Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Тіркеу есебінін шығару

Тіркеу есебінен шығару (Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрінің 2010 жылғы 26 ақпан­дағы № 90 Көлік құрал­да­рының же­келе­ген түрлерін мем­ле­кеттік тіркеу және есеп­ке алу ере­жесінен үзінді)

Көлiк құрал­да­рын иеле­рi мы­надай жағдай­лар­да:

егер жаңа тұрғылықты жері (заңды ме­кен-жайы) об­лыстан, Ас­та­на, Ал­ма­ты қала­лары­нан тыс жер­де бол­са, же­ке тұлғаның тіркел­ген тұрғылықты жері өзгер­генде, заңды тұлғаның ме­кен-жайы өзгер­генде, сон­дай-ақ тiр­кеу ор­нын өзгер­ту үшін өзге де негіздер ту­ын­даған­да;

мен­шiк құқығы тоқта­тылған­да;

жойылған­да (брак­талған­да, есеп­тен шығарылған­да);,/p>

уақыт­ша әке­тудi қос­паған­да, Қазақстан Рес­публи­касы­нан тыс жер­лерге әкет­кенде есеп­тен шығара­ды.

Көлiк құра­лын есеп­тен шығару үшiн олар­дың иеле­рi тiр­кеу пунк­тi­не осы Ере­женің 30-тар­мағының 1) -7), 9) тар­мақша­ларын­да, 72-тар­мағын­да көрсе­тiл­ген құжат­тарды ұсы­нып, МТНБ-ны тап­сы­рады. Тiр­кеу құжат­та­рын­да иелерінің арыз­да­рын­да көрсетілген көлiк құра­лын есеп­тен шығару­дың тиісті мән-жай­ла­ры жа­зыла­ды, олар мөрмен рас­та­лады.

Об­лыстың, Ал­ма­ты, Ас­та­на қала­лары­ның шегінде тіркел­ген көлік иесінің тұрғылықты же­рi не­месе заңды ме­кен-жайы өзге­руіне бай­ла­ныс­ты есеп­тен шығару кезінде көлiк құра­лының нөмірлiк бел­гi­лерi тап­сы­рыл­май­ды. Тиісті белгілер ААІЖ де­рек­тер ба­засы­на енгізіледі.

Көлiк құрал­да­рына (жоғары­да көрсе­тiл­гендер­ден, сон­дай-ақ жойыла­тын­дардан басқа) жа­рам­ды­лық мерзімі көрсе­тiлiп, «Тран­зит» нөмірлiк бел­гi­сi бе­рiле­дi.

Тұрған жері бойын­ша ТЕБ қыз­меткері мен кри­мина­лист ма­ман бер­ген, мөрмен рас­талған байқау актісін иелері ұсынған жағдай­да тіркеу ор­ны бойын­ша көлік құрал­да­рын көрсет­пей, олар­ды есеп­тен шығаруға рұқсат етіледі.

Көлік құра­лының тіркел­ген жері бойын­ша емес, тұра­тын жері бойын­ша көлік құрал­да­рын Жол по­лици­ясы тіркеу пунк­ттерінің есеп­тен шығару­ына жол беріледі. Мұндай жағдай­лар­да есеп­тен шығару осы көлік құрал­да­рының тіркел­ген жері бойын­ша есеп­тен шығаруға қан­дай да бір шек­те­улердің жоқтығы ту­ралы сұрау са­лулар орын­далған­нан кейін, иелері ту­ралы есеп­ке алу де­рек­тері мен мәлi­мет­тер нақты­ланған соң, сон­дай-ақ іздестіру­дегілердің тізімінде КҚ де­рек­терінің мем­ле­кета­ралық және рес­публи­калық де­рек­тер ба­зала­ры бойын­ша сұрау са­лулар орын­далған­нан кейін ғана жүргізіледі.

Көлiк құра­лын есеп­тен шығару ту­ралы ше­шiм қабыл­данған соң бұл ту­ралы ақпа­рат оның тiр­келген жері бойын­ша тіркеу пунктіне де­реу те­летай­ппен (те­лефакс­пен) жіберіледі. Сұрау са­лулар мен жа­уап­тарды орын­дау мерзімі кемінде үш тәулік.

Егер екi және одан да көп же­ке тұлға көлiк құра­лының иелері бо­лып та­был­са, есеп­тен шығару иелерінің екі жақты жаз­ба­ша ке­лiсi­мi не­месе но­тари­ал­ды рас­талған се­нiм­хат бойын­ша жүргi­зiле­дi.

Жойылуға (брак­тауға, есеп­тен шығаруға) жа­татын көлiк құрал­да­ры көрсе­тiл­ген құжат­тар ұсы­нылған жағдай­да байқау жүргi­зiл­мей, есеп­тен шығары­лады:

1) көлік құра­лын тіркеу бланкісінде тол­ты­рылған өтініш;

2) заңды тұлғаның көлік құра­лын тіркеу бланкісінде тол­тырған өтініші ұйым­ның мөрi­мен рас­та­лады;

3) тiр­кеу әре­кет­терін жа­сауға өтініш білдірген адам­ның же­ке ба­сын куәлан­ды­ратын құжат, же­ке куәлігінде тұрғылықты жерінің ме­кен-жайы бол­маған жағдай­да, сон­дай-ақ тұрақты тұра­тын жерінде тіркел­генін рас­тай­тын құжат­ты (Аза­мат­тарды тіркеу кіта­бы не ме­кен-жай бю­росы­нан анықта­ма);

4) Қазақстан Рес­публи­касы­ның «Са­лықтар және бюд­жетке төле­нетін басқа да міндетті төлем­дер ту­ралы» ко­дексінде белгілен­ген баж­дар мен алым­дарды төлеу ту­ралы құжат­тар;

5) Мы­налар­ды:

са­лық төле­ушілер үшін – Са­лық ко­дексінде белгілен­ген тәртіппен көлік құрал­да­рына са­лықтың төлен­генін;

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Са­лық ко­дексіне сәй­кес са­лық төле­ушілер бо­лып та­был­май­тын тұлғалар үшін – са­лық төле­уден бо­сату құқығын рас­тай­тын құжат­тарды;

6) ша­ру­ашы­лық жүргізуші суъектіні тіркеу ту­ралы куәлік не­месе заңды тұлғаның тіркел­генін рас­тай­тын өзге құжат;

7) көлiк құра­лының тiр­кеу құжа­ты;

Тiр­кеу құжат­та­ры мен нөмірлiк бел­гi­лері тiр­кеу пунк­тi­не тап­сы­рыла­ды. Жойыла­тын көлiк құрал­да­рына тiр­кеу құжат­та­ры не­месе нөмірлiк бел­гi­лерi бол­маған жағдай­да арыз­дарда олар­ды жоғал­ту­дың мән-жай­ла­ры көрсетіледі.

Тіркеу құжат­та­ры (КҚТК) бол­маған кез­де көлік құрал­да­рының иелері және мұра­герлікке құқық ту­ралы уәліктің, са­тып алу-са­ту, сыйға алу, айыр­бастау шарт­та­рының, көлік құрал­да­рын есеп­тен шығаруға және олар­ды са­туға сенімзхат­тардың негізінде әре­кет ететін адам­дар өтініш білдірген жағдай­да, арыз­дарда олар­ды жоғал­ту­дың мән-жай­ла­ры көрсетіледі, көлік құрал­да­ры есеп­тен КҚТК телнұсқасы берілмей шығары­лады, бұл рет­те негіздер КҚТК телнұсқасын бе­ру сияқты тек­серіледі және ол тіркел­ген меншік иесінің көлік құра­лына рас­тау анықта­масы беріледі.

Өзге жағдай­лар­да көлік құрал­да­ры есеп­тен тек сот шешімінің негізінде ғана шығары­лады.

Сот­тардың шешімдері негізінде мем­ле­кет меншігіне ай­нал­ды­рылған көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығарған жағдай­да көлiк құрал­да­рының меншік иелерінің өкілдеріне сияқты осы Ере­жеде көздел­ген та­лап­тар қол­да­ныла­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның ре­зидент­терінен ай­дап әкетілген және ұрланған және иелеріне қай­та­рыл­маған көлік құрал­да­рын есеп­тен шығару иесінің ары­зының және қыл­мыстық іс қозғау ту­ралы қаулы­ның негізінде жүргізіледі. Іздестіру­дегі көлік құра­лы иесіне қай­та­рылған жағдай­да тіркеу иесінің ары­зы және көлік құра­лының жәбірле­нушіге қай­та­рылғаны ту­ралы тер­геу ор­га­нының рас­тау анықта­масы­ның не­месе сот ор­ганда­рының осын­дай шешімінің негізінде жүргізіледі.

