Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

Жол-патрульдік қызметті ұйымдастыру

Жол-патрульдік қызметті ұйымдастыру

(Қазақстан Рес­публи­касы Ішкі істер ми­нистрінің 2011 жылғы 1 қыркүйек­тегі№ бұй­рығымен бекітілген Қазақстан Рес­публи­касы ішкі істер ор­ганда­рының жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді)

Жол-пат­рульдік қыз­метті өтке­ру үшін жа­саққа тағайын­да­латын қыз­меткер­лерді дайын­дау, нұсқау жүргізу және жи­нап-та­рату осы нұсқаулыққа сәй­кес жүзе­ге асы­рыла­ды.

Жа­сақша­ларға нұсқау бе­ру, әдет­те, ар­найы жаб­дықталған сы­нып­та не­месе ар­найы жаб­дықталған алаңда сапқа тұрғызу кезінде жүргізіледі.

Жол-пат­рульдік қыз­метті атқару үшін жа­сақшаға тағайын­далған адам­дар нұсқама бас­талғанға дейін кемінде 15 ми­нут бұрын бөлініске не­месе ішкі істер ор­га­нына ке­леді және өздерінің кел­гендері ту­ралы ке­зекші мен өздерінің тіке­лей ко­ман­диріне ба­ян­дай­ды.

Қыз­метке кіріскен жа­сақшаға нұсқау бе­руді аға ке­зекші-инс­пек­тордың қаты­су­ымен сап­тық бөліністің ко­ман­дирі не­месе оның орын­ба­сары жүргізеді, ол ту­ралы бе­кеттік ве­домос­те жаз­ба жа­сала­ды.

Ла­уазым­ды адам­дар нұсқама­ны жүргізген кез­де:

1) жол по­лици­ясы инс­пек­торлық құра­мының қыз­метті өтке­руге дайын екендігіне көз жеткізуі және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ша­ралар қабыл­да­уы;

2) жол по­лици­ясы инс­пек­торлық құра­мының өз құқықта­ры мен міндет­терін, қару­ды, ар­на­улы құрал­дарды, же­ке қауіпсіздікті қам­та­масыз ету ша­рала­рын білуін ішіна­ра тек­се­руі;

3) қыз­мет жүргізілетін аумақтағы апат­тық және же­дел жағдай­дың жай-күйі, жоғары­да тұрған ор­гандар көрсет­кен бағдар­лар ту­ралы жол по­лици­ясы қыз­меткер­леріне ха­бар­ла­уы;

4) бе­кет­тер мен пат­руль­деу бағыт­та­рын жа­ри­ялауы;

5) өткен тәуліктегі жұмыс­тың нәти­желерін, сон­дай-ақ заңды­лық пен қыз­мет өтке­ру тәртібінің бұзылған жағдай­ла­рын жол по­лици­ясы инс­пек­торлық құра­мының на­зары­на жеткізуі;

6) жа­сақша­лар­дың же­текшілерін тағайын­да­уы тиіс;

7) аза­мат­тармен мұқият, икемді және әдепті қаты­нас жа­сау, олар­дың құқықта­ры мен еркіндіктерін қорғау, қозғалыс­ты қадағалау кезінде қажетті көмек көрсе­ту ту­ралы же­ке құрамға жеткізу тиіс.

Жа­сақшаға кірісетін жол по­лици­ясы қыз­меткерінің сыртқы киімі жи­нақы, ақаусыз қару-жа­рағы, ма­усым бойын­ша ны­сан­ды киімі, жа­рық шағылыс­ты­ратын эки­пиров­ка­сы, сон­дай-ақ омы­рау белгілері, та­бельдік қаруы, таяқша­сы мен басқа да ар­на­улы құрал­да­ры, бе­кет пен пат­руль­деу бағыты­ның кар­точка­сы, қыз­меттік және жүргізуші куәлігі, осы нұсқаулықтың 13-қосым­ша­сын­дағы фор­ма­сына сәй­кес қыз­мет кітап­ша­сы өзінде бо­лады.

Нұсқама сап­тық бөліністің жа­сақша­ларын жи­нап-та­рату­мен және олар­дың қыз­метіне кірісуі ту­ралы бұй­рық бе­румен аяқта­лады.

Қала сыр­тындағы жол­дар мен ста­ци­онар­лық бе­кет­терде және тәуліктің қараңғы уақытын­да қыз­мет атқару үшін жа­сақша­лар­ды жол по­лици­ясы қыз­меткер­лерін екіден кем құрам­да қоюға тыйым са­лына­ды.

Сап­тық бөліністен неғұрлым алыс­та ор­на­ласқан бе­кет­терде қыз­мет атқара­тын жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері оның бас­шы­лары­ның рұқса­тымен нұсқама­да ап­та­ның белгілі бір күндерінде бо­лады.

Жол по­лици­ясы­ның инс­пек­торла­ры қыз­метке кіріскені ту­ралы ке­зекшіге ба­ян­дай­ды және одан қажетті ақпа­рат пен нұсқаулар ала­ды. Қала­лар­да және басқа елді ме­кен­дерде қыз­мет өтке­ру кезінде жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері ке­зекшіге же­дел жағдай жа­сау ту­ралы сағаты­на бір рет, қала сыр­тындағы жол­дарда кемінде екі сағат­та бір рет ха­бар­лап тұра­ды. Жол по­лици­ясы инс­пек­то­ры бай­ла­нысқа шыққан ту­ралы қыз­меттік кітап­ша­да не­месе ав­то­пат­рульдің борт­тық жур­на­лын­да, ал ке­зекші тиісті жур­налға тіркейді.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: