Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

12. Аялдама және тұрақ

12. Аялдама және тұрақ

12.1. Көлiк құра­лына жол­дың оң жағын­дағы жол жағала­уына, ал ол жоқ болған­да - жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiне аял­да­ма жа­сауға және тұруға рұқсат етi­ледi.

Ел­дi ме­кен­дерде әр бағыт үшiн бiр-бiр­ден қозғалыс жол жо­лағы бар, ор­та­сын­да трам­вай жо­лы жоқ жол­дарда және бiр жақты қозғалыс­ты жол­дарда жол­дың сол жағына аял­дауға және тоқтауға рұқсат етi­ледi (рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са­сы 3,5 т. ар­тық жүк ав­то­мобиль­де­рiне бiр­жақты қозғалыс­ты жол­дардың сол жағына аял­дауға жүк ти­еген не­месе түсiр­ген кез­де ғана рұқсат етi­ледi).

12.2. Көлiк құрал­да­рын кон­фи­гура­ци­ясы (жүрiс бөлi­гiнiң кеңей­тiл­ген же­рi) көлiк құрал­да­рын өзге­ше ор­на­лас­ты­руға мүмкiн­дiк бе­ретiн орын­дарды қос­паған­да, жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiне па­рал­лель бiр қатарға қоюға рұқсат етi­ледi. Бүйiр тiр­ке­месi жоқ екi дөңге­лек­тi көлiк құрал­да­рын екi қатар қоюға рұқсат етi­ледi.

Жүрiс бөлi­гiмен шек­те­сетiн, оған то­лықтай және iшi­нара кi­ретiн тро­ту­ар­дың ше­тiн­де, егер бұл жа­яу жүргiн­шi­лер қозғалы­сына ке­дер­гi кел­тiрмей­тiн бол­са, жеңiл ав­то­мобиль­дер­ге, мо­тоцикл­дер­ге, мо­пед­терге және ве­лоси­пед­терге тұруға рұқсат етi­ледi.

12.3. Ел­дi ме­кен­дерден тыс ұзақ де­малу, түнеу және сол сияқты мақсат­тарда тұруға осыған ар­нап көздел­ген алаңдар­да не­месе жол­дан тысқары жер­де рұқсат етi­ледi.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 12.4.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

12.4. Аял­да­ма жа­сауға:

егер бұл трам­вай қозғалы­сына ке­дер­гi жа­сай­тын бол­са, трам­вай жо­лына тi­келей жақын жер­де;

те­мiр жол өтпе­лерiн­де, тон­нелдер­де, сон­дай-ақ эс­та­када­лар­да, көпiр­лерде, жол құбыр­ла­рын­да (егер осы бағыт­тағы қозғалыс үшiн ке­мiн­де үш жол жо­лағы бол­са) және олар­дың ас­тында;

аял­даған көлiк құра­лы мен тұтас таңба­лау сы­зығының (жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiн бел­гi­лей­тiн­нен басқа) не­месе жүрiс бөлi­гiнiң қара­ма-қар­сы ше­тiмен, не­месе жүрiс бөлi­гiнiң қара­ма-қар­сы ше­тiн­де тұрған көлiк құра­лымен ара қашықтық 3 метр­ден аз бо­латын жер­лерде, егер бұл көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына ке­дер­гi ту­дыра­тын бол­са;

жа­яу жүргiн­шi­лер өтпе­сiн­де және оның ал­дында 5 м. жақын жер­де;

ең бол­маған­да бiр бағыт­тағы жол көрi­нуi 100 м. кем болған кез­де қауiп­тi бұры­лысқа жақын жүрiс бөлi­гiн­де және жол­дың ұзы­на бойына том­пайған сы­ну бол­са;

жүрiс бөлi­гiнiң қиылыс­та­рын­да және бүйiр өтпе­нiң қар­сы­сын­дағы тұтас таңба­лау сы­зығы не­месе айырым жо­лақта­ры бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қос­паған­да, қиылы­сатын жүрiс бөлi­гiнiң ше­тiнен 15 м. жақын жер­де;

аял­да­ма алаңынан, ал ол жоқ болған­да - егер бұл олар­дың қозғалы­сына ке­дер­гi ту­дыра­тын бол­са, марш­рут­тық көлiк құрал­да­ры не­месе так­си аял­да­масы көрсет­кi­шiнен 15 м. жақын жер­де;

көлiк құрал­да­ры басқа жүргi­зушi­лер­ден бағдар­шам сиг­на­лын, жол бел­гi­лерiн та­салай­тын не­месе басқа көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына (кi­ру­iне не­месе шығуына) мүмкiн­дiк бер­мей­тiн не­месе жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалы­сы үшiн ке­дер­гi кел­тi­ретiн жер­лерде тыйым са­лына­ды.

12.5. Тұруға тыйым са­лына­ды:

аял­да­ма жа­сауға тыйым са­лына­тын жер­лерде;

эс­та­када­лар­да, көпiр­лерде, жол құбыр­ла­рын­да;

ел­дi ме­кен­нен тыс жер­лерде жол­дың 2.1 бел­гi­сiмен бел­гi­лен­ген жүрiс бөлiк­те­рiн­де;

те­мiр­жол өтпе­лерi­нен 50 м. жақын жер­де;

егер бұл тұрғын­дарға қолай­сыз­дық туғыза­тын бол­са, дви­гате­лi iс­ке қосу­лы ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының ел­дi ме­кен­дерде.

12.6. Аял­да­ма жа­сауға тыйым са­лынған жер­де амал­сыз тоқтаған кез­де жүргi­зушi көлiк құра­лын ол жер­ден әке­тудiң мүмкiн бо­латын бар­лық ша­рала­рын қол­да­нуға мiн­деттi.

12.7. Мұның қозғалысқа басқа қаты­сушы­ларға ке­дер­гi және қауiп төндiр­мей­тiн­дi­гiне көз жет­кiзбейiн­ше көлiк құра­лының есi­гiн ашуға, олар­ды ашық тас­тап ке­туге не­месе жол­дың жүрiс бөлi­гiне шығуға тыйым са­лына­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: