Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Жол қозғалысын қадағалаудың нысандары мен әдістері(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі№ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді) Жол-патрульдік қызметті атқарудың нысандары: 1) автомобильдермен және мотоциклмен патрульдеу; 2) жаяу патрульдеу; 3) бекеттерде, оның ішінде стационарлық бекеттерде қызмет өткеру; 4) көлік құралдарына еріп жүру және эскорттау; 5) тікұшақпен патрульдеу болып табылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жол полициясының инспекторлары түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарымен жабдықталған, сонымен бірге аталған түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарысыз көліктерімен (кеінгісі — тәуліктің жарық кезінде ғана) жүзеге асырады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қызметтің нысандырын жүзеге асыру туралы шешімді саптық бөліністің командирі жол полициясы басқармасы бастығының немесе оның орнындағы адамның келісімімен қабылдайды, бұл туралы бекеттік ведомосте тиісті жазба жасалады. Бекеттік ведомосін жол полициясы саптық бөлінісі взводының (бөлімшесі) әрбір командирі жүргізеді және взводтың (бөлімшенің) өкімінде сақталады. Күштер мен құралдардың қызметін ұйымдастыру және басқару үшін взводтардың (бөліністер) бекеттік ведомстволарынан тәулік сайынға ақпаратты жол-патрульдік қызметтің қызметкері орналасыру жоспарында қорытып жинақтайды. Қозғалысқа қадағалау жүргізудің барлық жағдайларында патруль автомобилі мен жол полициясының инспекторы жол қозғалысының қатысушыларына көрінетіндей болуы тиіс. Патруль автомобильдері бақылауды шектейтін қандай да бір тосқауылдың (ағаштың, ғимараттың, құрылыс қоршауының, жарнама тақтасының) тасасына қойылмайды, бұл талап жаяу жасақтарға да қолданылады. Жасақшалар арасындағы өзара іс-қимыл және олардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру радио байланыстың көмегімен жүзеге асырылады. Патрульдік автомобиль тиесілік табелінің осы нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы формасына сәйкес жабдықталады. Жаяу патрульдеу жолдардың ұзындығы бойына ұзақ емес, қозғалыс қауырттығы жөнінен шиеленісті және апаттық тұрғыдан қауіпті учаскелерінде қозғалысқа бақылау жасау үшін қолданылады. Жол полициясының стационарлық бекеттеріндегі жасақшаға тартылған жол полициясының қызметкерлеріне: 1) жол қозғалысын қадағалау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ өкімдік-реттеу қызметін жүзеге асыру; 2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік құралдарын, жүктерді, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-ілесіп жүру құжаттамаларын тексеру; 3) жүргізушілері жол-көлік оқиғалары орнынан қашып кеткен көлік құралдарын іздеуге; 4) анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны атқарудан қашып жүрген адамдарды іздестіру және ұстау; 5) айдап әкетілген және ұрланған, сондай-ақ қылмысты мақсаттарда пайдаланылатын көлік құралдарын, іздеу жарияланған адамдарды, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, есірткілер мен құрамында есірткі бар бұйымдарды заңсыз тасымалдаушы жүргізушілер мен жолаушыларды, сондай-ақ өзге де қылмыстарды жасауда күдікті адамдарды анықтау; 6) жүргізушілерден орын алған фактілер немесе жолда болған шабуыл қатерлері туралы, сондай-ақ жолдардың жай-күйі, жолдағы жағдайлар, түнгі уақытта жолдың жүріс бөлігінде қалдырылған жол көліктері туралы сұрап білу; 7) бекеттің төңірегінде түнгі уақытта тоқтап қалған кезде көлік құралдарының жүргізушілеріне, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи апаттар мен ауа-райы бұзылған жағдайларда жәрдем көрсету; 8) адамдарды, көлік құралдарын, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-ілесіп жүру құжаттамаларын, оның ішінде айдап әкетілген және ұрланған көлікті, ұрланған арнайы өнімді, іздестірудегі адамдарды базалар бойынша тексеру, көлік құралдарын тінту; 9) жолдардың жай-күйі, ауа-райы жағдайлары көлік құралдары мен қалдырылған көлік құралдарының кептеліске түсуі және қалдырылған көлік құралдары туралы қажетті ақпарат жинау және оны кезекші бөлімге ұдайы беріп тұру жүктеледі. Стационарлық бекеттер жасақшаларының құрамында қызмет атқару үшін қалалық, аудандық ішкі істер органдары басшыларының шешімі бойынша полицияның басқа бөліністерінің қызметкерлері тартылуы мүмкін. Стационарлық бекеттер тиесілік табельдегі осы нұсқаулықтың 5-қосымшасындағы формасына сәйкес жабдықталады. Өтіп жатқан көліктерді тексеруге қолайлы болуы, бұл ретте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекетке іргелес аумақ жақсы жарықтандырылған болуы тиіс. Жол-патрульдік қызметін атқарудың негізгі тәсілдері: жол қозғалысына қатысушылардың көңіл-күйін бақылау; оларды құқыққа қарсы әрекеттерден сақтандыру; құқық бұзушылықтардың алдын алу; өкімдік-реттеу іс-қимылдарын жүзеге асыру. Қызметті өткерген кезде жол қозғалысына қатысушылардың көңіл-күйін бақылау жол қозғалысы ережелері талаптарын жол қозғалысына қатысушылардың сақтауын көзбен көріп немесе арнаулы техникалық құралдармен бақылау болып табылады. Жол қозғалысына қатысушыларды сақтандыру бағыттың ең күрделенген учаскесінде, оқиға болған немесе табиғи апат болған орында жол полициясы қызметкерінің өзі болып, жүргізушілерге олардың жол қозғалысы ережелерін сақтамауы нәтижесінде болуы мүмкін салдар туралы ескерту жолымен олардың іс-әрекетіне әсер етуді білдіреді. Құқық бұзудың жолын кесу жол полициясы қызметкерінің, оқиғалардың алдын алу және олардың салдарын болдырмау, тәртіп бұзушыларға қатысты заңнамамен белгіленген ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысына қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін міндетті түрде реттеуді білдіреді, оның ішінде арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жылдамдық режимін бұзудың бар-жоғына көлік құралдарын тексеру, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың жол козғалысы ережесін қайталап және жүйелі бұзуға жол беру мәніне тексеру жолымен алдын алу болып табылады. Өкімдік-реттеу іс-қимылдарына қозғалыста уақытша кептелістер пайда болған жерлерде, бұқаралық және арнаулы іс-шаралар кезінде, бағдаршам белгілері бұзылған кезде, жолдардан жаяулардың өтуін қамтамасыз еткен кезде және жолдағы ахуалдың күрделенген басқа да жағдайларда жүзеге асырылатын, қозғалысты қолдың қимылымен реттеу жатады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|