Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Оқиға орнын қараудың хаттамасын толтыру

Әкiм­шi­лiк құқық бұзу­шылықтың iз­де­рiн, өзге де ма­тери­ал­дық объек­тi­лер­дi, сон­дай-ақ әкiм­шi­лiк құқық бұзу­шылық ту­ралы хат­та­маны тол­ты­ру үшiн маңызы бар мән-жай­лар­ды анықтау мақса­тын­да уәкi­лет­тi ла­уазым­ды адам өз өкi­лет­тiкте­рi ше­гiн­де сол жер­дi, зат­тарды, құжат­тарды, тi­рi адам­дарды тек­се­руге құқылы.

Тек­се­ру жүргізудің жал­пы ере­желе­рi

  1. Тек­се­ру, әдет­те, қажеттілік ту­ын­даған жағдай­да де­реу жүргізіледі. Тек­се­ру жүргізілгені ту­ралы хат­та­ма тол­ты­рыла­ды. Хат­та­мада оның жа­салған күні мен ор­ны, хат­та­маны жа­саған адам­ның ла­уазы­мы, тегі, аты-жөні, тек­серілген адам, зат­тардың түрі, са­ны, өзге де ұқсас белгілері ту­ралы, со­ның ішінде қару­дың тұрпа­ты, мар­ка­сы, үлгісі, ка­либрі, се­ри­ясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, ар­найы же­дел іздестіру іс-ша­рала­рын жүргізу­ге ар­налған ар­найы тех­ни­калық құрал­дардың және ақпа­рат­ты қорғаудың крип­тогра­фи­ялық құрал­да­рының са­ны мен түрі ту­ралы мәлімет­тер көрсетіледі. Тек­се­ру хат­та­масы­на оны жа­саған ла­уазым­ды адам, тек­серілген адам, тек­серілген зат­тардың иесі, куәгер­лер қол қояды. Тек­се­руге жатқызылған адам, тек­серілген зат­тар иесі хат­та­маға қол қоюдан бас тартқан жағдай­да, оған тиісті жаз­ба жа­сала­ды.
  2. Тірі адам­дарды тек­се­руді осы Ко­декстің 620-ба­бын­да аталған ла­уазым­ды адам­дар жүргізеді. Тірі адам­дарды тек­се­руді тек­серілушімен жы­нысы бірдей адам және жы­нысы осын­дай екі куәгердің қаты­су­ымен жүргізеді. Тірі адам­ның зат­та­рын тек­се­руді, яғни олар­дың құры­лым­дық тұтас­тығын бұзбай жүзе­ге асы­рыла­тын тек­се­руді осы Ко­декстің 620-ба­бын­да аталған, оған уәкілетті ла­уазым­ды адам­дар осы зат­тарды меншікте­нуші не­месе иеле­нуші адам­ның қаты­су­ымен және екі куәгердің қаты­су­ымен жүргізеді. Тірі адам­да ай­на­ладағылар­дың өмірі мен ден­са­улығына зи­ян келтіру үшін пай­да­ланы­луы мүмкін қару не­месе өзге зат­тар бар де­уге негіз болған ерек­ше жағдай­лар­да оның же­ке ба­сын тек­се­ру, зат­та­рын тек­се­ру бұл ту­ралы жи­ыр­ма төрт сағат ішінде про­курорға ха­бар­ла­нып, куәгер­лерсіз жүргізілуі мүмкін.
  3. Осы бап­тың 2-бөлігінде көрсетілген­дерді қос­паған­да, орын­дарды, зат­тарды, құжат­тарды тек­се­ру, куәгер­лердің қаты­су­ымен жүргізіледі. Ерек­ше жағдай­лар­да (же­ту қиын­дық ту­дыра­тын жер­лерде, тиісті бай­ла­ныс құрал­да­ры бол­маған кез­де не­месе басқа объек­тивті се­беп­терге бай­ла­ныс­ты же­ке тұлғалар­ды куәгер­лер ретінде тар­туға мүмкіндік бол­маған­да) тек­се­ру куәгер­лердің қаты­су­ын­сыз, бірақ бұл рет­те оның ба­рысы мен нәти­желерін айғақтап көрсе­тетін тех­ни­калық құрал­дар қол­да­ныла оты­рып жүргізіледі.
  4. Қажет болған жағдай­да тек­се­ру құқық бұзу­шының, жәбірле­нушінің, куәлердің, сон­дай-ақ ма­ман­ның қаты­су­ымен жүргізіледі.
  5. Та­былған іздер мен өзге де ма­тери­ал­дық объектілерді тек­се­ру әкімшілік құқық бұзу­шылық жа­салған жер­де жүзе­ге асы­рыла­ды. Егер тек­се­ру үшін қосым­ша уақыт қажет бол­са не­месе та­былған зат­ты сол жер­де тек­се­руге еле­улі қиын­дықтар ту­ын­дай­тын бол­са, объектілер алып қойылуы және бу­ып-түйілген, мөр ба­сылған күйінде, зақым келтірілмей, тек­се­руге қолай­лы жер­ге жеткізілуі мүмкін.
  6. Тек­се­ру кезінде бар­лық та­былған және алып қойылған зат­тар куәгер­лерге, басқа да тек­се­руге қаты­сушы­ларға көрсетілу­ге тиіс, ол жөнінде хат­та­маға белгі қойыла­ды.
  7. Іске қаты­сы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер бу­ып-түйіліп, мөр ба­сыла­ды және уәкілетті ла­уазым­ды адам мен куәгер­лердің қол қоюы арқылы рас­та­лады.
  8. Тек­се­руге қаты­сушы адам­дар олар­дың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін де­геннің бәріне уәкілетті ла­уазым­ды адам­ның на­зарын ауда­руға құқылы.
  9. Қажет болған жағдай­лар­да тек­се­ру кезінде тек­серілетін объектілер өлше­неді, олар­дың жос­парла­ры мен сыз­ба­лары жа­сала­ды, сон­дай-ақ су­рет­ке түсіріледі және өзге де құрал­дармен түсіріліп алы­нады, ол ту­ралы хат­та­маға белгі жа­салып, оған аталған ма­тери­ал­дар қоса тірке­леді.
  10. Тек­се­ру хат­та­масы­ның көшірмесі өзіне қатыс­ты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тап­сы­рыла­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: