Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмысты жоспарлау, есепке алу және талдау(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі№ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді) Жоспарлау қолда бар күштер мен құралдарды есепке ала отырып, жедел жағдайды, қызмет көрсететін аумақтағы апаттылықтың жай-күйін, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес жағдайларын, жол-патрульдік қызметтің бөліністерінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын талдау мен болжау негізінде жүзеге асырылады. Саптық бөліністердің жұмыс жоспарлары жол полициясының жол-патрульдік қызмет басқармаларының (бөлімдерінің) бөлім (бөлімше) бастықтарымен келісіледі және облыстық (қалалық) Департаменттердің жол полициясы басқармасының (бөлімінің) бастығы бекітеді. Жол полициясы басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтарымен келісіп, қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, саптық бөліністердің командирлері жоспарларды түзете алады, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Жоспарлы кезең аяқталған соң жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны туралы есеп (анықтама) жасалып, кейіннен жоспарды бекіткен басшыға баяндалады. Қандай да бір іс-шара орындалмаған жағдайда есепте жағдайдың себебі және қажет болса орындалуының жаңа мерзімі көрсетіледі. Жоспарлардың орындалу қорытындысы саптық бөліністің командирі жанындағы жедел кеңесте қаралады. Жоспарлардың орындалуын бақылауды саптық бөліністердің командирлері (штаб бастықтары), сондай-ақ Департаменттердің жол полициясы басқармаларының тиісті бастықтары жүзеге асырады. Жол-патрульдік қызметтің бөліністерінде қызмет алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау үшін маңызы бар мәліметтерді есепке алу және талдау, тіркеу ұйымдастырылады. Есепке алу мен талдауға қызмет жүргізілетін аумақтағы жол-көлік оқиғалары және олардың алдын алу жөнінде қабылданған шаралар, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты қылмыстар, жол-патруль қызметінің жеке құрамының арасындағы тәртіптің жағдайы мен заңдылықтың сақталуы туралы деректер, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жол-патрульдік қызметтің жұмысын жетілдіруге және жол қозғалысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстары жатады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|