Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл Қазақстан Рес­публи­касы Жол қозғалы­сының ере­желе­рi (бұдан әрi - Ере­же) Қазақстан Рес­публи­касы­ның аумағын­дағы жол қозғалы­сының бi­рыңғай тәртi­бiн бел­гi­лей­дi. Жол қозғалы­сына қатыс­ты басқа нор­ма­тив­тiк және құқықтық ак­тi­лер осы Ере­женiң та­лап­та­рына не­гiз­де­луi және оған қай­шы кел­ме­уi ти­iс.

ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643 ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулы­лары­мен 1.2-тар­мақ өзгертілді

1.2. Ере­жеде мы­надай ұғым­дар пай­да­ланы­лады:

ав­то­ар­на - 5.1. көрсет­кi­шiмен бел­гi­лен­ген жол;

Осын­да және бұдан бы­лай жол бел­гi­лерi нөмiр­ле­нуi 1-қосым­шаға сәй­кес кел­тi­рiле­дi.

жол қозғалы­сының қауiп­сiздi­гi - оған қаты­сушы­лар мен мем­ле­кет­тiң жол-көлiк уақиғала­ры мен олар­дың зар­дапта­рынан қорғалу дәре­жесiн көрсе­тетiн жол қозғалы­сының жай-күйi;

ве­лоси­пед - мүге­дек­тердiң ар­ба­сынан басқа, екi не одан көп дөңге­лек бар және үстiн­де­гi адам­ның де­не күшi­мен қозғалысқа кел­тi­рiле­тiн көлiк құра­лы;

жүргi­зушi - көлiк құра­лын, жүгi бар, салт жа­ну­ар­ларды не­месе та­бын­ды жол­мен басқару­шы адам. Жүргi­зудi үй­ре­нушi де жүргi­зушi­ге теңес­тi­рiле­дi;

мәжбүрлi аял­дау - оның тех­ни­калық ақаулығынан не­месе ол әке­ле жатқан жүк ту­дырған қауiп­тi­лiк­тен, жүргi­зушi­нiң (жо­ла­ушы­ның) жай-күйiне, жол­да ке­дер­гi пай­да бо­лу­ынан көлiк қозғалы­сының тоқта­уы;

бас­ты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3. бел­гi­лерi­мен бел­гi­лен­ген не­месе 5.1. бел­гi­сi бар жол­дармен қиылы­сатын (қосы­латын) не бол­ма­са қиыр­шық тас төсел­ген жол­дарға қатыс­ты қат­ты (ас­фаль­тталған, це­мент­тi-бе­тон­далған, тыс ма­тери­ал­дар және сол сияқты) жол­дар, не­месе iр­ге­лес аумақтар­дан шығатын жiңiш­ке жол­дарға қараған­да үлкен кез-кел­ген жол. Екiн­шi дәре­желi жол­да, тi­келей учас­ке қиылы­сы ал­дындағы төсел­ген жол болғаны­мен, қиылы­сатын жол­мен тең бо­лып са­нал­май­ды;

жол - көлiк құра­лының қозғалы­сына ар­на­лып жа­салған не­месе икем­делген және пай­да­ланы­латын жер жо­лағы және жа­сан­ды ғима­рат­тардың үстi. Жол бiр не­месе бiр­не­ше жүру бөлiк­те­рiн, сон­дай-ақ трам­вай жол­да­рын, тро­ту­ар­ларды, жол жи­егiн және олар болған кез­де бөлу бел­де­уле­рiн қам­ти­ды;

жол қозғалы­сы - көлiк құрал­да­рын пай­да­ланып не­месе олар­сыз (жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң) жол­дың бойымен адам­дардың не­месе жүктер­дiң орын ауыс­ты­рула­ры ке­зiн­де, сон­дай-ақ осы орын ауыс­ты­рулар­ды рет­теу про­цесiн­де ту­ын­дай­тын қоғам­дық қаты­нас­тардың жи­ын­тығы;

жол-көлiк оқиғасы - көлiк құра­лының жол бойымен қозғалы­сы ке­зiн­де және оның қаты­суы про­цесiн­де ту­ын­дай­тын, адам­дар қаза тапқан не­месе жа­рақат алған, көлiк құрал­да­ры, ғима­рат­тар, жүктер бүлiн­ген, не өзге де ма­тери­ал­дық зи­ян кел­тi­рiл­ген оқиға;

те­мiр­жол өтпе­сi - жол­дардың те­мiр жол­дармен бiр деңгей­де қиылы­суы. Жол­дың учас­ке­сiнiң жақын жер­де­гi рель­стен 10 м арақашықтықтағы сы­зықпен көрсе­тiлiп шек­телген учас­ке­сi өте­тiн ше­кара­сы бо­лып та­была­ды;

жүрiс бөлi­гiнiң ше­тi - таңба­лау сы­зығымен, ол жоқ болған­да, сон­дай-ақ жүрiс бөлi­гiнiң трам­вай жол­да­рымен жол ше­тiн­де жа­наса­тын жер­лерде жол төсе­нiшi өте­тiн шарт­ты сы­зықпен айқын­да­лады. Жол та­набы­ның төсе­нiшiн, оның iшiн­де жол­дың жағдайына орай, айқын­дау мүмкiн бол­маған кез­де жүру бөлi­гiнiң ше­тiн тап­та­урын жо­лақтың ше­тi бойын­ша жүргiн­шi­лер­дiң өзде­рi айқын­дай­ды;

тұрғын ай­мақ - 5.38 бел­гi­сiмен бел­гi­лен­ген учас­ке, құры­лыс са­лынған аумақ не­месе мас­сив;

ма­невр жа­сау - қозғалыс­тың аял­да­мадан (тұрақтан) бас­та­луы, аял­дау, бұры­лу (ке­рi бұры­лу), орын ауыс­ты­ру, те­жеу және көлiк құра­лының артқы жүрiс­пен қозғалы­сы;

марш­рут­тық көлiк құра­лы - жол бойымен жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­дауға ар­налған және бел­гi­лен­ген аял­да­ма пунк­тте­рi (аял­да­мала­ры) бар бел­гi­лен­ген марш­рут­пен қозғала­тын жал­пы пай­да­лану­дағы көлiк құра­лы;

ме­хани­калық көлiк құра­лы - дви­гатель­мен қозғалысқа кел­тi­рiле­тiн мо­пед­тен басқа көлiк құрал­да­ры. Тер­мин сон­дай-ақ кез-кел­ген трак­торға және өздi­гiнен жүре­тiн ма­шина­ларға қол­да­ныла­ды;

мо­пед - жұмыс көле­мi 50 см3 ас­пай­тын дви­гатель­мен қозғалысқа ке­летiн екi не­месе үш дөңге­лек­тi және ең жоғары конс­трук­тивтi жыл­дамдығы 50 км/сағ. ас­пай­тын көлiк құра­лы. Мо­пед­терге ас­па­лы дви­гате­лi бар ве­лоси­пед­тер, мо­кик­тер және осын­дай си­пат­тағы басқа көлiк құрал­да­ры жа­тады;

мо­тоцикл - екi дөңге­лек­тi бүйiр тiр­ке­месi бар не­месе тiр­ке­месiз ме­хани­калық көлiк құра­лы. Жаб­дықталған күйiн­де мас­са­сы 400 кг ас­пай­тын үш дөңге­лек­тi көлiк құра­лы да мо­тоцикл­ге теңес­тi­рiле­дi;

ел­дi ме­кен - оған кi­ретiн және шығатын жер­ле­рi 5.22 - 5.25 бел­гi­лер­мен бел­гi­лен­ген, құры­лыс са­лынған аумақ;

жет­кi­лiк­сiз көрi­ну - тұман, жаңбыр, шаң, қар жа­уу және сол сияқты жағдай­лар­да, сон­дай-ақ қаракөлеңке­де жол­дың көрi­нуi 300 м кем;

ба­сып озу - ең төмен­гi қауiп­сiз ара қашықтықтағы ал­дында қозғалып ке­ле жатқан көлiк құра­лынан не­месе көлiк құрал­да­ры сос­та­вынан жүрiп ке­ле жатқан жо­лағына шығумен озып ке­ту;

жол жағала­уы - жүрiс бөлi­гiнiң жи­егi (не­месе бор­дюр та­сы) мен ше­тi ара­сын­да оны­мен бiр деңгей­де­гi грунт­ты не­месе төсе­нiш­пен бе­кiтiл­ген жо­лақ;

