Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) жол полициясы басқармалары лауазымды адамдарының міндеттері(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі№ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді) Департаменттердің жол полициясы басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары: 1) жол-патрульдік қызметтің жұмысына жалпы басшылықты, бақылау жасауды жүзеге асырады, қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, күштер мен құралдарды орналастырады; 2) жол-көлік оқиғалары бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы №1650 Қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін (бұдан әрі — Жол қозғалысы ережелері) бұзушыларға әкімшілік шаралардың дұрыс қолданылуына, анықтау ісінің сапасына, айдап әкеткен және ұрланған автокөлікті, жол-көлік оқиғалары болған орыннан бой тасалаған жүргізушілерді іздестіру жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуына ұдайы бақылауды жүзеге асырады; 3) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыста ішкі істер органдарының бөліністерімен, өзге мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен қызметтің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді; 4) қызметтік жұмысты есепке алу мен талдауды ұйымдастырады, оны жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды, жұмыстың оң тәжірибесін жинақтауға және енгізуге ықпал етеді; 5) қызметтік жұмыс мәселелері бойынша келіп түскен азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы және сапалы қаралуын бақылайды, олар бойынша шаралар қабылдайды; 6) жол-патрульдік қызметтің жеке құрамының қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|