Автожолдарды, көшелерді, жол құрылымдарын, темір жол өткелдерін және электірлік көліктер жүйесн салуға, қайта жөндеуге, жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттарды келісу
Жол полициясы жоба-сметалық құжаттарды келісуде:
жобаланған және тұрғылықты көше-жол желісін байланыстыру, көлік қиылыстарын әр деңгейде қолдануға;
қозғалысты ұйымдастырудың озық әдістерін енгізу мүмкіншілігіне, соның ішінде жол қозғалысын автоматтандырылған жүйемен басқаруға және маршруттық бағдар жүйесін келесі сатыларда жобалауға;
көлік қиылыстарының орналасуына және олардың түрлерін, қозғалысты, соның ішінде автомобиль және темір жолдар қиылысатын орындарда ұйымдастырудың нобайларын таңдауға;
бір-бірінен бөлініп жатқан елді мекендерді көлік байланысымен қамтамасыз етуге;
маршруттық көлік құралдары үшін аялдама, тұрақ орны, демалыс алаңы және басқа да сервис объектілерінің болуы және орналасуы, оларға кіре беріс жолдардың болуына.
жолдар және жол құрылғылар жоспарының геометриялық элементтер параметрлерінің, көлденеңдік және бойлайтын профильдердің дұрыс тағайындалуына;
жүріс бөлігінің үстіңгі қабатының түрін таңдауға;
жол жоспарындағы аз радиусты қисықтарда вираждың (жалтарыс) немесе өтпелі қисықтардың бар-жоғына, сондай-ақ қажетті жүріс бөлігінің кеңейтілуіне;
автомобиль жолдарының жер төсеніші үйінділері құламаларының тіктігіне;
жол қоршауларының және бағыттаушы қондырғылардың тобын, үлгісін, конструкциясын және құру орындарын таңдауға;
жолдардың, көпірлердің, жолөткізгіштерінің, құламалардың, өтпелі-шапшаңдық жолақтарын, бөлетін жолақтардың жүріс бөлігіне және жол жағалауына;
жол жағалауының конструкциясына;
тротуарлардың, жаяу және велосипед соқпақтарының бар болуын және оларды стационарлық электрлік жарықтандырумен қамтамасыз етуге;
жаяу жүргіншілер өтпесін және маршруттық көлік құралы аялдамаларын кірер қалталармен және отыратын алаңдармен жабдықтауға;
апаттық байланыс құралдарының бар болуына;
жүріс бөлігін белгілеу нобайларына және жол белгілерін орнатуға;
қозғалысты ұйымдастыру жобаларының немесе қозғалысты ұйымдастыру нобайларының бар болуына көңіл бөлу қажет.
Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: