Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Көлік құралдардың тіркеу белгілері, бұрын қолданылған нөмірлік белгілерді қайта беруКөлік құралдардың тіркеу белгілерді, бұрын қолданылған нөмірлік белгілерді қайта беру (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді) МТНБ-ны жоғалтқан не болмаса ол ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы меншік иесінің (жеке немесе заңды тұлғаның) өтініші бойынша (бұдан әрі - Өтініш) КҚТК-ны ауыстырмай, 30 күн ішінде МТНБ-ның телнұсқасы дайындалады. МТНБ-ның телнұсқасын дайындау туралы өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алу мәнін тексергеннен және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады. Тұпнұсқасы бар (ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келмейтін) МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде оның тұпнұсқасы ТЕБ-ге тапсырылады. МТНБ-ның телнұсқаларын беруге негіз болған құжаттар жеке іске қалыптастырылады және тіркеу-емтихан қабылдау қызметін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес сақталады. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) сәйкес нөмірлік белгісі «Көлік құралдары мен олардың тіркемелері үшін жарық қайтаратын жабыны бар мемлекеттік, тіркеу белгілері» ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келіп, олар көлік құралында тіркелген жағдайда бұрын пайдаланылған нөмірлік белгілерді қайта беру мынадай жағдайларда: 1) МТНБ берілген көлік құралының меншік иесі көлік құралының техникалық деректеріне өзгерістер енгізген, көлік құралы тіркелген облыста тұрған жағдайда, тұрғылықты мекен-жайын өзгерткен жағдайда; көрсетілген нөмірлік белгі берілген, бұрын жеке меншік иесінің атына тіркелген көлік құралын бір уақытта есептен шығарған жағдайда, көлік құралын өз атына қайта тіркеуге жеке меншік иесі ниет білдірген жағдайда, мемлекеттік бажды төлемей жүзеге асырылады. 2) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің не болмаса сыйға беру шартының негізінде иесі өзгерген жағдайда; көрсетілген нөмірлік белгі берілген, бұрын жеке меншік иесінің атына тіркелген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, көлік құралын өз атына қайта тіркеуге жеке меншік иесі ниет білдірген жағдайда; елшіліктер рангіне теңестірілген және Қазақстан Республикасының аумағында Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарын қайта тіркеу кезінде мемлекеттік бажды төлей отырып, жүзеге асырылады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|