Сот­тар, тер­геу, ке­ден ор­ганда­ры мен­шiк құқығын өзгер­ту бойын­ша тыйым­дар не­месе шек­те­улер енгізген көлiк құрал­да­ры, егер қол­да­ныс­тағы заңна­мада өзге­ше тәртіп көздел­ме­се, ти­iс­тi тыйым­дардың не­месе шек­те­улер­дiң жоқтығы ту­ралы куәлан­ды­ратын құжат­тарды не осы көлік құрал­да­рын иеліктен шығаружәне олар­ды өзге адам­дардың меншігіне бе­ру не­месе мем­ле­кет меншігіне ай­нал­ды­ру ту­ралы сот­тардың (заңна­мада айқын­далған өзге мем­ле­кеттік ор­гандар­дың) шешімдері ұсы­нылған­нан кейін есеп­тен шығары­лады.

Берілген не­сие үшін банк­тер­ге кепіл ретінде ұсы­нылған заңды және же­ке тұлғалар­дың көлiк құрал­да­рына, сон­дай-ақ банк­тер бер­ген кепіл ту­ралы шарт­тың (не­месе өзге құжат­тардың) көшірме­лерін ұсынған жағдай­да заңды және же­ке тұлғаларға кепілдік міндет­те­ме орын­далғанға дейін олар­ды есеп­тен шығаруға шек­теу енгізіледі. Бұл рет­те көлік құрал­да­рын тiр­кеу кітап­та­рын­да және ААІЖ де­рек­тер ба­зала­рын­да ти­iс­тi бел­гi­лер жа­сала­ды.

Са­уда ұйым­да­рынан ай­на­лып өтіп, же­ке тұлғаларға өткізген жағдай­да заңды тұлғалар­дың көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығару көлік құрал­да­рының иелері - заңды тұлғалар­дың көлік құра­лын тіркеу бланкісінің және осы Ере­женің 30-тар­мағын­да көздел­ген құжат­тардың, заңды тұлғаларға қатыс­ты мем­ле­кеттік (ком­му­нал­дық) меншік құқығының субъектісі функ­ци­яла­рын жүзе­ге асы­ратын­мемле­кеттік (ком­му­нал­дық) ор­гандар­дың (мем­ле­кеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) рұқса­ты, са­тып алу-са­ту шарт­та­рының негізінде жүргізіледі, бұл рет­те тіркеу құжа­тына «Ав­то­мобиль аза­мат Т.А.Ә., тұрғылықты ме­кен-жайы, же­ке пас­порты­ның се­ри­ясы, нөмірі са­тылу­ына бай­ла­ныс­ты есеп­тен шығарыл­ды» де­ген жаз­ба енгізіледі. Са­уда ұйым­да­рына ке­тетін көрсетілген көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығару заңды тұлға - көлiк иесi­нiң арыз­да­ры, бас­шы­ның бұй­рығы (өкi­мi) не­гiзiн­де жүргізіледі. Тiр­кеу құжа­тына «Ав­то­мобиль са­уда ұйымы­на ке­туіне бай­ла­ныс­ты есеп­тен шығарыл­ды» де­ген жаз­ба енгізіледі.

Ас­та­на, Ал­ма­ты қала­лары­нан және об­лыстан тыс жер­ге 2 ай­дан ас­там уақытқа кет­кен, Жол по­лици­ясын­да тіркел­ген көлiк құрал­да­ры ме­кен-жайы бойын­ша осын­дай тіркеу жүргізілетін заңды және же­ке тұлғалар­дың жаз­ба­ша келісімімен иелерінің бо­латын жері бойын­ша олар­дың аты­на уақыт­ша тірке­леді. Көлік құра­лының иесіне аяқта­лу мерзімі көрсетілген көлік құра­лын уақыт­ша тiр­кеу ту­ралы та­лон беріледі. Көлiк құра­лын уақыт­ша есеп­тен шығару жүргізілмейді.

Аг­ре­гат­тардың нөмірле­нуінде тiр­кеу құжат­та­рымен еле­усіз айыр­ма­шылықта­ры бар көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығару iш­кi iс­тер ор­ганда­ры қабыл­даған ше­шiм­дердің (қоры­тын­ды­лар­дың) не­гiзiн­де жүргізіледі. Шешімдер (қоры­тын­ды­лар) анықталған нөмірлік аг­ре­гат­тар бойын­ша ай­дап әкетілген және ұрланған көлік құрал­да­рын іздестіру бойын­ша са­лыс­ты­ру тек­се­руден кейін ғана шығары­лады.

Қазақстан Рес­публи­касы­на әке­лiн­ген және белгілен­ген мерзімдер­де әке­тiл­ме­ген не­месе ке­ден заңна­масын бұзып пай­да­ланы­латын көлiк құрал­да­ры ке­ден ор­ганда­рының рұқса­тымен ғана есеп­тен шығары­лады.

Ше­тел­де тұрақты тұра­тын адам­дардың кері әке­ту ту­ралы міндет­те­мемен Қазақстан Рес­публи­касы­на әкелінген көлiк құрал­да­ры кейіннен өткізу не­месе иеліктен шығару үшін есеп­тен тек ке­ден ор­ганда­рының рұқса­тымен ғана шығары­ла ала­ды.

Кері әке­ту ту­ралы мiн­детте­мемен Қазақстан Рес­публи­касы­на екi ай­дан ар­тық мер­зiмге уақыт­ша әке­лiн­ген және осы Ере­женiң 47-тар­мағына сәй­кес тiр­келген көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығару кезінде тiр­кеу ту­ралы куәлiк­те есеп­тен шығару ту­ралы белгі қойыла­ды және «Әке­туге жа­тады» де­ген жаз­ба жа­зыла­ды. Бе­рiл­ген нөмірлiк бел­гi­лер тiр­кеу пунк­тi­не тап­сы­рыла­ды.

Осы Ере­женің 60-тар­мағын­да көздел­ген жағдай­лар­да көлiк иесi­нiң өтініші бойын­ша бо­саған нөмірлiк аг­ре­гатқа куәлiк ресімде­леді және бе­рiле­дi.

Күн сайын көлiк құрал­да­рын есеп­тен шығару тізілімінде нақты не­гiз­де­ме (иесi­нiң тұрғылықты жерін өзгер­туі, тiр­кеу ор­нын өзгер­ту­дiң өзге не­гiз­де­рi, басқа тең иесіне тіркеу, көлiк құра­лын Қазақстан Рес­публи­касы­нан тыс жер­ге әке­ту, көлік құра­лын жою, иеліктен шығару, са­тып алу-са­ту, айыр­бастау, сыйға тар­ту және т.б. шарт­та­ры бойын­ша көлік құра­лын иеліктен шығару, сот­тың шешімі бойын­ша көлік құра­лын мем­ле­кеттің не­месе өзге тұлғалар­дың меншігіне ай­нал­ды­ру) көрсе­тiледі.

Есеп­тен:

басқа өңірлер­ге ісса­парға жібе­рiл­ген заңды тұлғалар­дың не­месе жалға бе­рiлетін;

иеле­рiнiң тұрғылықты тұра­тын жері өзгер­мей, осы ЖП тiр­кеу пунк­тi қыз­мет көрсе­тетін аумақтан тыс жер­ге әке­тiле­тiн, сон­дай-ақ басқа тұлғаларға се­нiм­хаттар бойын­ша берілетін;

бір уақыт­та көлік құра­лы, МТНБ, КҚТК жоқ болған жағдай­да же­ке және заңды тұлғалар­дың көлік құрал­да­ры есеп­тен шығарыл­май­ды, мұндай КҚ тек сот шешімдерінің негізінде ғана есеп­тен шығары­лады.

ЖҚЕ, жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету­ге жа­татын стан­дарт­тарға және басқа да нор­ма­тивтік актілердің та­лап­та­рына сәй­кес кел­мейтін көлік құрал­да­ры есеп­тен жал­пы негіздер бойын­ша шығары­лады.

Есеп­тен шығарылған көлiк құрал­да­рының тiр­кеу құжат­та­ры жоғалған жағдай­да көлiк құра­лының иесіне бұрынғы тiр­келген жері бойын­ша анықта­ма-рас­тау беріледі. ТЕБ көлік құра­лының бұрынғы тіркел­ген жері бойын­ша сұрау са­лулар жібе­реді, олар­дың орын­да­луы алған күннен бас­тап 5 тәулiк iшiн­де міндетті.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: