Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол-патрульдік қызметтің күштері мен құралдарын жедел басқаруды ұйымдастыру(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі№ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді) Саптық бөліністердің күштері мен құралдарын жедел басқаруды саптық бөліністің командирі тиісті кезекші бөлімдер арқылы, ал олар болмаса — аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері арқылы жүзеге асырады. Жол-патрульдік қызметі саптық бөліністердің кезекші бөлімдері Департаменттерінің кезекші бөлімдеріне жедел бағынысты болады. Кезекші бөлімнің жұмысын саптық бөліністің штаб бастығы, штат бойынша мұндай лауазым болмаса — командирдің орынбасары ұйымдастырады. Қызмет атқару кестесін бекіту, тәртіптік жасақтың адамдарын ауыстыру тәртібін белгілеу, қажет болғанда оларды қызметтен босату құқығы саптық бөліністің командиріне (немесе оның орнындағы адамға) ғана берілген. Саптық бөліністің кезекші бөліміне мынадай міндеттер жүктеледі: 1) қызмет жүргізілетін аумақта қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және бағалау; 2) үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, қозғалысты реттеу, қозғалыстағы кептелісті жою, жолдарды жабуға байланысты жұмыстардың шарттарын орындалуын бақылау үшін бөліністің күштері мен құралдарын жедел басқару; 3) жол-көлік оқиғалары, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлар мен өтініштерді қабылдау, тіркеу және тапсыру; 4) қылмыстарды ашуды ұйымдастыру; 5) кезек күттірмейтін шұғыл іс-әрекеттерді ресімдеу және жүргізу үшін жол-көлік оқиғаларының орнында болу жөнінде ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру; 6) айдап әкетілген, ұрланған автокөлік құралдарын және жүргізушісі жол-көлік оқиғалары болған орыннан қашып кеткен автокөлік құралдарын іздестіруді және ұстауды ұйымдастыру, осындай құқық бұзушылық әрекеттері туралы хабарларды белгіленген тәртіппен тіркеу; 7) ішкі істер органдарының жедел жоспарларын енгізу, төтенше жағдайлар, саптық бөліністердің жасақшаларының ішкі істер органдарының басқа бөліністерінің жасақшаларымен өзара іс-қимылы кезінде күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру; 8) мүлікті, қару-жарақты, жедел-техникалық және арнаулы құралдарды инспекторлық құрамға беру және қабылдау, кезекші бөлімнің арнайы бөлінген үй-жайында тұрған кезде олардың сақталуын қамтамасыз ету; 9) саптық бөліністің ғимаратындағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді сақтауды бақылау, өткізу режимін, ішкі тәртіпті орындауды қамтамасыз ету; 10) ақпараттық-анықтамалық жұмысты жүзеге асыру; 11) азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау, оларды осы нұсқаулықтың 7-қосымшасындағы формасына сәйкес журналға тіркеу; 12) бөліністің қызметкерлерін хабарландыруды және жинауды ұйымдастыру; 13) қауіпті, ауыр салмақты және ірі көлемді жүктерді тасымалдау кезінде жол полициясы ілесіп жүретін көлік құралдарының қозғалысын бақылауды ұйымдастыру; Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, кезекші бөлім оқиға болған жерге бару үшін — автомобильдермен, арнаулы техникалық құралдармен, ұйымдастыру техникасымен, құжаттамамен; тәуліктік жасақты орналастыру, қаруды, жедел-техникалық және арнаулы құралдарды сақтау және беру үшін қызметтік үй-жайлармен осы нұсқаулықтың 8-қосымшасындағы формасына сәйкес қамтамасыз етіледі. Саптық бөліністің аға кезекші-инспекторы (кезекші-инспекторы) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындаушы кезекші бөлімнің қызмет өтеуші тәуліктік жасағына және саптық бөліністің жасақшасында тұрған қызметкерлерге аға жедел бастық болып табылады. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) қызметтік міндеттерді орындаған кезде: 1) инспекторлық құрамның қызмет өтеуін, сондай-ақ олардың көлікті, жедел-техникалық және арнаулы құралдарды пайдалануын тексереді; 2) жол полициясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, саптық бөліністің басшылығына кейіннен баяндай отырып, оларды қызмет өтеуден босатады; 3) берілген өкімдердің уақытында және толық орындалуын бақылауға; 4) жедел жағдай шиеленіскен жағдайда күштермен және құралдармен шұғыл көмек алу, сондай-ақ қажетті ақпарат алу мақсатында жоғары тұрған кезекшіге және көрші саптық бөліністің кезекшісіне хабарлайды; 5) саптық бөліністің қоғамдық тәртіпті сақтауда көзге түскен қызметкерлерін көтермелеу туралы, ал қызметке немқұрайды қарау фактілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным жасайды; 6) қабылданған шешім туралы саптық бөліністің командиріне кейіннен баяндай отырып, саптық бөліністің командирі мен оның орнында адам болмаған кезде, жол полициясының кез-келген қызметкерін өрескел тәртіптік қылығы үшін қызмет өткеруден шеттейді; 7) азаматтардан және лауазымды адамдардан белгіленген тәртіпті сақтауды талап етуге, тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға, әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды; 8) қылмыс жасауда күдікті адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес ұстауға, кейін бұл адамдарды аумақтық ішкі істер органдарына тапсырады; 9) жол полициясының инспекторына берілген барлық құқықтарды пайдалануға құқылы. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) қызметке кірісетін жол-патруль қызметінің инспекторларын дайындаған кезде: 1) взвод командирлерінен инспекторлық құрамға қызметке келгендер туралы есептер қабылдауға және бекеттік ведомості толтырады; 2) көлік құралдарын пайдалану есебі осы нұсқаулықтың 9-қосымшасындағы формасына сәйкес журналында белгілей отырып, патрульдік автомобильдердің шығуы мен қайтып келуін бақылауды жүзеге асырады; 3) жедел-техникалық және арнайы құралдарды, олардың ақаусыздығын, паспорттарының болуын алдын ала тексеріп, метрологиялық байқау мерзімдерін көрсете отырып, жол-патрульдік қызметтің инспекторларына беруге, бұл туралы қару-жарақты, жедел-техникалық және арнайы құралдарды беру және қабылдап алу осы нұсқаулықтың 10-қосымшасындағы формасына сәйкес журналына тиісті жазба жасайды, сондай-ақ табельдік қару мен құжаттарды тапсырады; 4) қызметке түсетін жасақшаға нұсқама өткізуді және жедел жағдайдың жай-күйімен таныстыруды ұйымдастырады; 5) жұмысқа келмеген қызметкерлер туралы саптық бөліністің командиріне баяндауға, келмеудің себептерін анықтау үшін шаралар қабылдайды; 6) ішкі істер органдарының жедел жоспарлары енгізілген кезде жол-патруль қызметінің жұмысын білуге және ұйымдастыра білуге міндетті. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) жасақтар қызметін аяқтағанынан кейін: 1) жол-патрульдік қызметкерлерінен қару мен арнайы құралдарды қабылдауға, олардың жиынтығын және ақаусыздығын тексеруге, ол туралы журналдарда тиісті жазба жасайды; 2) жол полициясы инспекторының белгісіз себептер бойынша патрульдеу бағытынан (бекеттен) келмеген жағдайлары, жедел-техникалық және арнайы құралдардың орын алған ақаулары мен бұзылулары туралы саптық бөліністің командиріне немесе оның орнындағы адамға баяндауға, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді; 3) саптық бөліністің командиріне баяндау үшін қызмет өткерудің нәтижелерін қорытындылауға, бекеттік ведомоске жазбалар жасауға және кезекшілікті қабылдау-тапсыру туралы командирге (оның орнындағы адамға) баяндауға міндетті. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) қызмет жүргізілетін аумақта ақпарат жинау және жағдайды бағалау кезінде: 1) келесі мәліметтерді талдауға және бағалауға алады: болған жол-көлік оқиғалары мен қылмыстарды; жол-көлік оқиғалары болған орыннан жүргізушісі бой тасалаған көлік құралдар туралы; айдап әкетілген және ұрланған көлік құралдары; іздеу жарияланған қылмыскерлер мен ашылмаған қылмыстар; өткізуге белгіленген және жүргізіліп жатқан бұқаралық, спорттық және басқа да іс-шаралар; олар өткізілетін жерлерде жол қозғалысының тиісті режимін қолдау жөніндегі жол-патруль қызметі инспекторлық құрамының қатысу дәрежесі; ауа-райы жағдайларының өзгеруі; автомобиль жолдарының жай-күйі; жол қозғалысына, жедел жағдайға, күштер мен құралдарды орналастыруға ықпал етуі мүмкін жол қозғалысын реттеудің жолдағы құрылыстық-жайлары мен техникалық құралдары туралы мәліметтерін зерделеу туралы. 2) алынған ақпаратты жүйелеуге, қорытындылауға және саптық бөліністің командиріне, жол полициясы басқармасының бастығына немесе олардың орнындағы адамдарға, сондай-ақ жоғары тұрған кезекшіге және Жол полициясы комитетіне (бұдан әрі — Комитет) баяндауға міндетті. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) жол-патрульдік қызметтің күштері мен құралдарын басқару кезінде: 1) жасақшаларды үздіксіз басқаруды, олардың өзара және ішкі істер органдарының басқа да бөліністерімен нақты іс-қимылын қамтамасыз етеді; 2) жасақшалардың қызмет өткеруін бақылауға, белгіленген уақытта байланысқа шықпаған жағдайларда олардың тұрған жерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды; 3) жедел жағдайдың өзгеруі және осыған байланысты қызмет өткеру тәртібіндегі өзгерістер туралы бөліністің инспекторлық құрамын хабардар етуге міндетті. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) қылмыстар, жол-көлік оқиғалары, қоғамдық тәртіптің бұзылуы және басқа да төтенше оқиғалар туралы хабарлар мен арыздар алған кезде: 1) оқиғаның уақытын, орнын, мән-жайын, құқық бұзушылардың белгілерін, өтініш беруші туралы мәліметтерді (тегін, аты-жөнін, мекенжайын, телефонын), оқиғаға қатысты көлік құралдары туралы деректерді (маркасы, мемлекеттік тіркеу белгісі, тиесілігі), зардап шеккендердің санын анықтауға; егер жүргізуші жол-көлік оқиғасының орнынан қашып кетсе, көлік құралының түсін, ерекше белгілерін, ықтимал ақауларының сипатын, оның қозғалу бағытын, жүргізушінің белгілерін анықтауға, автокөлік кәсіпорындары және ұйымдарының диспетчерлік қызметтеріне, медициналық жедел көмек қызметіне қосымша бағдар береді; 2) қылмыс туралы хабарларды қабылдауға, тіркеуге және алынған ақпаратты аумақ бойынша ішкі істер органына уақтылы тапсыруға, жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жол-көлік оқиғаларын осы нұсқаулықтың 11-қосымшасындағы формасына сәйкес есепке алу журналында тіркейді; 3) ауыр салдары бар қылмыстар, жол-көлік оқиғалары туралы саптық бөліністің командиріне және жоғары тұрған кезекшіге баяндауға және олардың нұсқауларына сәйкес әрекет етуге, қылмыскерлерді ізін суытпай іздестіру ұйымдастырылған жағдайда қажетті ақпаратты дереу жол полициясы жасақшаларына бағдар беру үшін патрульдеу бағыттарына, бекеттерге береді; 4) адамдардың өлімі, жарақаттануы болған немесе елеулі материалдық зиян келтірілген жол-көлік оқиғасы туралы аумақ бойынша ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне хабарлауға, қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді, өрт қызметі мен басқа да жедел және атқару қызметтерін шақыруға; ал оқиғаға қатысушылар болған жағдайларды бағалауда өзара келісіп саптық бөлініске келген жағдайда оқиға жөніндегі материалдарды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесін және олардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 15 ақпандағы №52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 57540 болып тіркелген) (бұдан әрі – ІІМ-нің №52 бұйрығы) бұйрығына сәйкес ресімдеуді ұйымдастырады; 5) қажет болған кезде оқиға болған жерде қалыптасқан ахуал, топтасқан бұзақылық көріністердің немесе басқа да төтенше жағдайлардың туындаған қатері туралы аумақтық ішкі істер органының кезекшісіне, саптық бөліністің командиріне баяндауға және одан әрі олардың нұсқаулары бойынша әрекет етуге; оқиға болған орында кептеліс пайда болған кезде бұл жерден айналып өтуді ұйымдастырады; 6) көлік құралдарын (оларды иесіне тапсыру мүмкін болмаған кезде) оқиға болған орындағы арнаулы тұрақтарға жеткізуді ұйымдастырады; 7) шетел азаматтары қатысқан жол-көлік оқиғалары туралы жоғары тұрған кезекшіге, саптық бөліністің командиріне баяндайды; 8) жол қозғалысы жағдайларының күрделеніп кеткені (жардың құлауы, көшкін түсуі, жолдың бүлінуі, күртік қар, көктайғақ, реттеу құралдарының істен шығуы) туралы саптық бөліністің командирі мен жасақшаларына, мүдделі жол және коммуналдық қызмет басшыларына хабарлауға, сондай-ақ қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, бұдан соң тиісті жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) көлік құралдарына ілесіп жүрген кезде: 1) ілесіп жүретін көлік құралдарының жүру бағыты бойынша жол полициясының жасақшаларын хабардар етіп отырады; 2) ілесіп жүретін көлік құралдарының бөгетсіз өтуін қамтамасыз ету жөнінде бөлініс, қалалық және аудандық ішкі істер органдары жасақшаларының өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 3) ілесіп жүру автомобильдерінің жүргізушілеріне қозғалыс бағыттарындағы жағдай туралы хабарлап отырады; 4) көлік құралдарының ілесіп жүруінің басталуы және аяқталуы туралы осы нұсқаулықтың 12-қосымшасындағы формасына сәйкес Ілесіп жүруді есепке алу журналында тиісті жазба жүргізеді. Аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор) қауіпті жүктерді тасымалдаудың және балалардың ұйымдасқан тобын тасымалдауды ұйымдастыруды бақылау кезінде: 1) қауіпті жүктерді таситын көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданады; 2) Көлік құралы комитеті бөліністері қызметкерлерінің байланыс телефондарын білу және оларға қауіпті жүктер мен аса ірі мөлшердегі жүктерді тасымалдау кезіндегі анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты дереу хабарлайды; 3) балаларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде бағытты, көлік құралдарының санын, тасымалданатын балалардың санын, сондай-ақ ілесіп жүретін және тасымалдауды ұйымдастырушылардын байланыс телефондарын білуге; 4) балалардың тобын тасымалдайтын көлік құралдарының үзіліссіз қозғалысын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауға, бұл ретте мұндай тасымалдауларды түнгі уақытта сағат 22.00-ден бастап таңғы сағат 06.00- де жүзеге асырылуын болдырмауға міндетті. Анықтамалық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор): 1) жол полициясы, басқа да ішкі істер органдарының бөліністері іс-әрекетінің мәселелері жөнінде азаматтар немесе лауазымды адамдар кезекші бөлімге өтініш жасаған кезде (құпия немесе қызметтік сипаты бар мәліметтерді хабарлаусыз) жан-жақты түсінік беруге; 2) азаматтардың ауызша және жазбаша шағымдарын қабылдауға, қажет болса жағдайды нақтылауға, оларды арнайы журналда тіркеуге, өтініш иесін бұдан арғы әрекеттердің тәртібі туралы хабардар етуге, келіп түскен шағымдар туралы бөлініс бойынша жауапты адамға және жол полициясы басқармасының басшылығына уақтылы хабарлайды. Мүліктің, қару-жарақтың, жедел-техникалық, арнайы және көліктік құралдардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші-инспектор (кезекші-инспектор): 1) қарудың, оқ-дәрілердің, жедел-техникалық және арнаулы құралдардың Қазақстан Республикасы Ішкісминінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жабдықталған жанбайтын шкафтарда (жәшіктерде) сақталуын, берілуін және есепке алынуын қамтамасыз етеді; 2) қару мен арнаулы құралдарды қабылдаған кезде олардың жай-күйін, жинақтылығын, ақаусыздығын, тазалығын, майлануын тексереді, бұйымдардың бүлінгені немесе жетіспейтіндігі байқалған жағдайда жол полициясы қызметкерлерінен жазбаша түсінік беруді талап етуге және жоғалған бұйымдарды іздестіруге қажетті шаралар қолдануға, олардың жоғалған фактілері және бүліну салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамайтындығы туралы саптық бөліністің командиріне жазбаша баянатпен баяндайды және журналда жазба жасайды; 3) қару бөлмесінің, қару салынған шкафтардың, жедел-техникалық және арнайы құралдар қойылған бөлмелердің кілттерін кезекшіні ауыстыратын адамға беруге міндетті. Шкафтар мен бөлмелерді мөрлеген кезекшінің жеке мөрінің нөмірін көрсете отырып, кілттерді тапсыру кезекшінің жазбаларына арналған журналда ресімделеді. Кезекші жоқ кезде мөртаңбалары бұзылған кезде сақтаулы қаруды, оқ-дәрілерді, жедел-техникалық және арнаулы құралдарды тексеру мен тапсыруды бөліністің командирі тағайындаған комиссия жүзеге асырады. Жол-патрульдік қызмет бөліністердің кезекші бөлімдері бірыңғай абонементтік телефон нөмірімен, автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі деректерінің қашықтан ену базасына рұқсаты бар компьютерлік техникамен, өртке қарсы, күзет сигнализациясымен, әкімшілік ғимараттың кіреберістері мен өлшемдері бойынша бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|