Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол-патруль қызметін атқару тәртібі

Жол-патруль қызметін атқару тәртібі

(Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрінің 2011 жылғы 1 қыркүйек­тегі№ бұй­рығымен бекітілген Қазақстан Рес­публи­касы ішкі істер ор­ганда­рының жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді)

Бе­кет­ке (пат­руль­деу бағыты­на) кел­ген соң жол-пат­рульдік қыз­меттің қыз­меткері:

1) тех­ни­калық рет­теу құрал­да­рының, ар­найы құрал­дардың, бай­ла­ныс құрал­да­рының ақаусыз­дығын, жол­дар мен көше­лердің жай-күйін, олар­дағы жөндеу-құры­лыс және басқа жұмыс­тарды жүргізу жағдай­ла­рын тек­се­руге не­месе өзі ауыс­ты­ратын қыз­меткер­ден тиісті ақпа­рат ала­ды;

2) сап­тық бөліністің ке­зекші бөліміне бе­кеттің және пат­руль­деу бағыты­ның қабыл­данғаны және анықталған кемшіліктері ту­ралы ба­ян­дауға, ал бе­кеттің алыс­тығы және ақпа­рат­ты бе­рудің мүмкін бол­ма­уы жағдайын­да жур­налда тиісті жаз­ба жа­сай­ды;

3) қыз­метті атқару кезінде жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері қозғалыс­тағы бөгет­терді жоюға, жол­дың жүріс бөлігін түнде қал­ды­рылған көлік құрал­да­рынан бо­сатуға, бе­кет­тегі не­месе пат­руль­деу бағытын­дағы қауіпті учас­ке­лерді белгіле­уге ша­ралар қол­да­нуы тиіс не­месе мүмкін бол­маған кез­де ша­ралар­ды қол­да­ну қажеттілігі ту­ралы ішкі істер ор­ганда­рының та­яудағы ке­зекші бөліміне, тиісті жол­дық, ком­му­нал­дық ор­гандарға ха­бар­лай­ды. Жол қозғалы­сы қаты­сушы­лары­на қатыс­ты қыл­мыстық іс-әре­кет­тер жай­лы жүргізушілер­ден сұрас­ты­ру нәти­жесінде алынған де­рек­тер ту­ралы жол по­лици­ясы инс­пек­то­ры ауысым аяқталған соң же­ке ба­янат­пен бас­шы­лыққа мәлімде­уге және қажет болған жағдай­да ішкі істер ор­ганда­рының же­дел бөліністеріне белгіле­ген тәртіппен ақпа­рат жібе­реді.

Пат­руль­деу бағытын­да (бе­кетінде) қыз­мет атқару кезінде жол по­лици­ясы­ның инс­пек­то­ры қозғалыс про­цесіне ықпал етуі тиіс. Бұл рет­те жол қозғалы­сын қадағалау мұнда көлік құрал­да­рының се­бепсіз тоқта­тылуы мен ұста­лу­ын бол­дырмас­тан, жол-көлік оқиғала­рының негізгі се­беп­тері бо­лып та­была­тын өрес­кел тәртіп бұзу­шылықтар­дың ал­дын алуға және жо­лын ке­суге бағыт­та­луы тиіс.

Құра­мын­да екі не­месе одан көп жол по­лици­ясы қыз­меткері бар жа­сақша қыз­мет атқарған кез­де жа­сақшаға же­текші тағайын­да­лады.

Жа­сақша бас­шы­сы қыз­метті атқару кезінде жа­сақша­ның іс-қимы­лына бас­шы­лық жа­сай­ды және:

1) жа­сақша­да тұрған жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерінің жұмы­сын ұйым­дасты­руға, қалып­тасқан жағдайға қарай олар­ды ор­на­лас­ты­руға және олар­дың қыз­мет өтеу тәртібіне қажетті өзгерістер енгізу ту­ралы ко­ман­дирге, бөлініс бойын­ша ке­зекшіге ба­ян­дай­ды;

2) жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерінің қыз­метті атқару­ына бақылау жа­сауға және оларға міндет­терін орын­дау кезінде прак­ти­калық көмек көрсе­теді;

3) қыз­мет құжат­та­мала­рын жүргізудің дұрыс­тығын, жол көлік оқиғала­ры мен әкімшілік құқық бұзу­шылықтар жөніндегі ма­тери­ал­дарды ресімде­удің са­пасын тек­се­руге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ша­ралар қабыл­дай­ды;

4) же­дел-тех­ни­калық және ар­на­улы құрал­дардың дұрыс пай­да­ланы­лу­ын бақылауға ала­ды;

5) тиісті бай­ла­ныс құрал­да­ры болған кез­де өзінің тұрған ор­ны мен қыз­мет өтке­ру учас­кесіндегі жағдай ту­ралы кемінде сағаты­на бір рет ко­ман­дирге ба­ян­дап тұра­ды.

Пат­рульдік ав­то­мобиль­де (мо­тоцикл­де) қозғалыс­ты бағалаған кез­де жүргізуші Жол қозғалы­сы ере­желерін бұзған көлік құрал­да­рын тоқта­ту үшін жа­рықпен және ды­быс­пен берілетін ар­на­улы белгілер, ды­быс күшей­ткіш қон­дырғы, қол­мен не­месе таяқпен жа­сала­тын белгілер пай­да­ланы­лады.

Көлік құрал­да­рын тоқта­ту ба­рын­ша қысқа мерзімде және қозғалысқа бөгет бол­май­тын жер­де жүзе­ге асы­рыла­ды. Аза­мат­тардың өмірі мен ден­са­улығына тіке­лей қатер төнген жағдай­лар­дан басқа, жүру бағыт­та­рын­да қала­лық қоғам­дық көлікті (ав­то­бус­тарды, бағыт­тық так­си­лерді, трол­лей­бус­тарды, трам­вай­лар­ды) тоқта­туға бо­лады.

Бағыт­та жол қозғалы­сына бақыла­уды рұқсат­сыз жүзе­ге асы­рушы по­лиция қыз­меткер­лерінің пат­рулі байқалған кез­де, жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері бұл ту­ралы ке­зекшіге ба­ян­дай­ды және со­ның нұсқауына сәй­кес әре­кет жа­сай­ды. Ке­зекші бөлімге ха­бар­ла­удың мүмкіндігі бол­маған жағдай­да, қыз­меткер­лердің же­ке ба­сы, бөлінісі анықта­лады және қыз­мет аяқталған соң же­ке ба­янат­пен ба­ян­да­лады.

Жол по­лици­ясы­ның пат­рульдік ав­то­мобиль­дері ер­ген, сон­дай-ақ ар­найы жа­рықпен және ды­быс­пен белгі беріп ке­ле жатқан ко­лон­на­лар не­месе же­ке ав­то­мобиль­дер өткен кез­де жол по­лици­ясы­ның инс­пек­то­ры бе­кет не­месе пат­руль­деу бағыты бойын­ша олар­дың қауіпсіз, бөгетсіз өтіп ке­туіне ша­ралар қабыл­дай­ды.

Жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері ішінде қыл­мыс жа­са­уда күдікті адам болған не бол­ма­са жүргізушісі жол-көлік оқиғасы­ның ор­ны­нан қашып кет­кен не­месе өзінің әре­кет­терімен қозғалыс­тың басқа қаты­сушы­лары­на қауіп төндіретін не бол­ма­са по­лиция қыз­меткер­лерінің тоқта­ту та­лабын орын­да­маған көлік құрал­да­рына қуда­лау жа­сай­ды. Егер аталған адам­дар қару­лы бол­са, бұл ту­ралы сап­тық бөліністің не­месе ішкі істер ор­га­нының ке­зекші бөліміне ха­бар­лай­ды, бұдан әрі ке­зекшінің нұсқауы бойын­ша не­месе қалып­тасқан жағдайға қарай әре­кет етеді.

Же­ке ба­сының не­месе қозғалысқа қаты­сушы­лар­дың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету үшін жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері қуда­лау кезінде:

1) пат­руль көлігіндегі ар­на­улы ды­быс және жа­рық белгілерін ұдайы қосылған күйінде ұстауға;

2) нақты жағдай­ларға қарай қозғалыс­тың жыл­дамдығын таңдап алуға;

3) қуда­лану­шылар мен жол қозғалы­сының басқа да қаты­сушы­лары­ның әре­кет­теріне мұқият бо­луға;

4) сап­тық бөліністің және ішкі істер ор­га­нының ке­зекшісіне өзінің жүрген жері мен қозғалы­сының бағыты ту­ралы ба­ян­дап оты­руға;

5) жол қозғалы­сының басқа қаты­сушы­лары­на мұқият­тық пен сақтық ша­рала­рын сақтау ту­ралы ха­бар­лап оты­руға міндетті.

Ірі көлемді, ауыр сал­мақты және қауіпті жүктерді та­судың ере­желері бұзылғаны анықталған кез­де жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері сап­тық бөліністің бас­шы­лығынан не­месе ке­зекшіден тиісті нұсқау алғанға дейін аталған көлік құрал­да­рын жол үстінен шығаруға не­месе шешім қабыл­дағанға дейін олар­ды жол по­лици­ясы­ның та­яудағы бе­кетіне, тұрағына дейін алып ба­ру жөнінде мүмкіндігінше ша­ралар қабыл­дап, аталған көлік құрал­да­рының бұдан әрі қозғалу­ына тыйым са­лады. Қауіпті жүкті та­сымал­да­ушы ав­то­мобиль­дерді мүмкіндігінше жол­дан тысқары қою қажет.

Пат­руль­деу бағытын­да не­месе бе­кет­те қыз­метті атқару кезінде жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері ав­то­мобиль жо­лының жаб­дықта­лу­ына және жай-күйіне, тех­ни­калық рет­теу құрал­да­рының (бағдар­шамдар­дың, жол белгілерінің және т. б.) ақаусыз­дығына, сон­дай-ақ жол үстіндегі жұмыс­тардың жүргізілуіне бақылау жа­сай­ды. Бағдар­шамдар объектілерінің жұмы­сының тиімділігін анықтау мақса­тын­да көлік құрал­да­ры ағымы­на сырт­тай бақылау жа­сай­ды.

Кемшіліктер анықталған кез­де жол по­лици­ясы­ның инс­пек­то­ры бұл ту­ралы бөлініс бойын­ша ке­зекшіге ха­бар­лай­ды, ол бұлар­ды осы нұсқаулықтың 14-қосым­ша­сын­дағы фор­ма­сына сәй­кес көше­лер мен жол­дардың жай-күйіндегі кемшіліктердің, тех­ни­калық рет­теу құрал­да­ры ақаула­рының есебі жур­на­лына жа­зып қояды. Ақаулар мен қозғалыс бөгеті жойылғанға дейін қажеттігіне қарай рет­теу жүргізеді, жол қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөнінде ша­ралар қабыл­дай­ды.

Жол по­лици­ясы­ның қыз­меткері:

1) көршілес учас­ке­лер­де қозғалыс­тағы ке­дергілер мен қауіптерді жою жөнінде ке­зек күттірмейтін ша­ралар қабыл­да­нуы;

2) ұсталған аза­мат­тарды ке­зекші бөлімге және көлік құрал­да­рын сақтау ор­ны­на жеткізу қажеттігі;

3)) қыз­меттік міндет­терді орын­дауға бай­ла­ныс­ты ке­зек күттірмейтін іс-ша­ралар­ды орын­дауға по­лици­яның басқа жа­сақша­лары, басқа құқық қорғау ор­ганда­рының қыз­меткер­лері жәрдем көрсе­туі;

4) адам­дардың және көлік құрал­да­рының осы нұсқаулықтың 71-тар­мағына сәй­кес қуда­лануы;

5) жол-көлік оқиғала­рын­да, қайғылы оқиға және басқа да жағдай­да зар­дап шек­кендер­ге жәрдем көрсетілуі;

6) оқиға болған орын­ды қорғау қажеттігі;

7) өртті және та­биғи апат­тардың сал­да­рын жоюға ша­ралар қол­да­нылуы;

8) ке­нет­тен ауырып қалу;

9) белгілен­ген уақыт­та та­мақта­ну жағдай­ла­рын­да сап­тық бөлініс ко­ман­дирінің, оның орын­ба­сар­ла­рының және бөлім ке­зекшісінің шешімімен не­месе нұсқауымен ғана пат­руль­деу бағыты­нан не­месе бе­кет­тен ке­те ала­ды.

Пат­руль көлігінде қыз­мет атқару кезінде:

1) бөтен аза­мат­тар мен жүктерді та­сымал­дауға, сон­дай-ақ пат­руль көлігін қара­усыз қал­ды­руға;

2) белгілі бір қыз­меттік міндет­терді орын­дау қажеттігіне бай­ла­ныс­ты жағдай­лар­дан басқа, қозғалыс­тың белгілен­ген жыл­дамдығын арт­ты­руға, егер бұл қыз­меттік қажеттілікті ту­дыр­ма­са, белгілен­ген бағыт­тан өз бетімен бұры­лып ке­туге және қыз­метті өтке­рудің тәртібін өзгер­ту­ге;

3) басқа адам­дарға пат­рульдік көлікті жүргізу­ге бе­руге;

4) ұсталған адам­дарды пат­рульдік көлікте қара­усыз қал­ды­руға тыйым са­лына­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: