Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы9.1. Рельссiз көлiк құралдарына арналған қозғалыс жол жолақтарының саны таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгiлерiмен, ал олар болмаған кезде жүрiс бөлiгiнiң енiн, көлiк құралдарының көлемiн және олардың арасындағы аралықты ескере отырып жүргiзушiлердiң өздерi айқындайды. Егер жол қозғалысы ұйымы өзгеше қозғалыс тәртiбiн белгiлемеген болса, жүрiс бөлiгiнiң (не жүрiс бөлiгiнiң шетiн айқындай мүмкiн болмағанда, жол полотносының) қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағы сол жақта орналасқан жартысы болып табылады. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жақтарды бөлетiн шартты сызықты айқындау кезiнде жүрiс бөлiгiнiң (жол полотносының) бiр жерiнде енiнiң кеңеюi назарға алынуға тиiс емес. 9.2. Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады. 9.3. Екi жақты қозғалысқа арналған, ортаңғысы екi бағыттағы қозғалысқа пайдаланылатын таңбалармен белгiленген (1.9 таңбасын қоспағанда), үш жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағында басып озуға, айналып өтуге, солға бұрылуға немесе керi бұрылу үшiн шығуға рұқсат етiледi. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған сол жоқ шеткi жол жолағына шығуға тыйым салынады. 9.4. Елдi мекеннен тыс, сондай-ақ елдi мекендерде 5.1. және 5.3. белгiлерiмен белгiленген жолдарда немесе 80 км/сағ. және одан жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етiлген жерлерде көлiк құралының жүргiзушiлерi мүмкiндiгiне қарай оларды жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiне жақын жүргiзуi тиiс. Оң жақ бос болған кезде сол жақты алуға тыйым салынады. Елдi мекендерде осы тармақтың және Ереженiң 9.5, 16.1 және 24.2.-тармақтарын ескере отырып, кез келген жол жолағымен қозғалуға рұқсат етiледi, дегенмен, сол жақ жол жолағының бойымен рұқсат етiлгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi, мүмкiндiкке орай, осы жол жолағының бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан және 19.12-тармаққа сәйкес ескерту сигналын берген көлiк құралына жолағын босатып, оң жаққа қатар ауыстыруы тиiс. Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш және одан көп жол жолағы бар кез-келген жолда, басқа жол жолақтары бос болмаған кезде сол жақ шеткi жол жолағына неғұрлым үдемелi қозғалыс кезiнде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе керi айналу үшiн шығуға, ал рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдерiне - тек қана солға немесе керi бұрылуға рұқсат етiледi. Бiр жақты қозғалатын жолдың, аялдау немесе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана Ереженiң 12.1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Көлiк құралдарының көршi жол жолағындағы қарағанда үлкен жылдамдықпен бiр жол жолағында қозғалуы басып озуға жатпайды. 9.5. Қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауға тиiстi немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлiк құралдары айналып өту, басып озу, солға, керi бұрылыс немесе жолдың сол жағында аялдауға (тұруға) рұқсат етiлген жағдайларда, алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа кезде өзiне керектi бағытпен осындай көлiк құралдарының қозғалысына арналған шеткi оң жақ жол жолағымен қозғалуы тиiс. 9.6. Бiр бағыттағы жүрiс бөлiгiмен сол жақта бiр деңгейге орналасқан трамвай жолымен қозғалуға осы бағыттағы барлық жол жолақтары бос болмаған кезде, сондай-ақ Ереженiң 8.6-тармағын ескере отырып айналып өтуге, озып шығуға солға бұрылғанда немесе керi айналу кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде трамвайға кедергi жасалмауы керек. Қарама-қарсы бағыттағы трамвай жолына шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, трамвай жолымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым салынады. 9.7. Егер жүрiс бөлiгi таңбалау сызықтарымен жол жолағына бөлiнген болса, көлiк құралдарының қозғалысы белгiленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Үзiк сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етiледi. 9.8. Реверсивтi қозғалысты жолға бұрылған кезде, көлiк жүргiзушi көлiк құралын жүрiс бөлiгiнiң қиылысынан шыққан кезде көлiк құралы оң жақ шеткi жол жолағын алатындай жағдайда жүргiзуге тиiс. Қатар ауыстыруға, жүргiзушi осы бағыттағы қозғалысқа басқа жол жолақтары бойымен де рұқсат етiлетiндiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, рұқсат етiледi. 9.9. Көлiк құралдарының жол жағалауымен, тротуарлармен және жаяу жүргiншiлер жолымен (Ереженiң 12.1. және 24.2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ол елдi мекендерде - бұдан басқа, жүрiс бөлiгiнен тыс жерлермен қозғалуға тыйым салынады. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысына, жол жағалауына, тротуарларға немесе жаяу жүргiншiлер жолына, тiкелей жақын орналасқан объектiлерге жүктердi апаратын көлiк құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кiру жолы болмаған кезде рұқсат етiледi. Мұндай кезде қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi тиiс. ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.10.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9.10. Жүргiзушi қозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлiк құралымен арада, соқтығысудан сақтануға мүмкiндiк беретiндей және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi бүйiрлiк аралықты сақтауға мiндеттi. ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.11.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9.11. Елдi мекендерден тыс жерде екi жолағы бaр екi жақты қозғалысты жолдарда олар үшiн жылдамдыққа шектеу белгiленген көлiк құралдарының, сондай-ақ ұзындығы 7 м-ден асатын көлiк құралдарының (көлiк құралдары құрамының) жүргізушілерi өз көлiгi мен алда кетiп бара жатқан көлiк құралының арасында оларды басып озатын көлiк құралы бұлар жүрiп келе жатқан жол жолағына кедергiсiз қатар ауыстыра алатындай аралықты сақтауға мiндеттi. Бұл талап, егер жүргiзушi басып озуды орындауға әзiрленiп келе жатса, сондай-ақ үдемелi қозғалыс кезiнде және ұйымдасқан көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде қолданылмайды. ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.12.-тармақпен толықтырылды 9.12. Екi жақты қозғалысты жолдарда жүрiс бөлiгінiң ортасында орналасқан қауiпсiздiк аралдарының бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтерi (көпір тiректерi, жол өткiзгiштерi және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгiлер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргiзушi оң жағынан айналып өтуге мiндеттi. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|