011 Қысқасы қарапайым халықты қанау және көрер көзге тонау, көлік алдын бар ақшанды Гай қызметкеріне бер ато өлім жазасы немесе темір тор! Жауабы: Өкінішке орай, Сіз айтып отырған фактілер әлі де болса арамызда орын алуда. Алайда, Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта осындай фактілерді жоюға және болдырмауға бағытталған мақсатты жұмыстар атқаруда.
Жол полициясы саптық бөліністерінің жұмыс тәсілі өзгертілетін болады.
Бүгінгі таңда жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөнінде жаңа Нұсқаулық әзірленді. Жол полициясы инспекторының қызмет атқару тактикасы өзгерді, оның ішінде автожолдарда жаяу патрульдеу барынша алынып тасталады. Жол қозғалысы процесін қауіпсіз және тоқтаусыз қамтамасыз етуге, жол қозғалысына қатысушылар мәжбүрлі тоқтаған кезде, жол-көлік оқиғасынан кейін, оларға көмек көрсетуге инспекторлық құрамды қайта бағыттадық.
Жол қозғалысына қадағалауды арнайы техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асыратын боламыз. Олар жол қозғалысына қатысушылармен конфликтік жағдайды болдырмай, Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтайды. Қазіргі уақытта елімізде жүргізушілермен Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтап, құжаттайтын 169 фото-бейнетіркеу құралдары пайдаланылуда. Алдағы уақытта олардың саны көбейтілетін болады.
Жол полициясының барлық бөліністерінде жол полициясының жұмысына ашықтық және жариялық принциптер енгізіледі.
Сонымен қатар, жол полициясы басқармаларының бақылау-профилактикалық бөліністерінің тарапынан автожолдарда жол полициясы инспекторларының қызмет атқаруына бақылау күшейтілді.
4 Қазан 2011 Алматы қаласы, Құлагер ықшамауданы Омаров көшесімен жүретін №17 автобустың жүргізушісі (мем. нөм. A 316 HF) тәуліктің кез келген уақытында бей-берекет сигнал беріп тұрғындардың мазасын алып болды. Сигналды тұрғын үйлердің жанында, жолдан аулақ тұрған адамдардың тұсында, аялдамаға жақындағанда әдейі қосады. Жүргізушінің осы әрекеті қаншалықты заңды, егер заңсыз болса мұны қалай тоқтатуға болады?
Рахмет!
26.08.2011ж. Жауабы: Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 19.11-тармағының талабына сәйкес дыбыс сигналдары тек қана, басқа жүргізушілерді елді мекеннен тыс жерде басып озу ниетін ескерту үшін және бұл жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін қажет болған жағдайларда іске қосылуы тиіс. Сіз айтып отырған уәждерден, жүргізуші осы талаптарды орындамағандығы көрініп тұр, сондықтан Сіз осы туралы Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасына өтініш немесе 93-54-56 сенім телефоны арқылы хабарласыңыз.
16 Қырқұйек 2011 Жол жүру белгілері жол жиегінде кандай да бір стандарттарға сүйеніп қойылады. жол жүру белгілерін жол жиегіндегі үйлерге, талдарға және басқа да нәрселерге орнату заңды ма? Әлде арнайы бағаналарда орналастыру керек пе және қандай биіктікте болу керек? Жауап: Жол белгілері қолдануы ҚР СТ 1412-2005 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Қолдану ережелері» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен реттеледі. Стандартқа сәйкес жол белгілері қауіпсіз тіректерде (бағанада, кронштейнде) орнатылуы тиіс. Стандартың 5.1.11-тармағына сәйкес белгінің төменгі шетінен (1,4.1-1.4.6 ескерту белгілері мен тақташаларды есептемегенде) жол жамылғысының бетіне дейінгі (қондырғының биіктігі) қашықтығы осы стандартта арнайы айтылған жағдайдан басқа да, мынадай болуы керек:
- 1,5-2,2 м дейін елді мекендерден тыс жолдардағы жол бүйірінде орналастыру кезінде, 2,0 ден 4,0 елді мекендерде.
20 Ақпан 2011 неге ережеде "бағдаршамның жасыл жыпылықтаған сигналына өтуге рұқсат етіледі" деп жазылған? негізінде жасыл жыпылықтаған сигналға өтуге тыйым салынады емес пе? Жауап: Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 5.1.2. тармағына сәйкес, бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәнi бар:
жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етедi;
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етедi және оның қолданылу уақыты өтiп барады және тыйым салатын сигнал iске қосылатындығын хабарлайды (жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлердi жасыл сигналдың жануына дейiн уақыт туралы секундпен хабар беретiн сандық табло қолданылуы мүмкiн)
20 Қантар 2011 Сәлеметсіздерме! Түркісіб уданындағы, ВАЗ аумағындағы жаяу жүргіншілер жолағының орналасуы қайта қарап шығуға болмас па екен. Жолақтың көптігіне байланысты (56) 1-ші жолаққа аяқ басқан жаяу жүргіншіні, 6-шы жолақтағы көлік тосып тұруы керек. Жолақтар да ығы-жығы орналасқан. ЖЖЕ-нің 14,2 бойынша, кедергі жасамаса қозғала беруіне болады ғой. Бірақ, сол жерде тұратын ЖС -лары ЖЖ-ні жібермедің деп, жүргізушілерді тоқтатып уақыттарын алады. ЖЖ жолағын сәл солтүстікке қарай орналастыруға болама? Жауап: Сіздің жолдаған хатыңызды Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы қарап, Түрксіб ауданы ВАЗ аумағында жаяу жүргіншілерге арналған реттелмейтін өтпелер 3.01-01-2008 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жайғастыру және салу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес ұйымдастырылғанын хабарлайды. Аталған жерден өткен кезде Сіз Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің 14.1 тармағына сәйкес көлік құралының жүргізушісі оның қозғалыс бағытындағы жүріс бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол беруге міндеттісіз.
20 Қантар 2011 Сәлеметсізбе!!! Жұлдыз ы/а-да Шарапат кафесінің алдында заңды ма, заңсыз ба білмедім, аралары өте жақын орналасқан екі жаяу жүргіншілер жолағы жүргізілген. Сонда қыйылыстағыны қосқанда барлығы 100-150 метр жерде 3 ЖЖЖ орналастырылғын. Бұл біріншіден ЖЖ-дің қателесуіне алып келеді, екіншіден жүргізушілерге қосымша кедергі тудырады. Екінші мәселе бағыттардың арасын бөлетін сызықтар жүргізіп бесеңіздер өте жақсы болатын еді, әйтпесе сызықтың жоқтығынан ЖКО-ларда болып жатыр. Жауап: Сіздің жолдаған хатыңыз бойынша Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы тексеріс жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды. Тексеріс нәтижесінде «Жұлдыз» ықшам ауданындағы Шарапат кафесінен солтүстігірек ұйымдастырылған жаяу жүргіншілер өтпесін алып тастау жайлы Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ақпарат жолданды. Осы жылы жол таңбасын салу жұмыстары аяқталғандықтан Сіздің өтінішіңіз келесі жылғы жұмыс жоспарына енгізілетінін қосымша хабарлаймыз.
9 Желтоқсан 2010 Сәлеметсіздерме! Казаков көшесі Боткин көшесінің №163 бала бақшасы ашылғалы 7 аидың шамасы болды жаяау жүргіншілер жолы, жылдамдыкты шектеитін белгі жок көліктер өте жоғары жылдамдықта жүреді кешке балаларды алуға келгенде жолдан өту өте қиын. Осы сұрағыма жауап күтеміз Ата-аналардын атынан!!! Жауап: Сіздің өтінішіңізді Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасы қарастырып, аталмыш бала-бақша аумағында 5.16.1-2 жол белгілері және 1.14.1 жол таңбаларымен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылып, Казаков және Боткин көшелері бойында 1.21 «Балалар» және 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу» жол белгілері осы жылдың қыркүйек айында орнатылып, жол қозғалысына өзгертулер енгізілгені жайлы хабарлаймыз.
1 Мамыр 2010 Жаяу жургіншіні жолдан откізу белгісінін тұсынан қандай жагдайда өткізу керек,Қандай жагдайда жүргинши кіналі болады......? Жауап: Қазақстан Республикасы жол қозғалыс ережесінің (әрі қарай ҚР ЖҚЕ) 14.2. тармағына сәйкес, Егер көлiк құралы реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көршi жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлiк құралының алдында жаяу жүргiншiнiң жоқ екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысын жалғастыра алады.
Сонымен қатар ҚР ЖҚЕ 3.5. тармағына сәйкес жаяу жүргіншілер міндеті, Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiкке жақындап қалған көлiк құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң тасасынан шықпауы тиiс.
22 Наурыз 2009 Саламатсыз ба.
менің бір өтінішім бар. күнде таңертең тротуардың бойынан бір машина маза бермейді. Бұл Абай көшесінің бойында болатын оқиға. Трасса екі метр жерде тұрса да, жаяу адамдарға арналған жолмен жүреді. Бір күні жүргізушіге трассамен неге жүрмейсіз деп айтып едім, ол мені боктап тастады да, әрі қарай кете берді. Соған бір шара қолдансаңыздар екен. Машина "Волга" маркалы, нөмірі 100... Әріптері есте жоқ.
алдын ала рахмет айтамын Бұл сұрақ бойынша Сіз арызбен немесе «сенім телефоны» арқылы жергілікті ІІД-ң Жол полициясы басқармасына шағымдануыңызға болады.
27 Желтоқсан 2008 Мұғалімдерге арналған "Жолда жүру ережесі" пәні бойынша өткізілетін іс-шаралар, ашық сабақтар қайда? Жауап: Біз «Балалар жарақаты» бөлігіндегі «Оқытушылар үшін» айдарында ЖҚЕ бойынша пәнні мен шараларының көріністерін орналастырамыз, оларды бізге біздің сайтты пайдаланатындар жібереді. Өкінішке орай, аталған бөлікке мемлекеттік тілде оқытушылардың жұмыстары бізге әлі келіп түскен жоқ. Бізбен көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар әзірленген және Білім беру және ғылым министрлігіне жіберілген. Қатысқандарыңызға рахмет.
Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: