Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол-патрульдік қызметЖол-патрульдік қызмет бөліністері жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Жол-патрульдік қызметтің жұмысында: 1) бақылау-өткізу пункті — бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде, табиғи апаттар, індеттер және басқа да төтенше жағдайлар пайда болғанда белгілі бір ауданда (жерде) өткізу режимін қамтамасыз ету немесе көлік пен жаяулардың қозғалысын шектеу үшін қойылатын полиция жасақшасы. 2) жол полициясының бекеті — жол полициясының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын (аварияларды талдау, жоғары тұрған орнадар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерінің бірліктерін орналастыру негізінде) командирлер белгілеген нақты орнықтырылған орын. 3) жол полициясының жасағы — патрульдеу бағыттары мен бекеттерде қызмет өткеру үшін тағайындалған жол полициясының қызметкері немесе бірнеше қызметкері. 4) жол полициясының стационарлық бекеті — арнаулы қызметтік үй-жаймен жабдықталған, жедел-техникалық және арнаулы құралдармен, инженерлік және өзге де құрылыс-жайларымен жасақталған, сондай-ақ жауаптылық аймағы бекітіліп берілген жол полициясының қызмет өткеретін орны. 5) патрульдеу бағыты — жол полициясының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын, көшенің немесе жолдың (аварияларды талдау, жоғары тұрған орнадар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерінің бірнліктерін шоғырландыру негізінде) командирлер белгілеген, басшылық бекіткен автомобиль жолдарының учаскесі. 6) патруль көлігі – ішкі істер органдарының балансында тұратын және бекеттік ведомосіне қосылған жол полициясының көлік құралдары (автомобиль, мотоцикл, автобус). Патруль автомобильдері түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарымен жабдықталған, сонымен бірге аталған түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарысыз. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|