қозғалыс үшiн қауiп­тi­лiк - жол қозғалы­сын­дағы, оның қауiп­сiздi­гiне қатер төндi­ретiн және көлiк құра­лының жыл­дамдығын және (не­месе) ма­невр жа­са­уын өзгер­ту­дi та­лап ете­тiн ке­нет­тен бо­латын өзге­рiс;

жол қозғалы­сын ұйым­дасты­ру - жол­дарда қозғалыс­ты басқару жөнiн­де­гi ұйым­дасты­ру-тех­ни­калық ша­рала­ры мен рет­теу iс-қимыл­да­рының ке­шенi;

ұйым­дасқан жа­яу жүргiн­шi­лер ко­лон­на­сы - Ере­женiң 3.2-тар­мағының та­лап­та­рына сәй­кес ұйым­дасты­рылған және бел­гi­лен­ген жол бойымен қозғала­тын жа­яу жүргiн­шi­лер то­бы;

ұйым­дасқан көлiк ко­лон­на­сы - жарқылы бар көк түстi не­месе көк және қызыл түстi жарқыра­уықтар iс­ке қосылған бас көлiк құра­лының бас­та­уымен жа­рық тұрақты жа­нып тұрған, бәрi сол бiр қозғалыс бойымен тi­келей бi­рiнiң ар­ты­нан бi­рi жүрiп ке­ле жатқан үш не­месе одан да көп ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының то­бы;

аял­да­ма - көлiк құра­лының қозғалы­сын 5 ми­нутқа дейiн, сон­дай-ақ бұл жо­ла­ушы­лар­ды мiн­гi­зу не­месе түсi­ру, не көлiк құра­лына ти­еу не­месе түсi­ру үшiн, қажет бол­са он­да да көбi­рек уақытқа мақсат­ты тоқта­туы;

Ес­керт­пе. Көлiк құра­лының қозғалы­сын жол қозғалы­сын ұйым­дасты­руға орай­лас­ты­рып тоқта­ту қажет­тi­лiгi аял­да­ма (тұрақ) бо­лып са­нал­май­ды.

жо­ла­ушы - көлiк құра­лын­дағы (үстiн­де­гi) және оны басқар­май­тын адам;

жол қиылы­сы - жол­дардың, ти­iсiн­ше қара­ма-қар­сы, жол қиылы­сы ор­та­сынан неғұрлым алыс­та­тылған қиылыс­ты бел­гi­лен­ген сы­зықтар­мен қоса­тын бiр деңгей­де қиылы­су, түйiсу не­месе тар­мақта­лу ор­ны. Iр­ге­лес аумақтар­дан шығатын жер­лер, сон­дай-ақ, олар­дың ал­ды­нан ба­сым­ды­лық бел­гi­сi қойыл­маған да­лалық, ор­манды және екiн­шi дәре­желi жол­дармен қиып өту, (түйiсу) орын­да­ры жол қиылы­сы бо­лып са­нал­май­ды.

қатар ауыс­ты­ру - көлiк құра­лының өзi жүрiп ке­ле жатқан қозғалыс жол жо­лағын ауыс­ты­руы;

жа­яу жүргiн­шi - көлiк құра­лынан тыс және он­да жұмыс жа­самай­тын жол бойын­дағы адам. Жа­яу жүргiн­шi­ге дви­гате­лi жоқ мүге­дек­тiң ар­ба­сын­дағы, ве­лоси­пед, мо­пед, мо­тоцикл ай­да­ушы, ша­на, қол ар­ба, ба­лалар не­месе мүге­дек­тер ар­ба­сын сүй­ре­тушi адам­дар жатқызы­лады;

жа­яу жүргiн­шi­лер өтпе­сi - жүру бөлi­гiнiң 5.16.1, 5.16.2 бел­гi­лерi­мен не­месе 1.14.1 - 1.1.14.3 таңба­лары­мен бел­гi­лен­ген және жау жүргiн­шi­лер­дiң жол­ды ке­сiп өте­тiн қозғалы­сына ар­нап бөлiн­ген учас­ке­сi. Жа­яу жүргiн­шi өтке­лiнiң енi таңба­лан­баған жағдай­да жол осi бойын­ша 5.16.1. және 5.16.2. бел­гi­лерi­нiң ара­сымен айқын­да­лады;

Осын­да және бұдан әрi жол бел­гi­лерi­нiң нөмiр­ле­нуi 2-қосым­шаға сәй­кес жүргi­зiле­дi.

қозғалыс жол жо­лағы - жүру бөлi­гiнiң таңба­ланып бел­гi­лен­ген не­месе бел­гi­лен­бе­ген және ав­то­мобиль­дiң бiр қатар­да қозғалу­ына же­тер­лiк енi бар кез кел­ген ұзын­нан бойы жол жо­лағы;

ар­тықшы­лық (ба­сым­ды­лық) - бел­гi­лен­ген бағыт­та басқа да қозғалысқа қаты­сушы­лар­мен са­лыс­тырған­да бi­рiн­шi ке­зек­тi қозғалысқа ар­налған құқық;

қозғалысқа ке­дер­гi - жүру бөлi­гiнiң осы жол жо­лағы бойымен не­месе жол­дың бүкiл енi бойын­ша әрi қарай қозғалыс­ты қиын­да­татын не­месе мүмкiн­дiк бер­мей­тiн кез кел­ген ма­тери­ал­дық объект;

iр­ге­лес аумақ - жолға тi­келей тақалып жатқан және көлiк құрал­да­рының өту қозғалы­сына ар­налмаған аумақ (аула­лар, тұрғын үй мас­си­вi, ав­тотұрақтар, ав­то­май құю стан­ци­яла­ры, кәсi­порын және сол сияқты­лар);

тiр­ке­ме - дви­гатель­мен жаб­дықтал­маған, ме­хани­калық көлiк құра­лының құра­мын­да қозғалуға ар­налған көлiк құра­лы. Тер­мин жар­ты­лай тiр­ке­меге және жайыл­ма-тiр­ке­меге де қол­да­ныла­ды;

жүргiн бөлiк - жол­дың рель­ссiз көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына ар­налған эле­мен­тi;

бөлу жо­лағы - жол­дың ара­лас жүру бөлi­гiн бөле­тiн жол­ды жа­яу жүргiн­шi­нiң ел­дi ме­кен­нен тыс ке­сiп өткен кез­де­гi мәжбүрлi аял­да­маны қос­паған­да, рель­ссiз көлiк құрал­да­рының және жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалы­сына және аял­да­уына ар­налмаған конс­трук­ци­ялық бөлiн­ген эле­мен­тi;

рұқсат етiл­ген ең жоғарғы мас­са - дайын­да­ушы-кәсi­порын­ның ең жоғары рұқсат ету ре­тiн­де бел­гi­леген, көлiк құра­лының жүкпен, жүргi­зушi­мен және жо­ла­ушы­лар­мен ти­ел­ген мас­са­сы. Көлiк құрал­да­ры құра­мының, яғни тiр­келген және бiртұтас ре­тiн­де қозғала­тын рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са етiп көлiк құра­лының құрамға кi­ретiн ең жоғары рұқсат етiл­ген мас­са­сының жи­ын­тығы қабыл­да­нады;

рет­те­ушi - жол­дағы қозғалыс­ты басқару жөнiн­де­гi рет­теу iс-әре­кет­те­рiн орын­дауға уәкi­лет­тi, ти­iс­тi куәлi­гi мен ке­рек-жа­рағы (ны­сан­дық ки­iмi не­месе айырым бел­гi­сi - қары­на тағатын бай­ла­уышы, ала таяғы, қызыл белгісi не жа­рық қай­тарғышы бар дис­кi­сi, қызыл шам не­месе жа­ла­уша) бар iш­кi iс­тер ор­ганда­рының (по­лици­яның), әске­ри ав­то­мобиль по­лици­ясы­ның қыз­метке­рi не­месе жол-ко­мен­дант­тық бөлiм­ше­нiң әске­ри қыз­метшi­сi, Қазақстан Рес­публи­касы Көлiк және ком­му­ника­ция ми­нист­рлi­гi Көлiк­тiк бақылау ко­мите­тiнiң (бұдан әрi - Көлiк­тiк бақылау ко­мите­тi) қыз­метке­рi, жол-пай­да­лану қыз­ме­тiнiң қыз­метке­рi, те­мiр жол өтке­лiн­де­гi, па­ром өтпе­сiн­де­гi ке­зек­шi;

тұрақ - көлiк құра­лының қозғалы­сын жо­ла­ушы­лар­ды мiн­гi­зу не­месе түсi­руге, не көлiк құра­лына ти­еу не­месе түсi­руге бай­ла­ныс­ты емес се­беп­термен 5 ми­нут­тан ар­тық уақытқа мақсат­ты тоқта­туы;

тәулiк­тiң қараңғы уақыты - кеш­кi қара көлеңке­ден таңер­теңгi елең-алаңға дейiн­гi уақыт ара­лығы;

көлiк құра­лы - жол бойымен адам­дарды, жүктер­дi не­месе оған бе­кiтiл­ген құрал-жаб­дықтар­ды та­сымал­дауға ар­налған құрылғы;

тро­ту­ар - жол­дың жүргiн бөлi­гiмен қатар­лас не­месе одан га­зон­мен бөлiн­ген жа­яу жүргiн­шi­нiң қозғалу­ына ар­налған эле­мен­тi;

жол бе­ру (ке­дер­гi кел­тiрмеу туғыз­бау) - жол қозғалы­сына қаты­сушы, егер бұл оған қатыс­ты ар­тықшы­лығы бар қозғалысқа басқа қаты­сушы­лар­дың қозғалыс бағытын не­месе жыл­дамдығын өзгер­ту­ге мәжбүр етуi мүмкiн бол­са, қозғалыс­ты бас­та­мау, өзгерт­пеу не­месе жалғас­тырмау, қан­дай да бол­ма­сын ма­невр­ды жүзе­ге асыр­ма­уды бiл­дi­ретiн та­лап;

жол қозғалы­сына қаты­сушы - қозғалыс про­цесi­не жүргi­зушi, жа­яу жүргiн­шi, көлiк құра­лының жо­ла­ушы­сы ре­тiн­де тi­келей қаты­сатын адам.

1.3. Қазақстан Рес­публи­касы­ның аумағын­да көлiк құрал­да­рының оң жақты қозғалы­сы бел­гi­лен­ген.

1.4. Жол қозғалы­сын ұйым­дасты­руда қажет­тi өзге­рiс­тер мен шек­те­улер тек қана жол бел­гi­лерi­нiң, жол таңба­ла­ула­рының, сиг­налдар мен бағдар­шамдар­дың және рет­те­ушi­лер­дiң көме­гiмен, сон­дай-ақ қозғалыс­ты рет­те­уге уәкi­лет­тi адам­дардың басқару­мен Ере­женiң ше­гiн­де бел­гi­лен­ген тәртiп­пен ен­гi­зiле­дi.

1.5. Жол қозғалы­сына қаты­сушы­лар өзде­рiне қатыс­ты Ере­же та­лап­та­рын, бағдар­шамның не­месе рет­те­ушi­нiң сиг­налда­рын, бел­гi­лер мен таңба­лар­ды, сон­дай-ақ iш­кi iс­тер ор­ганда­ры қыз­меткер­ле­рiнiң та­лап­та­рын бi­луге және орын­дауға мiн­деттi.

1.6. Жол қозғалы­сына қаты­сушы­лар қозғалысқа қауiп туғыз­бай­тын және зи­ян кел­тiрмей­тiн­деу iс-қимыл жа­са­уы ти­iс.

Жол төсе­нiш­те­рiн бүлдi­руге не­месе лас­тауға, қозғалыс үшiн ке­дер­гi кел­тi­ретiн жол бел­гi­лерiн, бағдар­шамды және басқа да қозғалыс­ты ұйым­дасты­ру тех­ни­калық құрал­да­рын алып тас­тауға, та­салауға, бүлдi­руге, өздi­гiнен ор­на­туға тыйым са­лына­ды. Ке­дер­гi кел­тi­ретiн адам оны жо­юдың бар­лық мүмкiн бо­латын ша­рала­рын қабыл­дауға мiн­деттi, ал ол мүмкiн бол­маған жағдай­да қауiп­тi­лiк ту­ралы қол же­тетiн құрал­дармен қозғалысқа қаты­сушы­ларға және iш­кi iс­тер ор­га­нына ха­бар­лауға мiн­деттi.

1.7. Осы Ере­женiң бұзған адам, Қазақстан Рес­публи­касы­ның заңда­рына сәй­кес жа­уап­кершi­лiк­те бо­лады.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: