Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол-патрульдік қызметтің жұмысын бағалау

Жол-патрульдік қызметтің жұмысын бағалау

(Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрінің 2011 жылғы 1 қыркүйек­тегі№ бұй­рығымен бекітілген Қазақстан Рес­публи­касы ішкі істер ор­ганда­рының жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді)

Жол-пат­рульдік қыз­меттің сап­тық бөліністері ке­зекші бөлімдерінің және әрбір қыз­меткердің жұмы­сы мы­надай:

1) заңды­лықты сақтау;

2) заңдар мен басқа да нор­ма­тивтік құқықтық актілерді, же­дел жағдай­ды, өзінің құқықта­ры мен міндет­терін білу;

3) қыл­мыстар­ды ашу­ды ұйым­дасты­руды қам­та­масыз ету, жол-көліктік және басқа оқиғаларға же­дел ден қою;

4) бас­шы­лықты жа­сақшаға тар­тылған күштер­мен және құрал­дармен же­дел қам­та­масыз ету;

5) іздестіру және басқару ақпа­ратын өңде­удің және тап­сы­рудың са­пасы;

6) қыл­мыстар мен оқиғалар ту­ралы келіп түскен ха­бар­ларды, өтініштерді есеп­ке алу­дың уақты­лығы;

7) қыз­меттік құжат­та­малар­дың дұрыс жүргізілуі;

8) аза­мат­тар өтініштерінің нәти­желері бойын­ша қабыл­данған шешімдердің заңды­лығы мен негізділігі;

9) тех­ни­калық құрал­дарды пай­да­лану­дың тиімділігі;

10) қару­дың, оқ-дәрілердің, же­дел-тех­ни­калық және ар­найы құрал­дардың, бай­ла­ныс, қорғау құрал­да­рының, же­дел және кри­мина­лис­ти­калық тех­ни­каның, қыз­меттік құжат­та­маның сақта­луы;

11) аза­мат­тармен және ішкі істер ор­ганда­ры қыз­меткер­лерімен қарым-қаты­нас мәде­ни­еті;

12) ке­зекші ауысым қыз­меткер­лерінің сыртқы сым­ба­ты, ке­зекші бөлімге тап­сы­рылып берілген қыз­меттік үй-жай­лар­дың, көліктің және басқа мүліктің жай-күйі;

13) ке­зекші бөлім жа­сақша­лары­ның іс-әре­кетіне қатыс­ты негіздел­ген шағым­дардың бо­луы жөніндегі негізгі бағыт­тармен бағала­нады.

Жол-пат­рульдік қыз­мет қыз­меткер­лерінің жұмы­сын олар­дың тіке­лей ко­ман­дирлері (бас­тықта­ры) мы­надай:

1) жол по­лици­ясы­ның қыз­метін рет­тейтін нор­ма­тивтік құқық актілерін, же­дел жағдай­ды, өзінің құқықта­ры мен қыз­меттік міндет­терін білу;

2) қыз­мет жүргізілетін аумақтағы апат­ты­лық жағдай, әкімшілік-құқықтық қыз­меттің жол-көлік оқиғала­рының бо­лу­ына негізгі се­беп бо­лып та­была­тын жол қозғалы­сы ере­желерін өрес­кел бұзу­шылыққа бағыт­та­луы;

3) заңды­лықты, жол қозғалы­сын қадағалау тәртібін рет­тейтін Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ішкісминінің, Ішкісмині Жол по­лици­ясы ко­митетінің бұй­рықта­ры мен нұсқаула­рының та­лап­та­рын сақтау;

4) қыз­меттің өткерілуін тек­се­ру кезінде қыз­меткердің тәртіпті, заңды­лықты бұзу­шылыққа жол бе­ру са­ны;

5) қыз­меткер үстінен түскен шағым­дар са­ны, со­ның ішінде дәлел­денген­дері;

6) тәртіптілік, аза­мат­тармен қарым-қаты­нас­тағы мінез-құлық мәде­ни­еті;

7) әкімшілік құқық бұзу­шылық ту­ралы хат­та­малар­дың ресімде­лу са­пасы;

8) жол-көлік жағдайы күрде­лен­ген кез­дегі кәсіби іс-әре­кет­тері;

9) жол қозғалы­сын қимыл­дар көмегімен рет­тей білуі;

10) қыл­мыстар­ды, әкімшілік құқық бұзу­шылықты бол­дырмауға және жо­лын ке­суге, қыл­мыстар­ды ашуға, қыл­мыскер­лерді ұстауға қаты­суы;

11) бекітіліп берілген пат­рульдік көлікті, же­дел-тех­ни­калық және ар­найы құрал­дарды ақаусыз күй­де ұста­уы, олар­ды пай­да­лана білуі;

12) қыз­меттік және де­не шы­нықты­ру дайын­дығы;

13) сап­тық бой түзеу, сыртқы сым­бат жөніндегі негізгі көрсеткіштер бойын­ша бағалай­ды.

Жол-пат­рульдік қыз­меттің сап­тық бөліністерінің іс-әре­кеті мы­надай:

1) қыз­мет жүргізілетін аумақтағы апат­ты­лық жағдай, әкімшілік-құқықтық қыз­меттің жол-көлік оқиғала­рының ал­дын алуға бағыт­та­луы;

2) тәртіп жағдайы және сап­тық бөліністер қыз­меткер­лерінің заңды­лықты сақта­уы;

3) төтен­ше мән-жай­лар­да және төтен­ше жағдай­лар кезіндегі іс-қимыл­дарға дайын бо­лу;

4) әле­уметтік са­уал­на­малар­дың, шағым­дар мен тал­да­улар­дың және т. б. нәти­желері бойын­ша сап­тық бөліністердің іс-әре­кетіне ха­лықтың көзқара­сы;

5) пат­рульдік көлікті ақаусыз күй­де ұстау және ар­налған мақса­ты бойын­ша пай­да­лану (тех­ни­калық дайын­дық ко­эф­фи­ци­енті), же­дел-тех­ни­калық және ар­найы құрал­дарды қол­да­нудың нәти­желілігі жөніндегі негізгі бағыт­тар бойын­ша бағала­нады.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: