Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері

2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері

2.1. Ме­хани­калық көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi мы­наларға мiн­деттi:

ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643; 2005.12.10. № 1021 (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 6 қаулы­лары­мен 2.1.1-тар­мақ өзгертілді

2.1.1. Мы­налар­ды өзi­мен бiр­ге алып жүруi және iш­кi iс­тер ор­ганда­рының (по­лиция) оған уәкi­лет­тi ла­уазым­ды адам­да­рының та­лап етуi бойын­ша оларға тек­се­руге бе­руге;

көлiк құра­лын жүргi­зу құқығына жүргi­зушi­нiң куәлi­гi (жүргізуші куәлігінің ор­ны­на берілген куәлік және жүргi­зушi­нiң же­ке ба­сын куәлан­ды­ратын құжат);

көлiк құрал­да­рына тiр­кеу құжат­та­ры;

көлiк құра­лының иесi бол­маған­да басқарған жағдай­да — осы көлiк құра­лына иелiк ету­дi не­месе пай­да­лану­ды, не­месе би­лiк ету құқығын рас­тай­тын құжат;

мем­ле­кет­тiк тех­ни­калық байқаудан өткен­дi­гi ту­ралы құжат;

заңна­мада белгілен­ген жағдай­лар­да көлік құрал­да­ры иелерінің аза­мат­тық-құқықтық жа­уап­кершілігін міндетті сақтан­ды­ру жөніндегі сақтан­ды­ру по­лисі және/не­месе жо­ла­ушы­лар­дың ал­дында та­сымал­да­ушы­ның аза­мат­тық-құқықтық жа­уап­кершілігін міндетті сақтан­ды­ру жөніндегі сақтан­ды­ру по­лисі;

бел­гi­лен­ген жағдай­лар­да жол қағазы мен та­ситын жүкке құжат­тар.

Заңдар­да көздел­ген жағдай­лар­да, тек­се­ру үшiн Көлiк­тiк бақылау ко­мите­тiнiң қыз­метшi­лерi­не ар­на­улы рұқсат­та­маны, ха­лықара­лық та­сымал­ды жүзу­ге асы­ру кезіндегі рұқсат­та­ма мен ли­цен­зи­яны (не­месе есеп құжа­тын) көрсет­сiн. Ар­на­улы рұқсат­та­ма мен рұқсат­та­ма бол­маған жағдай­да Көлiк­тiк бақылау ко­мите­тiнiң қыз­метшi­сiне көлiк құра­лын басқару құқығы үшiн жүргi­зушінiң куәлi­гiн (жүргізуші куәлігінің ор­ны­на берілген куәлік пен жүргi­зушi­нiң же­ке ба­сын куәлан­ды­ратын құжат) алу үшiн көлiк құра­лына ар­налған тiр­кеу құжат­та­рын, жол жүру па­рағы мен та­сыла­тын жүкке ар­налған құжат­тарды тап­сы­рады.

2.1.2. Қауiп­сiздiк бел­дi­гiмен жаб­дықталған көлiк құрал­да­рын­да қозғалыс ке­зiн­де бел­дiктен­ген бо­луы, бел­дiк тақпаған (12 жасқа дейiн­гi ба­лалар­ды, үй­ре­тушi көлiк құра­лын басқарған кез­де үй­ре­нушi­нiң, ал ел­дi ме­кен­дерде, тұрғын-үй ай­мақта­рын­да, бұдан басқа, шұғыл және ар­на­улы қыз­мет ав­то­мобиль­де­рiнiң және так­си жүргi­зушi­лерi мен жо­ла­ушы­лары­на бел­дiк тақпа­уына жол бе­рiле­дi) жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­да­мау.

Шұғыл және ар­на­улы қыз­меттер тiз­бе­сiн Қазақстан Рес­публи­касы­ның Үкi­мет бел­гi­лей­дi.

Мо­тоцикл­дi басқарған кез­де түй­ме­лен­ген мо­тош­лем ки­юге және түй­ме­лен­ген мо­тош­лем ки­меген жо­ла­ушы­ны та­сымал­да­мау.

2.2. Ха­лықара­лық жол қозғалы­сына қаты­сушы ме­хани­калық көлiк құра­лын жүргi­зушi:

өзi­мен бiр­ге Жол қозғалы­сы ту­ралы кон­венцияға сәй­кес ке­летiн көлiк құра­лына тiр­кеу құжа­тын және жүргi­зушi­нiң куәлi­гiн;

көлiк құра­лын­да өзi тiр­келген мем­ле­кет­тiң тiр­кеу және айырым бел­гi­лерiн алып жүру­ге мiн­деттi.

2.3. Көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi мы­наларға мiн­деттi:

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.3.1. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.3.1. Көлiк құрал­да­рын пай­да­лануға рұқсат бе­ру жөнiн­де­гi Не­гiз­гi ере­желер­ге және ла­уазым­ды адам­дар мен жол қозғалы­сына қаты­сушы­лар жол қозғалы­сы қауiп­сiздi­гiн қам­та­масыз ету жөнiн­де­гi мiн­детте­меле­рiне сәй­кес көлiк құрал­да­рының дұрыс жай-күйi шығар ал­дында тек­се­ру және жол­да қам­та­масыз ету. Бұдан әрi — Не­гiз­гi ере­же.

2.3.2. Iш­кi iс­тер ор­ганда­ры (по­лиция) қыз­метке­рiнiң 5.3. -тар­маққа сәй­кес бе­рiл­ген та­лап етуi бойын­ша аял­дау және оның нұсқаула­рын орын­дау.

2.3.3. Iш­кi iс­тер ор­ганда­ры қыз­метке­рiнiң та­лап етуi бойын­ша мас­тығы ту­ралы куәлан­ды­ру өту.

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.3.3. -1 тар­мағымен то­лықты­рыл­ды

2.3.3–1. Қазақстан Рес­публи­касы­ның Әкiм­шi­лiк құқық бұзу­шылық ту­ралы ко­дек­сiнде бел­гi­лен­ген жағдай­лар­да Ере­желер­дi бi­лу­iн тек­се­руден өту.

2.3.4. Көлiк құра­лының өздi­гiнен қозғалып ке­ту­iн бол­дырмай­тын ша­ра қол­данбайын­ша, көлiк құра­лын тас­тап ке­туге және оны бөтен адам­дардың пай­да­лану­ына бер­меу.

ҚР Үкi­метi­нiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр. ред. қара) қаулы­лары­мен 2.3.5-тар­мақ өзгертілді

2.3.5. Көлiк құра­лын:

жол-жөне­кей бағыт­та ме­дици­налық қыз­мет көрсе­туге ке­тiп ба­ра жатқан ме­дици­на қыз­меткер­ле­рiне, сон­дай-ақ қозғалыс бағыты­на қатыс­сыз, же­дел ме­дици­налық жәрдем қажет ете­тiн аза­мат­тарды ем­деу ме­кеме­лерi­не алып ба­ру үшiн ме­дици­на қыз­меткер­ле­рiне, iш­кi iс­тер ор­ганда­рының және ұлттық қауiп­сiздiк ор­ганда­рының қыз­меткер­ле­рiне;

ава­рия ке­зiн­де зар­дап шек­кен көлiк құрал­да­рын та­сымал­дау, та­биғи апат болған жер­ге же­ту үшiн iш­кi iс­тер ор­ганда­рының қыз­меткер­ле­рiне, сон­дай-ақ заңда көздел­ген, өзге де кейiн қал­ды­руға бол­май­тын жағдай­лар­да iш­кi iс­тер ор­ганда­ры, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиден­тi Күзет қыз­ме­тi мен ұлттық қауiп­сiздiк ор­ганда­ры қыз­меткер­ле­рiне бе­ру.

Ес­керт­пе: 1. Көлiк құрал­да­рын бе­ру ту­ралы та­лап ету шет ел мем­ле­кет­те­рi өкiл­дiкте­рiнiң және дип­ло­мати­ялық им­му­ните­тi бар ха­лықара­лық ұйым­дардың көлiк құрал­да­рына қол­да­ныл­май­ды.

2. Көлiк құра­лын пай­да­ланған адам жүргi­зушi­нiң та­лап етуi бойын­ша анықта­ма бе­руi не­месе жол қағазы­на жаз­ба (жүру­дiң қан­ша уақытқа со­зылған­дығы, жүрiп өтiл­ген қашықтықты, өзi­нiң те­гiн, ла­уазы­мын, қыз­меттiк куәлi­гiнiң нөмi­рiн, өз ұйымы­ның ата­уын көрсе­тiп) жа­са­уы ти­iс.

3. Мем­ле­кет­тiк ұйым­дардың жоғары­да аталған қыз­меткер­ле­рiне көлiк құрал­да­рын бе­руге бай­ла­ныс­ты кел­тi­рiл­ген шығыс­тарды көлiк құра­лы иесi­нiң та­лап етуi бойын­ша бел­гi­лен­ген тәртiп­пен осы ұйым­дар өтей­дi.

2.4. Көлiк құра­лы жүргi­зушi­сiнiң құжа­тын тек­се­руге не­месе көлiк құра­лын пай­да­лануға құқығы бар адам жүргi­зушi­нiң та­лап етуi бойын­ша қыз­меттiк куәлi­гiн көрсе­туге мiн­деттi.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.5. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.5. Жол-көлiк оқиғасы ке­зiн­де, оған қаты­сы бар жүргi­зушi:

Ере­женiң 7.2. -тар­мағының та­лап­та­рына сәй­кес көлiк құра­лын де­реу тоқта­туға (орын­нан қозғамауға), ава­ри­ялық жа­рық сиг­на­лиза­ци­ясын iс­ке қосуға және ава­ри­ялық аял­дау бел­гi­сiн (жа­нып-сөне­тiн қызыл фо­нарь) қоюға, оқиғаға қаты­сы бар зат­тардың ор­нын ауыс­тырмауға;

зар­дап шек­кендер­ге дәрi­гер­ге дейiн­гi ме­дици­налық көмек көрсе­ту үшiн бар­лық мүмкiн бо­латын ша­ралар­ды қол­да­ну, «ме­дици­налық же­дел жәрдем» шақыру, шұғыл жағдай­лар­да зар­дап шек­кендер­дi жол-жөне­кей ат­танды­ру, ал егер бұған мүмкiн­дiк бол­маған­да, өзi­нiң көлiк құра­лымен жақын жер­де­гi ем­деу ме­кеме­сiне жет­кi­зуге, өзi­нiң те­гiн, көлiк құра­лының тiр­кеу бел­гi­сiн ха­бар­лауға (же­ке ба­сын куәлан­ды­ратын құжат­ты не­месе жүргi­зушi­нiң куәлi­гiн және көлiк құра­лын тiр­кеу құжа­тын көрсе­тiп) оқиға болған жер­ге қай­тып ке­луге;

болған жағдай ту­ралы жақын жер­де­гi iш­кi iс­тер ор­га­нына ке­шiк­тiрмей ха­бар­лауға, көзi­мен көрген­дердiң те­гi мен ме­кен-жай­ла­рын жа­зып алуға және iш­кi iс­тер ор­ганда­рының қыз­меткер­ле­рiнiң ке­лу­iн күту­ге;

егер басқа көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына мүмкiн­дiк бол­ма­са, жол­дың жүре­тiн бөлi­гiн бо­сатуға;

жүру бөлi­гiн бо­сату не­месе зар­дап ше­гушi­нi өзi­нiң көлiк құра­лымен ем­деу ме­кеме­сiне жет­кi­зу қажет болған жағдай­да куәлар­дың қаты­су­ымен көлiк құра­лының ор­на­ласу­ын, оқиғаға қаты­сы бар iз­дер мен зат­тарды ал­дын ала бел­гi­леп, олар­дың сақта­лу­ына мүмкiн бо­латын бар­лық ша­ралар­ды қабыл­дауға және оқиға болған жер­дi ай­на­лып өту­дi қам­та­масыз ету­ге мiн­деттi.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.6. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.6. Егер жол-көлiк оқиғасы­ның нәти­жесiн­де зар­дап ше­гушi­лер бол­ма­са, жүргi­зушi­лер болған жағдай­ды бағала­уда өза­ра ке­лiсiм­ге ке­лiп, ал­дын ала оқиғаның схе­масын жа­сап және оған қол­да­рын қойып, оқиғаны ре­сiм­деу үшiн iш­кi iс­тер ор­га­нының жақын жер­де­гi жол по­лици­ясы пос­ты­на не­месе бөлiм­ше­сiне ке­луле­рiне бо­лады.

2.7. Жүргi­зушi­ге:

2.7.1. Мас күйiн­де (ал­ко­голь­дi, есiрт­кi не­месе өзге де), құлақ асу­ды және на­зар ауда­руды әлсi­рете­тiн дәрi­лiк зат­тар әсе­рiн­де; жол қозғалы­сы қауiп­сiздi­гiне қатер төндi­ретiн­дей ауру не­месе шар­шаған жағдай­да көлiк құра­лын басқаруға.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.2. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.7.2. Ақауы бар не­месе мем­ле­кет­тiк байқаудан өтпе­ген көлiк құрал­да­рын пай­да­лануға.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.3. -тар­мақ жаңа ре­дак­ци­яда (бұр. ред. қара

2.7.3. Иесi заңна­мада бел­гi­лен­ген жағдай­лар­да көлiк құрал­да­ры иеле­рiнiң жа­уап­кершi­лiгiн мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын және/не­месе жо­ла­ушы­лар­дың ал­дында та­сымал­да­ушы­ның жа­уап­кершi­лiгiн мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын жа­самаған көлiк құра­лын пай­да­лануға.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.3–1-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

2.7.3–1. Мем­ле­кет­тiк тiр­кеу нөмi­рi бел­гi­лерi бол­маған не­месе олар тiр­кеу құжат­та­рына сәй­кес кел­ме­ген жағдай­лар­да көлiк құра­лын пай­да­лануға.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.4. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.7.4. Мас күйiн­де­гi, жа­уап­ты қимыл жа­са­уды және на­зар ауда­руды әлсi­рете­тiн, дәрi­лiк зат­тар әсе­рiн­де отырған адам­дарға, ауру не­месе шар­шаған адамға, сон­дай-ақ жүргi­зудi үй­ре­тушi­ден басқа, өзi­мен бiр­ге осы са­нат­тағы көлiк құра­лын басқаруға құқық бе­ретiн жүргi­зушi­нiң куәлi­гi (жүргi­зушi куәлi­гiнiң ор­ны­на бе­рiл­ген куәлiк және жүргi­зушi­нiң же­ке ба­сын куәлан­ды­ратын құжат) жоқ не­месе жол (марш­рут) қағазын­да көрсе­тiл­ме­ген адамға көлiк құра­лын басқаруға бе­руге.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.5. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.7.5. Ұйым­дасқан (оның iшiн­де жа­яу жүргiн­шi­лер де) ко­лон­на­ны ке­сiп өту­ге және оның iшi­нен орын алуға.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.7.6. -тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

2.7.6. Жүрiс бөлi­гiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғыза­тын зат­тар лақты­руға тыйым са­лына­ды. Бұл та­лап жол қозғалы­сының басқа қаты­сушы­лары­на да қойыла­ды.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2.8. -тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2.8. Те­жегiш­тiң жұмыс жүйесi не­месе руль­дiк басқаруы жұмыс iс­те­мей­тiн бол­са, ақауы бар тiр­кеу құрылғысы­мен (по­езд құра­мын­да), сон­дай-ақ тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да жол­дарда жа­сан­ды жа­рықтан­ды­ру бол­маған­да не­месе жет­кi­лiк­сiз көрi­нетiн жағдай­лар­да — фар­лар мен (не­месе) артқы үлкен от­та­ры жан­бай­тын (жоқ) бол­са, жаңбыр не­месе қар жа­уып тұрған­да жүргi­зушi жағын­дағы те­резе та­залағыш­тың ақауы бол­са, көлiк құра­лының қозғалы­сына тыйым са­лына­ды.

Ес­керт­пе. Ең төмен­гi жыл­дамдықтағы қозғалыс ке­зiн­де көлiк құра­лын тоқта­тат не­месе ма­невр­дi жүзе­ге асы­ра ал­май­тын жұмыс­тың те­жегiш жүйе не­месе руль­дiк басқару жұмыс iс­те­мей­тiн бо­лып са­нала­ды.

Жол жүрген­де Не­гiз­гi ере­желер­мен көлiк құрал­да­рын пай­да­лануға тыйым са­лына­тын және жүргi­зушi анықтай ала­тын басқа да ақаулар және жағдай­лар ту­ын­даған жағдай­да, оны жо­юы ти­iс, ал егер бұл мүмкiн бол­ма­са, жағдай­да, он­да қажет­тi сақтық ша­рала­рын сақтай оты­рып тұрақ не­месе жөндеу ор­ны­на апа­ру­ына бо­лады.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: