Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

8. Маневр жасау

8. Маневр жасау

8.1. Жүргi­зушi ма­невр­дi орын­да­уды бас­та­мас бұрын жа­рық көрсет­кiште­рiмен, егер олар жоқ бол­са не­месе ақауы бол­са - қол­мен, ти­iс­тi мақсат­та, сиг­нал бе­руге мiн­деттi. Мұндай­да ма­невр қауiп­сiз және қозғалысқа басқа қаты­сушы­ларға ке­дер­гi туғыз­ба­уы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 8.2.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8.2. Сол жаққа ма­невр жа­сау сиг­на­лы - сол жақ бұры­лыс­тың жа­рық көрсет­кi­шi не сол жаққа сол қол­ды со­зу, не жа­нына со­зылған тiк бұрыш жа­сап шын­тақтан жоғары бүгiл­ген оң қол бо­лып та­была­ды. Оң жаққа ма­невр жа­сау сиг­на­лы - оң жақ бұры­лыс­тың жа­рық көрсет­кi­шi, не жа­нына со­зылған оң қол не­месе жа­нына со­зылған және шын­тақтан тiк бұрыш жа­сап жоғары бүгiл­ген сол қол бо­лып та­была­ды. Те­жеу сиг­на­лы тоқтау-сиг­на­лымен не қол­ды жоғары көте­ру арқылы бе­рiле­дi. Артқы жүрiс­пен қозғалыс сиг­на­лы артқы жүрiс ша­мын жағумен және ава­ри­ялық сиг­на­лиза­ци­яны қосу­мен бе­рiле­дi.

Бұры­лыс көрсет­кiште­рiмен не­месе қол­мен сиг­нал бе­ру ма­невр­дi орын­да­уды бас­тауға дейiн ке­шiк­тiрмей бе­рiлуi және оны аяқтаған­нан кейiн сол бой­да тоқта­тылуы ке­рек (сиг­налды қол­мен бе­ру ма­невр­дi тi­келей орын­дау ал­дында аяқта­луы мүмкiн). Мұндай­да сиг­нал, қозғалысқа басқа қаты­сушы­лар­ды ша­тыс­тырма­уы ти­iс.

Сиг­нал бе­ру жүргi­зушi­ге ар­тықшы­лық әпер­мей­дi және оны сақтық ша­рала­рын қол­да­нудан бо­сат­пай­ды.

8.3. Iр­ге­лес аумақтан жолға шығу ке­зiн­де жүргi­зушi жол­да қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­ры мен жа­яу жүргiн­шi­лер­ге, ал жол­дан кiр­ген кез­де - жа­яу жүргiн­шi­лер мен ве­лоси­пед­шi­лер­ге, ол ке­сiп өте­тiн қозғалысқа жол бе­руi ти­iс.

8.4. Аял­да­ма не­месе тұрақ ор­ны­на ке­лу ке­рек болған­да, жүргi­зушi жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiмен не­месе жағала­уымен ке­ле жатқан жа­яу жүргiн­шi­лер­ге, ве­лоси­пед, мо­пед, көлiк-ар­ба жүргізу­шiле­рiне, мi­нiс көлi­гi үстiн­де және жүк ар­тып ке­ле жатқан­дарға жол бе­руi ти­iс.

8.5. Қатар ауыс­ты­ру ке­зiн­де жүргi­зушi қозғалыс бағытын өзгерт­пей қатар­лас ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руi ти­iс. Бiр­ге ке­ле жатқан көлiк құрал­да­ры бiр мез­гiлде қатар ауыс­тырған кез­де, жүргi­зушi оң жақта ке­ле жатқан көлiк құра­лына жол бе­руi ти­iс.

Қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­ры ара­сын­да қауiп­тi ара қашықтық болған жағдай­да, қатар ауыс­ты­руға тыйым са­лына­ды.

8.6. Ай­на­лыс­ты қозғалыс ұйым­дасты­рылған жол қиылы­сына шыққан кез­де­гi бұры­лыс жа­сау жағдай­ла­рын қос­паған­да, оңға, солға не­месе ке­рi бұры­лу ал­дында жүргi­зушi осы бағытқа қозғалуға ар­налған жүрiс бөлi­гiн­де және жо­лақта ти­iс­тi шет­кi орынға уақты­лы ыңғай­ла­нуы ти­iс.

Егер жол­да 5.8.1. не­месе 5.8.2. бел­гi­лерi қойылған бол­са, он­да аталған ма­невр­лер­дi ти­iс­тi қозғалыс жол жо­лағы бойын­ша жа­сауға рұқсат етi­ледi; мұндай­да шет­кi жол жо­лағы бос болған кез­де ор­та­дағы жол жо­лағымен жүру­ге тыйым са­лына­ды.

Сол жатқан жүрiс бөлi­гiмен бiр деңгей­де ор­на­ласқан бiр бағыт­тағы трам­вай жол­да­ры болған кез­де сол жаққа және ке­рi бұры­лыс, егер 5.8.1. не­месе 5.8.2. бел­гi­лерi­мен жүрiс бөлi­гiнiң жол жо­лағымен қозғалыс бағыты көрсе­тiл­ме­се, со­лар­дан бас­тап орын­да­луы ти­iс. Мұндай­да жүргi­зушi трам­вайға жол бе­руi ти­iс.

8.7. Ай­на­лу жүрiс бөлi­гiн ке­сiп өту­мен шыққан кез­де көлiк құра­лы қар­сы қозғалыс жағына шықпай­тын­дай бо­лып жүзе­ге асы­рылуы ке­рек.

8.8. Егер көлiк құра­лы қиылыс­та не­месе одан тыс бұры­лыс жа­са­уды не­месе қиылыс­та ке­рi бұры­луды Ере­женiң 8.6-тар­мағын сақтай оты­рып өзi­нiң көле­мiнен не­месе басқа се­беп­тер бойын­ша орын­дай ал­ма­са, қозғалыс қауiп­сiздi­гiн қам­та­масыз ете оты­рып және бұл басқа көлiк құрал­да­рына ке­дер­гi туғыз­бай­тын бол­са, көршi жол жо­лағына жар­ты­лай, ал қажет болған­да то­лықтай шығуына рұқсат етi­ледi.

8.9. Рель­ссiз көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қиылыс­тан тыс жер­де солға не­месе ке­рi бұрылған кез­де қар­сы ке­ле жатқан көлiк құра­лына жол бе­руi ти­iс.

Егер қиылыс­тан тыс жер­де ке­рi бұрылған кез­де сол жақ шет­тен ма­невр­дi орын­дау үшiн жүрiс бөлi­гiнiң енi жет­кi­лiк­сiз бо­са, он­да жүрiс бөлi­гiнiң тек қана оң жақ ше­тiнен (оң жақ жағала­удан) бұры­луға жол бе­рiле­дi. Мұндай­да жүргi­зушi бағыт­тас не­месе қар­сы ке­ле жатқан көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi.

8.10. Ере­жеде көлiк құрал­да­ры қозғалы­сының тра­ек­то­ри­ясы қиылы­сатын, ал өту ке­зек­тi­лiгi көрсе­тiл­ме­ген бол­са, жүргi­зушi оң жақтан жақын­дап қалған көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi.

8.11. Те­жеу жол жоғары болған жағдай­да, бұры­луды көзде­ген жүргi­зушi осы жо­лаққа уақты­лы ауысуға және сон­да ғана жыл­дамдықты азай­туға мiн­деттi.

Жолға кi­ретiн жер­де жүру сы­зығы болған кез­де жүргi­зушi со­ның бойымен қозғалуы және осы жол­мен қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­ре оты­рып, көршi жо­лаққа ауысуға мiн­деттi.

8.12. Жа­яу жүргiн­шi­лер өтпе­сi мен көше қиылыс­та­рын­да тро­ту­ар­мен не­месе жол жағала­уы жи­егi­мен;

тон­нель­дер­де;

көпiр үстiн­де, жол құбыр­ла­рын­да, эс­та­када­лар­да және со­лар­дың ас­ты­мен;

те­мiр­жол өтпе­лерiн­де;

ең бол­маған­да бiр бағыт­та ке­мiн­де жол көрi­нуi 100 метр жер­лерде;

аял­да­ма пунк­тте­рi ор­на­ласқан жер­лерде бұры­луға тыйым са­лына­ды.

8.13. Көлiк құрал­да­рына, егер бұл ма­невр қауiп­сiз және қозғалысқа басқа қаты­сушы­ларға ке­дер­гi ту­дыр­май­тын бол­са, артқы жүрiс­ке рұқсат етi­ледi.

Артқы жүрiс­пен қозғалуға көше қиылыс­та­рын­да және Ере­женiң 8.12-тар­мағына сәй­кес ке­рi бұры­луға тыйым са­лынған жер­лерде тыйым са­лына­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: