Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жалпы ережелер

Жол қыз­меті са­ласын­дағы ере­желердің, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың сақта­лу­ын және жол қозғалы­сын ұйым­дасты­руды жетілдіру­де мем­ле­кеттік қадағалау мен бақыла­уды жүзе­ге асы­ру жұмысьарын ұйым­дасты­ру ішкі істер ор­ганда­рының жол по­лици­ясы қыз­метінің жол тек­се­ру бөлімдеріне (бөлімше­леріне, топ­та­рына) және аудан­дардың (қала­лар­дың) жол по­лици­ясы бөлімше­леріне жүкте­леді.

Аудан­дардың (қала­лар­дың) жол по­лици­ясы бөлімше­лері:

  1. Қазақстан Рес­публи­касын­да қол­да­нылып жүрген:
    • жол қозғалы­сының, көше-жол желісінде және жол­дардың бөлу сы­зықта­рын­да көліктік және өзге де қыз­метті жүзе­ге асы­рудың тәртібі мен шарт­та­рын белгілейтін заңна­малық және нор­ма­тивтік құқықтық кесімдердің, нор­ма­тив­тердің, ере­желердің және стан­дарт­тар­дың;
    • жол қозғалы­сы мен ав­то­мобиль та­сымал­да­рының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету са­ласын­дағы ха­лықара­лық шарт­тар­дың;
    • қала­лар­ды, елді ме­кен­дерді, тұрғын үй мас­сивтерін, өнеркәсіптік ай­мақтар мен кәсіпо­рын­дарды жо­балау және олар­дың құры­лысын са­лу кезінде жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету­ге қатыс­ты бөлігінде ере­желердің, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың;
    • ав­то­мобиль жол­да­рын, көше­лерді, жол құрылғыла­рын, темір жол өткел­дерін және электр көлігі желілерін жо­балау, құры­лысын са­лу, қай­та жаңар­ту, жөндеу және қал­пы­на келтіру кезінде жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету бөлігінде ере­желердің, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың;
    • ав­то­мобиль жол­да­рын, көше­лерді, жол құрылғыла­рын және темір жол өткел­дерін жол қозғалы­сы үшін қауіпсіз жағдай­да ұстау ере­желерінің;
    • жол қозғалы­сын рет­те­удің тех­ни­калық құрал­да­рын шығару, ор­на­ту және пай­да­лану жөніндегі ере­желердің, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың;
    • ав­токөліктер­мен жо­ла­ушы­лар мен жүктер та­сымал­да­удың ере­желерінің сақта­лу­ына мем­ле­кеттік қадағалау мен бақыла­уды жүзе­ге асы­рады;
  2. жол-көлік оқиғала­рының (бұдан әрі — ЖКО), сон­дай-ақ жол қозғалы­сының қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзу­шылықтар мен құқыққа қар­сы әре­кет­тердің се­беп­тері мен жағдай­ла­рын анықтай­ды және тал­дай­ды, олар­ды жою ша­рала­рын қабыл­дай­ды, жол қозғалы­сының қауіпсіздігін арт­ты­ру жөніндегі іс-ша­ралар­ды әзірлейді;
  3. жол қозғалы­сының жағдайын зер­де­лейді, көлік құрал­да­ры мен жа­яу жүргінші қозғалы­сын ұйым­дасты­руды жетілдіру жөнінде ша­ралар қабыл­да­уды, жол қозғалы­сын ұйым­дасты­ру жо­бала­рын са­рап­тау, жол қауіпсіздігі бойын­ша ма­ман­дар да­яр­лау және қай­та да­яр­лау бағдар­ла­мала­рын әзірле­уге қаты­сады;
  4. ми­нистрліктер­ге, агенттіктер­ге, ве­домс­тво­ларға және өзге де ұйым­дарға жол қозғалы­сының қауіпсіздігі деңгейін арт­ты­ру, аза­мат­тарды, заңды тұлғалар­ды және мем­ле­кетті жол-көлік оқиғала­рының зар­дапта­рынан қорғау, жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі іс-ша­ралар­ды ғылы­ми, ма­тери­ал­дық-тех­ни­калық және қар­жы­лық қам­та­масыз ету мәсе­лелері жөнінде ұсы­ныс­тар енгізеді;
  5. ере­желердің, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың та­лап­та­ры жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету бөлігінде сақтал­маған жағдай­да тиісті ор­гандарға аза­мат­тық және өнеркәсіптік құры­лыс объектілерін, жол­дарды, жол құрылғыла­рын, темір жол өткел­дерін және электр көлігі желілерін жо­бала­уды, құры­лысын са­луды, қай­та жаңар­ту­ды, жөнде­уді және қал­пы­на келтіруді не ұста­уды қар­жы­лан­ды­руды тоқта­ту не­месе уақыт­ша тоқта­та тұру ту­ралы ұсы­ныс­тар енгізеді;
  6. жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету са­ласын­дағы заңна­маның, ере­желердің, нор­ма­лар­дың, нор­ма­тив­тердің және стан­дарт­тар­дың та­лап­та­рының бұзы­лу­ына ықпал ететін се­беп­тер мен жағдай­лар­ды жою ту­ралы мем­ле­кеттік ор­гандар­дың және басқа да ұйым­дардың орын­да­уы үшін міндетті ұйғарым­дар бе­реді;
  7. ав­то­мобиль жол­да­рын, көше­лерді, жол құрылғыла­рын, темір жол өткел­дерін, электр көлігі желілерін пай­да­лануға қабыл­дау жөніндегі ко­мис­си­ялар­дың жұмы­сына қаты­сады;
  8. өз құзы­ретінің шегінде ав­то­мобиль жол­да­ры бойын­ша та­сымал­да­улар­ды жүзе­ге асы­руға рұқсат бе­руге келіседі.
 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: