Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Күштер мен құралдарды орналастыру

Күштер мен құралдарды орналастыру

(Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрінің 2011 жылғы 1 қыркүйек­тегі№ бұй­рығымен бекітілген Қазақстан Рес­публи­касы ішкі істер ор­ганда­рының жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді)

Жол-пат­рульдік қыз­меттің жұмы­сы қол­да бар күштер мен құрал­дарды және күрделі жол жағдайымен си­пат­та­латын жергілікті жер­лерде олар­ды шоғыр­ланды­рудың прин­циптерін ес­ке­ре оты­рып, ұйым­дасты­рыла­ды. Бұл рет­те қыз­мет жүргізілетін аумақтағы апат­ты жағдай­дың, қыл­мыс пен құқық бұзу­шылықтың жай-күйі, ав­то­мобиль жол­да­рының ұзын­дығы мен олар арқылы қозғалыс жағдай­ла­рының ерек­шелігі, тәуліктің әр түрлі сағат­та­рын­да, ап­та­ның күндерінде, жыл­дың мезгілдерінде көлік пен жа­яулар қозғалы­сының жиілігі ес­керіледі.

Жол-пат­рульдік қыз­меті мен құрал­да­рын ор­на­лас­ты­ру жа­сақтар­ды шығару­дың тәулік сайынғы ор­та­ша нор­ма­сын есеп­ке ала оты­рып Де­пар­та­мент­тердің бекіткен пат­руль­деу бағыт­та­рының және бе­кет­тердің ор­на­ласу­ына (бұдан әрі – ор­на­лас­ты­ру, ор­нықты­ру) осы нұсқаулықтың 1-қосым­ша­сын­дағы фор­ма­сына сәй­кес жүзе­ге асы­рыла­ды.

Ор­на­лас­ты­ру ке­лесіні көрсе­теді:

қала­ның, аудан­ның сыз­ба­сын, ав­то­мобиль жо­лының учас­кесін, қала­лар мен елді ме­кен­дердің көше­лерін, же­дел жағдай­дың бағала­ну­ын;

жол по­лици­ясы қыз­меткер­лері мен көлік құрал­да­рын шығару­дың міндетті нор­ма­ларын;

пат­руль­де­удің ал­дын ала белгілен­ген, оның ішінде же­дел жағдай күрде­лен­ген кез­де қосым­ша жа­буға тиісті жа­сақтар­дың түрлерін,

олар­дың ара­сын­дағы өза­ра іс-қимыл мен бай­ла­ныс­тың тәртібін және басқа да қажетті мәлімет­терді (ме­дици­на ме­кеме­лерінің, ішкі істер ор­ганда­рының, ұйым­дасты­рылған көлік тұрақта­рының және басқа да қыз­мет көрсе­ту объектілерінің ор­на­ласқан жері мен те­лефон­да­рын).

Ор­нықты­ру оқиға болған орын, ап­та­ның күні, тәуліктің сағаты бойын­ша же­дел жағдай­ды және апат­ты аху­ал­ды тал­дау негізінде жол­дар бойын­да қозғалу жағдай­ла­рының, кәсіпо­рын­дардың, оқу орын­да­рының, са­уда ор­та­лықта­рының, жұмыс көлік құрал­да­ры мен жа­яулар қозғалы­сының эпи­зод­тық ұлғаюына бай­ла­ныс­ты сер­вис объектілерін, жұмыс ре­жиміндегі ерек­шеліктерді ес­ке­ре оты­рып, әзірле­неді.

Бе­кет­тер мен пат­руль­деу бағыт­та­ры ап­та­ның күндері не­месе тәуліктің сағат­та­ры ішінде міндетті түрде жа­былуы тиісті және қалып­тасқан же­дел жағдайға бай­ла­ныс­ты жа­былып қала­тын бе­кет­терге, пат­руль­деу бағыт­та­рына бөлінеді. Күштер мен құрал­дарды ауыс­ты­ру ту­ралы шешімдерді сап­тық бөліністің ко­ман­дирі қабыл­дай­ды және осы нұсқаудың 2-қосым­ша­сын­дағы фор­ма­сына сәй­кес бе­кеттік ве­домосіне тірке­леді.

Әрбір бе­кет пен пат­руль­деу бағыты­на екі да­надан, осы нұсқаудың 3-қосым­ша­сын­дағы фор­ма­сына сәй­кес бе­кет (пат­руль­деу бағыты) кар­точка­сы жа­салып, олар­дың біреуі сап­тық бөліністің ке­зекші бөлімінде сақта­лады, екіншісі қыз­мет өтеу уақытын­да жол по­лици­ясы­ның қыз­меткеріне беріледі. Бе­кет (бағыт) кар­тоска­сы қыз­метте пай­да­лану құжа­ты бо­лып та­была­ды және тек жол по­лици­ясы инс­пек­торла­рының қыз­метіне бақыла­уды жүзе­ге асы­руға құқылы ішкі істер ор­ганда­рының ла­уазым­ды адам­да­рына көрсе­туге жа­тады.

Сап­тық бөлініс жұмы­сының ре­жимі күн тәртібімен және кес­те­мен белгіле­неді, он­да әрбір жол по­лици­ясы қыз­меткерінің қыз­мет өтке­ретін күндері мен сағат­та­ры (ауысы­мы) көрсетіледі. Күн тәртібі мен жұмыс кес­тесін сап­тық бөліністің ко­ман­дирі бекітеді.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: