Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы

11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы

11.1. Ба­сып озу­ды бас­та­мас бұрын жүргi­зушi:

ол шығуды көзде­ген қозғалыс жол жо­лағы ба­сып озу үшiн жет­кi­лiк­тi ара­лықта бос екен­дi­гiн және осы ма­невр­мен ол қара­ма-қар­сы және осы жол жо­лағын­да арт­та қозғалып ке­ле жатқан, оның iшiн­де 19.11 және 19.12-тар­мақтарға сәй­кес ес­керту сиг­налда­рын бе­рушi көлiк құрал­да­рына ке­дер­гi кел­тiрмей­тi­нiне;

осы жол жо­лағын­дағы арт­та ке­ле жатқан көлiк құра­лының ба­сып озу­ды бас­та­мағаны­на;

осы жол жо­лағы бойымен ал­да ке­тiп ба­ра жатқан көлiк құра­лы жүргi­зушi­сiнiң солға ма­невр жа­сау ту­ралы сиг­нал бер­ме­генi­не;

қара­ма-қар­сы қозғалыс жол жо­лағына (жағына) шығумен ба­сып озу­ды аяқтаған­нан кейiн, ол ба­сып озған көлiк құра­лына ке­дер­гi ту­дыр­май, бұрын жүрiп ке­ле жатқан жол жо­лағына ке­ле ала­тыны­на көз жет­кi­зуге мiн­деттi.

11.2. Рель­ссiз көлiк құра­лын сол жағынан ба­сып озуға рұқсат етi­ледi. Сөй­те тұра, жүргi­зушi­сi солға бұры­луға сиг­нал бер­ген және ма­невр­дi орын­дауға кi­рiс­кен көлiк құра­лын оң жағынан ба­сып оза­ды.

11.3. Қара­ма-қар­сы қозғалыс жол жо­лағына (жағына) шығумен ба­сып озу­ды аяқтаған­нан кейiн, жүргi­зушi бұрын жүрiп ке­ле жатқан қозғалыс жол жо­лағына қай­тып ора­луға мiн­деттi.

11.4. Ба­сып оза­тын көлiк құра­лының жүргi­зушi­сiне қозғалыс жыл­дамдығын көте­румен не­месе өзге де әре­кет­термен ба­сып озуға ке­дер­гi жа­сауға тыйым са­лына­ды.

11.5. Мы­надай жағдай­лар­да:

рет­те­летiн жол қиылыс­та­рын­да қара­ма-қар­сы қозғалыс жол жо­лағына шығумен, сон­дай-ақ рет­телмей­тiн қиылыс­тарда бас­ты жол­мен қозғалыс ке­зiн­де, бағытын өзгер­те­тiн (рұқсат етiл­ген оң жақтан ба­сып озу­ды қос­паған­да) және бас­ты жол бо­лып та­был­май­тын жол бойын­да (қиылыс­тарда шеңбер жа­сай ба­сып озу қозғалыс­та­рымен, бүйiр тiр­ке­месi жоқ екi дөңге­лек­тi көлiк құрал­да­рын ба­сып озу­ды және рұқсат етiл­ген оң жақты ба­сып озу­ды қос­паған­да);

жа­яу жүргiн­шi­лер өтпе­сiн­де жа­яу жүргiн­шi болған кез­де;

те­мiр жол өтпе­лерiн­де және оның ал­дында 100 м. жақын жер­де;

ба­сып озып не­месе ай­на­лып өтiп ке­ле жатқан көлiк құра­лын;

өрле­удiң соңын­да және көруi шек­те­летiн жол учас­ке­лерiн­де қара­ма-қар­сы қозғалыс жол жо­лағына шығумен ба­сып озуға тыйым са­лына­ды.

11.6. Жай жүре­тiн не­месе әрi көлем­дi көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi ел­дi ме­кен­нен тыс жер­лерде осы көлiк құра­лын ба­сып озу қиын­даған жағдай­да мүмкiн­дi­гiн­ше оңға ығыса жүруi, ал қажет болған жағдай­да арт­та жи­налып қалған көлiк құрал­да­рын өткi­зiп жi­беру үшiн аял­дауға мiн­деттi.

11.7. Егер ал­да кез­дескен жол айырығы қиын­да­тылған және жол айырығының ба­сым­ды­лығы 2.6 және 2.7 бел­гi­лерi­мен айқын­далмаған бол­са, он­да ке­дер­гi бар жақтағы жүргi­зушi жол бе­руi ти­iс. 1.13 және 1.14 бел­гi­лерi­мен бел­гi­лен­ген еңiс­те ке­дер­гi болған жағдай­да төмен қозғалып ке­ле жатқан көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi жол бе­руге мiн­деттi.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: